арасын майда күлкінің толқыны аралап өтті. Алдында қойдай
иіріліп, өзінің қас-қабағын аңдыған елді көзімен сүзіп шыққан
өкіл әлдекімді іздеп таппағандай жанындағы Оспаннан:
– Осы ауылда тақуа шал бар еді, қысты күні келгенімізде
«бұл жолмен қайда барамыз» деп қақсап тұрып алған, сол
кісіні көре алмадым ғой. Жиналысқа келмеген бе? – деп сұрап
еді Оспан қолын сілтеп:
– Ол шал өліп қалған, – деп турасын айтты.
– Апырай, а, жақсы адам еді, иманды болсын, – деді былғары
киген жігіт. Дархан өкілдің зерделігіне қайран қалды. «Қалай
ғана бәрін ұмытпаған».
– Жолдастар! Қымбатты ағайын-жұрт, сіздер қазір үлкен
қуаныштың қарсаңында тұрсыздар. Енді жиырма шақты
күннен соң Түркістан мен Сібірді жалғаған ұлы құрылыс
аяқталады. Осыған орай РСФСР Орталық Атқару Қомитеті
мен Халық Комиссарлары Советі «Түркістан-Сібір темір
жолының ашылуы туралы» арнайы қаулы қабылдады. Жолдың
салтанатты ашылуы Бірінші май қарсаңына белгіленіп отыр,
288
жолдастар. Осы Түркісіб құрылысына қатысқан адамдардың
бірсыпырасы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды, оның
ішінде алдыңғы жылы қыста Құландыға келіп жиналыс өткізген
Соболев жолдас та бар...
Былғары киімді жігіттің артында тұрған Дарханның
қуанғаны соншалық, орденді өзі алғандай масаттанып қолын
шапалақтап жіберіп еді, қалған жұрт іліп әкетті.
– Жолдастар! – деді өкіл жігіт саңқылдап. – Ғасырлар бойы
тусырап жатқан қазақтың ұлан-байтақ даласына темір жол
тартылды. Енді бұдан былай Одақтық темір жол жүйесімен
байланысатын ұлы құрылыс аяқталуға жақын. Бұл жасампаз
іске сіздердің де қосқан үлестеріңіз ұлан-ғайыр. Түркісіб
жол құрылысы Солтүстік басқармасының атынан сіздерге
шын жүректен алғыс жариялаймын! – Зор ынтамен тыңдап
тұрған халық тағы да ду қол шапалақтап жіберді. Жолдас
жұмысшылар, жол салынғанмен сол жолды қиратып, бүлдіруге
істен шығаруға әрекет жасайтын қаскөй, зиянкес элементтер-
ден әлі де арылып болған жоқпыз. Сіздердің ендігі міндеттерің-
із, табан ет, маңдай терлеріңізбен салған шойын жолдың
қырағы сақшысы болу, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқыттырмай күтіп баптау, сайып келгенде осы жолдың
толық иесі болу. Осыған байланысты Жарма жол дистанциясы
құрылып, Құланды ауылы бүгіннен бастап станцияға айнала-
ды. Ал, бұл станцияның начальнигі болып Оспан Көпжасаров,
жол мастерлігіне Дархан Таңатарұлы тағайындалып отыр.
Темір жол жүйесінің осылайша құрылуына орай, сіздердің өз
орталарыңыздан тәжірибелі деген жұмысшылардың біразы
стрелочник, обходчик, тағы басқа жұмыстарға тартуымыз керек.
Кадр мәселесін жергілікті жерде шешпесек, жоғарыдан келер
мамандар жоқ. Түркісібтің ендігі тағдыры өз қолдарыңызда,
– деп сөзін аяқтағанда тұс-тұстан: «Жасасын Совет өкіметі!»,
«Жасасын Түркісіб» деп аңдыздаған ұрандар аспанның астын
айғайға толтырып жіберді. Жүздерін күн шалып, қырдың
аңызағы ұрған адамдар абыр-сабыр боп көпке дейін ұйлығып
тарай алмай тұрысты. Олардың қазіргі қуаныштарында шек
жоқ еді. Жаңалық десе жаны қалмайтын ел осы бір себепсіздеу
қуаныштың бас-аяғын тұжырымдап жатпады; баяғыдай
қарсы сұрақ беріп өкілдің басын қатырмады. Айтшылағандай
екі-үштен қолтықтасып қатар аяңдап, үйді-үйіне асықпай
289
мамырлап тарады. Былғары киімді өкіл асығыс екенін, алда
күтіп отырған тағы да басқа станциялар мен ауылдар барын
айтып, шайға қарамастан тез аттанып кеткен. «Аулымыздан
құр ауыз аттанбаңыз» деп, Оспан мен Дархан жығыла жабысып
еді, «күн кешкіріп калады, жігіттер, кейін бір реті болар» деген
соң біразға дейін шығарып салған.
Осы күні түстен кейін Құландының қос бастығы жұмыс-
шылардың жалпы тізімін алып, кімді қандай іске жұмсарын
ақылдасты. Әсіресе, осы станцияға тоқтайтын әрбір поезды
сумен қамтамасыз етіп отыру, шойын жолдың амандығын
тексеру секілді жауапты жұмысқа баса көңіл бөліп, тісқаққан
тәжірибелі, тарлан жұмысшылар мен коммунистерді шақы-
рып, жеке мәжіліс өткізуді ұйғарды. Ал, Айнабұлақта өтер
Түркісібтің түйісу тойына кімдерді жіберу керектігін тез
шешіп жоғары жаққа хабарлайтын болып келісті. Екеуінің
қазіргі бастамасы, бір-бірін түсіне тізе қосып кіріскен шаруа-
сы, обалы кәне, дөңгелене жөнелген. Кешке жақын кеңседен
әбден қалжырап шыққан соң да салқын ауаны кеуде кере жұ-
тып, ұзақ әңгімелесіп қыдырды. Бүгінгі күніне аса риза Дархан
шайға шақырып еді, Оспан «Гүлияны әурелеп қайтесің, аяғы
ауыр ғой» деп ибалық сақтады. Ол үйіне жалғыз кетті.
Аспан ашық. Жұлдыздар самсап, бейуақ шақ туа бастаған.
Күндізгі айғай-ұйғай басылған, беймезгіл ымырттың жанға
жайлы тыныштығы орнай бастаған. Ай туып, айнала аңғарыңқы
тартқанша меңірейіп, темір жол жақтан көз алмай тұрған
Дарханның көңілін мынау салқын түн, жаудыр көз аспан, бүк
түсіп, мәңгілік ұйқыда қарауытып жатқан төбелер – бәрі-бәрі
де жуастыққа бастағандай талмаурайды. Неге екені белгісіз,
елегізіп әкесін есіне алды. Осыдан біраз күн бұрын Ақшиге
көшіп кеткен Қамбар мен Дүрияны ойлады. Анда-санда
арсалаңдап жетіп келер досының ожар мінезін, сарт ете қалар
қамшысын сағынды. Адам үнемі бір нәрсені ойлап, алда тұрған
қыруар ісін тәмамдағанша асығады, мұрны қанағанша алға
ұмтылады, ал сол көксеген биігіне шығып, ойлаған мақсаты
орындалған соң көңіл шіркін ортайып, тасуы қайтқан судай
таязып қалары несі... Түркісіб! Түркісіб! – деп жарғақ құлағы
жастыққа тимей жар салды. Түркісіб бітті – қуанды, бірақ
жүрек құрғыр бұрынғыдай аласұрмай баяулап соғары несі...
Қайда күні кешегі мазасыздық? Қайда жеткізбестей болған
290
асау арман, алып-қашты үміт пен мақсат. Жол бітсе дүниенің
бәрі жарқырап ән салып, маздап қоя берердей елестеп еді...
Мынау аспан мен түнді, ақау бөртектер мен бұйығы жатқан
ауылды құдайдың құтты күні көріп, көзқашты болған. Өзгерген
не сонда? Рас, әне Құландының дәл қамшылар жағынан қос
сызық – қос рельс тартылды. Ертең тарсылдап, түтіні будақтап
поезд өтер. Содан соң?
...Түркісіб осыншалық тез бітіп қалмай жалғаса берсе ғой,
шексіздікке созыла берсе ғой, Дархан да көкейіндегі таусылмас
арманынан айрылмас еді. Жолдың біткені қуанышты-ақ, бірақ
Дархансынды бейнетқор жігітке тағы да сондай аянбай кірісер
алып құрылыс керек еді; енді ертеңнен бастап, әрқайсысының
ұзындығы он екі жарым метр «ТИП-ІІІА» деген рельсті
түрткілеп, саңылау іздеп сандаласың да жүресің.
Даланың төсіне жол салынды. Адамдардың жүрегіне жол
сала алдық па?! Ендігі ұлы міндет – осы еді. Ал, бүл құрылыстан
қазақтың алғашқы пролетарларының бірі Дарханның да қалыс
қалмасы ақиқат. «Жаңа қоғамның жаңа адамдары қалыптаса
бастады, – деп еді бағанағы бір әңгімесінде былғары киген
жігіт. – Сіздер енді ескіліктің қалдығымен күресіп қана
қоймай, сол жаңа өмірден орын алып үлгерген жат қылықты
адамдарға қарсы күрес ашу керек. Ондай сырты бүтін, іші түтін
сарқыншақтар бізде әлі бар». Олар кімдер? Дархан олармен
қалай күресу керек, өресі жетпейтіні осы секілді сансыз
сұрақтардың шешілу тұсы. Қолында қылышы, астында аты бар
әлгі «жат пиғылдар» алдында тұрса қасқая шауып, айқасар-
ақ еді. Ең қиын майдан – көзге көрінбейтін жаумен арадағы
қарусыз майдан шығар-ау. Шүкір, ондай жауы жоқ Дарханның,
егер жолыға қалса аямайды...
– Дәкесі-ау, жалғыз өзіңіз неғып күбірлеп тұрсыз, – деген
дауысқа жалт қарап еді, Гүлия екен.
– Жәй әншейін. Өзімнен-өзім есеп алып тұрғаным да.
– Иә, есеп алатын жасқа келдіңіз. Ертең Дүриялардың жаңа
қонысын көріп қайтайық, қарсы емессіз бе? Ақши ауылы деген
әне, иек астында. Қолыңыз тисе аяңдап барып келерміз.
– Саған қиын тиіп жүрмесе...
– Ештеңе етпес. Әлі қырық күндей уақыт бар, – деп күлді.
– Мұратты ертіп алайық. Даланы сағындық. Қырға шығып, бой
жазбасақ үйде отыра-отыра құса болдық. Былтырғыдай шөп
291
шабатын емес, ақсақ құлын қолды болған. Ала жаздай үйде
омалып отырамыз да...
– Құлын кеткенмен, құлын келеді ғой дүниеге, – деп әйелін
құшақтаған Дархан қараша тамына беттеді.
Қеңгірдің ар жағынан ыңырана көтерілген буаз ай нұрын
жер бетіне толық жая бастады.
...Өмір ол да бір ағыс. Дауылды күндері толқын атса, күзде
сабасына түсіп өз ырғағымен, өз әнімен жайма-шуақ жылып
ағады. Көбік шашқан тентек күндері тасып, шанағынан асар
долы шақтары болар. Ал қыс бойы ыңырсып, қорлана мұз
құрсаудың астында жатар. Сол өмір атты ұлы өзеннің, әсіресе,
көктемгі уақытта арпалысып, ашу шақыра екі жағалауын
жұлып жеп, толқынына жармасқан қоқыр-соқыр, тамырынан
қопарылған ағаш салындыларды айдап, күндердің күнінде
жағаға лақтырып тастап кетер. Ондай аққұла мінезін жан-
жануар, адамзат біткен неғұрлым аузын арандай ашқан
арыстан ашулы шағында ағысына қарсы жүзіп, қанқұйлы ай-
қасқа түсетіндер – жүрек жұтқандар. Олардың әлсізі өледі,
мықтысы жүзіп арғы жағалауға шығады. Осындай аласапыран
майданында шыңдалып, аман қалғандар қатарына Дарханды да
қосуға болар. Үнемі бір тасқынды жылдарға үйреніп қалған ол
кәнігі теңізшілердей-ақ, қазіргі майда малтуларды менсінбей,
ұлы күреске толы асау толқынды өжет өзенді сағынып еді;
қазіргі тірлігі де жаман емес, мамыражай уақыт туды. Ертелі-
кеш бас-аяғы он шақырымдық темір жолдың үстінен құс
ұшырмай аңдумен екі тәулік өтті. Айнабұлаққа жол тартарына
енді жалғыз-ақ тәулік қалған. Осындай бір бала-шағасымен
тып-тыныш шай ішіп қәперсіз отырған кештің бірінде мұның
тоқал тамының есігі сыңсып ашылды да үйге Еркін мен Оспан
кірді.
Ойда-жоқта ымыртшылап келген ағасын алғаш таныған
Гүлия «Аһ» ден ұмтылып барып, ішін басқан күйі сылқ етіп
құлап түсті. Қапелімде не болғанын білмеген түнгі қонақтар
аңырып тұрып қалған. Тұра ұмтылып, әйелінің басын көтерген
Дархан келгендердің кім екенін жыға таныған жоқ. «Не болды,
Гүлия?» – деп өңі сұрланған жұбайының қолын уқалай берді,
ол ептеп есін жиды. Оқыс кездесуден басы айналып кетсе
керек, «Еркін аға» деп есік жақта әлі де селтиіп, не істерін
білмей тұрып қалған көзілдірікті жігітке қолын созды.
292
Сонда ғана барып өз қарындасын әрең шырамытқан Еркін
елбектей келіп, тізерлей отырып Гүлияның қолынан сүйді.
Қарындасының бетіндегі осылып түскен тыртықты сипап,
басын шайқады. Шешесінен естігені болмаса, көрген жоқты.
Аямай-ақ тілген екен.
Қайнағасын Дархан көп жылдан соң көріп отырғаны осы.
Бұрынғыдай емес, ашаң тартып жүдеген секілді. Сол жақ са-
майына ақ түскен. Оқып жүрген кезінде бетін қаптаған қап-қара
сақалы бар еді, қырғызып тастағандыкі ме өңі жас көрінеді;
өңі жасамыс болғанымен, дидарында аса қажып-шаршау
бар. Не нәрсеге де немкетті, мағынасыз қарайды. Бұрынғы
сөзуарлығы да жоқ, аз айтып, көп тыңдауға құлықтанғандай;
үсті-басын ежелден кіршіксіз ұстаушы еді, қазір де мұздай
болып киінген, қолында басы имек қара таяғы бар; онысын
Қамбардың қамшысы секілді жанынан бір елі қалдырмайды
екен, жалғыз қаруысынды. Оның әсіресе көңілін толқытып,
жүрегін елжіреткен ағасының ұлы – Мұрат болды. Алдына
алып, айналып-толғанып ұзақ қарады. Баланың бүлдіршіндей
болып алаңсыз таза өсіп келе жатқанына қуанды.
– Долдаш ағадан хабарыңыз бар ма? – деп Оспан Еркіннің
оң жағына жамбастай жатты.
– Жоқ. Хабарсыз кетті, – деді көзілдірігін үрлеп қалтасынан
алған ақ жібек орамалымен сүрткілеп, – өзің қайда жіберіп
едің... Сол жақтан іздеу керек шығар...
– Былғары киімді жігіттің айтуына қарағанда Беломор-
Канал деген жерде-ау деймін. Ол кезде біреуді-біреу біліп
болды ма, – деп өткенге оралмау сыңайын аңғартты. – Апыр-
ай, Ереке-ай, сонда Шардың тұсында жарылыстан атымыз
үркіп өліп қала жаздадық-ау. Қайта алдымызда татар дәміміз
көп екен.
– Иә, сонда өліп қалсақ та болады екен. Тірі жүргенімізден
не пайда... тілерсегіміз тілініп, – деді Еркін. Өтірік-шынын
айыра алмаған Оспан:
– Неге, Ереке? Олай демеңіз. Әркім әлемнің бетіне өз ізін
қалдырғысы келеді, – деді ырсалаңдап.
– Ол қиын шаруа, Оспан. Із қалдыру, басқаны қайдам, біздің
қолымыздан келмейді. Қарынның тоқтығынан артық бақыт
жоқ қазір. Семейдегі қымыз сататын бір шал айтып отыратын:
«Базарда кім данышпан, кім жынды, айырып көр», – деп.
293
Оспан «рас, рас» деп күлді. Дархан әлі үндемей отыр.
Қайнағасы өзгермеген екен, көкейін тескілеген әлденендей
кек, запыран, қыжыл барын аңғарды. «Қазір білдірмей-ақ қойса
еді» деп ойлады.
– Күйеубала, үндемейтін болыпсың, – деді көзілдірігін
жалтыратып. – Бірақ, соның жөн. Үндемеуді үйренуден артық
өнер бар ма бұл жалғанда. Малымызды мынау Оспан алды, ең
аяулы қарындасымды сен, енді бірін Қамбар қу қағып әкетті.
Сонда деймін-ау, менде не қалды осы, мына қолымдағы қара
таяқтан басқа...
– Ереке, ұмытып барады екенмін, – деп тіпті оның сөзін есті-
мегендей кимелей жөнелді Оспан. – Омекең қайтқаннан бері
көрісе алмаппыз, артының қайырын беріп, топырағы торқа
болсын.
– Артының қайырлы боларына да, топырағының торқа
екеніне де күмәнім бар.
– Астапыралла, олай демеңіз, Ереке, өлімді ғайбаттауға
болмайды, – деп өп-өтірік шошынып жағасын ұстады. Гүлия
мен Дархан да тіксініп, Еркінге үрке қарады. Ағасының маза-
сыз, әлденеге өкпелі екенін сезген Гүлия жақын тартып,
әңгімелесу мүмкін еместігін түйді. Көкірегіне түйді де шеше-
сінің амандығын айтуға жарамағанына ренжіді. «Ендеше неге
келді екен?» Неге келгенін сұрауға да батпады. Қолындағы
барымен сыйлап, күтіп жіберуден басқа амалы жоқ. «Жолда
Дүрияға соғар ма екен?».
Семей губерниясының бұрынғы адвокаты, қазір жұмыстан
босаған Еркін Омарұлы Кенжиннің бұл жаққа келудегі екі
мақсаты бар. Әуелгісі, жолай Құландыға соғып, бүрсігүні
Айнабұлақта ашылар үлкен митингіге баратын Дарханнан
сәлемдеме беріп жіберу, екіншісі – Тарбағатай асып Барлыға
соғу, Көкебай қартқа сәлем беру, одан әрі Хабарасуы арқылы
арғы бетке өту. Әкеден қалған азын-аулақ байлықтың қайда
жасырынғанын анықтау. Сондықтан да, бұл жаққа келу
сапарының әдібін ашпай, алыстан орағытып отыр. «Сезсе – шет
жағасын Оспан қу ғана сезіп қалуы мүмкін» деген сақтықпен,
ең әуелі соның өзін іздеп тапқан да, содан соң көптен көрмеген
қарындасының үйіне келген. Ал, Оспан үшін Еркіннің кім
болғаны, кайда барары бәрібір еді.
294
– Жұмысыңыз орынша ғой, Ереке? – деп бекер сұраған жоқ.
Бұл жігіттің өзінен біртабан жоғары тұрған кісінің табанын
жалауға дайын осалдығын ежелден білетін Еркін өтірікті соғып
жіберді.
– Бір аптадай болды, басқа жұмысқа ауысқанмын. Семейден
Алматыға дейінгі темір жол бойының инспекторлығына та-
ғайындалдым, адамның басы Алланың добы емес пе, қарсы-
ласқаныма карамай, заңды жақсы білесің деп қолқалаған соң
амалсыз көндім. – Жібек орамалына сіңбіріп, бүктеп қалтасына
салып алды.
– О, о, жақсы қызмет екен, қайырлы болсын, Ереке, – деп
ұша түрегеліп қолына жармасты. Ас қамымен жүрген Гүлияның
да іші жылып сала берді.
– Ондай болса, аға, біздің үйге жиі келіп тұратын болдыңыз
ғой.
– Әлбетте. Қайта-қайта қыдырып келе берсем, ерқашты болар-
сыңдар.
– Қазақ қонақтан қашушы ма еді, оның үстіне ел қалаған
адам, туған қайнағамызсыз, – деп бүгінгі отырыста алғаш рет
тіл қатты.
– Ереке, сіздің жаңа қызметіңіздің құдіреті Дарханға да тіл
бітірді-ау, – деп қалжың тастаған Оспанға анау да сөз ақысын
жібермей іле жауап қатқан. «Менің тілім қашаннан бері кесіліп
еді. Екеуінің арасында жылан бар екен», – деп ойлады. – Ендеше
бұл әңгімені ушықтырудың қажеті жоқ».
– Айнабұлақта болар тойға Құландыдан өзің баратын болып-
сың, Дархан. Құттықтаймын.
– Рахмет, Ереке. Сол мерекеге барғым да келмеп еді,
Гүлияның жайы болса мынадай...
– Біздің Дәкеңді Соболев жолдас өз қолымен тізімге
кіргізіпті, – деді Оспан.
– Соболев жақсы кісі. Орыстың ішіндегі иманжүздісі сол.
Семейде өтетін үлкен жиналыстарда ара-тұра ұшырасып қалсақ,
Гүлия екеуіңнің халіңді жалпаңдап сұрап жатады байғұс.
– Иә, анау жылы жұмысқа адам жинау үшін Құландыға
келгені бар, Гүлияны сонда көрген, – деді Дархан қайнағасының
сөзіне масайрап.
– Айнабұлақ бір дүрілдейін деп тұр. Дүниежүзінің адам-
дары жиналады. – Еркін көп білетінін тағы да аңғартты.
295
– Коминтерн атқару комитеті Президиумының мүшесі Сен-
Катаяма жолдас Жапоннан келе жатыр. Сол іспетті өзіміздің
өкіметтің басшылары Тұрар Рысқұлов, Исаев Ораз, Шатов
секілді үлкен адамдар қатысады. Ұзындығы бір мың төрт жүз
қырық шақырым жерді мерзімінен он жеті ай бұрын салып
шығу жанқиярлық ерлік қой.
– Апыра-ай, – деп тамсанды Оспан. – Біз сол жолды өз қолы-
мызбен төсесек те, осындай ерлік жасағанымызды білмеппіз-
ау аңқау басымыз. Тоқал тамда қаннен-қаперсіз шай ішіп
отырмыз...
– Енді жарылып өлеміз бе, – деді Дархан салқынқандылық
сақтап.
– Ұлы істі үндемей тындырар болар деген осы. Сендерді де
құр алақан тастамас, нарком атынан бес килограм серке шай,
екі пар етік, он сомнан ақша аласыңдар.
– Бұл да – олжа, – деді Оспан алақанын ысқылап. – Он сом
ақшаға қазір он бес қой сатып алуға болады.
– Ендеше осыған риза боласыңдар, одан артық сый-сияпат
үлестіруге өкіметтің жайы белгілі, – деген қайнағасының сөзі
Дарханның жынына тиді-ақ, бірақ дауласуға болмайды. Қайнаға
– әке емес, еркелеп ойындағысын ақтара берер. Әрине, қорқып,
үркіп отырған жоқ, Гүлияның көңіліне келер деп қарсы уәж
айтпады.
– Совет өкіметі жас қой. Енді-енді ғана тәй-тәй басып
келеміз, – деп сыпайылық сақтады.
– Буыны қатпағаны рас, – деп келісті Еркін. Қайнағасының
қай сөзіне сенерін білмегеп Дархан бұл кісіден үндемей
құтылуды жөн көрді. Ал Оспанға бәрібір, өтірік аңқаусып,
өтірік жағымсып Омардың оқыған ұлымен тізелесіп, ығын
бермей шіреп отыр. Өзін ептеп бүріп те алмақ еді, темір жол
бойының тексерушісімін деген сөзден соң қаша соғысқан.
– Фатима жеңгеміз қалада қалды ма, бір айлық курста болған-
да қолынан дәм татып едім.
– Осеке, Фатима жеңгеңіз сізге сәлем айтты, – деп кекете
жауап берді Еркін. Осыдан бір ай бұрын айрылысып кеткенін
саққұлақ Оспан білетін де шығар деген оймен әдейі айтты.
– Сәлемет болсын, айыбы бала көтермегені болмаса, жақсы-
ақ адам. – Өзінің үй-ішін қазбалап бара жатқан соң әңгіме
ауанын басқа жаққа бұрғысы келді ме:
296
– Дархан, дәу шалдан хабар бар ма? – деді.
– Жоқ. Алты жыл болды өлі-тірісін білмейміз.
– Апыр-ай, Дархан-ай, өтірік айтуды сен де үйренейін
дегенсің бе, осыдан төрт-бес жұма бұрын ғана арғы беттен
түнделетіп келіп қайтпады ма, – дегенде Дархан төбесінен жай
түскендей болды.
– Оспан емес сайтан шығарсың, – деді басын шайқап.
– Осекеңнің білмейтіні жер астында, – деп қостады Еркін.
– Баяғыда мен секілді бір соқыр айтқан екен: «Бір көзімнің
жанары бір көзімде, не қылса да Құдайдың еркі өзінде» деп. Сол
кісі айтқандайын, дүниедегі ыбыр-сыбырды көру үшін құлақ
пен көздің екеу болуы міндет емес, көңіл, зерде деген алып көз
бар. Біз соған сүйенеміз, – деп шалқайды. – Ертең Ақжайлау
жаққа бару үшін астымдағы бозжорғаны лауға сұрарыңызды да
сезіп отырмын, Ереке.
– Бірақ ол әкемнің аты емес пе еді. Тәргіге ұшыраған соң,
мемлекет қарамағына өткен. Ендеше, ешкімнің меншігі емес
екенін заң иесі өзіңіз білетін де шығарсыз.
– Білетіндіктен де айтып отырмын. Демек, жоғары жақтан
келген өкілдер мінетін мініскер көлік деген сөз.
– Рас-ау, – деп күлді Оспан. – Өкіл екеніңізді куаттайтын
кепілдеме қағаз сұрауға батпай отырмыз... Жорта айтамын,
Ереке, көңіліңізге ауыр алып қалмаңыз, сізге сенбегенде,
бозжорғаны сіз мінбегенде Абылайдың асына сақтаймыз ба?
Таңертең құйысқан-өмілдірігін сайлап, өз қолыммен мықтап
тұрып ерттеп беремін.
– Е, бәсе, сондай да мәрттігің бар еді-ау. – Еркін риза болып
қалды және Оспан жүрген маңайдан тезірек аттанып кету
керектігін бағамдаған. Шай құйып отырған Гүлия ағасына
жалтақ-жалтақ қараумен болды. Әңгімеге әлі де араласа қойғаң
жоқ, көп жыл көрмеген жалғыз ағасын сағынып қалғандай еді.
Бірақ Еркін соншалық суық көрінді. Алғашқы есендіктен соң,
тіпті қарындасы жаққа кісі отыр-ау деп бұрылып та қарамады.
Үнемі жалғыз жортып, саяқ болып кеткен шығарға жорыды.
Анау төрде көзілдірігін бір алып, бір киіп отырған ағасын
әлдекімге өте ұқсатты. Арықтау болғанымен жақ сүйегі,
жанары, үлкен көзі, конқақтау мұрыны, әсіресе оқта-текте
түйіле ойланып, бір нүктеге қадалып қалар қылығы өте жақын
адамды елестетер еді. Ол кім? Есінде жоқ, бірақ дәл осы төрден
көрген кісісі...
29
– Дәу шалдың бір ұлы мұнда қалғанымен бір ұлы іздеп...
– деп оспақтаған Оспан сөзінің ақырын бітіртпеген Еркін
ақырып қалды:
– Жә жетті! Оспан, Оспан дегенге одыраңдай берме!
Дархан ешнәрсеге түсінген жоқ. Ал Гүлия «Құдай-ау, – деп
ойлады. – Мынау дауысты да естігем. Осы үйден естігем».
– Ереке, менің айтқым келгені Дарханның әкесінің келгенін
менен босқа жасырғаны, қай қазақ әкесі Қытай түгіл Жапоннан
іздеп келсе де кет деп қуушы еді, бекер жасырған.
– Ендігі жылы келгенде ең әуелі сенің үйіңе ертіп апарамын,
– деді Дархан байсалды қалпын бұзбастан.
– Дәу шалдан бәрін күтуге болады. Келемін десе, екі араға
темір тор құрып тастасаң да өтіп келе береді. – Оспанның
бұл сөзін ешкім қоштай қойған жоқ, арада аз ғана тыныштық
орнаған соң Еркін қозғала бастады.
– Ал, Гүлия, қош бол, қалқам, қайтейін... қара ала сырмақтың
үстіне торғын көрпе төсеп, сары ала тегенеден қымыз сапырып
отыратын-ақ адам едің, басқа түссе баспақшыл деген... Дархан,
сен де сау бол, көріскенге жазсын.
– Ағатай-ау, түн ортасында қайда барасыз, қонбайсыз ба?
От алғалы келгендей мұныңыз не? – деп лықсып келген өксігін
ақтарып салды.
– Жағдайларыңды көріп отырмын, айналайын. Аядай үй,
сендерді әурелеп қайтейін. Дәм бұйырса талай-талай келерміз,
талай-талай қонармыз. Бүгін Осекеңдікіне барып жата кетейін.
Ол жалғыз ғой. Оның үстіне қазір Осекең иемденген бөлме бір
кезде өзімнің иісің сіңген үй еді. Шалдың қара шаңырағына
түнеп шығуды ырымдап отырмын. Қайтыс болғанда бірде-
біреуіміз жанында бола алмадық. Бір баласынан да бір күрек
топырақ бұйырмай, айдаладағы төбенің басында қалғаны сол,
елеусіз. Қайран әкем, алты алашты аузыңа қараткан адам едің,
бұлай боларын білдің бе... – Еркіннің даусы дірілдеп, толқып
шыққан сөзі Гүлияның сай-сүйегін сырқыратты, қарақат
көзінен бұршақтап жас сорғалады.
– Рұқсатыңды бер, Гүлияжан, ағаңның бір келері бұл емес
қой, қара шаңырағына түнеп шықсын. Мен де тартып алғам жоқ
үйді, үкіметтікі, ертең менің орныма басқа начальник келсе сол
иемденеді, – деп Оспан көшелілік көрсетті. Еркін шығарда:
298
– Бақытың ашылсын, Дархан жаман жігіт емес, – деп маң-
дайынан сүйіп қоштасты.
– Тарбағатай жағына барар болсаңыз, Дүрияға соға кетіңіз,
аға, – деді көзінің жасын сүртіп. – Ол да құса болып жүр ғой.
– Жолда обязательно бұрыламын.
– Ауыл Совет болғалы ол күйеу балаңыздың тасы өрге
домалан тұр, Ереке, – деп есік аша берді Оспан. Қонақтармен
қоса еріп шыққан Дарханға Еркін айтты:
– Сен үйге қайта бер, Гүлия елегізер. Осекең екеуміз таза
ауа жұтып, аяңдап өзіміз барармыз. Жұмысыңа мықты бол,
болашағың алда, заман сендердікі. Таңертең Осекеңнен қара
қобди беріп жіберемін, онша ауыр да емес өзі. Айнабұлаққа
аман-есен жеткен соң Құсенов деген жігітке табыс етерсің.
Оны тануың да, табуың да оп-оңай. Қолында тура менікі секілді
таяғы және тура менікі секілді көзілдірігі бар ұзын бойлы арық
жігіт. Алматыдан келер бір мықтының көмекшісі, сондықтан
президиум жақта жүреді. Аты-жөнін сұрап, танысқан соң
табыс етерсің, хат жазып ескерткенмін. Сені сырттай жақсы
біледі. Қақпай-соқпай апар, ішінде Семейге келгенде құда
түсіп қолқалаған ескі сағат, сынатын заттар бар. Қобдидың
кілті өзінде. Осыдан бір ай бұрын біздің үйде қонақ болып
еді, асығып жүріп чемоданын ұмытып кетіпті патшағар, – деп
күлді.
– Айтқаныңызды бұлжытпай орындаймын, Ереке, ертең
кешке осы тұстан Шардан шыққан «кукушка» атты екі-үш
вагон тиеген паровоз өтеді, соған мініп барасыздар деген.
– Білемін, білемін. Ал енді көріскенше күн жақсы болсын.
Сау бол, – деп жұп-жұмсақ қолын ұсынды. Алақаны әрі майда,
әрі жып-жылы екен.
– Сау болыңыз, Ереке, қайтарда бұрылмай кетпеңіз.
– Обязательно соғып, хал-жағдайларыңды біле кетермін.
Айнабұлақтан әкелген той сарқытын өздерің ғана жеп қой-
маңдар.
– О, не дегеніңіз, Ереке... Беріп жатқан сый-сияпаты болса
түтелдей сізге сақтап қоялық.
Аппақ болып нұр құйған ай сәулесінің астында қараңдап
ұзай берген екеудің артынан ұзақ қарап қалған Дархан ойлады:
«Заман қойсын ба, Еркін мырза түзелген екен. Аюға намаз
үйреткен таяқ деген сол...»
299
Үйден былайырақ ұзаған соң «әлі ертерек, бой жазып қырға
шығып қайтайық» деген Еркіннің өтініші бойынша Кеңгірдің
мазары тұрған төбені бетке алып аяңдап еді. Оспанның
сезіктеніп келе жатқаны: темір жол жөніндегі инспектордың
өзін «Осеке» деп арқадан қаға, көпшік қоя аяқ астынан сыйлай
қалған сыпайылығы-тын. Жердің үстін жамап, астын тыңдаған
зәлімдігі іске аспады. «Неге Осеке дейді?» – Басын қатырып
қаншама ойласа да жауабын таба алмады. Ауыл артта қалып,
төбенің басына ілінгенше сөйлескен жоқ. Сықсима шамдары
жылтырап, Құланды етекте қалды қарауытып. Көктемнің
аздаған желі бар екен. Баяғыда Ақжайлауда осындай төбенің
басында, дәл осындай желге қарсы қарап тұрып еді екеуі. Ол
шақта Оспан Еркін мырзаның көлеңкесі сынды, артық бір сөз
айтуға жасқанатын кішкентай кісі. Ал бұл биік, қолжетпес
шынардай шоқтықты көрінген. Қазір тепе-тең, қайта мырзаның
өзі мұның алдында бүгежектеп, көкейіндегі бұйымтайын
айтуға батпай күмілжіп тұр-ау. Заман деген сол, алды қайсы,
арты қайсы аңғара алмайсың.
– Осеке, – деді бір уақытта Еркін. – Мен сені Кеңгір баба-
мыздың басына неге ертіп шыққанымды білесің бе?
– Дәл осы жолы қара басып біле алмай тұрғаным...
– Сенбеймін, бәрібір ішің сезеді.
– Құдайға хақ, Ереке, білмедім.
– Онда сен де қартаяйын деген екенсің, жүрісіңнен жаңыл-
айын деген екенсің...
– Енді... жас болса қырыққа таяп қалды, көріпкелдігім де
көмірлене бастаған шығар.
– Тоқ етері мынау: сенен жасырар сыр жоқ. Әкемнің тыққан
аздаған байлығы болушы еді, конфискациялау кезінде көзіңе
түспеді ме?
– Алла сақтасын, Ереке. Біз малдан басқа ешнәрсені тізім-
деген жоқпыз, оның өзін де түтел емес, жартысынан айрылып
қалғанбыз. Жартысын арғы бетке өз ақылыңыз бойынша Дәу
шал айдап кеткен.
– Оны өзім де білемін. Маған керегі мал емес, әкемнің саф
алтыннан құйған қой сөлкебайы, тай тұяқ күмістері, жылдар
бойы малын базарға өткізіп жинаған асыл тастары.
– Көрсем көзім шықсын, Ереке. Итке темір не керек деп мен
неғылайын. Атам қазақ «алтын-күміс – тас екен, арпа-бидай
300
– ас екен» деп тегін айтпаған. Мың жерден алтындаса да сіздің
әкеңіз ағызып жіберген оң көзім орнына келер ме.
– Мақал-мәтеліңді басқа жерде айтарсың, әкемнің мал-
мүлкін талаған сен. Демек, өзің алмасаң да алған адамды
көрдің, конфискациялау актысымен таныстым, ол тізімге
кірмеген. Сонда қайда? Жерден шұнай, көктен Құдай алып
кетті ме! – Еркін айғайлап жіберді.
– Ереке, ақырмаңыз, соқыр болсам да саңырау емеспін.
Диірменнің ішінде туған тышқан дүрсілден қорықпайды...
– Иненің көзінен өтетін қу, қозысын бір тәулікте қой
қылатын мына сенің білмеуің мүмкін емес.
– Ереке, қызықсыздар осы... сиырларыңыздың бұзауы теріс
келсе де менен көресіздер ме? Қарадай күйдіреді ғой, тіпті.
– Быж-тыж болды.
– Осыдан өтірік айтсаң аспанға ұшып кетсең де аяғыңнан
тартып түсіріп аламын; ойлан, іздестір, бір ай уақыт берем.
– Мен немене, өк деп айдар өгіз, шөгеріп байлар түйе дейсіз
бе?! Іздесеңіз – өзіңіз іздеңіз, менің шатағым қанша. Алтынды
іздеуден өзге де жұмысым басымнан асады.
– Өйтіп түлкі бұлаңға салма, – деді Еркін тістеніп. – Жалғыз-
ақ оқ жетеді. – Жұқалаң қара пальтосының қойнына қолын
тығып пистолетін суырып алғанда, ай сәулесімен шағылысып
жалт-жұлт ете қалды. Оспан өзіне оқталған тапаншаға назар да
аударған жоқ, ішек-сілесі қатып, біреу қытықтағандай күлді-ай
дерсің.
– Ойбай, Ерекем-ай... заң-зәкүннің ұңғыл-шұңғылына
дейін жаттап өстіңіз, істеп тұрғаныңыз – балалық. Ойыншықты
сұп-суық қылып қойыныңызға тығып жүргеніңіз не? Ондай
тарсылдақтың үшеу-төртеуі жатыр біздің үйде, керек болса
алыңыз, қазір оның заманы емес. Сіздің нағыз кім екеніңізді
тек мен білемін. Қазір мені екі себептен ата алмас едіңіз,
шындығына келгенде үш себептен... Біріншіден, ызым-қайым
жоқ болған әкеңіз Омардың артында қалған байлығынан толық
дерек керек, екіншіден, табанда атып тастап, арғы бетке жаяу
қашасыз ба, бозжорғаның қайда екенін де білмейсіз. Осы
ауылдан алты адым ұзатпай-ақ ұстай алады, оны өзіңіз де
жақсы білесіз; үшіншіден, анау қолыңыздағы тапаншаңыздың
оғын бағана пальтоңызды шешіп, іліп жүрген кезде-ақ алып
тастағанмын, керек болса міне, – деп қалтасынан тапаншаның
301
бір уыс оғын көрсетті. – Қалай ғана адвокат болып, өзгенің
дауына араласып келгенсіз, қайранмын, өзіңізді қорғайтын
қауқар жоқ... Омар оқымаса да сізден гөрі ақылдырақ, жиған-
тергенін тәргілеу комиссиясына «мә» деп түгелдей бере салды
дейсіз бе?
Қолынан келер дәрмен жоқ, үндемей тындап тұра берді.
Баяғыда... істі болған адамдарды алдына тұрғызып қойып, көзге
шұқып, талай-талай пәлсафа соғып еді-ау. Иә, түйесі жоғал-
мағанның бәрі ақылды.
– Арғы бетке өзімен бірге ала қашпағанына кім кепіл. Ал
Омар өлерде оның жанында кім болып еді, кім жерлеп еді?
Тергеуді осы сұрақтың жауабын іздеуден бастауыңыз керек.
Біз немене, былғары киген жігіт екеуміз жанымызға екі-үш
милиционерді ерттік те шапқылай бердік оңды-солды; не көр-
дік – соны алдық, көрмей-білмей қалған дүниеміз қаншама?
Сіз әкеңізге көп ұзамай бай-кулақтарды конфискациялайты-
нын сонау Ақжайлауда отырғанда ескертіп, сақтандырып
кеткенсіз, мені Семейге оқысын, адам болсын деп, ертіп кеткен
жоқсыз әсте де. Екіқабат қатынның қандай бала туарын сипап
білетін қу, дүниені бүлдірер деп алып кеттіңіз. Ал мен соны біле
тұра курсты аяқтамай ерте оралдым. Сіз іздеген дүние, әрине,
менің де көкейімді тескен, амал не, маған да, сізге де, тіпті Омекеңе
де бұйырмады. Айдалада қаңғып жүрген жылқышының қор-
жынында кетті қор болып. Қарындасыңыз Гүлияда көңілі бар
еді, анау жылы арбаны қуып жетіп бетін тілген де сол.
– Ол итті қайдан табуға болады? – деді тықыршып.
– Тарбағатай жоталарында жүр.
– Осеке, – деді мінді дауыспен. – Артық кеттім, кешір. Менің
орнымда болсаң сен де солай істер едің, мал ашуы – жан ашуы
деген, бар сенгенім сол жылтырақ тастар, несіне жасырайын.
– Білемін, білемін, Ереке. Бірақ сізге деген жаулығым жоқ еді.
Өзіңіз бір емес, екі емес мұқата беретін. Сіз де адасқан қазсыз
ғой... Қытайды басып, Ауғанстан, Иран арқылы Түркияға жету
үшін біраз қаражат керек... Мен сізді жау деп ұстап бермеймін,
қайта ертең бозжорғаның ертоқымын сайлап берем, барыңыз.
Жолыңыз болсын. Ескертерім, шекарадан өткенше бүгінгідей
тапаншаңызды сумаңдатып, балалық жасап бүлдіріп алып
жүрмеңіз; оқығаныңыз көп болғанымен, тоқығаныңыз осалдау
екен. Қазіргі жұрт баяғы қойын құрттатып, айранын ұрттатып
302
отыра берер момындықты талақ еткен. Алдына тапанша емес,
зеңбірек кұрып қойсаң да кірпігін қағып жасқанбайды, сол
жасқанбауының арқасы ғой патшаның тағын тартып алып
жүргені.
– Мен саған сенбесем іздеп келер ме едім, Осеке. Сендей
адам бұл жаққа да керек. Әттең, оқымай қор болдың...
Университет бітіріп халқым, ұлтым деп арамтер болған біздерге
көсем болуға жарар едің.
– Сүзеген сиырға мүйіз бере ме құдай, ал жатып демалайық.
Ертең ерте аттануыңыз керек қой, Көкебай ақсақалға сәлем айтың-
ыз. Кәмпіске кезіндегі қылығымды кешсін, менде не жазық
бар, тапсырманы орындадым.
Қиыршық тастарға аяғы тиіп, төмен қарай домалата
аяңдаған екеудің көлеңкесін әлі көтерілмеген айдың сәулесі
ұзартып, тура алдарына сұлата қимылдатып келеді. Ауылдан
еріншектене ит үргендей еді, қарсы алдарынан Омар үйінің
жұртында қалған Бөрібасар шықты арсалаңдай еркелеп.
Еркіннің омырауына қарғыды.
– Халың қалай, Бөрібасар, – деп басынан сипап еді, нт қың-
сылап одан әрі бұралаңдады-ай. – Құйрығыңды бұлғап тас-
тауыңа қарағанда ахуалың онша жаман емес-ау. Саған кім
сүйек тастайды – соның итісің.
Машахат түс көріп, ұйықтаңқырап қалған екен, Оспан
түртіп оятты.
– Мырзам, тұрыңыз, Омекеңнің тоғыз қанат ақ ордасында
жатқан жоқсыз, бұл кеңес өкіметінің конторы, – деп уытты
ащы әзілін айтты.
Бет-аузын уқалап тысқа шыққан, күн енді ғана қызылиектеніп
келеді екен. Бозжорға есік көзінде керіскедей болып байлаулы
тұр. Оспанның уәдесінде тұрғанына қуанып қалды.
– Беті-қолымды шайып жіберсем деп едім, қатты ұйықтаған-
дыкі ме, көзім домбығып қалыпты.
– Тарбағатайға барар жолда бұлақтан көп нәрсе жоқ,
Ереке. Барар жеріңіз шалғайда, осыдан тіке тартсаңыз, жүз
шақырымнан кем емес, ара қонып әрең жетесіз. Дүрияға
бұрылмайтыныңызды білем, әйтсе де көксеп келе жатқан
Көкебайдың қыстағына күн еңкейе жетіп жығыласыз. Жердің
ыңғайын білесіз, соқпақ қуаламай-ақ сыпыра тау, сай-саланы
сүзе төтелеп жүріңіз. Әлгі қаңғыбас Бати ұшырасып қалар. Ол
303
тірідей алдырмас. Атып жығып, дорбасын ақтарсаңыз, іздеген
затыңызды табасыз, Ереке. Егер зәуімен таба алмасаңыз, қайта
айналып келіп өтірік айтқаным үшін мені өлтіріңіз. – Еркіннің
енді өмірбақида да артына қайрылмасын, өз қарабасын алып
қашып бара жатқанын біле тұра әдейі айтты. Ұзақ жүріс
боларын сезгендей, құлағын қайшылап тықырши бастаған
бозжорғаны Еркіннің алдына көлденең тартты да «биссімілла,
жолыңызды оңғара көрсін» деп қолтығынан демеп мінгізіп
жіберді.
– Ауғанстанның мешітінен жолыға қалсам танымай
жүрмеңіз, – деп әзіл тастады.
– Осеке, сені мүңкір-нәңкірде көрсем де бас салармын.
Ризамын. Ер екенсің, қош бол.
– Қош, Ереке, қош...
– Айтпақшы, чемоданды Дарханға табыс етуді ұмытпа,
– деп пысықтады.
– Сағаты сартылдаған пәледен өзім де тезірек құтылғым
келіп тұр.
Екеуі де бірінің көзіне бірі тесіле қарап, іштей ұғысқан
зәлімдікпен жымиды.
Құландыдан ұзап бертек-бертектің ішіне сіңген сайын
жер күдірленіп атқа ауырлай берді. Бірақ, жерсуды баспайтын
бозжорғаның бір көрген сергелдеңі, ертеден қара кеш жүрер
жолы бұл емес, бұдан да зорын тұяқпен кешкен.
Таңғы салқынмен жолдың едәуірін еңсеріп тастап, сыпыра
шиі мен сасыры ербиген сары-жасыл даланың етегі бүрмеле-
ніп, ошырайған төбеге білек тастаған. Әр жоташықтың бауы-
рында тал-қайыңы аралас өскен шілік ұшырасып, сары ала
қаз бен қоңыр үйректері сымпылдап ұшып-қонып жүр. Биыл
көктем ерте шыққан соң бұл жақтың құсы да ерте оралып еді.
Тазыша басын сүлкитпей, қаздита ұстап жортақтаған боз-
жорғаның жүрісіне көлденеңнен қараған адам ат емес, арғымақ-
қа балары рас-ты. Еркіннің неше жылдан бері сандалбайға
түсіп, сарсыған көңілі желдей есіп шалқып-ақ келеді. Астын-
дағы шаппай желген бозжорғаның майда жүрісі елітті ме,
әлде туған жерінің көктемгі таза ауасы масайтты ма, өз-өзінен
желігіп делебесі қозып ыңылдан әнге басты. Әсіресе, түс ауа
Ақжайлауға ілінгенде көзіне жас ала күрсініп, боздың басын
тежей, аңырып, қалт тұрып қалып еді. Жайлау барын киіп
304
ұзатылатын қыздай жасана бастаған екен. Өңірі толған ерте бас
жаратын қып-қызыл гүл, жолаушы қуана дауыстап жіберді.
– Ақжайлау, жерің жайсаң жайлағанда,
Жас құлын аузын ашар байлағанда!
Аттан түсіп, сылдырай ағып жатқан бұлаққа беті-қолын
жуды, сусынын қандыра сыңғыта ішті. Кішкентай суық тисе
қолдырап қалар тамағының баспасы бар еді, оған пысқырып та
қараған жоқ. Етпетінен жата қалып сылқылдата жұтты-ай. Жан-
дүниесі сергіп, қырық жылға бір-ақ жасарып қалғандай, миды
қашар ауыр ой, күні жетпей күйректенген көңілі, мәңгірткен
сансыз сұрақтар жел айдаған қаңбақтай домалана қашты
да, зілзаладай басқан салғырттық сағымға айналып кетті.
Алдында балалығы, жастығы өткен жайлау, ырғала әндеткен
әшекей гүлдер көз қытықтатып сарқылмас қуаныштан хабар
таратқандай еді. «Қайран ата-бабаның жері-ай, сені енді қайтып
көрер күн туар ма екен».
Ақжайлауды таңсық көргендей тамсана қарап, атқа қайта
қонды. Бағана Оспан ескерткен сақтықты – Бати қаңғыбастың
осы тұста паналап жүру қаупін мүлдем ұмытқан. Гүл мұхитын
қақ жарып жүзе жөнелді; оқта-текте гүл сорған ара жолығып,
мезгілсіз мейманды жақтырмағандай атының тұмсығына
ұмтылады. Енді анау қырды асса алдынан Барлы өзені
қарсылайды сылаңдап. Сол өзенді бойлап өрлей берсе Көкебай
отырған қыстаққа салып ұрып тура қыржелкесінен дік ете
қаласың.
Барлының бастау алар тұсына ілінгенде сонадайдан ер-
беңдеген адам шалынды. Алғашында аңға балап ескермеп
еді, жақындай келе кісі екеніне көзі жетті. Жалғыз-ақ қауіп –
жылқышы Бати болуы мүмкін. Сескеніп те қалған. Иен таудың
басында алыса кетсе Батиды алып жығар күш жоқ мұнда;
алыстан орағытып әбден байқастап, ойда-жоқта ұрынбаса
болмас; тапаншасын оқтаңқырап ұстап бозталды айнала
беріп алдынан шыға келді – жаяу адам сезген жоқ, мән беріп
қарамады да. Бұл тіпті де Бати емес, көбелек қуып елбектеген
атақты Көкебай ақсақал еді.
– Ассалаумағалейкүм, ата, – деп аттан түсіп сәлем берді. Шал
сәлемді алған жоқ, әр гүлдің басына бір қонған әдемі көбелек-
тің соңынан безектеп барады; бозжорғаны жаяу жетелеп Еркін
де қалмай еріп келеді. Толайым Ертіс бойына есімі мәшһүр
305
болған бір кездегі он сегіз мың жылқылы бай Көкебайдың ес-
ақылы азайып, алжыған шағында көрем деген Еркіннің үш
ұйықтаса ойында жоқ еді; көбелек қуып еңкеңдеген Көкебай-
дың өзін танығанды былай қойып, секеңдеп сәлемін алмаға-
нына қайран қалды. Алақанат көбелек ұстатпайтын болған соң
әбден жыны келіп, аһ ұрып отыра кетті. Бұдан соң Еркіннің
жетегіндегі тықырлана өскен көк шөптің басын жұлып тұрған
атқа күнсала ұзақ қарады да, көзі бағжаң ете қалды.
– Тәңірім, мынау Омардың бозжорғасы ғой, аттың тұлпары
еді-ау. Сүліктей он сәйгүлікке айырбастамай қойып еді, қаш-
қынға бұйырған екен. – Еркін селт ете қалды.
– Ата, мені таныған жоқсыз ба, Омардың ұлы Еркінмін ғой,
сіздің үйден талай дәм татқанмын.
– Менің үйімнен кім дәм татпады – ит те, қасқыр да, қоян да,
жылан да келіп ақ ішіп қайтқан. ...Ойбаң-ау, сен Омар екенсің-
ау, қара басқан деген сол. Байғұс, қор болып қалғанымыз
осы. Кеудеміз асыл болғанмен артымыз жасық болды-ау...
Иә, қайдан жүрсің, шырағым. – Тарамысы білеуленген қолын
тарбайта салалы саусақтары дірілдеп, қымыздық жұлып алды
да аузына салып шайнай бастады; тісі жоқ қызыл иекке түсіп
езілген жапырақтың жап-жасыл иілі бір жақ езуінен түйенің
жынындай шұбатылып ағып еді, Еркін шыдай алмай теріс
айналды. Шал өз-өзінен сөйлеп отыр.
– Ей, Омар, екеуміз не істемедік, – деді көзінің еті қанталап.
– Арыстан итпен жолдас бола берсе күндердің күнінде өзінің
де итке айналғанын білмей қалады...
Еркін ауыс шалдың сөзіне мән бергенді қойды. Өзін жыға
танымаса да бозжорғаны шырамытып, әкесі орнына балағанына
шүкіршілік етті.
– Баяғыда не істемедік, Омар? Қара суды теріс ағызушы
едік қой. Енді міне, сол үміт, сол тіршілігіміз көбелек болып
ұшты да кетті, менен гөрі жастаусың ғой, қуып көрші ұстатар
ма екен...
Сонадай тұста сарқырап Барлы өзені ағып жатты. Өзеннің
оңтүстігінде төбенің басында Хан-Қисықтың моласы жатыр.
Ал солтүстігіндегі төбеде Барақ батырдың әкесі Солтабайдың
мүрдесі, үшінші тебеде исі Сыбанның мықтысы – Байқора
жатыр жарықтық.
306
Шал өз білегін өзі домбыраша шерте бастады. Көмейінен
әлде ыңылдаған, әлде уілдеген зарлы үн шығады. Қол-аяғы
селкілдеп, кәдімгі жыны қозған бақсыларша құйрығымен
жылжып тақпақтай жөнелді:
Жақсы да болса қарағым,
Жаман да болса қарағым,
Солтабай төре бере ме,
Артық та туған баласын, у-у-у...
Заманның болып тұрған шағында не істемеп еді бұл шал.
Міне, өзінің ожар тентегінен істі болып, абақтыға да қамалған.
Семейдің базарына Көкебай келді дегенше – дау келді дей бер,
қора-қора қойды тоғыта айдап барып, арзан бағаға сатырлатып
сата бастайтын. Базардың құнын күрт құлдыратып, қалған
байларды мазақ ететін. Оның ішінде Еркіннің әкесі Омар да
бар. «Пайда, пайда дегенде, зиян қайда барып күн көрер», –
деп қарқ-қарқ күліп отыратын қайран Көкебайдың қор болып
көбелек қуып қалғаны осы.
– Баяғыда біліп едім, айтып едім саған, Омар: «бұл келе
жатқан өкіметке қарсы тұра алмаспыз, сауытты ат екен деп»
– тілімді алмадың, енді міне, итше ұлып отырғаның, у-у-у...
Болыстыққа таласқан Көкебай дауыс беруге келген
адамдарын да қосып жіберіп еді-ау. Онымен бірге қастықпен
адам өлтірген қанды қолдылығы және бар; бір-ақ қандай да бір
пәле-жаладан аман-есен құтылып отырған. Архивті ақтарып
отырып, Көкебай ісін тіркеген қағазбен танысқан еді Еркін.
Әкесінің ертегі-жыр қылып айтып отыратын: айдап қайтуға
шыққан солдаттарға «тамағы бітеу емес шығар» деп жеке үй
тіктіріп, қойын сойып, қолын қусырып қарсы алады. Қымыз
бен етке әбден тойып, ұйықтап жатқандарында бір-бір қой сел-
кебайды омырауларына қадап қояды да, олар оянған соң киіз
үйдің жабығынан сығалап: «Өңдері шілденің күнінде райланып
қалған екен», – деп рахаттана күлетін көрінеді. Көкебай бір
даудан осылайша кұтылғанымен, екіншісінде бәрібір абақтыға
қамалады. Бұл жолы талай дәмдес болған Абайды араға
салып тағы да аман қалған екен. Түрмеден шыққан соң мешіт
салдырған досы Қаражан саудагердің үйінде жалғыз-ақ түнеп,
шыр айналып Шыңғысты басып Абайға барады. Жидебайда
үш күн еру болып, үлкен кісімен ұзақ сырласып еліне оралған.
Бірде Абай Көкебайдың сәлемін жеткізуге келген жалғыз ұлын
30
көріп: «Көкең жақсы-ақ кісі еді, арты жарғаққұлақтанып,
тозып барады екен», – деп Кекебайдың ұлына көңілі толмай
басын шайқапты деген сөз бар. Әлгінде сандырақтап отырып
«кеудеміз асыл еді, артымыз жасық болды» деп айтқан сөзінің
түп төркіні Абай сынын мезгегендей.
– Иә, Омар, көп асаймыз деп жүріп боқ асадық. Мендей
емес жассың ғой, анау көбелекті ұстап бер; ырыққа көнбей,
ықтасын таппай ұшып-қонып жүрген менің көбелек жаным
ғой; арғы бетке жосыла көшкендердің де көсегесі көгермес.
Он сегіз мың ғаламда шаласыз ғұмыр кешкен кім бар? Бәрібір
құдіреттің ісіне құлдық жасайды. Қуып жете алмайсың, қашып
құтыла алмайсың... Әне дүние деген сол...
Шалдың шалықты сөзін тыңдағаннан гөрі оның «кебелегін
ұстап берейін, не істейді» деген желікті оймен еңбектей
жөнелген Еркін байқаусызда бозжорғаның тізгінінен айрылып
қалып еді ат қашқан жоқ, басын жерден алмастан жайылып
тұра берді. Көбелек көпке дейін оған да ұстатпады. Шалдың
қолы ербеңдеп әлі сөйлеп отыр.
– Сарманымды шақырып, қанша сарнасам да баяғы заманым
қайтып келе ме? Қаранасыр даланың бетінде қаптаған көбелек,
бұл қу дүниеден жарықтық Абай да өткен... Абайдың әкесі
Құнанбай да өткен... Кеңгірбай да жатыр әне жер томпайтып...
Олардың шыбын жаны да Шыңғыстаудың ішінде ұшып жүрген
шығар. Жарықтық кеше Абай түсіме кірді. «Ей, Көкебай,
– дейді, – баяғыда абақтыдан мен алып шығып едім, енді сен
құтқар мені мынау көр зынданнан», – дейді. Санға біткен бір
толарсақ, бір тобық едік-ау, оман дарияның бетінде қаңғып
қалған қайықты көріп пе едіңдер, ей, мұндарлар, көрсеңдер сол
қайық – мен. Есетін ескегім жоқ... у-у-у...
Сайтан алғыр көбелекті алдап-сулап ұстады-ау, әйтеуір. Қана-
тындағы саржағал бояу бармағының басына жұғып қалды.
Дірілдетіп тірідей әкеліп беріп еді, Көкебай көзін шүңірейте
қарап отырды да:
– Қоя бер, Омар, – деді, – ұшып жүре берсін. Біз өлсек
те ұшып жүре берсін, бұл біздің алақапат жанымыз ғой... біз
көшеміз бұл дүниеден, бұлар қалады...
Еркіннің қолынан босап шыққан көбелек бұрынғыдай
қалықтап еркін ұша алмады. Қызғалдақтың басына қонды да
әлсізденген қос қанатын біріктіріп қимылсыз жабысып қалды.
308
– Ей, Омар, шешеміз тасқа тауып, қасқырдың бауырына
теліген жоқ еді ғой. Мынау Барлының жағасынан бізге де
бір төбе бұйырар, арғы бетке қашпай менің жанымда қалсаң
қайтеді, сен кеткен соң маған кім көбелек ұстап береді... анау
таңқы танау ұл ма?
Осы кезде бозжорға елеңдеп құлағын тікті. Қисық хан
жатқан жотаның ар жағынан әуелі шошайған тымақ қылтиды
да артынша қоңыр өгізге жайдақ мінген кісі көрінді. Оны Еркін
әбден жақындап сәлем бергенде ғана таныды, Көкебайдың
жалғыз ұлы екен...
– Әкемді іздеп шығып едім, – деді міңгірлеп. Жасы қырықтан
асса да кісі бетіне тура қарай алмайтын жасық екен. Өздігінен
шешіліп әңгіме айтпады, әр сұраққа тобық жұтқандай тұтығып
жауап береді де, сөзінің артын сиырқұйымшақтатып түсініксіз
аяқтайды.
– Өзіңіз не істеп жүрсіз? – деді Еркін.
– Артельдің сиырын бағамын.
– Көкең көптен ауру ма?
– Жазгытұрымнан бері...
– Далаға қаңғытып қоя бергеніңіз қалай, обал емес пе? –
Үйге қамасаң да тұрмайды, сиырмен бірге өріске шығады да
бірге қайтады.
– Е, әкемді де қоса жайып жүрмін деңізші. – Мырс етіп
күлді. – Жетесіз-ақ екенсіз.
– Ол рас.
– Не рас?
– Жетесіз екенім. Сіз Омардың ұлы Еркінсіз ғой, енді ғана
таныдым. Мен алғашында Бати екен деп қалдым.
– Оны көріп пе едің?
– Көргенмін.
– Қашан, қай жерден?! – деп бастырмалата сұрады.
– Осыдан бір апта бұрын, әкемді айдап қайтайын десем
әкем екеуі еңбектеп көбелек қуып жүр екен.
– Тумай туа шөккір! – деп айғай салды. Сиыршының осын-
шалық ездігіне ит жыны келді. – Асылдың сынығы екен десем,
сиырдың жапасы екснсің ғой, табанда атып тастайын ба өзіңді.
Бүйтіп, жер басып жүргеніңнен дүниені ластамай кұрығаның
озық-ау. – Неге тілдеді, неге ыза болды – өзі де түсінген жоқ.
Ішіндегі қара күшіктер шәуілдеп, қара ала мысықтар тырналап
309
өз жанына әмір бермей, миын мың миллион құмырсқалар
талап жей бастады. Мынау жасыл жайлаудың беті көбелектен
көрінбей кеткендей көзі бұлдырап, денесі қалтырады-ай.
«Мен де жындана бастаған шығармын» деп ойлады. Бүйтіп
қор қылғанша әкелі-балалы екеуін де атып тастамақ болып
тапаншасына жармасты да ол ниетінен тез айныды. «Жүре
берсін, бізге керегі осындай қазақтар шығар». Әпігі басылып,
есін жинаған соң анау Қисық хан моласы жатқан төбеден асып,
қоңыр өгізге мінгесіп ұзап кеткен Көкебай мен ұлының соңынан
көз талдыра ұзақ қарады. «Жүре берсін. Көп жасағанның, көп
асағанның көрер күні осы».
Барлық үмітіне балта шабылғандай болған Еркін енді не
де болса арғы бетке аман-есен жетіп алуға бет алды. Бозжорға
оттығып белі босап қалған екен. Жүрісі ширап, ауыздығын
сүзе тартып елпек аяңдайды. Қайта көптен бері атқа мінбеген
Еркіннің екі қара саны талып, денесі сал болып қалған. Көк
шөпке аунап, көз шырымын алса қандай рахат болар еді.
Соқыр Оспанның аузы жеңіл, артымда куғыншы бар ма деп
және қауіптенген. Осылайша өз жерінен өзі жеріп, жатбауыр
тартып бара жатқан Еркін тағдырының мүлдемге тайғанақтана
бастағанын білді. Ол жақта да асулы тамақ, салулы төсек
тұрмағаны рас. Өзінің ғана жиған-тергені болмаса, әкесінің
бүкіл қазынасы ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетті.
«Қызғанғаның қызыл итке жем болды» деген сол. Дүниенің
осыншалық берекесіз қолдың кірі секілді екенін кім білген.
Ендігі бар үміт қайран – анау бір жылы өзінің ақылымен
Таңатар арғы бетке айдап өтіп кеткен жылқыда ғана. Бір
әкеден айрылса, екіншісіне кетіп барады. Тел еміп өспесем де
кіндігіненмін... Дәу шал жатсынбас. Оның да іші сезетін шығар.
Бірақ туған інісі, жатыры өзге болса да қаны бір Дарханға
жасап кеткен қиянатын білсе кешірмес те еді. Дәу шалдың
мінезі шатақ, байқап баспасаң болмайды, Еркін... Ол ендігі
сәтте Дарханнан беріп жіберген қара чемоданның мыңдаған
адам жиналған митингіде қопарылатынын, президиумда тұрған
игі жақсылардың күлі көкке ұшарын, тас-талқан боларын көз
алдына елестетті. Өзінің ең соңғы әрекетіне аса риза қалыппен
бозжорғаны тебініп қалды.
– Түркісібті осылайша түйістіру керек, – деді дауыстап.
310
Қытайды бетке алып қашып бара жатқан адвокат Еркін
Омарұлы Кенжиннің елін, жерін сүйген «азаматкерлігі» осы
сөзбен аяқталды да, қазақ даласынан мүлдем жоғалды, мәңгіге
құрыды. Көкейінде жалғыз-ақ өкініш кетті:
«Әттең, әкемнің алтын-күмісін ала алмадым-ау».
* * *
...Сол күннің кешінде Дархан жолға жиналды. Семейден
оралғалы бері ұзақ сапарға дайындалғаны еді. Ал, Дарханға
қосылғалы Гүлияның да күйеуін алыс сапарға аттандырғаны
осы шығар-ау. Ары-бері жолы бар, небәрі екі-үш күнге
созылатын аз уақыттық айрылысу екеуін қажыға аттанардай
мұншалық толқытар деп кім ойлаған. Қимас адамыңды
шығарып салу мен қарсы алудан озған қуаныш қане, әрине
қысқа қуаныш, әйтсе де соншалықты әсерлі. Таң атқалы бір
киер киімін тазалап, Дарханға көпір салғаны үшін сыйлаған
костюм, жол азығын әзірледі. Әйелі буып-түйген ол ол-пұлын
дорбаға салып аузын мықтап байлады. Ұстарасын қайрап,
сақал-мұртын басты. Әсіресе, Мұратты ортаға алып ішкен түскі
шай өте бір дәмді, қайтып қайталанбас әдемі жарасымдылығын
тауып еді. Өткен-кеткендерін есіне алып мәз болып күлген,
рахаттанып күлген. Кірбіңі жоқ алаңсыздық әрқайсысын да
шыр айналдырып,бақыттың – мейлі кішкентай болса да бақыт-
тың маздаған отына жылынғандай; тоқтықтың да, жоқтықтың
да мұхитын белшеден кешкен, сол екеуінен де шаршаған
адамның қазіргі қоңырқай тірлігіне деген шексіз ризашылығы
бар еді өңдерінде. Көп дәулет дәметпейтін, алғанынан гөрі
бергені көп бейнетқорлықтың екінің бірі түсіне бермес өз
құдіреті нұрын төкті бұл үйге. Жоқ-жо-жоқ, бұл – аштан өліп,
көштен қалмаудың, не болмаса қайғысыз қара суды қуат қылар
шүкіршіліктің алдамшы сәулесі емес, адам баласының өмір
үшін, ертең үшін жасаған шам-шырағындай нұрлы сипатқа
толы – тағдыр. Ондайлық ізгі ниеттен, таза сенімнен жаралған
болмыстың мықтылығы адамды адастырмайтын түзу жолдарға
бастары хақ. Мұндайлық қарапайым еңбегімен ғана қасіретке
қарсы күрес ашатын қасиетті еңбеккерлер екі жалғанда да
алға түсіп, алғыс алмайды; керісінше артта қалып қарғыс та
алмайды; жұмыр жердің өзі іспетті үйреншікті жолымен аспай-
саспай айналайын жарық күнді мәңгілікке жалықпастан айнала
311
бермек; жер бетіндегі адамдардың ең көбі – бұл әлемге айғай-
шусыз келіп кететіндер; олардың келіп-кеткенін айғақтайтын
ұлы еңбектер, дара белгілер жоқ, бірақ адамзат тірлігінің
маздап жанған оты ғана шексіздікке жалғасар өмір көшінің
нағыз иесі – қарапайым халық екенін тарихта паш етер еді;
сол қарапайым халықтың қолынан туған ғажайып дүниелерді
иемденіп кетер пысықайлар қаншама көп, жылдар өтер, жер
бетінде айқұш-ұйқыш сандаған темір жолдар салынар, ал
Түркісіб сынды құрылысқа қанша қажыр-қайрат жұмсалғанын
ешкім есептеп бере алмас. Өйткені, табан ет, маңдай терді
есептеп берер есепші туған жоқ, есептеп берер машина ойлап
табылған жоқ. Бұл жол – қазақ жұмыскерлерінің рухани
күшін салмақтар сынақшы іспетті еді. Біз, сол шақта қайрат
танытқан Дархан сияқты мыңдаған қарапайым азаматтардың
аты-жөнін білмейміз, әлдеқашан ұмытылған; қара жердің
қойнына сіңіп жасырынған; біздің білетініміз – Дархан сияқты
ұлдарымыздың Түркісібке шпал болып төселіп, кейінгі ұрпақ
үшін болашаққа апарар ұлы жол салып беріп кеткені ғана –
тарихта Түркісіб қалады, Дархандар қалмайды. Жұмысшының
таңбабасты ерекшелігі де осында – қара басының қамы емес,
қаймана халық үшін бақытқа толы қасірет шегуінде, қуаныш
пен қайғы деген ұғымдарды бір бүтіндей түсінуінде еді.
– Шайың суып қалды, неғып үндемей қалдыңыз? – дегенде
Дархан иірімдеп кеткен ойынан әрең бойлап шықты.
– Қандым, Гүлия, сүтсіз қара шай кісінің ішін кептіреді
екен, сиыр сатып алмасақ болмас. Сүт ішетін адамның басы
көбейейін деп тұр ғой. – Гүлия ұяла жымиып төмен қарады.
Ұяңдығы әлі қалмаған.
– Оныңыз рас, – деді кірпігі дірілдеп. – Сіз оралғанша
шыдасам екен.
– Енді оны екеуміз де білмейміз ғой, толғақ мен қашан келер
деп тосып тұрар дейсің бе. Тіпті, орныма басқа жұмысшыны
жіберіп бармай-ақ қойсам қайтеді.
– Қойыңыз, ұят болар, Соболев жолдас өзі арнайы шақыр-
тыпты ғой. Ел көріп сергіп қайтыңыз.
– Сергігенде менен сері шығар дейсің бе. Дорбамды арқалап
қайтып оралармын да.
– Әке, маған қағаз-қарындаш ала келіңіз, төртінші кластың
оқулығы бар ма екен...
312
– Табылса іздестірермін, ұлым. Ал тұрайық, уақыт болып
қалды. Гүлия, сен еріп шықпай-ақ қой, жүкті темір жолға дейін
Мұрат көтерісіп барады.
Бұлар далаға шыққанда ай сүттей жарық еді. Мұңлы нұрын
ымырт әлеміне сабырмен төгеді. Дүние ақбоз... Маужыраған
далада салқын да бейқамдық бар, мүлги салбыраған көгілжім
мұнар айналаға жұқалаң перде тұтқан. Есік алдына қоса
шыққан Гүлия күйеуінен именбей, жасқанбай мойнынан тас
қылып құшақтағысы келді, батылы жетпеді.
– Аман барып, сау қайтыңыз, – деуге шамасы әрең келді. Өз-
өзінен қысылып, жүрегі лүпілдеп, жанынан әрі ұзай қоймаған
жарын соншалықты қимастықпен сағынды. Алабұртқан көңілін
жасқана жасырып үйге қайтадан тез кіріп кеткен.
Шойын жолдың басына жеткен соң да Дархан біраз уақыт
меңірейіп тұрып қалған-ды. Семей жақтан шығар шағын
«кукушканың» қарасы көрінбейді, айнала жым-жырт. Осы
кезде ауылдан бұларға қарай қараңдап келе жатқан жалғыз
жаяудың қарасы көрінді. Жақындағанда барып бір-ақ таныды,
қолында қара сандығы бар Гүлия екен, самбырлап сөйлей
келеді.
– Еркін ағаның сәлемдемесін ұмытып кетіпсіз, Дәке, соны
алып келдім.
– Қалай байқамағанбыз, сені әуре қылдық-ау. Мұратжан,
жас басыңмен сен де ұмытшақсың.
– Мен дорбаны ұстадым ғой, ұмытып кеткен өзіңіз, әке.
– Өзім, өзім, айналайын, Гүлиямен қайта қоштасуға
бұйырған ғой.
Мызғып жатқан даланың кеудесін қытықтап шапқылаған
ат тұяғының дүрсілі естілді. Ат та бөтен, үстіндегі адам да
бейтаныс. Алғашында түнделетіп шапқылаған бұл кім болды
дегендей үшеуі де солай қарай адыра қарап қалған-ды. Бірақ
ешқайсысы шырамытқан жоқ, оқтай зулап өте бергенде шаңқ
еткен тапаншаның ащы даусы шықты. Омыраулап келгенде
есерсоқ неме басып кетпесін деп, Дархан жалт бұрылып
Гүлияны құшақтай алып еді. Оқ кімге дарығаны белгісіз, басы
бітеу салт атты жұмбақ адам алды-артына қарамай ай астына
сіңіп жоғалды. Дарханның құшағында тұрған Гүлия әлі де
ажырамай:
313
– Сол, – деді сыбырлап, – менің бетімді тілген кісі осы
еді, қайтейін, қайтейін, үлгермедім-ау, – деп әлсіреп күйеуінің
қолынан сусып түсіп бара жатты.
– Не болды, Гүлия! Не болды деймін?! – деп өте жат дауыс-
пен қайтадан жоғары көтермекке әрекет жасаған Дархан қап-
сыра құшақтаған әйелінің арқасынан қолына жұққан жып-
жылымшы нәрсені сезді. Мұрат та «тәтелеп» ұмтылып
сүйемелдеген болып жатыр.
– Сол, – деді сыбырлап Гүлия, – соның өзі...
– Айтшы атын! Кім?
Жауап болмаған-ды. Өз салмағын ұстай алмай шойын
жолдың үстіне сылқ етіп құлап түсті.
– Құдай-ай, Құдайым-ай, көрсетпегенің көп екен-ау! – деп
жан дауысы шыға зар еңіреген Дархан аппақ дидары аймен
шағылысып сулап жатқан әйелін тас қылып құшақтап, өкіре
жылады. Оның аю талаған бұғыдай ышқынған қорқынышты
үніне Мұраттың қасқыр талаған қозыдай шырылдаған жіңішке
даусы қосылып дүниені азан-қазан айғайға бөледі. Алқара
аспанның асты даңғаза шуға, айтып жеткізгісіз мұңға айналды.
Саумаңдай мөлдіреп құйылған айдың сәулесі осы айғай-шудан
қандана дірілдеп, әлемдегі ең әдемі адамнан айрылғанына
қамыққандай еді; аспан төсіндегі өз жол, өз бағытынан тан-
бай жүзген ай екеш ай да секіріп-секіріп қалып, әлемдегі
ең құдіретті әйелден айрылғанына өкінгендей еді; төбенің
басында сонадайдан бой көтеріп, маңқайған Кеңгірдің мазары
«не болды, ұрпақтарым» дегендей, моладан мойнын созып
қарағандай еді... Далаға бәрібір, тыныштығын бұзған жылау-
сықтаудан мезіленіп, түн көрпесін қымтаңқырап бүркеді,
естігісі келмегені де... Ұзыннан-ұзақ созылған Түркісібтің
үстінде қанға батып, иісі қазақтың ең сұлу қызы – екі қабат ана
жатты: аналыққа үлгере алмай арманда жан тапсырған асыл
жар жатты – айналайын Адам жатты! Иә, дүние – жалған деген
осы. Дүние жалған қаншалық ыстық болса, соншалық суық
екен-ау. Кісінің діңкесін құртып шаршататыны осы ғой, осы...
әлемде өзіңнен мықты жан жоқ деп қара нардай қасқая маңатын
жігітіміз найзағай түскен қарағайдай морт сынды, сұлап
құлады – баспен жер сүзе құлап кеңістікке қарай зымырады-
ай». Ес-ақылдан айрылды. Ес-ақылдан айрылған тек өзі ғана
емес, жорғалап тіршілік құрған жан-жануар, адамзат барлығы,
314
барлығы... Гүлиямен бірге өзін алмаған Құдайды қарғады,
Гүлияға атқан оқ өзіне тимегеніне өкінді...
Тіршіліктің құны бес тиындық қарабақыр екенін сонда...
алғаш рет ұғып еді. Кеше ғана өз қолымен салған шойын жолды
тырмалап, жұртта қалған байлаулы иттей ұлып еді; өле салуға
да болушы еді, амал не өлу сапарына даяр емес еді... Мұрат
ендігі мезетте орнынан атып тұрып:
– Тәтемді атып кетті! Тәтемді өлтіріп кетті! Тәтемнен
айрылдық! – деп ботадай боздап, Құландыға қарай құйын-
перен безектеп барады әне.
– Көзіңді ашшы, жаным, тіріліп кетші, орныңнан тұршы,
Ақжайлауға алып барайын алақаныма салып әлдилеп, алып
барайын... баяғыдай ай астына алтыбақан құрып, армансыз бір
тебейік, ешкімге бермей әуелеп бір тербелейік...
Аппақ болып айға қарап жатқан Гүлияның көзі онсыз да
ашық еді. Ұзын кірпіктері қаумалаған мөлдір әрі тұнық жанары
жансыз, бірақ әдемі де әсерлі. Қарашығы ғана қимылдамайды,
мәңгілікке қатып қалған. Сол қарашықта қаперсіз жүзген ай-
дың әдемі бейнесі, кейде алдамшы үміттің сәулесін таратқан-
дай қимылдатады. Әлі суымаған, суып үлгермеген дене өмірдің
қантамыры тоқтағанымен ажары таймаған албырт жүзі,
көзінен жылап ағып тұрып қалған жас – бәрі-бәрі Дархан үшін
әлі өлмеген; осы қазір аздап демалған соң «қолымнан тартшы,
жаным, тұрайын» деп тіл қатардай марқұмдыққа қимаған.
Ашық қалған көзді өз қолымен жаппағаны да сондықтан-ау.
Жаңа ғана жүгіре басып келген Гүлияның жанарын жабу өзін-
өзі бауыздағаннан әлдеқайда қорқынышты еді. Ол аяған жоқ,
тек қорықты – тұңғыш рет қорықты. Құшағы ажырамастан
ағыл да тегіл жылаған. Танауы пысылдап, тым жақын қалған
паровозды байқаған жоқ. Қос рельсті зырылдатып түсініксіздеу
бір сарын талмаурап жеткендей болып еді, денесіндегі бағанағы
қорқынышты зымзия болып, қанқұйлы қарақшы қайтып
оралдыға жорылған ол «ой әкеңнің!» – деп орнынан қарғып
тұрғанда сонадай жерден жалғыз көзі жарқырап өздеріне
қарай тура тартқан паровозды көрді. Гүлияның денесін жатқан
орнынан қозғағысы келмеген. Егер қозғаса өлтіріп алатындай
шошынды да басына байлаған алқызыл орамалды ептеп шешіп
алып жоғары ұстап, алқызыл тудай желбіретіп Түркісібтің
бойымен алғаш рет жүріп келе жатқан поезды қарсы алды...
315
Танауынан бу атқылаған паровоз салдыр-күлдір тоқтады.
Бұл шақта Құланды жақтан андыздап бүкіл ел қаптап келеді
әне...
Қайдан пайда болғаны белгісіз, Гүлияның жанына бірінші
болып жеткен жылқышы жігіт еді.
– Қош, аяулы қарындасым! Ол итті қайдан болса да іздеп
табамын, – деп бетін асығыс сипап Гүлияның мынау әлемге
түсінбей таң-тамаша қарап жатқан жанарын алақанымен жаба
берді.
Құдай қосқан қосағының өлі денесін Дархан ауылға дейін
жалғыз өзі көтеріп барды.
Айнабұлақта өтетін үлкен тойға бара алмады.
Поезд ет пісірім уақыт аялдады да ілгері тартты.
Ертеңінде Гүлияның сүйегін Кеңгір жатқан төбенің басына
жерледі, өз қолымен жерледі. Мың жылға бірақ қартайды.
Шашы аппақ екен, жалғыз-ақ түнде ағарып кеткен екен. Мұны
көрген жұрт қабырғасы қайыса көздеріне жас алды. Адал
көңілмен, адамдық жүрекпен қайғырды.
Сонда, сол төбенің басына бір адамды ғана емес, екеуін
де бірдей көміп қайтқанын білді... Екеуін де... Жарық дүние-
ні көруге үлгермей анасының құрсағында жас құлын кетті
шырқырап; обалы кімге, оны әзірге Дарханның өзі де біл-
мейді. Оның ұққаны, дүниедегі ең асылын, ең керекті затын
жоғалтқаны. Жаққан отын мәңгілікке сөндіріп, қу бас болып,
жалғаннан жалғыз өтуге ант бергені ғана... Орны толмас
қаза мынау жұмыр жердің бетінде өте аз, сирек ұшырасады.
Бітпейтін жара да жоқ шығар-ау... Ал, адам бойынан жүрегін
суырып әкетсе ше? Бүгінде Дархан – Дархан емес, жүрегі жоқ
қалқайған қу қаңқа ғана... Қаңқа – адам ба?..
Гүлияны жерлейтін күннің таңында әлдекім жол бойына
қалдырмай қайтадан көтеріп келіп, кеңсенің бұрышына әкеліп
қоя салған қара қобди жарылды да, Омар байдың бұрынғы
қыстағының күлі аспанға бір-ақ ұшты. Бұл, Еркін Омарұлының
Дарханнан «досына» беріп жіберген «сәлемдемесі» еді...
Сол күннің таңында Айнабұлақ станциясына жиналған
жиырма мың адам ұлыжіңгір той бастады. Құрылысшылар
ВК(б) П Орталық Комитетінің атына мынадай телеграмма
жолдады: «Бүгін Москва уақытымен сағат -ден 6 минут
өткенде Луговой станциясынан алты жүз қырық километр
316
қашықтықта Оңтүстік пен Солтүстік рельстері түйісті. Түркісіб
бойымен қатынас жасауға жол ашылды».
Социалистік индустрияның тұңғышына айналған Түркісіб-
тің тойына тек Дархан ғана қатыса алмады...
Бір ғасырға бір-ақ Құлаша керегін, қаңғыбастық атпалдай
азамат басына лайық еместігін сол түні арманының ақ құсындай
болған Гүлиядан мүлдем айрылған түні ұққандай болған Бати
Ақшиге дейін жаяулап барды да, ауыл шетінде жайылып
жүрген кез келген атты ұстап мінді. Үйінде қаннен-қаперсіз
ұйықтап жатқан Дүрия мен Қамбарға ауыр қазаны хабарлаған
да сол жылқышы жігіт.
Хабарасуын бетке ала түнделетіп жолға шықты. Қолына
іліккені мың салса бір баспай құйрығын бұлғап, тырқылдап
тұрып алар жабы екен, Батидың жынына тиіп келеді. Тіпті,
осы құрғыр тырақыны басқа бір салып қоя берейін деп ойлады
да, соңғы кезде сарысуланып, жүргізбей ауыратын аяғынан
қорынды. Көптен бері құйрығы жайдақ атқа тимей көбенсіп
кеткен бе, екі жамбасына кезек ауысып әрең шыдады. Асуға
дәл бүгін жетпей болмайтын еді. Егер асудағы тас үңгірге
дәл бүгін жетпесе, қара ниет жауыздан мүлдем айрылатынын
білді. Тоқпақтағанда барып шоқырақтаған аттың желісі ауыр,
зіркілдетіп қолқаны ауызға тығады. Кеспіріне қарамай жол
шетіндегі қарайған заттан қорсылдап үркеді-ей; ол қылығы
сүмірейген түріне үйлесіп тұрмаған. Жылқы баласын таңдап
мініп өскен жігіт қайтеді енді, барымен базар болып, ілгері ілби
береді. Түн жарық. Ай шеңбірек атып толған кез, әлеулайға
басып әндетіп жолға шығатын әдемі мезгіл. Талай жүрген
таныс жол.
Жылқышы жігіт үшін жылдар бойы жан баласына білдір-
мей жасырып өткен жұмбақты махаббатын ақырғы сапарға
аттандырғанда өзі де ішінде болғанына қуанды. Жасқа толы
жанарын өз қолымен сипап жапты ғой. Тағдырдың осыны
қиғанына да шүкіршілік. Бати үшін Гүлия енді ғана өмір сүре
бастағандай еді. Ой-қиялының күллісінен еріп келіп, жанын
сыздатқан жараны сылып алып тастаған сияқтанды; жоқ-жоқ,
Гүлиянын тірлігін, Дарханның бақытын әсте де қызғанған жоқ.
Тек бір өзі ғана ұға алар ауырлықтан айыққан еді. Енді ол жер
бетінде жоқ, бірақ – бар. Батидың қатарында, тіпті бірге енді
ғана өмір сүре бастағандай. Біреулер тапқанына куанады,
31
біреулер жоғалтқанына қуанады. Адал сүйген адамына оның
өлімінен соң қол жеткен Бати бұдан былай бүкіл әлемге «мен
оны сүйіп едім» деп жар салуға хақысы бар. Осынау бос-
тандыққа, жан еркіндігіне қолы жеткенінің өзі сүйе білер адам
үшін бақыт екен-ау. Ғашық адамдардың қатар өмір сүргенін
көрген емес, естіген жоқ, тек арғы дүниеде ғана табысады
дегені рас па екен? Рас емес-ау, әйтпесе, табанда Гүлияның
соңынан ойланбастан аттанып кетер еді. Ол сөз рас болса,
Дархан неге тірі жүр?..
Көп нәрсені кеш түсінген Бати бұл заманға құлашалық
дәруіштік өмірдің түкке керегі жоғына, адам болып жаратыл-
ған соң мейлі жақсы болсын, мейлі жаман болсын адамша
өмір сүру керектігіне иланды. Баяғыда, былтыр көктемде осы
жолдың үстінде Дүриядан оңбай жеңіліп еді, өз бақытына
бірінші болып қол созбайтын әрекетсіздігін бетіне басып,
жазғырған да еді. Ол шақта мойындай қоймаған. Туған жер,
өскен елінде жүріп адасу – қандай өкініш. Екінің бірі – не арғы
бетке қашып көзіңді құрт бұл жерден, не елге оралып түтін
түтет. Әйтеуір көзге күйік болып, иесіз иттей каңғыма, қарағым.
Кісіге жалғыз-ақ жол беріледі, жер бетінен сол өзің өмір бойы
жүріп өтер соқпағыңды тандай алдың ба, жарқыным. Жер
жаһан үшін сен кімсің? Кімге бұлданасың? Тек түн баласында
ғана ұшатын қара қоңызсың... «Жә жетті!» – деп дауыстап
жіберді. Өз ішіндегі айғайшыға берген жауабы еді.
Түн ортасы ауа Хабарасуына келіп жетті. Атты ағаш
арасына жасырып, тас үңгірге сыбдырын білдірмей мысықша
басып жаяу өрлеген, жауы әлі келе коймаған секілді. Жарқанат
қана сусылдап ұшып жүр. «Неге кешігіп жатыр екен?».
Ол тұңғыш рет қазір бетпе-бет келер дұшпаны жайлы
ойлады. Ол кім? Қазақ үшін керек пе мұндай адам? Бай-
манаптың тұқымы емес, ол да өзі секілді сіңірі шыққан кедей
жігіт. Бүкіл балалықтары бірге өтті, әке-шешеден тым ерте
айрылды да кім көрінгеннің есігінде жүрді. Бұл Омар байдың
жылқысын бақса, ол аяқ-табағын ұстап, бие сауғызып, алып кел,
барып келге шапқылар шабарманы болды. Өзінен гөрі жылпос,
қолды-аяққа тұрмайтын пысық жігіт еді. Жаға жыртысып
төбелескен, «әй әкеңді» деп балағаттасқан жері жоқ, қулығына
құрық бойламайтын зәлімдікті қайдан ғана үйреніп жүр? Әлде
аумалы-төкпелі заман, отарбадай зырлаған уақыт па... Әлде
318
әке-шешенің «құлыным» деп маңдайынан иіскер, бауырына
басар тәрбиесін, махаббатын көрмеген соң қасаң да қатал
болып өсті ме? Не білген ойы бар, көздеген мақсаты не? Әлде
арғы бетке ол да өтіп кетпек ниеті бар ма? Ешкім құйрығына
шала байлаған жоқ. Қазіргі халі де жаман емес... Сонда неден
үркеді, неден сескенеді?.. Жұмбақ.
Бұта сыбдырлағандай болды. Бати демін шығармай тас-
тың тасасына бұға қалды. Қараңдаған әлдекімнің сүлдесі
көрінді. Жан-жағына жалтақтай қарап, тың тыңдағандай аз-
кем аялдады да тура Бати жасырынған тасты айнала берді.
Жылқышы жігіт қолындағы қыл арқанды оқтай ұстап, демін
ішіне ала қозғалмай отыр. Үңгір тастың түбіне жетіп, тағы да
айналасына сүзе қарады. Мүктенген жақпар тасты сипалап
жүріп, бер жағын бұта-қарағанмен бітеген қуысты тапты да
қолын жүгіртті; ораулы заттарды ептеп ала бергенде жыланша
ысқырып келген қыл арқан сұп-суық болып мойнына орала
кетті. Оралған сәтінде-ақ аласұра жұлқынып, алып тастамаққа
әрекет жасап еді, жылқышының қарулы қолы тырп еткізбей
буындыра түсті.
– Ау, Бати! Бұл сенсің! – деп айғай салды. Артына қарамай-
ақ жазбай таныды.
– Иә менмін, Оспан! Міне, кездескен деген осы.
– Бұл дүниеде жалғыз сенен ғана сескенуші едім, ақыры
қолыңа түсірдің-ау.
– Мен емес, сен едің ғой мені іздеп жүрген. – Оспанның
бұлқынғанын шыбын шаққан құрлы көрмей дедектетіп апарып,
тастың саңылауына өскен шынар шыршаға шандып таңып
тастады. Тапаншасын алуға да үлгерткен жоқ.
– Қапыда қалдым. Сенімен бұлай кездесем деп ойлаған жоқ
едім, әттең кеш...
Жуаси бастады, арқан батқан білектері удай ашып, жанын
шығарса да тістеніп, ауырсынғанын білдірмеуге тырысты.
– Өлетін бала көрге жүгірер, өсетін бала төрге жүгіреді
деген осы, Осеке. Иманыңды айта бер, – деп қыпынан мүйіз
сап, жезмойын пышағын асықпай алып, басбармағымен жүзін
ұстап көрді.
– Бауыздама, атып кет! – деді Оспан жан дауысы шыға
ышқынып, – қалтамда тапаншам бар, ал да ат.
319
– Жо-о-оқ, Осеке, мен саған оқ шығармаймын. – Қалтасын
қарап еді, бір емес екі тапаншаны қатарынан суырып алды
да әлгіндегі асыл тас түйілген шүберекті асықпай шешіп,
тапаншаны да соған бірге қосып орады, – бұлардың бәрін
үкіметке өз қолыммен тапсырамын.
– Сол арқылы айыбыңды жуып-шаймақсың ғой, ақымақ! –
деді Оспан ысылдап. – Ақымақ болмасаң ғұмырыңа жететін
байлықты апарып берермісің?
– Егер бұл байлыққа қызықсам баяғыда, Омармен бірге
көрге көмбес едім; ал мына сен аруақтан қорықпай, моланы
ақтарып, итше тіміскілеп қазып алдың. – Оспанның тура
қарсысындағы тасқа шоқайып отырды. – Сонымен... жауап алу
басталады.
– Өлтірсең жанымды қинамай өлтір, Бати. Бірге өсіп,
біте қайнасқан досым едің, бөтенім емес бәріміз бір мұрын-
сыбанның баласымыз. Арамызда алты ата араламайды. Бұл
менің шыбын жанымды сауғалағаным емес, әкесін ұрайын,
тумақ бар жерде өлмек бар, ақырғы өтінішім – ағайындық
тілегім, қинамай өлтір. Онсыз да тек жер басып тірі жүргенім
болмаса, баяғыда өлгенмін; бұл дүниенің, азабын сенен гөрі
мен көп тартқанмын.
Оспаннан осыншалық ақылды сөз шығар деп ойламап еді.
Жүзіне қарады – боп-боз. Бірақ қорқыныш та, өлімнің үрейі де
білінбейді. Ағаш арасынан саулаған ай сәулесі ғана Оспанның
бетіне, өне бойына жыбырлаған жапырақтардың тірі көлеңкесін
түсіріп, жел соққан сайын тынымсыз қозғалақтайды. Байлаулы
тұрған Оспанның үсті-басында сансыз жапырақ қайнап,
сыбырласып, сырласып мәңгілік қозғалыста жатқандай.
– Әуелгі сұрағым, – Гүлияның бетін обалсынбай неге
тілдің?
– Мен оны өлердей сүйген едім, менің ғана емес, өзіңнің де
ойың болған.
– Сүйген адамның бетін тілгенді қай атаңнан көрдің?
– Ол тым сұлу болды да көзі соқыр мені менсінбеді. Өзіме
теңессе, алған бетінен қайтар деген үмітім болды. Тыртықбет
қызға Дархан қарамас, деген ойым және бар. Өкінішке орай
керісінше...
– Оң көзіңді ойып алған Омардан қуған кегің шығар деп
едім.
320
– Жоқ, көзімнің бодауы емес, бір басқа бір көз де жеткілікті.
Егер дұрыс көз болса...
– Солай-ақ делік, айы, күні жетіп отырғанда неге ғана атып
өлтіріп кеттің. Іште кеткен сәбиін аясаң етті, хайуан!
– Кімді?! – деп айғай салды.
– Мүләйімсіме, білмей тұрған шығарсың. Әрине, Гүлия-
ны...
– Не дейді?! Оқ соған тиді ме, Дарханды көздеп едім-ау,
тәңірім-ай, не істедім мен! – Басын қарағайға ұрғылап өкіріп
жылады. – Құдай-ай, мәңгілікке айрылдым ба!? Қайран Гүлиям-
ай, арманда қалдым-ау. Бұл жалғанда сенен басқа кімім бар
еді? Бір ауыз жылы сөзіңді естімесем де күнде көріп, есен-сау
көз алдымда көлбеңдеп жүргеніңді медет тұтып едім; мен сені
тосып едім, өлгенше тосып едім, қашанғы қайғы жұтып отыра
берер, бір күн болмаса бір күні етегімнен ұстар, ықыласы ауар
деп едім; ей Бати, ат мені, өлтір ендігі тірліктің әкесін...Мен де
аттанайын соңынан.
Бати ойланып қалды. «Мұның да кінәсі жоқ екен-ау, өз
бақыты үшін күресіпті. Бірақ күрес жолы басқаша».
– Сен күшіңе сендің, Дархан түріне, еңбегіне сенді. Мен ше
мен неменеме сенер едім, айлалы ісіме, тәуекелшіл қулығыма
сендім, сендерден жеңілмес үшін, сендерді желкеме міндірмес
үшін... Бұл өмірге екеуіңнен гөрі мен керекпін! Гүлия «сүйдім,
күйдім» деп ынжық колхоздың қара өгізі секілді пысылдаған
Дарханға тиді, қандай пұшпаққа шықты, егер саған тисе күні
одан да сорақы болар еді байғұстың. Ол әлемдегі ең сұлу адам.
Ал сұлулықты алақанға салып әлдилеп өтпес пе екен. Дархан
болса қатындыққа алды. Жер бетінде қатындар онсыз да жетеді...
алсын кез келгенін... Салсын қара жұмысқа салпылдатып... Ал,
мен тіземе отырғызып қойып күндіз-түні дидарына қараудан
жалықпас едім. Ай, ақымақ, азбан байлық неге керек дейсің?
Сұлулықты сақтау үшін керек. Егер менің қолыма Гүлия
мен байлықты беріп қойса, бұл жерден мәңгілікке құрымай-
мын ба? Қазақтың ұрығы да, ұлығы да жетіп жатқан кең
даласынан таңдап жүріп үй салмаймын ба; Гүлиямен қосылып,
бақытты шат-шадыман өмір сүрмеймін бе; артыма әдемі ұрпақ
қалдырмаймын ба; бұл сенің де, Дархан өгіздің де қолынан
келмейді. Ақымақтықтарыңды адалдықпен, әлсіздікпен бүр-
кемелегілерің келеді. Пысқырдым ондай ит мініп, ирек қам-
321
шылаған бүлкек-бүлкек тірліктеріңді, қатты жүрмейтін, қарап
тұрмайтын өгіз өлмес, арба сынбас өмірлеріңнен – арғымаққа
мініп ағызып өлгенім артық. Не жеңілермін, не жеңермін –
екінің бірі. Не жоғары шыға алмай, не етекте қалмай ылжыра-
ған дүбәра тірліктеріңді дәтке қуат етіп, мардамсисыңдар.
Менен гөрі сендер қауіптісіңдер, неғып мыңқиып отырсың, ат!
Өлтір тезірек, Гүлияның артынан тек мен ғана бара аламын.
Тек мен ғана... әйтпесе қолымды шеш, өзімді-өзім бауыздайын.
Сендердің қолдарыңнан кек алу да келмейді. Қауқайған қаңбақ
кеуде, қасиетсіздер!
Бати не деп жауап берерін білмеді. Ақталар сөз де таба
алмады.
– Намазыңды оқып болдың ба? Арыстанның ойынынан
түлкінің мойны үзіліпті, – деді бар айтқаны.
– Оттамай баста!
Орнынан асықпай тұрған Бати Оспанның қарсы алдына
барды да:
– Міне мынау Гүлия үшін, – деп жапырақ жыбырлаған бетін
ұзынынан сара тіліп жіберді. Қып-қызыл қан сау ете қалды.
Оспанның жалғыз көзі дір еткендей болды да Батиға қараған
қалпы сұғын қадап қозғалмай шелейіп бара жатты, қыңқ деп
үн шығарған жоқ. – Міне, мынау Гүлияның құрсағында кеткен
сәбидің обалы үшін, – деп көлденең және бір сызық тартты.
Оспанның денесі тағы да дір етіп басылды, өнебойын қан
жауып кеткен ол:
– Гүлия, мен сенің соңыңнан кетіп барамын, сәулем! – деді
күбірлеп.
– Жоқ, ол жаққа да жібермеймін сені, Оспан! О дүниеде
де тыныш жатпайсың, аруақтардың мазасын аласың. Өлікке
айналсаң, бетіңдегі айқасқан сызық ағып кетер, жүре бер жер
басып... Енді бұл елге көрінер бет жоқ сенде. Нас адам тек жер
бетінде ғана жүре алады.
Пышағын сүртіп қынына салды да түйіншекті қолтығына
қысып етекке қарай аяңдап, құлддиап бара жатты. Бетінен қан
саулаған Оспан: «Өлтіріп кет! Бүйтіп қорлағанша өлтіріп кет!»
– деп айғайлап ағашқа байлаулы күйінде ит боп қыңсылап қала
берді.
Бір атты жетелеп, бір атты мінген Бати асыл тастарды
қанжығасына байлап Құландыға қарай бет түзеп барады.
322
Жылқышы жігітгің ел арасына оралғаны еді бұл...
«Өлтіріп кет!» – деп жан дауысы шыға айғайлаған Оспанның
үні көпке дейін құлағынан кетпей, естіліп тұрды.
Бати қайрылған жоқ...
БЕСІНШІ САЛА
Достарыңызбен бөлісу: |