Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет19/26
Дата31.03.2017
өлшемі1,81 Mb.
#11030
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
қой.
– Сендей сақ адамды көрсемші, бәтір. Ойпырай десеңші, 
сендегі төзімділікті, байсалдылық пен сабырлықты, тіпті ақыл-
ойды маған берсе ғой.
– Оның бәрін сізге жиып-теріп бергенде мен не істеймін, 
– деп күлді Гүлия. – Жынды әйелмен қанша сұлу болса да бір 
күн тұра алмассыз. Үй барған сайын суып барады. – Тітіркеніп, 
Дарханға тығыла түсті.
– Даладан тезек әкеліп жағайын ба?
– Әуре болмай-ак қойыңыз. Жанымда сіз жатқанда маздап 
тұрған  оттың  қажеті  қанша.  Ақсақ  құлынды  болжап  келемін 
десеңіз, қарсылық жоқ.
– Ой, оны жау алар дейсің бе? Жазда аздап болса да шөп 
шауып алғанымыз қандай жақсы болған. Қоңы жақсы.
– Есіңізде ме, ерім, пішен оруға барғанда Мұрат үшеуміздің 
асыр  салып,  жас  балаша  еліріп  ойнағанымыз.  Менің  әлі  көз 
алдымда.
– Жаздың сол бір жайма-шуақ жазира шағы менің жадымда 
жатыр ғой.

258
– Әйтеуір өзіңіз өз болып ерлік жасап, бас бостандығыңыз- 
ды екі күнге сұрап алып едіңіз. Тіпті, түу Аягөзден былғары 
киімді өкіл келмегенде, сізге екі күндік демалыс бұйырмас еді.
– Қой, қалқам, мені соншалық айтақтағанға үріп, айдағанға 
жүретін  сорлы  санама.  Біле  білсең,  өз  басымның  еркіндігі  – 
өзімде. Тек ар-ожданым алдында ғана тізе бүге аламын.
– Сіз – батырсыз, ерсіз, білем. Бірақ, кейде тәуекелдігіңіз 
жете бермейді, аға...
– Тек, ағасы несі...
–  Баяғым  есіме  түсіп  кетті,  арысым.  –  Гүлияның  көңілі 
бүгінгі түн алау-жалау еді. Алақоңыр үйдің жүдеу тартып, суық 
сорған тіршіліктері қанша жетім де, егей дүниеге сүйрегенімен 
көңілдерінде  маздап  от  жанады.  Ішінде  жып-жылы  болып 
нәресте  жатса,  бұл  өмірдің  сүреңсіз  кеспірі,  тағдырдың  аш 
бүргедей талауы түкке тұрғысыз екен-ау. – Көктемде жаңбыр мол 
жауып, көк тез жетілді, шөп қалың шықты ғой. Ақсақ құлынды 
жетелеп,  Мұрат  үшеуміз  қырға  шықтық.  Аспан  көкпеңбек. 
Гүлдер  қандай  көп  еді...  Көздің  жауын  алады.  Ертеде,  қыз 
кезімізде әкемдер Ақжайлауға көшіп шыққанда Дүрия екеуміз 
елдің  алды  болып  жетуге  асығатынбыз.  Ол  кезде  немене... 
астымызда тайпалған жорға, байдың оң жақтағы бұлғақтаған 
ерке қызымыз. Сіз есіме салмағанда үкілі тақия мен қос етек 
көйлегімді  сол  жолы  кимес  едім.  Тіпті,  ағаш  сандықта  кегіс 
тартып,  жетімсіреп  жатқанын  ұмытып  та  кетіппін.  Бір  кезде 
шашын он күн тарап, бес күн өрген кербез қыз болғанымды ел 
қайдан білсін... Сонда қыр қызғалдағына араласып, бір отырып, 
бір тұрып гүл теріп жүрген маған сіз де, Мұрат та, тіпті ақсақ 
құлын да таңырқай қарап қалыпсыздар, ұялғанымнан бетімді 
басып, шөкелеп қызғалдақ арасына жасырына қалдым.
– Рас, керемет сұлу болып көріндің, – деді Дархан аймалап. 
– Бейне бір хор қызындай көркем едің.
– Қазір ше?
– Одан ары сұлусың.
– Сөзімді бөлмеңізші, – деп жарасымды өкпелеген болды. 
– Содан... сіз шөп шаптыңыз. Ақсақ кұлын қәперсіз жайылып 
жүрді. Мұрат екеуміз сайға түсіп, су әкеліп шай қоюға кеттік. 
Бұлақтың  жағасына  жете  бергенімізде  топталып  өскен  тал 
сыбдыр ете қалғандай болды. Алғашқыда қоян шығар деп мән 
бермедік. Еңкейіп су ала бергенімде, Мұрат «ананы қара» деп 

259
айғайлап жіберді. Ол нұсқаған жаққа қарасам, бұлақты ерлеп 
алба-жұлба киінген адам кетіп барады екен. Құдды баяғыдағы 
кезбе шал Құлаша секілді.
– Қой, ол кісі баяғыда өліп қалған, – деді Дархан сенбей.
– Сөзімді бөлмеңізші, білем ғой өліп қалғанын. Бірақ сол 
кісіден аумайды-ау, аумайды. Иығына артқан қоржыны, қолына 
ұстаған  асасы  бар  еңгезердей  адам.  Бізге  жалт  қарағанда 
байқадым, сақалы қаулап өсіп кеткен. Біртүрлі қорқынышты. 
Мұрат тентек қой, менің қой, деп тыйым салғаныма тыңдамастан: 
– Әй, шал, мұнда неғып жүрсің? – деп айғай салды. Ол естісе 
де естімеген болып, жауап қатпады. Артынан көрдік, бұлақтың 
жағасына от жағып, тамақ пісіріп жеген жерошақтың орнында 
шоғы  жайнап  жатыр.  Жел  соқса  өрт  кетер  деп,  су  құйып  біз 
сөндірдік.
– Ол кім болды екен? – деп Дархан елеңдеп қалды.– Маған 
неге айтпадыңдар?
– Абыр-сабырмен ұмытып кетіппіз, – деді Гүлия әңгімесінің 
ауанын өзгертіп, – түнде далаға қондық қой, есіңізде ме?
– Есімде, бәрі есімде, жаным, айта бер.
– Бойымда бала бар деген соң, тіпті жақсы көріп кеттіңіз-ау, 
Дәке... Иә, түнгі аспан қандай сұлу еді. Жұлдыздар қол созым 
тұсқа  жақындап,  соншалықты  мол  болып  көрініп  еді.  Мұрат 
екеуміз  санап  әуре  болдық.  Құстың  сайрағаны,  шілделіктің 
шырылы  мен  өзен  жағасындағы  құрбақаның  шұрылы  тым 
жақыннан естіліп тұрды. Мен қанша ерке болып өскеніммен, 
қыз  кезімде  далаға  қонбаған  екенмін.  Сонда  ғана  байқадым, 
далада  –  қалың  гүлдің  арасында  түнеген  адам,  өмірге  қайта 
келгендей жасарып, қайтып қартаймастай шуаққа шомылады 
екен. Мен сол күннен бастап бұған дейін бүкіл ауыртпалықты 
артқа  тастап,  еңсені  зіл  болып  басқан  бар  уайым-қайғыдан 
мүлдем  құлан-таза  арылғанымды  білдім.  Бетімнің  тыртығы 
бітіп,  жазылып  кеткендей  болды.  Сол  түні  мен...  ағымнан 
жарылсам...  сізбен  жаңа  қосылғандай  аса  қызғылықты  халді 
бастан  кештім.  Есіңізде  ме,  ұят  та  болса  айтайын,  Мұратты 
жалғыз  тастап  бөлек  жаттық  қой.  –  Күліп,  бетін  Дарханның 
кеудесіне басты.
– Енді... ол есімде болмағанда...
–  Сіз  қалжыңға  айналдырмаңыз.  Сол  түні  бойыма  бала 
біткен екен-ау. Далаға... баяғыда... осыдан екі-үш жыл бұрын 
түнеу керек екен-ау, оны қайдан білейік.

260
– Оны қайдан білейік, – деп Дархан да қайта-лады.
Үй суық. Бұрыштан аққан тамшы тырстырс етіп, ерлі-зайып- 
тылардың  енді  қанша  жасайтындарын  санап  тұрғандай  еді. 
Одан  өзге  ызың  еткен  дыбыссыз,  салқын  сазарған  айлы  түн. 
Анда-санда бұрышта бүк түсіп жатқан Мұраттың ұйқысырап 
күбірлегені білінеді. Есік көзінде жатқан ит шәу етіп үрді, үрді 
де қыңсылап барып тына қалды.
–  Бөрібасар  да  ұйқысырады  білем,  түсіне  қасқыр  кіріп 
жүрген шығар, – деді Дархан.
–  Кешке  ас  құймап  едім,  қарны  ашып  тоңып  жатыр-ау 
байғұс.
Әйелінің  көптеп  көңілденгені  осы  еді,  баяғыдан  бері  кө- 
кейінде  жүрген  сауалды  қойғысы  келген  Дархан,  сан  рет 
оқталса да батылы бармады. Қорыққаны емес, онсыз да үлбіреп 
тұрған шарбы көңіліне дақ түсіріп алам ба деп сескенген. Бүгін 
Гүлияны тұңғыш рет бақытты күйінде көрді. Қатты қуанғанда 
бұрынғы тұйықтығы бытырап, ашық-жарқын сөйлемпаз болып 
кетеді екен. Қыздай қосылған жарының жан-дүниесінде, сонау 
бір ай астында алтыбақан құрған мезетте тұтанған жарық сәуле 
қайтадан лапылдап, енді сол жарық сәуле өзіне де от тастағанын 
сезді. Бұл әлемде сұлулық пен тазалық деген ұғым, түсінік бар 
болса, сол қасиетті дүниенің нақ осы қотыр тамнан тарап, жер 
бетінде өсіп-өрбитіндей нұрға толып тұр еді бұл үй. Күн қанша 
суық  болғанымен  өмірдің  осыншалық  ыстықтығына  қуанды. 
Тәңірім-ау, бақыт дегеніміз осы ғой. Иә, иә, осы! Осы екені рас 
болса несіне әуре болып, басқа жақтан – болашақтан іздейміз. 
Бақыт құсы ғұмыр жалғанда да өздігінен ұшып келмейді, егер 
бақыт керек болса оны іздеп табу, не батылдық жасап бару керек 
екен-ау. Сол киелі санарда шаршарсың, шалдығарсың, амалың 
қайсы,  темір  таяқ  тебен  инедей  болғанша  іздемеске  лажың 
жоқ.  Біреулер  жетеді,  біреулер  жетіп  жығылады,  жете  алмай 
жығылатындар  қаншама?..  Ал,  өз  бақытын  өзгеге  үлестіріп 
беріп, өмір бойы азап шегетіндерді бақытты жан деп атай алар 
ма едік?.. 
– Мен ол кісінің кім екенін білемін, – деді Гүлия кенеттен. 
Шалқасынан аунап түсіп жатты. Дархан ұқпай қалса керек:
– Қай кісіні? – деп сұрады.
– Жазды күні бұлақ басында көрген жұмбақ адамды.
– Білсең айтшы, ол кім?

261
– Ол ма, ол – Бати аға.
– Қой, мүмкін емес, – деп сенбеді Дархан. – Ақши жақта 
жылқы бағып жүр деп естігенмін.
–  Демек  бақпағаны.  Дәл  өзі,  жазбай  танығанмын.  Қалай 
қартайып кеткен. Әлде сақал-мұртын өсіріп жібергендікі ме... 
Қайдам, Құлаша шалдан аумайды әйтеуір.
– Бекер. Бати ондай дәруіштікке баратын жігіт емес. Тепсе 
темір үзетін азаматты ондай каңғыбас, жаман атқа қимаймын.
– Ол жамандық па екен? Қайта мықты адамның жер-көкке 
симаған ермінезділігі, қайтпас қайсарлығы, өз еркіндігін қимай 
жүрген бірбеткейлігі ғой.
–  Сенің  түсінігің  қызық  екен,  Гүлия.  Ел  кезіп  сауғалап, 
ит  талағандай  алба-жұлба  диуана  болып  кеткеннің  бәрі 
ержүректілік болса, онда екеуміз де кеттік мойнымызға қоржын 
іліп.
– Құлаша шал ше? Өзіңіз мақтай беретін кезбе шал ше? 
– Құлаша – қыдыр адам. Жарықтық оған бәрі жарасатын. 
Өйткені  ол  Кұлаша  болып  туған,  сүйекке  сіңген  әдемі  мінез 
еді.  Сондықтан  да  енді  ол  ешқашан  қайталанбайды,  қайтып 
жүз  жылда  тумайды.  Қаңғыбастың  бәрі  қыдыр  қонған  кісі 
емес. Ал, сен көрген жұмбақ адам Бати болса, сандалған екен 
байғұс, жасына жетпей алжыған екен...
– Жоқ, ол байғұс емес... Тек жақсылық жасауға, адамның 
ала жібін аттамауға жаралған иманына берік жігіт.
– Жақсылығына рахмет. Ер мойнында қыл арқан шірімес. 
Бірақ, дәруіш болып кетуі – миыма қонбайды. Елмен көрген 
ұлы той. Бері тарт десе ары тартатын ондай қиқарлық, қыңыр 
мінез  кімге  дәрі  қазір.  Келсін,  жұмыс  істесін,  үйлі-баранды 
болып түтін түтетсін. Не өмірге, не өлімге пайдасы жоқ дүбәрә 
адамдардың күні бұдан он жыл бұрын өткен. Түсінбеймін, не 
қыл дейді сонда.
– Ендеше ол кісі сізге түсінбейді.
– Қоялық дауласқанды. Қаңғырса – қаңғыра берсін, біздің 
неміз  кетіп  барады.  Ақылымызды  айтқанбыз  көнбеді,  өзі 
білсін...
–  Иә,  –  деп  ауыр  күрсінді  Гүлия,–  біздің  неміз  кетіп 
барады...
Бұдан соң екеуі де үндемей, әрқайсысы өз ойымен оңаша 
жатты.  Үй  суық.  Бөрібасар  қайтып  үрген  жоқ.  Ай  сәулесі 

262
еденнен  көтеріліп,  қабырғаға  өрлей  барады.  Жым-жырт 
тыныштық. Сол жым-жырт тыныштықтың ар жағынан әлдекім 
сығалап тұрғандай біртүрлі үрей билейді. Қазіргі халдің, қазіргі 
тықырсыз  тыныштықтың  өзі  қатал  да  қайрымсыз  ызғарға 
шыдас  бермей  үсіп  өлгендей  еді.  Мұндай  сәтте  адам  баласы 
қайтпас алыс сапарға аттанардай тұла бойын діріл билеп әрі 
қорқады, әрі рахаттанады. Осы қорқыныштан туған рахат арғы 
дүниеге лажсыз аттанатынын алдынала сезген, соған мойын-
сұнған  пенде  екеш  пенденің  өтіріктен-өтірік  батылданған 
жалған  әрекетін  мазақ  ете  елестетерін,  жер  бетіндегі  өтірік 
атаулы  адамның  өзін-өзі  алдауынан  өрбитінін  ұғудың  өзі 
қандай ұлылық. «Өлімнен қорықпаймыз», – деп жігерленеміз, 
көсегемізде жоқты көсеумен қамшылап, мұрнымыз қанағанша 
алға  ұмтыламыз.  Осы  тырақай  батылдығымыздың  өзі 
–  жалғандық  қой.  Монданақтай  жер  шарында  айтысып-
тартысып, атысып-шабысып жанталаса шапқылай, бір-бірінен 
озбаққа, бір-бірін жеңбекке ниет қылған екі аяқтылар таупиығы 
кең табиғатқа аса керек пе, әлде мүлдем керегі жоқ па – сана 
сарабына салса ғой шіркін...
Үй  суық.  Өйткені  дала  суық.  Қорынып  барып  қорылға 
басқан Дархан өте бір ғажап түс көрді. Құлан жортпас құлазыған 
қазақтың кең-байтақ даласы екен дейді. Ұшқан құс, жүгірген 
аң  жоқ,  қу  медиенде  жападан-жалғыз  дымы  құрып  шаршап 
келе  жатыр.  Осылайша  жаяу-жалпылы,  арып-ашып  жолға 
шыққанына  мың  жылдан  асқан  сияқты.  Бір  ұрттам  су  жоқ, 
талшық етер ас жоқ, тек өзі, бір ғана өзі... Құдайдың төтеден 
келген  ажалы  қайда?  Дәл  осындайда  ол  «кісі»  де  сараңдық 
жасайды-ау. Өлмеген соң өзегі тала ілгері жылжыды. Екі аяғы 
жүруден қалған, тасбақаша тырмысты. Әйтеуір, алға – алдында 
айдын  шалқар  көл,  қымызын  сапырған  асқаралы  ел  бардай 
өлермендікпен ұмтылады. Осылайша жалғызсырап, осылайша 
қыбыр  еткен  жәндік,  ербең  етер  аң  іздеп  нейбетке  лаққан 
Дарханда жалғыз-ақ арман бар еді! Адамды көру! Мейлі досы, 
мейлі  қасы  болсын,  сол...  мың  жыл  бойы  іздеп  таба  алмаған 
адамды бас салып құшақтап, ағыл-тегіл жылап мауқын басса, 
содан соң... өліп-ақ кетпес пе. Тағы да алға жылжыды. Тәңірім-
ау, ананы қара! Сонау жалпақ сахараның үстінде, дәл өзі секілді 
қарама-қарсы  жылжып  тағы  бір  адам  келеді.  Қазақ  секілді. 
Екеуі де бір-біріне қарсы еңбектейді. Екеуі де қуаныштан көз 

263
жастарын  көлдетті-ау.  Тура  тұмсық  тұсына  келгенде  барып 
таныды. Анау – Оспан, мынау өзі – Дархан. Оспан айтты: «Жол 
бер,  әкеңнің  аузын  ұрайын!»  Дархан  да  қасарысты:  «Жоқ, 
сен жол бер, әкеңнің аузын ұрайын!» Көпке дейін текетіресіп 
сүзісіп,  бірі  қалай  қарай  бұрылса,  екіншісі  солай  бұрылып,  
әбден  дымдары  құрып  шаршады.  Ұлан-байтақ  даланың 
бетіне  симай,  бұрылып  жол  беруге  қимай  жан  тапсырады 
жазғандар...
«Ары жат, ары таман жатшы», – деп ұйқысыраған дауыстан 
Гүлия  да  оянып  сыбдырын  білдірмей  ақырын  тұрды  да, 
Мұраттың қасына барып қисайды.
Үй суық. Азынап тұр. Дала мәңгілік мұз құрсауына оран- 
ғандай...
– Түнде менің қасымнан кетіп қалғаның не? – деді Дархан 
ертеңгілік шай үстінде.
–  Өзіңіз  «ары  жат»  деп  қуып  жібердіңіз  ғой.  Үй  салқын 
болғанмен  сүмек  болып  терлеп,  әлдене  деп  сөйлеп  жатыр 
екенсіз.
–  Ой,  қайдағы-жайдағы  түс  көріп...  Оспанмен  сүзісіп 
жүрмін бе-ау...
Гүлия сықылықтап күлді:
– Қайсыңыз жеңдіңіздер?
– Екеуміз де жеңісе алмай жан тапсырдық.
–  Жүз  жасайсыздар,  –  деді  Гүлия  бетіндегі  күлкі  табы 
сөнбеген қалпы. – Мұрат, ау Мұрат, шай ішіп болсаң құлыныңа 
шөп сала ғой, айналайын.
–  Қазір,  апа.  –  Пысық  бала  тез  киініп,  лып  етіп  далаға 
шығып кетті. Іргедегі пештің оты сырт-сырт жанады. Түндегі 
құлазып тартқан үй ішінде ептеп жан бітіп, ерлі-зайыптылардың 
бозарған бетіне қан жүгірген. Ыстық шайдың өзі кісінің ішек-
қарнын жып-жылы болып аралап өткенде бойын сергіп, денең 
ширап сала бересің. Балшық тамның жоғарғы жағын бу жайлап, 
қыс бойы дымданып мысық емшектене тамшы ағатын төбесі 
буалдырлап көрінбей қалған.
–  Мені  қайдам,  –  деді  Дархан  аузына  салған  күлшесін 
шайнаңдап. – Оспанның құзғын секілді ұзақ жасауы мүмкін.
–  Қызық,  менің  түсіме  Бати  аға  кірді.  –  Гүлия  бұл  сөзді 
айтуын  айтса  да  қызарақтап  төмен  қарады.  –  Кеше  кешке 
әңгіме қылып, есімізге алғандікі ме... Тура есік көзінде ақсақ 

264
құлынды  ерттеп  тұр  екен  деймін...  Сондай  әдемі,  баяғының 
батырларынша киінген: басында дулыға, үстінде темір сауыт, 
қолында  шашақты  найза.  «Кел  Гүлия,  алдыма  мін,  мен  сені 
алып қашамын», – деген сөзін айтуға батпай іркіп қалған-ды. 
Бетінің  екі  ұшы  дуылдап  барып,  қолындағы  кәрлен  кесесін 
түсіріп  алды.  Әйелінің  ішкі  толқынысына  мән  беріп,  күдік 
алған жоқ Дархан.
– Егер ұлды болсақ, атын Бати қоялық, – деді адал да аңқау 
шыншыл көңілмен.
– Алдымен сол күнге есен-сау жетелік те, әкесі. – Осы кезде 
шоқпытпен  қапталған  аласа  есік  сарт  ашылған,  ар  жағынан 
аузы-мұрнынан  бу  атқылаған  Мұраттың  басы  қылтиған.  Ит 
қабатындай табалдырықтан шапшаң аттап:
–  Жоқ,  –  деді  жыламсырап.  Алғашында  түсінбей  қалған 
ерлі-зайыпты:
– Не жоқ? Не жоқ? – деп жарыса сұраған.
– Құлын жоқ!
– Не дейді, Құдайым! – Қолындағы шай құйған кесені дас- 
тарханға  ақтара  лақтырып,  есікке  қарай  тұра  ұмтылған  Дар- 
ханның соңын ала, етегіне сүріне-мүріне Гүлия да безектеді.
Жаппа қорада: ақсақ құлынның терісі мен тісі ақсиған басы, 
сіңірі салақтап үш сирағы ғана жатыр... Қыл аяғы боқ-жынын 
ақтара салып, ішек-қарнына шейін түгендеп алып кеткен екен. 
Кім болса да жүрек жұтқан тым әккі, тісқаққан ұрыға қолды 
болған, тындырған шаруасында мін жоқ сайтанның.
Олар «құлын» атын қалдырмаған жабағының қанға боялған 
басын құшақтап Гүлия мен Мұрат солқылдап ұзақ жылады.
– Біліп едім, бір сұмдықтың боларын ішім сезіп еді...
–  Білсең  неге  күзетіп  шықпадың?  Бәрібір  мал  болмайды, 
аш отырған жұмысшыларға сойып берелік, ыстық сорпа ішіп, 
жүректері жалғансын деп қанша рет қақсадым. Тым болмаған- 
да  сауабы  тиер  еді.  Енді  келіп:  ...«біліп  едім,  сезіп  едім»,  – 
деп  шашыңды  жұлып  ойбайлайсың.  Атаңның  аузын  ұрайын, 
кім болса да асықпай, қорықпай өз соғымындай-ақ бақшалап 
сойған екен.
Өзі  өз  болғалы  Гүлияның  күйеуінен  естіген  ауыр  сөзі 
осы еді. Қасы дірілдеп тіксініп қалды да жасын тыйа қойды. 
Бетінен  алып  қарсыласқан  жоқ.  Көз  жасын  жаулығының 
ұшымен  сүртті  де  қорадан  үн-түнсіз  шығып  кетті.  Ашумен 

265
айтқан сөзін кері қайтарып алуға дәрмені жоқ Дархан, ендігі 
сәтте  қан  сасыған  иен  қорада  жалғыз  қалғанын  білді.  Бірақ, 
осынау  жалғыздық  оның  бойын  тез  жинатты  да,  даладағы 
көпшілікке  жеткісі  келді.  Қорада  көңмен  араласа  былығып 
жатқан қан-жынды күрекпен тазалады да, бір бұрышына ақсақ 
құлынның бас терісін жер қазып көміп тастап тысқа шықты. 
Қараңғылау  қорадан  жарыққа  бірден  шыққандыкі  ме,  күн 
сәулесімен  шағылысып  шағырмақтанған  ақша  қарға  қарай 
алмай,  көзі  қарыға  жасаурап  аз-кем  аялдады.  Шағын  ауыл 
таңғы  тірлігін  бастаған.  Иығына  кұрал-саймандарын  артқан 
жұмысшылар  маң-маң  басып  қар  кешіп,  темір  жолға  қарай 
асықпай шулап барады. Әр тамның, анау жұмысшылар жатқан 
барактың мұржасынан жұлындай көтеріліп, түтін будақтайды. 
Кеңсенің бұрышында Омар байдың, бүгінде Оспан бригадир- 
дің  бозжорғасы  буы  бұрқырап,  үстіне  қырау,  танауына  сүңгі 
қатып,  таңасып  қаңтарулы  тұр.  Шана  жеккен  екен,  қатты 
жүрістен  соң  шешпей  суытып  қойғанқа  ұқсайды.  Болар  іс  – 
болды, істер лаж жоқ, өзін тұңғыш рет дәрменсіз, қолынан түк 
келмейтін ынжық сезінген Дархан желдегендей қалтиып тура 
берудің ретін таппай кеңсеге қарай еріксіз беттеген.
Қамбар  жалғыз  отыр  екен.  Суық  жайлаған  даңғарадай 
бөлмеде жаураған алақанын уқалап әуре-сарсаң.. Алдындағы 
сия қатып қалған, үрлеп демімен еріткен болады.
–  Төрлет,  қазақ  пролетариаты,  –  деді  тісін  ақсита  күліп. 
– Неғып ертелетіп жүрсің, астыңнан су шықты ма?
– Одан да сұмдығы болды.
– Қой, оттама!
– Ақсақ құлынды ұры сойып әкетіпті.
– Бір асым ет те қалдырмаған ба?
– Жоқ.
–  Қап  әттеген-ай,  ә.  –  Қамшысын  жұлып  алды  да  сарт 
еткізді. – Жүрегінің түгі бар екен.
– Кім болса да қанды қол әккі біреу. Із-түзсіз жымын біл- 
дірмеген.
– Ит үрмеді ме? Бірақ, Гүлия сұлудың қойнына бір кірген 
соң аспан құлап жерге түсіп кетсе де сезбессің.
– Бір рет шәу еткендей болып еді, парық қылған жоқпыз. 
Бөрібасар  адамға  алдырмайтын  сақ  ит  қой.  Арсылдап  үрме- 
геніне  қарағанда,  танитын  ұры.  Демек  алыста  емес,  осы 
маңайдағы біреу.

266
–  Ей,  сен  менен  көріп  отырғаннан  саумысың.  Пәлеңнен 
аулақ.
–  Сен  де  қайдағыны  былшылдайды  екенсің.  Селсебетсің 
ғой, қандай көмек берер деп келдім.
– Іздеу салайық. Ауданнан милиция шақыртайық. Басқа не 
істейміз...
– Ауданнан мелиса келіп, ұрыны ұстап бергенше түйенің 
құйрығы жерге, ешкінікі көкке жетер.
– Сөзді қой, мә қағаз-қалам, арыз жаз.
–  Жазбайтын  мұз  болып  қатып  қалған  сиясауытыңды 
жалаңдатпай ары тартшы.
– Енді не қыл дейсің...
–  Еш  нәрсе  қылмай-ақ  қой.  Ақсақ  құлынның  күйігі  емес 
жаныма батып отырғаны...
– Енді не ойбай, баспалап отырғаның?! Бұзауы теріс келген 
сиырдай ыңыранбай турасын айтшы, батыр-еке.
– Турасын айтсам, ашу үстінде Гүлияға тілім тиді.
– Ой, Құдай-ай, қатынына қарсы келмейтін қай қазақтың 
еркегін  көріп  едің.  Өзіміз  сабамасақ  та  сыбап  аламыз.  Әй, 
бірақ, Гүлияның мінезі ауыр еді. Сырты түк, іші хайуанға бола 
бекер-ақ ренжіткен екенсің.
– Өзім де соған қиналып отырмын. Енді қайттым... Оның 
үстіне аяғы ауыр...
– Моладес, Қара нарым! Жігіт екенсің.
– Енді кім деп едің?..
–  Қоймай  жүріп  буаз  қылғаныңды  айтамын  да.  Ал,  сен 
әйеліңнен кешірім сұра, аяғына жығыл. Сәби үшін кешер.
– Кім білсін... Көңілінде қалады ғой.
Осы кезде есік ашылып, қалың бумен араласа Оспан кірді.
– О-о, бажалар шүйіркелесіп отыр екен ғой. Білмеп едім... 
Дархан, сенің бригадаң жұмысқа бағана кетіп еді, өзің осында 
ма едің, – деп алыстан орағыта оспақтады.
–  Осеке,  біздің  ат  төбеліндей  аз  ауылымызда  ұры  бар 
көрінеді, – деді Қамбар қамшысын ербеңдетіп отырып.
–  Енді  ел  болған  соң  ұры-қарысыз  бола  ма,  ауыл  шағын 
болғанмен жүздеген жұмысшы бар. Жайшылық па?
– Дарханның ақсақ тайын сойып әкетіпті.
–  Дұрыс  істеген,  –  деді  Оспан  айызы  қанғандай  және  ол 
сезімін жасырған жоқ. – Жұмысшыларға сойып берейік деп сан 

26
рет азғырғанбыз. Көнбеген. Қызғанғаны қызыл итке жем болды 
деші... Обал-ай... Мен таңертең Ақши жақтан оралдым. Жолшы- 
ларға  сойыс  іздеп  ауыл-ауылды  адақтап,  екі-үш  күннен  бері 
сауын айтқандай сандалып жүрмін. Бір үйдегі бар малын сата ма, 
табылмады. Күн батып, қас қарайып кеткен соң Ақшиге түнедім 
де ертелетіп жолға шықтым. Құландыдан Тарбағатайға өрлеген 
салт аттыны көзім шалды. Мені байқап қалды ма, атына қамшы 
басып шоқырақтай жөнелді. Қанжығасы қомақты көрінді. Дәу 
де болса сол суық қолдың нағыз өзі. Жо-жоқ, ұры бұл ауылдыкі 
емес, сырттан келген, кім екенін жүрегім сезеді...
– Кімнен күдіктенесің? – деп бажалар жарыса сұрады.
–  һм...  Бати  қаңғыбас...  Қолыма  түспей  түрмеден  қашып 
жүргеніне  екі  жыл  болды.  Ешбір  мекен  тұрағы  жоқ,  не  елге 
жоламайды,  не  ешқайда  жұмыс  істемейді.  Сонда  деймін-ау. 
– Оспан сұқ саусағын шошайтып ойланған болды. – Сонда ол 
қалай күн көріп жүр? Аю емес табанының майын сорып жата 
беретін.  Аң-құстың  еті  қашанғы  тамақ  болады,  тіпті  сол  аң-
құсыңнын өзі азайып, жер қопарған дүмпуден үрке ауып кеткен 
жоқ па.
– Жаны бар сөз, – деп Қамбар күмәнсіз қолдады. – Осекең- 
нің болжамы қисынға келеді.
– Батиды мен ондай сұғанақтыққа қимаймын, – деді Дархан. 
Оспан  миығынан  күлді.  Күлді  де  жалғыз  көзін  сығырайта 
қарап:
– Өзің біл, – деді. – Бірақ естеріңде болсын, сол қаңғыбас ит 
байқамасаңдар күндердің күнінде қатындарыңды ұрлап әкетуі 
мүмкін.
Қамбар қамшысын сарт еткізді. Ала көзімен ата қарағаны 
болмаса Дархан ашу шақырған жоқ.
–  Әй,  сен  де  қара  аспанды  төндіріп  тұрады  екенсің.  Сақ 
болмасаң  өзіңді  сойып  әкетіп  жүрмесін,  –  деп  мұқатып  еді, 
Қамбардың сөзін елең құрлы көрмеген Оспан:
– Кімді кім соярын уақыт көрсетер. Өздеріңе де обал жоқ, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет