1. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін бағалаудың теориялық-әдістемелік негіздері


көліктік-логистикалық инфрақұрылымға



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#118887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ХКД Дәріс 3

көліктік-логистикалық инфрақұрылымға
ерекше көңіл 
бөледі, ал ол өз кезегінде көліктік магистральдардан, көлік құралдарынан
және қоғамдық, жеке, арнайы тасымалдау компанияларынан тұрады деген[14].


2)Ч. Сковронек және Вольский логистикалық инфрақұрылым үрдісіне 
кәсіпорындар арасында сондай-ақ шаруашылық субъектілер арасындағы, 
өнімдерді жеткізу, көлік құралдарын, өнімнің запастарын сақтауға арналған 
қойма кешендеріне қажетті ғимараттар мен құрал-жабдықтарды ұтымды 
басқару 
деп 
түсінген. 
Авторлар 
сонымен 
қатар 
логистикалық 
инфрақұрылымға сақталуын қамтамасыз ететін, орау процедураларын 
тасымалдау, басқаруға қажетті ақпаратты өңдеу құралдары, техникалық 
құрылғылар, жүйелер және қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды 
жатқызған[15]. 
3)А.Д. Чудаков 
логистикалық инфрақұрылым ретінде
жеткізу тізбегінің 
қатысушылары-материалды-техникалық ресуратарды жеткізушілер, аралық 
және соңғы дайын өнімді өндірушілер, өнімді тұтынушылар деп атап өткен. 
Сондай-ақ автор логистикалық инфрақұрылымға логистиканың барлық 
салаларын жатқызады: материалды-техникалық жабдықтау, көлік және қойма 
шаруашылығы, қорларды басқару, тарату қызметі және тағы басқалар.[16] 
4)«Управление грузовыми потоками в транспортно-логистических системах» 
атты монографиясында Л.Миротин көліктің рөлін мен орнын логистикалық 
инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөлігі деп қарастырады. Осыған 
байланысты көлік жүйесі ерекшеленеді (жер беті,су және әуе жеткізу 
жолдары, көлік терминалдары, жол айрықтары, әртүрлі құрылғылар,құрал-
жабдықтар мен техника, газ құбырлары, мұнай құбырлары, су терминалдары) 
көлік кәсіпорындары, көлік құралдарын, қойма терминалдарын және 
логистикалық делдардар кіретін технологиялық кешен[17]. 
- А.Л. Носов өз алдына логистикалық инфрақұрылымды өндіріске және 
адамдардың әлеуметтік өмірін қамтамасыз ететін, материалды-техникалық 
жүйе ретінде қарастырған. Ал дамыған логистикалық инфрақұрылымды 
өндіріс саласына тиімді капитал салымына қажетті шарт ретінде анықтаған. 
Сонымен қатар автор логистикалық инфрақұрылымға темір және автокөлік 
жолдарын, байланыс, әртүрлі көлік түрлерін, қойма шаруашылығын, әртүрлі 
мақсаттағы жабдықтарды жатқызды [18]. 
Көліктік-логистикалық инфрақұрылымға қатысты жоғарыда аталған 
авторлардың көз қарастарын елеп, келесілерді ескереміз: 
-авторлармен келтірілген барлық логистикалық инфрақұрылымның құрамдас 
бөліктері инфрақұрылымның мазмұнының жалпы түрін көрсетеді. Ол 
материалды өндірістің дұрыс қызмет жасауын және өнімдердің айналымын 
қамтамасыз ететін үшін және оларға қолайлы жағдай жасауға қажетті өндіріс 
саласы, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, көлік компаниялары мен қойма 
кешендерін, сауда және делдалдық ұйымдар, түрлері мен қызметі. 
Инфрақұрлымды 
өнірістік, 
әлеуметтік-тұрмыстық 
және 
институционалды болып жіктелген. Әр түрі сәйкес шаруашылық 
субъектілерінен тұрады. Ал өндірістік инфрақұрылымға материалды-
техникалық 
жабдықтаумен 
байланысты, 
запастарды 
басқарумен, 
тасымалдаумен, қоймалау мен сақтаумен және тауарды тарату, сатумен 
байланысты қызметтер кіреді[19]. 


Көрсетілген екі терминді қосу реті «логитикалық инфрақұрылым» сөз 
тіркесіне кіретін айқын емес. Бірінші сөз «логистика» оның функцияларын, 
үрдістер мен процедураларын сипаттауда дұрыс келеді, ал инфрақұрылым 
сөзіне келетін болсақ нақты мағынасы бірінші кезекте ашуға тырыстық. 
Барлық логистикалық инфрақұрылым құрамдас топтары өзара тығыз 
байланысты және тұтынушыға сапалы логистикалық қызмет көрсету бойынша 
міндеттерді атқарады. Топтарды шектейтін қызметтер мен ұйымдар қоғамдық 
топқа жататын одақтар мен ассоциацияларға қолдау көрсетеді. Атқарушы 
билік орындары (институционалды топ) логистикалық инфрақұрылымның 
барлық құрамдас топтарының қызметін реттеуді жүзеге асырады. Жасалған 
зерттеулер көрстеткендей логистика қоғамның экономикалық қызметінің 
ажырамас құрамдасы болып табылады, оны логистикалық инфрақұрылым деп 
анықтауға болады. Логистикалық инфрақұрылым әртүрлі бағыттағы қызмет 
ететін мекемелерден, ұйымдардардан, органдардан, компаниялардан, 
фирмалардан, орталықтардан, одақтардан және ассоцияцииалардан тұрады. 
Олардың көмегімен ағымдық үдерістерді басқаруды қамтамасыз етеді, соның 
ішінде өндірістік және тұтынушылық тауаларды, өнімдердің жеткізу тізбегін 
басқарады. 
Логистикалық инфрақұрылымды 6 топқа жіктеуге болады: 
-институционалды: атқарушы билік органдары, салық инспекциясы, кедендік 
қызмет және тағы басқалар; 
-қоғамдық: кәсіпкерлер мен өндірушілер одағы, тұтынушылар одағы, 
экспедитерлер; 
-зерттеушілік: 
ғылыми-зерттеу 
ұйымдары, 
маркетингтік 
ұйымдар, 
логистикалық фирмалар; 
-шектеуші: заң қызметі, мемлекеттік эпидемиялық бақылау қызметі, 
стандарттау, метрология және сертификациялау қызметі; 
-қызмет көрсету: қаржылық ұйымдар, білім беру ұйымдары, сақтандыру 
компаниялары, аудиторлық фирмалар, лизингтік компаниялар, делдалдық 
жүйе; 
-техникалық: жөндеу кәсіпорындары, сервистік орталықтар, бөлшектерді 
жеткізушілер[20]. 
Көліктік-логистикалық инфрақұрылым сөз тіркесіне келетін болсақ ірі 
және шағын қалаларда, тіпті толық аймақтарда ірі заманауи өндірістік 
кәсіпорындардың қызмет етіунде көліктік-логистикалық инфрақұрылым 
құруға 
үлкен 
көңіл 
бөлінеді. 
Көліктік 
логистика 
және 
оның 
инфрақұрылымына келер болсақ біріншісі жүктердің оңтайлы маршрут 
бойынша жеткізу процесін ұйымдастыру жүйесі болса, ал екіншісі көліктік-
логистиканың инфрақұрылымына жеткізуді немесе тасымалдауды үрдісіне 
қызмет көрсететін кәсіпорындардан тұрады. Оның құрамы: 
-көлік нысандары; 
-қоймалық-терминалдық кешендер; 
-қосымша және ақпараттық нысандар. 


Көліктік-логистикалық инфрақұрылым нысандарына жүктер мен 
жолаушыларды тасымалдаудың дұрыс қызмет ету үрдісін қамтамасыз ететін 
ғимараттар мен жабдықтар. Мұндай нысандар құрамына: 
-автобазалар; 
-автобекеттер; 
-темір жол бекеттері; 
-әуежайлар; 
-қойма кешендері; 
-жүк терминалдары; 
-контейнерлік алаңдар. 
Бұл жіктеуде тек ғимараттың өзі ғана емес барлық жабдықтарды, қамтамасыз 
ету жүйелері, автокөлік және темір жол көлігі үшін жолдар болып 
табылады[21].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет