«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

7450

7460


7470

7480


338

БАТыРлАР  ЖыРы

338

339


Қалдырмасын өзінен

Ағаға қылған сыйлығын!

Патша да болса, бөтен жер ед,

Бар шығар дос пен қасы да.

Ажары болмайд ертеңнің,

Мырзалық қылған жұмыстың

Тез хабаршы шашылмай.

Абырой болар Қырымға

Қоссақ екі асылды-ай!

Мұны айтты да Жасарал

Отырды кіріп ордаға,

Нағашыларының қасына-ай.

Несіне тұрсын бұл бала,

Атқа мініп алады,

Оңды-солды қамшылап,

Көсілтіп келіп шабады.

шабуменен қосынға

ұлы сәске болғанда

Заулатып жетіп барады.

«Кетіп еді Жасарал

Таң сарғайып атқанда»,—

Деп Қарасай абдырап,

шолып жүр оңаша маңайды.

Аттан түспей асығып,

Жасаралдың жолына

Төбеге шығып қарайды.

Осы жерде бала жеткізді,

Бірде-бірін қалдырмай

Жасарал айтқан бар жайды.

Сонан соң бала тағы айтты,

Жинап тегіс ноғайды:

—Көп халайық, біліңдер,

Мен айтайын бұл істі,

Жақсылық істі, ірі істі!

Таң сарғайып атқан соң,

Жасаралдай падиша

Бір жұмысқа кірісті.

Жіберді мені хабарға,

Бітіріп енді жұмысты.

7490


7500

7510


7520

338

338


339

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Мына таудың аржағы

Қондыкердің жұрты екен,

Қазанның шығыс сырты екен,

Сендер оны білдің бе,

Қалың халық Ағысты?

Падишасы олардың—

Телағыс, Күніке палуан

Екі асыл туысты?!

Қарасайдың тумасы

Зор өкпемен суысты.

Орақ, Мамай екеуі

Болған екен борышты.

Өкпелі екен бұларға

Тастап кеткен қонысты.

Қарасай, Қази тумаған

шамаласам ол кезде,

Орақтың ісі кеміс-ті.

Содан бері қауышпай,

Жаңбыршы, Мұса екі жақ

Жүр екен болып құрысты.

Сол құрысты тарқатып,

Жасаралдай падиша

Тоқтатып отыр ұрысты.

Бітім айтып араға,

Осы бүгін келісті.

Қарасай менен Бал-Қази,

Ағасына барып өткізер

Қонақ болып бұл кешті.

Құр бара ма үлкенге,

Бұлар болды жұмысты.

Астында бір-бір аты бар,

Халық, оны бергізсең,

Ісіміз жатыр кеміске.

Өздері қылсын қалауын,

Мұны айтып тұрғаным,

Түскен жоқ олжа үлеске.

Осы айтқан әңгімем,

Үлкен-кіші ойлаңдар,

Мақұл ма, әлде теріс пе?!

7530


7540

7550


7560

340

БАТыРлАР  ЖыРы

340

341


Әділ бала осыны айтып келген соң, барлығы да қуанып: «Бұл 

ел сүйсінерлік іс болған екен» десіп, ал үлкендер Қарасай мен 

Қазиды  шақырып  алып:—Тездетіп  ағаларыңа  барып,  мауқын 

басыңдар. Олжа ортада демеңдер, туыстарыңа апарар айлаққа 

не жарамды десеңдер, соларды таңдап алыңдар,—деді.

Енді Қарасайдың әрекетін баяндайық:

Берген соң рұқсат Қарасайға,

Ол барып емін-еркін кірді малға.

Әуелі Күнқияш алып шықты,

Үстінде сексен басты тігулі орда.

Ол күнде керегенің көзі желкөз,

Үлкен үй мұнан артық болмас, сірә да.

Жылқыға мұнан кейін өзі барып,

Айдады екі жүзін, жүзі—жорға.

Бастырып ылғи жібек, асылдардан

Арттырды қазына тайлап алпыс нарға.

Қасына отыз адам алды сайлап,

Жақсысы бұл халықтың бәрі сонда.

Бастығы Сұлтанай би, Әділханмен,

Жүріпті ылғи саңылақ біраз жанмен.

Бал-Қази, Қарасай мен Әбді бала

Қонаққа жүрді бұлар осы санмен.

Астында Күнқияштың сұлу жорға,

Асылзат келе жатыр артық пәммен.

«Мұсылман болсам болар» деп ойлайды,

Ісі жоқ олай-бұлай әңгімемен.

«Артық қой бұлардан да шамасы» деп,

Кеулінде бір қаныш елес берген.

Осындай салауатты сән түзетіп,

Тәртіппен әсте аяңдап қатар жүрген.

Болғанда намаздыгер, күн кешкіріп,

Ордасын Телағыстың сонда көрген.

Хабарсыз жатқан халық бұл жөнінен,

Барғанша жүрді жарып қалың елмен.

Бұларды жүрген жерде айтып жатыр,

7610  «Сәлемге патшасына,—десіп,—келген».

Халқына Қондыкердің болды әңгіме,

Есітіп, хабарланып бір-біреуден.

7570

7580


7590

340

340


341

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

«Баласы ер Орақтың келді,—десіп,—

Есепсіз жесірі бар дүниямен».

шашылып бұл даңғаза тұра берсін,

Айтайын Қарасайдың әдебінен.

Тұқымы Едігенің асқан күшті,

Қандыкөз, аттық тұқым, өзі сұсты.

Келген соң жеті жасқа мектеп көріп,

Артықша көп біледі әдепті істі.

Келе жатқан жеті атадан бұлар сұңқар,

Біледі айлақ атты әр жұмысты.

Бірі емес, бұл тұқымның қайсысы да,

Бастаған астаубас нар бәрі көшті.

Қараңдар әдебіне екеуінің,

Көрген соң патша ордасын аттан түсті.

Түскен соң Қази менен ер Қарасай,

Күнқияш ол да түсіп, белін шешті.

Қолға алып көш бұйдасын жүрді жаяу,

Хан қызы артық екен, ақыл-есті.

Сонан соң отыз адам түсті бәрі,

Жүреді ат жетелеп қосшылары.

Орданың оң жағына жүк түсіріп,

Желілеп байлатады келген малды.

Жүргенде мұны жайлап жас балалар,

Күнқияш керегені өзі жайды.

Қараңдар тәртібіне сол заманның,

Ордадан біреу шығып қарсы алмайды.

Ордасын ханша тігіп алғанынша,

Түн болып, қараңғылық көз байлайды.

«Алдым түн аға жүзін көруге» деп,

Сәлемге екі бала асықпайды.

Кеуілге сабыр суын сорғалатып,

Бұл түні әдеп сақтап қозғалмайды.

Үйіне Күнқияштың болды қонақ,

Қыз ханша күтіп қонақ тез жайлайды.

Көріңдер, тыңдаушылар, не болғанын,

Ол күнде қазіргідей ғұрып болмайды.

Қазір ғой зыр жүгіріп құшақтасып,

Келгеннен сағынғандар жас бұлайды.

7600

7610


7620

7630


342

БАТыРлАР  ЖыРы

342

343


Айтайын, азаматым, әңгімесін,

Өлеңнен ой қорытылып жиналмайды.

Болмаса түсінікті әр жерде сөз,

Пікірлі тыңдаушыға ұнамайды.

Айтушы мұны пәмдеп айырмайды

Кейбіреу қара сөзді қаламайды.

Тыңдаушым, мен сөздерді айтқаным жоқ,

Есітем кейбіреулер алалайды.

Сонымен, Қарасай бастаған отыз адам түнде келіп, қараңғыда 

баруды мақұл көрмеді. Өмір бойы көрмеген және көңілі күпті, 

көкірегі  дықты  болып  жүрген  туыстарымен  түнде  табысу 

жақсылықтың  нышанындай  көрінбеді  оған.  Сондықтан  батыр 

келген  бойда  Әбдіні  Жасаралға  жіберіп:  «Ағаларымның  ақ 

жүзін  жарықта  көремін.  Жарықта  жадырасып  табысуға  жаз-

сын!» деп, хабар берді.

Қарасайдың  бұл  ісін  бірге  келген  билер  мен  ақсақалдар 

мақұл көрді. Бұлардың сыңайын байқаған Күнқияш өзінің ақ 

ордасын дереу тіккізіп, бірге келгендерді қонақ етіп бәйек бол-

ды.  Бұл  да  өзінің  көргенділігін,  ханшалығын  танытты.  Соны-

мен қонақтар демалып, таң алдындағы намаздарын оқып болған 

соң, барлығы хан ордасында беттеді.

Ордаға  ең  алдымен  Әділхан,  сонан  соң  Сұлтанай  кірді. 

Бұлардың  екеуі  де  Күніке  палуан  мен  Телағысқа  сәлемдесіп 

қолдарын  ұсына  беріп  еді,  оған  Күніке  қолын  созбастан  иегін 

көтеріп,  «отыра  бер»  дегендей  ишарат  білдірді.  Үшінші  боп 

Қарасай енді. Ол есіктен кірген бойда екі аттап тұра қалды да, 

қолын төсіне қойып «Ассалаумағаләйкүм!» деп тағзым етті. Сол 

кезде  Күніке  шыдай  алмай,  орнынан  көтеріле  берді.  Қарасай 

оның аяғын бастырмастан, жүгіріп келіп құшақтай кетті.

Қарасайдан  соң  Бал-Қази  келіп,  ол  да  ағасының  әдебін 

қайталады. Күніке бұған да қарсы жүре бергенде, Бал-Қази да 

тез басып келіп, ағасының құшағына кірді. Олармен Телағыс та 

құшақтасып көрісті. Күніке бұл екеуін оң жапсардағы арнайы 

төсекке  отырғызып,  келген  отыз  адам  сәлемдесіп,  орналасып 

болған соң, былай деп сөз бастады:  

—Аман-есен бармысың,

Жақсыдан туған жәдігер.

7640


342

342


343

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Көреді екен пендесі

Жаратқан өмір берсе егер.

Өтті жылдар, һәм күндер,

Қайда Мамай, ер Орақ

Сәлемге келген бұл кімдер?!

Гүжімімнің бұтағы

Қорық болып жүрсіңдер!

«Қосылмайды тау тауға,

Қосылмас адам дегенге»

Бұдан былай кім сенер?!

Сендер ме еңдер мұзбалақ,

Тарланнан қалған түлегім?!

Ойымда менің жоқ еді

Едіге тұқым көрермін.

Бектен қалған бір белгі

Түсірді осы себебін.

Тұлпардан қалған құлындар,

Аман-есен жүр ме едің?!

Құдайдың көрдік жазғанын,

Әнжінің көрдік бөлгенін.

Жаңбыршы, Мұса ұрпағы

Өкпелеп көрмей кетіп еді

Өлгенінше бір-бірін.

Туысы артық төрелер,

Қауыштыңдар дәл бүгін!

Ақылы зерек Жасарал,

Арбаған кесел бұл дерттің

Осы бүгін тапты емін!

Алланың көрдік жазғанын,

Әнжінің көрдік азарын.

Еденді туған абзалдың

Мойнына қойып жазығын.

Ақылды туған данышпан

Қайраған-ды азуын.

Үркіп қашқан тұлпарлар

Сындырып кетті қазығын.

Қауыша алмай сонан соң,

Таулардың көрмей бауырын.

Қалған кеуіл, шыққан жан

7650


7660

7670


344

БАТыРлАР  ЖыРы

344

345


Қайсысынның біле алмай,

Жүрдік әлі ауырын.

Желденген көңіл желігіп,

Жасарал басты тамырын.

Ержеттіңдер ме есен-сау,

Аталас жақын, бауырым?!

Бақытын берсін атаңның,

Қайыры болсын ағаңның.

Жасын берсін тірі отырған

Қараүлектей анаңның!

Осыларды ойланып,

Ауызыма жаңа алып,

Қайта жасап жаңардым!

Жасаралдың сөзімен

Татым кетіп, тазардым!

Өлгеннің осы тірілгені—

Астау басты нарымның

Артындағы перзент қалғанын.

Осы да қайтқаны еңбектің—

Ағаның көріп балалрын

Түзелді жаңа заманым!

Сәлемге келген сағынып,

Талаптарың оң болсын!

Туасылы көрмеген

Үлкенге келіп отырсың,

Таландарың жөнделсін!

«Бұдан былай, шырағым,

ұрпақтарың бір жүрсін!»

Ағам Мұса айтқан сөз,

Бірақ айлакер кім білсін.

Екі сұңқар балапан

Атадан қалған сендерсің.

Үлгісін көрмей жас қалдың,

ұстапсыңдар ұнаттым,

Атамыздың белгісін.

Ата ізінен адаспа,

Жалғаншыға келгесін.

Өткен күннің, шырағым,

Нағылам айтып кемісін.

7680


7690

7700


7710

344

344


345

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Өткен қалсын салауат,

Қосылған соң саламат,

шаттанып ағаң сөйлесін!

Жақсыдан белгі, жарығым,

Дидарларын көргесін!

Кеткендей қабырғасы қарыс сөгіліп,

Палуанның жанарынан жас төгіліп,

Телағыс төмен қарап, сөйлей алмай,

Қамығып отырды ол да тек егіліп.

Ордада отырғандар қайсысы да,

Қалғандай ауыр жүктен бір жеңіліп.

Қарасай, Қазименен екі төре

Тыңдады Күніке сөзін түрегеліп.

Палуан айтып сөзді болғанынша,

Екеуі отырмады тізе бүгіп.

Көп айтып неге керек қысқарталық,

Таусылмас айта  берсек бәрін теріп.

Сұлуды Күнқияштай—ханның қызын,

Патшаға қосты енді неке қиып.

Телағыс құрметтеді туыстарын,

Бұлайша қызмет етіп, мейман қылып.

Халқына бұл Телағыс хабарлапты,

Көрген соң інілерін көңлі шатты.

Жіберді шабармандар тұс-тұсқа айтып:  

«Мақсатым қуанышқа той қылмақ-ты!»

«Болады енді күнде атшабар» деп,

Жүйрікті еліндегі ер жаратты.

Жүз үйдің тіктіріпті абзал сайлап,

Жорықшы көп ноғайлы алды жинап.

Һәммесін Салықта жатқан елге әкеліп,

Екі айдай жібермеді, бәрін сыйлап.

Екі ел Күнқияштың үйін көріп,

Ешбіреу бәс қоя алмады оймен ойлап.

Алдында ат шапқанда қара үздіріп,

Қазидың Аққұс аты келген ойнап.

Бұл қыста жорықшылар мұнда болды,

Еліне Қондыкердің тойын тойлап.

7720


7730

7740


7750

346

БАТыРлАР  ЖыРы

346

347


Мереке сауықпенен жатты бұлар,

Қорыққа хан ноғайы малды айдап.

Көрмеген өмірінде ағасына,

Келген соң қалай кетсін күнді санап.

Жатқанмен құр жүре ме туыста адам,

Жұмысын бітіреді әсте аяңдап.

Бұл қыста екі үлкен жұмыс бітті,

Айтайын қысқа-қысқа мен баяндап.

Біреуі—лашындай шын асылдан,

Біреуі—ер Қарасай жүрген бойдақ.

Екеуін осы сапарда бітіріпті,

Телағыс бұл жұмысқа белін байлап.

Бұларға Терең өткел жиырма күндік

Қараса Қарасай ер бір күні сұрап.

Ордада отыр Күніке, Ағыспенен,

Қасында жолдас-жаран таныспенен.

Жасарал, Әділхан мен Сұлтанайы

Сөйлесіп кеңес ашып әр іспенен.

Қарасай, Қазименен бұл да отыр,

Жұмысын замананың ірі істеген.

Сыйлығын Қарасайдың Қондыкерде,

Болған жоқ ешбір адам кеміс деген.

Қарасай сұратырып көріп еді,

Қазанның Ағыс айтты тура жолын.

лашын Қарасайдың ойын бөлді,

Батырда мұндай әдет жоқ-ты бұрын.

Бір күні паш қылады Телағысқа,

Қарасай былайынша ішкі сырын:

—Әй, аға, менің атым достан алған,

Көп көрдім кемістікті тәңірім салған.

Басымнан бұлан-талай күндер өтті,

Қолмен ақырет көріп талай жаудан.

Тұрғанда бір тарығып би Сұлтанай,

Бітірді ат әперіп ойдағы арман.

Жұмысты ақырламай ажалды мал,

Аты өліп мынау інің жаяу қалған.

Сұрадым Жәнікенің мен Қара атын,

Ол бермей атын маған қайғы қылған.

Мен сұрап ат хабарын алыс жерден,

7760


7770

7780


7790

346

346


347

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Қазанда алдым мұны бір ноғайдан.

Қорасы Тереңөткел жағасында

Ол абзал адам екен жаратылған.

Беріп еді ойланбастан маған атын,

Жоқ екен еш нәрсесі дүния-малдан.

уа, дарих, сол қауышса осы арада,

Ендігі бір жұмыс сол ойыма алған».

Телағыс «бітірем,—деді,—олай  болса,

Өзіңше ірілігіне көңлі толса.

Бұл жерден Тереңөткел жиырма күндік,

Түн қатып жолаушы адам жылдам барса,

Мен оны алдырайын жасауылмен,

Сен енді өзің кетпе балаларша.

Адамның ойында арман, қапа қалмас

Досынан бір ол емес, қолға не алса.

Ел тұрса бұл күйінде өзгерілмей,

Қылармыз өмір болса оны патша.

Сен оған әзірінше дүния бер,

ұйғарым болса қайтеді осылайша?

Дос-қасты айырамыз әлі абайлап,

Бақыты хан Мамайдың басқа қонса!

Алдырды лашынды сонша жерден

Белгілі бар халқына бұл зор патша.

Жіберді бір адамды көрген жолды,

Тайпаға Телағыс шын белгілі еді.

Ол адам айтқаннан соң бар хабарды,

лашын ай жарымда мұнда келді.

Ертіп Ілиясты лашын ер,

Арада сапар шегіп көп күн жүрді.

Ат берген асыл тұқым ер баласын

Телағыс келгеннен соң сонда көрді.

лашынды құрметпенен сыйлап жатыр,

Өткізіп қызметін күтіп ерді.

«Бас қосқан алды болсын достықтың» деп,

Қайырлы лашын бір күндері.

Қазидың Аққұс атын бұған  атап,

Және де тоғыз қыздан бір қыз берді.

Айдатты түйе, жылқы бір сан қылып,

Арттырды асыл заттан көп дүниені!

7800


7810

7820


7830

348

БАТыРлАР  ЖыРы

348

349


«Бақ қонса Қарасайға Мамайдай» деп,

Ойға алған мақсатын да білдіреді.

Ілиястың айтқан сөзі орындалды,

Мұндайды істер, сірә, ердің ері!

Дос қылып лашын мен Қарасайды,

Екеуін көрістіріп шешіп белді.

Кір қалмай ойларында риза болып,

ыңырсып керуендей көш жөнелді.

Көш басын қосшысына бергеннен соң,

Бұларға сонда патша сөз сөйледі.

Қайтадан атын байлап бұл екеуі,

Ордаға құрметпенен тағы кіреді.

Тыңдаңдар жалықпасаң, азаматтар,

Ордада не әңгіме сөйленеді?!

Төрде отыр палуаның, Ағыс тақта,

Жасарал отыр бұл да артық шенмен.

Әділхан, Әбді бала бұл екеуі,

Сұлтанай сөйлеп кетсе дөңгеленген.

Қарасай, Қазименен кеулі тасып,

Сұңқардай таранады бір түлеген.

Жұртынан Қондыкердің шерқұтты отыр,

Жас жігіт жаңа талап үлгі көрген.

Баласы Мұсекенің Әбділла хан

Күреңді тіл жалмаған досқа берген.

лашын, Ілияспен Қазандағы

Ордаға он екісі бөлек кірген.

Айтайын жылдам-жылдам өлеңменен,

Сондағы бұл әңгіме Күнікеден.

Ордаға бұлар кірген соң,

Әңгімеге келген соң,

Құрметтеп, сыйлап үлкенді

Төрден орын берген соң,

Сонда Күніке палуан сөйледі:

—Кірдіңдер ме ордаға,

Әр жұрттың өңшең саңлағы,

Тайпаның озған тарланы?!

Атасынан жас қалып,

Қарасай, Қази қос құлын

уызында жарымады.

7840


7850

7860


7870

348

348


349

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Сол кемдіктің кесірінен,

Мойнында жұмыс байлаулы.

Мақұл ойлаған талаппен

Жұмсап жүр әзір олжаны.

Ағасындай басына

Әзір бақыт қонбады.

Орақ, Мамай, Едіге—

Ендігі жұмыс зоры бұл—

Оларға ас болмады.

Қайраты бар жас жігіт,

Қызыққа дұшпан жаулайды.

Мен секілді қарт адам,

Осындай ғұрып ойлайды.

Елдегі өкпе кеткен соң,

Осыдан басқа әңгіме

Құлағыма қонбайды.

Бұл адамның ішінде

Достаспаған адам жоқ.

Қызығыңды көрмеуге

Жас ұлғайды, шамам жоқ.

Қыстан қысым көрерміз

Бұрынғыдай заман жоқ.

шақыртып алған мен едім,

Ойымдағы ісімді

Құлағыңа салсам деп.

Мен сендерге айтқаным,

Өмірімнің ішінде

Айтқанымнан қайтпадым.

Енді, ерлер, ойлаңдар,

Келесі мамырда ас берем,

Соған шейін керегін,

Өмірім болса, шақтармын.

Оған өмір жетпесе,

Немесе бір кесір жұмыс кез келіп,

Бұл уақытта бітпесе,

Бір сенімге тоқтармын.

Осы отырған он біріңе

Тәңір аманат сендерге,

7880

7890


7900

7910


350

БАТыРлАР  ЖыРы

350

351


Бас-басыңа артқаным

Теріс түс көріп қорыққаным.

Көрінеді бұлт қарасы,

Жүргізер шағы болмаса,

Сол бұлттың ықпалын.

Бізден заман өтісті,

Біледі дағы бақтарың!

Қарт палуан айтты осылай әңгімені,

Он бірі қол қусырып түрегеледі:

—Палуан, бұл сөзіңнен біз шықпаймыз,

Әйтеуір, тірі жүрсек өлмей!—деді.

Батасын Күніке палуан берді сонда:

—Айтайын бір сөз, балалар, бірік енді!

ұлағат ой, құлағыңда қалсын сөзім,

Ілгергі келешекті кім біледі?!

Жалғанда біреу болмасын біреуге үстем,

Адамның бірі артық, бірі кем келеді.

Қашанда ауыздарың бірге болса,

Жабырқасаң, туыс бірге күйзеледі.

Асылы айтқанымның осы абзалы—

Күн тусын үш дарақ сай жүргендегі!

Бұл үйде үлкенің болсын, жасың болсын,

Жақсылық, мұраттарың асыл болсын!

Мәскеу мен Қазан қала қолдан салған

Мамайдың бүкіл ноғай асын қылсын!

Доғарып осыны айтып қарт Күніке,

Рұқсат барлығына берді енді.

шығады бата қылып ылғи бағылан,

Қол жайып, бата беріп Күніке палуан.

Көбіне батасында сөздер айтты,

Аңғарса терең мағына алуан-алуан.

Сонымен  барлығы  ордадан  шығып  лашын  мен  Ілиясты 

жолға  шығарып  салды.  лашынды  жөнелткеннен  кейін,  Жа-

сарал  көп  дүния  мен  үш  қызды,  қалған  малды  үшке  бөліп, 

бір  есесін  Телағыс  пен  Күнікеге  берді.  Қалған  екі  есесін 

әркімнің  өз  лайқатына  қарай  Еділ  мен  Қырым  ноғайлары  бо-

лып  бөлісіп  алды.  Осы  жұмыстарды  реттеу  үшін  және  Күніке 

мен Телағыстың «Сендермен бірге барып жеңгеміз Қараүлекке 

7920

7930


7940

350

350


351

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

сәлем беріп қайтамыз» деген сөзіне бола, бұлар осында қыстап 

қалып еді. 

Арада  бірнеше  күн  өткен  соң,  Телағысқа  тағы  бір  ой  түсті. 

«Мынау  Қарасай  мен  Қази  әкесі  өліп  жетім  қалып  еді.  Бұл  өз 

қайратымен  темір  қақпалы  Дербентті  жаулап,  қалмақтардың 

ханшасы  Күнқияшты  алып  келді.  Оны  маған  тарту  етті. 

Ақырында,  бізге  келіп  табысты.  Енді  мұның  әкесінің  орнына 

біз әке болып қалдық. Бұған өз ұлтымыздан дүния-жасауымен 

бір қыз алып беру бізге міндет қой» деп, өз елінен Мүсеке деген 

досының қызын айттырады.

Мүсеке  қызын  берерде,  оны  өзінің  туған  інісі  Жәніке  биге 

қоштасуға  жіберді.  Қыз  жүрейін  деп  жатқанда,  Қарасай 

қалыңдығын оңаша шақырып алып:—Сен ағаңа бара жатырсың 

ғой. Маған Жәнікенің Қара атын қалайда әкеліп бер. Болмаса 

өзің  де  келмей-ақ  қой!—деді.  Сонымен  қыз  қатты  уайымдап, 

Жәнікеге бидің аулына барды.

Бір күн қонған соң, Жәніке қарындасының бұйымын сұрады. 

Сонда  қыз:—Аға,  сіздің  қанатты  Қараны  сұрай  келдім.  Мені 

жаңа бара жатқан жеріме, еліме мат қыла көрмеңіз!—деді. Сон-

да Жәніке би басын шайқап:—«Әттеген-ай, мына бөрінің бала-

сы бөрілігін көрсетті-ау! Қарасайдың өзі сұрап келгенде бермей 

қалып  едім.  Енді  қолымнан  қазық  кететін  болды  ғой.  Берме-

сем, қарындасым өкпелеп қайтады-ау. Қарасайға ерегісіп бұны 

налытқаным болмас»! деп, тұлпарды қарындасына мінгізіп жі-

берді. Сонымен қанатты Қара атты Қарасай алып келіп, Қазиға 

мінгізді.

Бір  күні  көктем  келіп,  күн  жылып,  батырлар  елге  қайтуға 

дайындалады. Бұлармен Күніке мен Телағыс та жүретін болды. 

Бұлар  бірнеше  күн  жүріп,  Еділ  бойындағы  елінің  шетіне  кір-

ді.  Елдің  ауқымына  енген  күні  бір  адамға  жолығып  амандық-

саулық сұрап еді, ол:—Ел аман. Бірақ сендер қалмаққа барып 

қайтқан шамада еліңнің үстіне сары орыс келіп, бір бөлек елдің 

малын айдап кетті. Орыстар кету бойына ауылға Ахмет келіп, 

артынан қуып кеткен еді. Қуып жеткен Ахметті олар өлтіріпті. 

Қасындағы жолдастары қайтып келді,—деді.

Бұны  естігенен  кейін,  Қарасай:—Ауылға  бару  бойына  тез 

аттанамын!— деп еді, Телағыс:—Болар іс болды ғой, сабыр ет. 

Менің келе жатқан шаруам бар, сол жұмыс біткеннен кейін, ат-

танамыз!—деп, әрең тоқтатты. Сонымен бұлар ауылға келді.


352

БАТыРлАР  ЖыРы

352

353


Қарасай мырза келе жатыр

Тұзын татып даланың.

Талай көрді бейнетін

Әнжіден болған жаланың.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет