«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет24/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Қырық қыз нөкер қасында,

Қараман қызы Ақмаржан 

Қарсы шыға келеді.

Ат сабылтып далада,

Түлкі қуған жолшыны

Ақмаржан да көреді.

Көреді де бір қызға:

«шақыр,—деп,—ана жолшыны» 

 Ханша әмір береді.

Алып келді нөкер қыз

Ханның қызы ханшаға

Тақ иесі Төрені.

Сонда Маржан сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Жолаушысың, жас түлек,

Сияғыңа көз салсам,

Нәсілі тұқым ақсүйек.

Батыр саған кездестім,

Тілеймін саған бір тілек.

Көріселік, жас жігіт,

ұсынып тұрмын ақ білек.

Намыс буған Төрехан

Сөзін қабыл көрмеді.

Жалынып тұрған Маржанға

ұсынып қолын бермеді.

Айласы артық Маржан қыз

Толғанып сонда сөйледі:

—Бел, бел асқан, бел асқан,

Беліңе садақ жарасқан.

Астыңда тұлпар Құла ат

Түн қатырып жаратқан.

Әруағың аспанда

1160

1170


1180

1190


388

388


389

ТӨРЕХАН  БАТыР

Бұлттарменен таласқан.

Жалғыз атты жолаушы, 

Жөніңді айтшы кім едің

Ел-жұртыңнан адасқан?

Артық туған Төрехан

Сауалын қабыл көрмеді,

Қызға жауап бермеді.

Ханның қызы ханшаға

Паңсынып көңіл бөлмеді.

Сонда Маржан сөйлейді:

—Айтпасаң да білемін

Асылың—төре, сүйегің.

Менің жездем—Темірхан,

Сен сонан туған жиенім.

Қарашаш пенен Сәуленің 

Бөтен демеймін тілегін.

Ханбибіге келер,—деп,

Қасыма ертіп қырық қыз,

Алдыңнан күтіп жүр едім.

Қайырлы болсын жол,—деді,

Сапарың болсын оң,—деді.

Жемісті ағаш ішінде

Алтыннан тіккен шатыр бар,

Сонда қонақ бол,—деді.

Төрехан сонда сөйлейді:

—Е, Ақмаржан, Ақмаржан,

Айта берме сөзіңді,

Сөз сұрайтын кезім-ді.

Алдаймын,—деп,—амалмен

Сала берме ебіңді.

ұстай келдім екі ұры—

Егіз бенен Сегізді,

Талқандай келдім төріңді.

Қарамандай ханыңа

Бере келдім зәбірді,

Көрсетпей қайтпан көрімді.

Төреханның бұл сөзін

1200


1210

1220


1230

390

БАТыРлАР  ЖыРы

390

391


Тыңдаңыз да сеніңіз.

Қарамандай әкеңе

Ауыр қолмен Төрехан

Келді,—деп хабар беріңіз.

Болсын осы тау басы—

Соғысатын жеріміз.

Қараман болса теңдесім,

Егізбай мен Сегізбай

Қорыққанынан бермесін.

Бермес болса ерлерді

Осы таудың басында

Әскерін жиып кездессін.

Батыр болса шамданар,

Әскерін жиып қамданар.

Жиенін қолдан беруге 

Хан Қараман арланар. 

Арлансын да шамдансын,

Соғысқа ертең қамдансын,

Ерлерін жиып қармансын.

Егер хабар бермесем,

Қапыда ісім өтті дер.

Аңсыз жатқан күнімде

Елімді әлек етті дер,

ұрланып шауып кетті дер.

Ханның Маржан шырағы

Төреден сағы сынады.

Қараманның ордаға

Атының басын бұрады.

Қырық жолдас қасында,

Әкесінің алдында

Қол қусырып тұрады.

Ажары кеткен ақ жүздің

«Неге түсің қашты?» деп,

Қызынан хан сұрады:

—Ардақты қызым, базарым,

Неге кетті ажарың?

Есіттің бе, шырағым,

Бір жамандық хабарын?

1240

1250


1260

1270


390

390


391

ТӨРЕХАН  БАТыР

Сайранға шығып жүргенде

Біреу зәбір көрсетіп,

Сынды ма, сонан назарың?

Маржан сонда сөйлейді:

—Қайғырып, әке, келгенім,

Қаһарлы дұшпан көргенім.

Айдаһардай ысқырған

Айбатты көріп шерледім,

Қарыспа туған паң көрдім.

Темірхан ұлы Төрехан 

Ашуы қатты хан көрдім.

Қылышынан қан тамған,

Найзасынан зәр тамған.

Егіз, Сегіз, Ханбибі

Қарасын іздеп ел торған

Жас арыстан жан көрдім.

Қаһарлы қабақ түйгені,

Астына құла мінгені,

Болат сауыт кигені, 

Бес қару түгел ілгені,

Жеріңе басып кіргені.

Қолыңнан жоғын бермесең,

Ордаңа анық тимегі.

Тусам да нашар анадан,

Сөзіме, әкем, көн,—деді.

Халық аман, бас сауға

Егіз, Сегіз, Бибіні

Өз қолыңнан бер,—деді.

Айтқаныма сенбесең, 

Өз қолыңнан бермесең,

Не қылғанын Төренің

Ертеңгі күн, көр!—деді.

Қараман сонда сөйлейді:

—Ел шегесі хан болар,

Қаһарланса, әкеңнің

Жауға алды тар болар.

Ажал қуған Төрехан

1280


1290

1300


392

БАТыРлАР  ЖыРы

392

393


Тиіп көрсін осыдан,

Кеңшілікке зар болар.

Қорғалап келген жиенді

Қолдан бермек ар болар!

Ел басшысы әкеңе

Жаббар не жар болар!

«Келді деп жаушы саспаймын,

Қонағымды сақтаймын.

Ат жүйрігін баптаймын,

Жасағымды саптаймын.

Көк сүңгіме ту байлап,

Жалғыз атты жолшыдан

Қара бет болып қашпаймын.

Нөсердің қара бұлтындай

Түнеріп келіп төбеден,

Табанға салып таптаймын.

Өлімтігін қаңғының

Түрікпендегі көп төбет

Алдына сүйреп тастаймын.

Ашу буған Қараман

«Жиылсын,—деп,—алаңға!»,

Еліне әмір таратты.

Ханның берген әмірі

лезде елге тарапты.

Намаздыгер болғанда,

Жиылып болған ел-жұртына

Қараман сонда сөйледі.

Сайлаулы қару-жарағы,

Әскерлерін санады.

Көп жасақтың ішінен 

Таңдап жүріп Қараман,

Алты жүзін алады.

Қараман сонда сөйлейді

Тоқталып тұрған сапына:

—уа, ержүрек ұландар,

Құлақ сал менің жарыма! 

Жеделденіп жауға ти,

Түсіріңдер Төрені

1310

1320


1330

1340


392

392


393

ТӨРЕХАН  БАТыР

Өлімнің құрсау торына!

Қаңғырып жүрген жалғыздың

Салыңдар сауал жанына.

Ашыққан иттер тойынсын

Еті менен қанына!

Хан әмірін екі етпей

Халыққа міндет—тіл алмақ.

Жиылды әскер құралды ап,

«Алла-Алла» деп ұрандап.

Ертеңгі күн сәскеде

Ерлердің шебі сыналмақ.

Ертең сәске болғанда,

Қараман, Төре қолдары

Бір-біріне қаптады.

Астарында аттары,

Ауыздығы қаршылдап,

Дүбірінен жер қалтылдап,

Құтырып, орғып аттады.

Құс боп ұшты аспанға,

Тұяғы тиген тастары

Ерегіскен екі жақ

Өңмеңнен көз қадасып,

Кірпіктерін қақпады.

Жақындап қарсы келісті,

Сүңгісін дәлдеп дұшпанға

ұмтылып атын тебісті,

Бір-біріне төністі.

Көп алдында Төрехан

Түнеріп нөсер бұлтындай

Құладан тұлпар мінген ер,

Бес қабат сауыт киген ер.

Жалаңдатып найзасын,

Ойнатып көкке шүйген ер.

Қараманның қолбасы

Жаны шығар бірге жолдасы,

Күш қайраттың қордасы,

Қаһарбекке қадалып,

Қабағын қарыс түйген ер.

1350

1360


1370

1380


394

БАТыРлАР  ЖыРы

394

395


Ағызған бойы Төрехан 

Әскерін бастап дұшпанға,

Арыстандай тиісті.

Қараманның інісі

Қаһарбек батыр сүйікті.

Бұл жау емес бұрын да,

Талай жауға тиіпті.

Тисе жауын ойрандап,

Салыпты талай бүлікті.

Бүгін де сондай жынданып,

Сар тұлпарын мініпті.

Ерге басып төстігін,

Күдісті белін бүгіпті.

Төрехандай балаға

Жыландай көзін тігіпті.

Төрехан мен Қаһарбек

Ағызған бойы аттарын 

Қарсы келіп қалысты.

Төрехан мен Қаһарбек

Жүрегіне Төренің

Сүңгісін салып қалыпты.

Жау найзасын дарытпай, 

Сүңгімен Төре қағыпты.

Бірін-бірі ала алмай,

Ағып өте барыпты.

Араласты, қолдасты

Қаптаған қалың қол енді.

Айласы көп өнерлі

Екі жақ та айқасып,

Қызып ала жөнелді.

Екі жақ та екшелген,

Жаудан қайтпас берен-ді.

Ат үстінде алысты,

Қарсы келсе, қасқарып,

Семсерменен шабысты.

Ат бөксесін жалт берсе,

Көк сүңгіменен шанысты.

«Алдырман, өлмей жауға» 

Сарбаздар тайман қарысты.

1390


1400

1410


1420

394

394


395

ТӨРЕХАН  БАТыР

Қос қаһарман кез келсе,

Семсерлерін жанысты.

Сынғанда қылыш, найзасы

Ат үстінен алысты,

Бір-біріне жабысты.

Білегі күшті палуандар

Тақымы босты аударып,

Ат үстінен алыпты.

Реті келсе атынан 

Жерге түсе қалыпты.

Бірін-бірі шалыпты,

Алып-ұрып бес бүктеп,

шалқасынан салыпты.

Қаһарлы мықты береннен

Талай жасақ талыпты.

Күн төбеге жеткенде

Екеуі қарсы келгені.

Бірін-бірі көргеннен

Қаһар мен Төре қос пері

Найзаласа бергені.

Алдырмас та айласы,

Біріне-бірі күшін бермеді.

Жекпе-жегі екі ердің

Күшейді де өрледі.

Екеуі де айлакер,

Алар жерін селдеді. 

Үйіріп алып шоқпарын,

Бірін-бірі ұрады.

ұрғанда шоқпар шыдамай,

Сағағынан сынады.

Ердің мықты болмағы

Басқа қонған бағынан.

Қаһарлы ер еді күші асқан

Түрікпеннің тобынан.

Сағақтан шоқпар сынғасын,

Айбалтаға қол салды.

Екі ер де қажыған,

шабысқанда құлаштап,

Балта шіркін шыдамай,

1430


1440

1450


1460

396

БАТыРлАР  ЖыРы

396

397


Сынып түсті сабынан.

шегінісіп тұрады,

Қорамсақта жебеге

Екеуі қолын сұғады.

Жасы үлкен Қаһарбек:

Кезек бер,—деп сұрады.

Төрехан сонда сөйлейді:

—Түрікпеннің ері едің,

Атағың шыққан сен едің.

Күшіңе сенген, Қаһарбек,

Талайды сойып жеп едің.

Еліңе келген қонақ ем,

Қорыққаннан, сасқаннан

Сұраған кезек нең едің?

Көмусіз қалам мен өлсем,

Сыйлар сені өз елің.

Анадан нашар туған ит,

Қаймықпаймын оғыңнан,

Жолсыз да болса көнемін.

Қасқайып қарсы тұрайын,

Қапы қалмай, дәлдеп ат

Қоян жүрек, қорқақ ит,

Кезегіңді берейін.

Қаһарбек сонда долданды,

Төрехандай төрені

«Атамын» деп оңдалды.

Тастан өткен жебесін

Толғап-толғап қолға алды.

Сарыжаға оғын кереді,

Қозы жауырын көктеме оқ

ұзындығы кез еді.

Толғап тартып жебесін,

Ататұғын кезі еді.

«Алтын ердің қасы деп,

Қақ жүректің басы деп,

Ажал оқтың тұсы деп,

Өлер жерің осы» деп, 

1470


1480

1490


396

396


397

ТӨРЕХАН  БАТыР

Толғай тартып қалады.

Үзеңгіге тіреліп,

шіренгенде табаны,

Бес қабат берік сауыттың

Төртеуін жебе жарады.

Бесіншіге жеткенде,

Оғы тоқтай қалады.

Оқтан есен қалғасын,

«Оғыңнан аман қалдым» деп,

Толықсып жүзі Төрехан 

Сарыжаға жебе салады.

Тарс түйіп қабағын,

шірене тартып қалады.

Қаһарбек атты қаһарман

Оқ қадалып жүректен,

Сар тұлпардың белінен

Төңкеріліп барады.

«Апа!» деп құлап табанда,

Топырақты қабады.

Күн төбеден ауғанда,

Әскерге жетті Қараман.

Астына мінген тұлпардың

Жал-құйрығын тараған.

Үстіне киген ақ сауыт

Көп сауыттан қалаған.

Тұяғынан атының

Тозаң көкке бораған.

Айқайлап кірді соғысқа,

Қарт бурадай жараған:

—Сарбаздарым, жолдас,—деп,

Жау жаққа маған жолды аш,—деп,

Мен тиіссем бәлемге,

Қаңғырған төре оңбас,—деп.

Қаһарбегім өлгесін,

Қимылдамай болмас,—деп.

Төренің қанын сімірмей,

Қаһарбек орны толмас,—деп,

Бас боп өзі Қараман

1500

1510


1520

1530


398

БАТыРлАР  ЖыРы

398

399


Қыздырды қырғын соғысты.

Екі жақтың әскері

Жігермен қайта тоғысты.

Найзаменен шанышып,

Қылышпенен қағысып,

шоқпарменен соғысты.

Қараман ханды көргесін,

«Әләһалап» ақырып,

Айқайлап ұран шақырып,

Түрікпендер өрледі.

Төренің қолын жапырып,

Бұршақтай жауып түйдектеп,

Қу жебелер атылып,

шуылдасты түрікпен,

Әруағын асырып,

Төренің қолын қарқынмен

Белден-белге қашырып.

Төрехан қолы  сасады,

Сасқан емей немене,

Бытырап кейін қашады.

Бере алмай төтеп дұшпанға,

Үш белестен асады.

шыға келіп сол кезде,

Тосқауылда тосқан ер

Майданға қарай ағызып,

Атына қамшы басады.

Түрікпен көп қолмен

Қарсы келіп қалысты.

Қынабынан қылышты

Суырып-суырып, алысты.

Ерге іліп тізгінін,

шылбырды белге шалысты.

Бұлан-талан екі жақ

Араласа қалысты.

Қанды соғыс болып жүр,

Ерегіскен ерлердің

Көзіне қан толып жүр.

Қараман хан ерлікпен

Ел намысын қорып жүр.

1540


1550

1560


1570

398

398


399

ТӨРЕХАН  БАТыР

Топ ішінде Төрехан

Қараманды торып жүр.

Ашу қысып екі жақ

Толғанды да тебіренді,

Өлім дейтін ойда жоқ,

Кеуделері желденді.

Екі талай соғыста

Сыналатын жер келді.

Сол уақыттар болғанда,

Қараман мен Төрехан

Екі сері кез келді.

Қарсы келіп қалысты,

Бірін-бірі шабысты.

шабысқанға шыдамай,

Балдағынан үзіліп,

Қылыш сынып қалысты.

Жын қаққандай екеуі,

Бір-біріне жабысты,

Белдерінен алысты.

Қайраты басым жас батыр

Қарамандай патшаны

Ерінен жұлып алыпты.

Алғанмен қоймай Қараны,

Тақымына салыпты.

Қысып-қысып қойғанда,

Мұрнынан қан ағыпты.

Қараман сонда зарлады:

—Мен, Қараман батыр текті едім,

Апырмай, менің неткенім?!

Өзімнен кіші баланың

Тақымында кеткенім.

уа, дариға, дүние-ай,

Арманда болып өткенім.

Амалым барма сұм заман

Дегеніме жетпедім.

Қараманды Төрехан

Бөктеріп атқа алады.

шынжырменен шыңғыртып,

1580

1590


1600

1610


400

БАТыРлАР  ЖыРы

400

401


Берік етіп таңады.

Құнан қойдай бөктеріп,

Алып кетіп барады.

Қалың қолды қасқайтып,

Жарып кетіп барады.

Қылышынан қан жосып,

Жау қолына ойранды

Салып кетіп барады.

Өзінің де Төренің 

Самайынан қан жосып,

Ағып кетіп барады.

Күн бесінге жеткенде,

Жау тозғындап тарады.

Дұшпан қолы қашты енді,

Бетіне алып қаланы.

Жеткендерін шабақтап,

Төреханның көп батыр

Қуып кетіп барады.

Сол кеткеннен қалаға

Кіреді Төре жарағы.

Соғысқан жауын қашырып,

Жарқылдатып қаруды,

Қалаға кіріп барулы

Қол қусырып алулы.

Төремен бітім жасауға

Хан ханшасы Маржан қыз

Халқына хабар салулы.

Төреге өзі келулі

Қол қусырып «жиен» деп,

Көтеріп аттан алулы.

Қызметі ханшаның

Төреханға жағулы.

Маржан қыз сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

—Жаулық қылды, Төрехан,

Егіз бен Сегіз өзіңе.

Жау шыдамас батырсың,

Садағыңның кезіне.

1620

1630


1640

1650


400

400


401

ТӨРЕХАН  БАТыР

Жаман туған Егіздің

Кесірі тиді еліме.

«Қонағымды бермен!» деп,

Өлім жетті еріме.

Қызмет етіп қарайын,

Қонақ бол, Төре, төріме.

Тілегім бар тілейтін,

Беремісің өзіме?

Ойлаған батыр қаралды

Егізбай мен Сегізбай

Қара көңіл арам-ды.

Кесірі тиіп солардың,

Мал мен басым таланды.

Қаһарың күшті жиенсің,

Халқыма бер сауалды

Өтінемін, Төрехан,

Қанжығаңа бөктерген

Қапастан құтқар бабамды?!

Төрехан сонда сөйлейді:

—Нағашы, айтқан сөзіңді

Енді бөтен демейін,

Айтқаныңа көнейін, 

Тілегіңді берейін.

Ашу кернеп келгенде,

Ақыл болмас адамда.

Жеделденсе кімде-кім,

Берік тұрар қаралда.

Бермен қарап жүрерде,

Белге қару ілерде,

«Қараманды сақта» деп,

Өтініш көп айтқан 

Қарашаштай анам да!

Өтінішін ақтайын,

Қараманды сақтайын.

Қарашаш үшін, сен үшін

Алжыған атаң Қараны

Атпайын да шаппайын.

Маған, Маржан, жалындың,

26-310

1660


1670

1680


402

БАТыРлАР  ЖыРы

402

403


Күнәсін кешіп атаңның,

Жалынғанда бағындым.

Кеткеніне көп болды,

Ханбибімді сағындым.

Қызмет етер жеріңіз

Бауыр тәтті-ау жалғанда,

Бұл сөзіме сеніңіз.

Сағынғаннан аңсаймын,

Осы түннің ішінде

Бибімді тауып беріңіз.

Ал, Ақмаржан, басшы бол,

Сенімен бірге ерейін.

Сағынып келдім алыстан,

шырағымды көрейін.

Артымнан ерген жалғасым 

Ақ бетінен өбейін.

Сағынғаннан сарғайған

Іштен шерді төгейін.

«Апар мені!» деп еді,

Төрехандай батырды

Қарындасы Бибіге

Маржан бастап келеді.

Жиылып тұрған көп халық

Жолын аша береді.

«Төрехан келді» деген сөз

Бибіге жетіп, о дағы

Көкесін күткен жер еді.

Бұрын барам дегенде,

«Соғыста жазым болар» деп,

Жібермеген нөкері.

Қырық қыз жолдас қасында,

Төреханды көргесін,

Құшақ жая береді.

Қарындасын Төрехан

Ақ бетінен  өбеді.

Жүрген бала тарығып,

Қайғы-шермен қамығып,

Жүрегі тулап қабынып,

Жан көкесін көргесін

1690


1700

1710


1720

402

402


403

ТӨРЕХАН  БАТыР

шыдап тұрсын нағылып?!

Қуанғаннан жылайды,

Көзінің жасын бұлайды.

Мауқын басып болған соң,

Сәуле менен Қарашаш

Аналарын сұрайды.

—Сағынғаннан Бибісін

Екі анаң тарыққан.

«Көреміз,—деп,—қай күні,

ұйқысы қашып зарыққан,

Көңілі түсіп жабыққан.

 Кеткеніне көп болды

Туып-өскен халықтан.

Ана мен ел аман-сау,

Сәлем жолдап жатқанды,

Ханбибім, саған алыстан.

Амандық сұрап білістің,

Көп тұрмайық бекерге.

Егізбай мен Сегізбай

Екі сұмның қорлығы

Көкіректен кетер ме?

ұрықсат бер, барайын

Екі жарым-есерге.

Бауырым, енді барамын

Сұмдардың басын кесерге.

Мені әлек еткенде,

Қара ат пенен өзіңді

ұрлап алып кеткенде,

«Төрехан—жалғыз, мен—екеу,

Кегімді алам!» деп еді.

Қара ниет залымның

Туғанға бар ма керегі?.

Мен—жалғыз, ол—екеу, 

шайқасып бір көрейін,

Ит сазасын берейін.

ұлықсат бер, бауырым,

Есіл қанын төгейін.

Жаман туған жақыннан

1730

1740


1750

1760


404

БАТыРлАР  ЖыРы

404

405


Атасы басқа жат артық,

Жанын алып келейін. 

Ханбибі сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

—Айтамын арыз, жан көке,

Бір іс қапыл өткен-ді.

Арадағы сөзге азып,

Екі ағаң әлек еткен-ді.

Жасы үлкеннің хақы бар,

Олардың сөзі өктем-ді.

Мен үшін таста, хан көке,

Туысыңа өкпеңді.

Төрехан сонда сөйледі:

—Көрген қорлық көп еді,

Көрмеген қорлық жоқ еді.

Қорлығынан иттердің

Ішім жалын, шоқ еді.

Екеуіне керегі

Сарыжаның улы оғы еді.

Берер ем сұмның сазайын,

Сен үшін кештім күнәсін.

Сонда да, бірақ, барайын,

Іздеп тауып алайын.

Есіне түссін екінші, 

Кетпес таңба салайын!

ұлықсат сұрап алады,

Екеуі жатқан жеріне

Салдыртып жетіп барады.

«Төрехан келіп қалды» деп,

Жанашыр бір құрбысы

Егізге хабар салады,

Екі батыр сасады.

Жүректері дүрсілдеп,

уһілеп аузын ашады.

Адырайып көздері,

Құттары әбден қашады.

1770

1780


1790

1800


404

404


405

ТӨРЕХАН  БАТыР

Арқызыл мен Сарқызыл

Мініп ала асады.

Қашқанын көріп Төрехан,

Құлаға қамшы басады.

Төрехан жетіп келіпті,

Еңсесіне Егіздің

Желекті найза төніпті.

Қорыққанынан Егізбай,

Өкіріп жылай беріпті.

Төнген найза еңседен

Қылт-қылт етіп тұрады.

Жалғаншыда жан тәтті,

Өкіріп Егіз жылады.

Қарсыласар күні жоқ,

шағатұғын үні жоқ.

Қол-аяғы құрысып,

Ат үстінен бүрісіп,

Ерден ауып жылысып,

Егізбай жерге құлады.

Көзін тастай жұмады,

Қойнына басын тығады. 

«Жан сауға, көке, жан сауға»

Деген үні күрмеліп,

Әзер-әзер шығады.

«Көрген халық күлсін деп,

Есіне түсіп жүрсін» деп,

Төрехандай батырың

Аттан түсе қалыпты.

Егізбайдай жарымның

Құлағын кесіп алыпты.

Бұл уақытта Сегіздің

Жүрегі әбден сығылған.

«Төрехан көріп қалар» деп,

Бір жыраға тығылған.

Қос өкпесі дүрсілдеп,

Бағы тайған тұғырдан.

«Біраз мезгіл өтті-ау» деп,

Кідіріп мұнда жатқанда,

1810

1820


1830

1840


406

БАТыРлАР  ЖыРы

406

407


«Бір қоян қашып кетті-ау» деп,

Жан ұшырған бейшара

«Қоян қасқа епті-ау деп,

Түрікпеннің жерінде

Жыра мен шұқыр көпті-ау деп,

Қай шұңқырдың тасасын

Сорлы кеуек етті-ау» деп,

Жағалап жүріп қарады.

Бір қазынды шұңқырда 

Сегізбайдай ағаңның

Үстінен шығып қалады.

Ентігіп жатыр күрсілдеп,

Жүрегі соғып дүрсілдеп.

Кеуектегі қояндай

Мойнын тығып бүлкілдеп

Қуарыпты ажары.

Кездесе кетті сол жерде

Екеуінің назары.

Алмас қылыш қолға алып,

Қасына жетіп келіпті,

Үстіне келіп төніпті.

ұшып тұрып Сегізбай

Қол қусырып тұра кеп,

Төреге сәлем беріпті.

«Бауырым» деп жылады,

Қол қусырып тұрады.

Жан сауғалап қалшылдап,

«Күнәмді кеш» деп сұрады:

—Азғырумен азғанмын,

Ақылым жоқ жазғанмын.

Саған қастық қылам,—деп,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет