Өз басым бұл мәселені көп тен бері айтып та, жазып



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата06.04.2017
өлшемі2,75 Mb.
#11122
1   2   3   4   5   6

Маржан ТҰРЫСБЕКҚЫЗЫ

Абылай хан бейнесін бір 

ізге түсіретін уақыт жетті

Қос астана арасына төрт 

пойыз қатынайтын болады

Алматы мен Астана қалаларының арасында жүретін жолаушылар 

пойызының жүру кестесіне өзгерістер енгізілетінін және қосымша пойыздар 

шығарылатынын естідім. Осы жөнінде толық мәлімет берсеңіздер екен.

Марат ОМАРОВ, Астана қаласы

Еліміздің Көлік және коммуникациялар 

министрлігі мамандарының мәліметінше, 

жолаушылар пойыздарының қысқы 

қозғалыс кестесіне көшуіне байланысты 

қазанның 31-інен бастап Астана мен 

Алматы қалаларының арасында жүретін 

пойыздар көбейтіледі. Дәлірек айтқанда, 

келер жылы елімізде өтетін VII қысқы 

Азия ойындарына байланысты Шу-Отар 

стансылары арасында жүргізілген жөндеу 

жұмыстарына орай мамырдың 31-інен 

бастап күнара жүруге көшірілген 9/10 

және 3/4 бағыттық теміржол көліктері 

бұдан былай күнде жүретін болады. 

Әзірге аталған нөмірлі жолаушылар 

пойыздарының жүру уақыты белгісіз. 

 АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ БАР...

 ...Бір күні Алматыдағы «Арбаттан» өтіп бара жатып, Абылай хан 

портретінің өзім салған нұсқасының айна-қатесіз көшірмесін сатып 

отырғандарға куә болдым. Қаз-қатар тізілген 10 картинаға да өз аты-жөнін 

жазып қойыпты. Авторымен тілдеспек болғанымда, оны орнынан таба 

алмадым. 

 Бір өкініштісі, «Қайранбаев суретінен алынды» деп еш жерде ескертіл-

мейді. Қаламақы да алмаймын, авторлық құқыққа да таласып жатқан мен 

жоқ. Тұңғыш портреті жарияланғаннан соң-ақ, шамамен бір жылдан кейін, 

әркім-әркім Абылай ханды түрлі өзгешеліктер енгізіп, көшіріп сала бастады. 

Айналып келгенде, бірнеше түрлі Абылай өмірге келді. 

 Кинода болсын, графикада болсын Абылайдың образын түрлентіп 

беруге еш қарсылығым да, қызғанышым да жоқ. Одан Абылай образы 

байымаса, кемімейді. Тек бет-бейнесі алғашқы нұсқасының негізінде 

са лын са деген ұсынысым бар. Тарих алдындағы жауапкершілік пен қазақ 

бейнелеу өнерінің болашағын ойласақ, арнайы қазылар алқасының са ра бы 

бойынша Абылай хан портретін бір ізге түсіретін уақыт жеткен сияқты. 

e-mail: info@alashainasy.kz

ІЗ. ДЕН. ІС.



Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ 

ұлттық техникалық университеті 

жоғарғы талапқа сай тәжірибелі әрі 

кәсіби маман даярлау тұрғысында 

халықаралық байланыстарға айрықша 

назар аударып отыр. 

Колорадодағы 12 күн

Сондай байланыстың бірі 2008-09 оқу 

жылынан бастап табысты іске асырылып келеді. 

Әйгілі «Шеврон» компаниясы дүниежүзі бойынша 

халықаралық әріптес ретінде 16 университетті 

таңдап алса, соның бірі – осы ҚазҰТУ. 2008 жыл-

дың аяғында Американың Колорадо тау-кен 

мектебі мен біздің университет арасында халықа-

ралық жоба жасалып, ол 2009 жылдан бастап 

жұмыс істей бастады. Колорадо тау-кен мектебінің 

геология департаментінің директоры, доктор 

Джон Хамфри мен мұнай департаментінің дирек-

торы, доктор Рамона Гревс өткен жылдары екі рет 

келіп, осы байланыстың жай-жапсарын пысықтап 

кеткен еді. Мұндағы ең басты көзделген мақсат 

геологиялық карта түсіру, пайдалы қазба кен 

орындарын іздеу мен барлау кафедрасы негізінде 

Қ.Тұрысов атындағы Геологиялық барлау институ-

тының Қаратау оқу полигонында екі оқу орны 

студенттерінің бірлескен геологиялық тәжірибесін 

өткізу болатын. Бұл жоспар өткен жылдың маусым 

айында ойдағыдай іске асырылды. Республи ка-

мыз дың жоғары оқу орындарының арасында 

алғашқы болып америкалықтармен екі апталық 

бірлескен геологиялық оқу тәжірибесі жүргізілді. 

Қаратауда басталған бұл шара Алматы маңындағы 

Медеу, Алма-Арасан шатқалдары мен әйгілі 

Шарын шатқалында жалғасын тапқан еді. Ал 

биыл осы халықаралық жоба АҚШ-тағы Колорадо 

тау-кен мектебінде жалғасты. Жобаның жүзеге 

асуына «Шеврон» компаниясы демеушілік жаса-

ды. Сонымен, биылғы жазда университе тіміздің 

Қ.Тұрысов атындағы Геологиялық барлау инсти-

туты мен Мұнай және газ институтының сегіз оқы-

тушысы, үш студенті және бір магистрант Амери-

каның Колорадо штатына жол тартты. 

Колорадо тау-кен мектебінің материалдық-

техникалық базасы өте бай екен. Оны әрдайым 

толықтырып, дамытып отыруға оқу орнының 

түлектері демеушілік жасайтынын білдік. Колора-

додағы 12 күндік тәжірибе біздің әрқайсымызға 

үлкен әсер қалдырды. Көрген-білгенімізді келе-

шекте өзіміздің оқу орнымызда табысты пай да-

ланатынымызға сенімдімін. Мұндай екіжақты 

байланыстардың берері мол. Ал биылғы оқу жы-

лының аяғында колорадолық оқытушылар мен 

студенттер бізге келеді.

А.ЖҮНІСОВ, Қаз ҰТУ геологиялық карта 

түсіру, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен 

барлау кафедрасының меңгерушісі 

ШАРА


Бір жылдың көлемінде «Алтын Жүрек» сыйлы-

ғының ұйымдастыру комитеті бір ша ма жұмысты 

атқарады. Атап айтсақ, бұқара лық ақпарат құрал-

дарына монито ринг жүргізу, Қазақстан бойынша 

ішкі саясат басқармаларымен, ҮЕҰ, коммерция-

лық ұйымдармен байланыста болу. Осы істердің 

барлығы да қайырымды жандарды іздеп тауып, 

алғыс айту үшін атқарылады.

Жобаға қатысамын деушілер ақпаратты www.

altynzhurek.kz немесе www.baurzhan.kz сайттары-

нан ала алады.

 Ұйымдастыру комитеті 1 тамыз бен 30 қыркү-

йек аралығында өтініштер мен құ жат тарды жинап, 

содан соң барлық құжат тардың дұрыстығын, то-

лықтығын тексере ді. 

Ұйымдастыру комитетінен кейін құжат тар ҮЕҰ, 

БАҚ, жергілікті басқару орган да рының өкілдерінен 

тұратын сарапшы ке ңе с  тің қолына өтеді. Осы 

кезеңде  әр  но   ми   на ция  бойынша  ең  көп  дауыс  жи-

на ған  үш  номи на нт  анықталады. 

Үміткерлер арасынан жеңімпаздарды таңдау 

құқығы өнер, саясат, бизнес өкіл де рі мен қоғам 

қайраткерлерінен тұратын қоғамдық кеңеске 

бері леді. 

Биыл ұлттық сыйлықты марапаттау сал  та натты 

кеші 2010 жылдың 27 қазанын да Астана қаласы-

ның Конгресс-Холлында өте ді. 

Ұйымдастыру комитетінің төрайымы Жұлдыз 

Омарбекова: «Жоба жылдан-жыл ға жетіліп келе ді. 

Іріктеу шарттары қатаңдана түскеніне қара мастан, 

үміткер 

лер саны жылдан-жылға артып келеді. 

«Алтын Жүрек» сыйлығы тек Қазақстанда ғана 

емес, сондай-ақ Ресей, Орталық Азия ел де рінде 

де танымал. Келешекте «Алтын Жүрек» халы қара-

лық ауқымға ие болады деп сенеміз», – дейді. 



Ұлттық қоғамдық «Алтын 

Жүрек» сыйлығын ұйымдастыру 

комитеті қызу жұмысты бас та п 

кетті. Аталмыш жоба 2007 жылдан 

бері Қазақстан Республикасының 

Президент Әкімшілігі, Мәдениет 

министрлігі мен Байланыс және 

ақпарат министрлігі, Алматы, Астана 

қалаларының әкімдіктері, сондай-

ақ    KAZENERGY ҚҚ, Chevron, «Саутс-

Ойл» компанияларының қолдауымен, 

«Бауыржан» қайырымдылық қорының 

ұйымдастыруымен жүзеге асып келеді.

Алтын жүректі 

жандарды іздейміз 

және марапаттаймыз!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№166 (392) 28.09.2010 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

ДОДА

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Әлем чемпионаты Александр Винокуровсыз өтеді

Кіндік Азия додасында үшінші болдық

Газеттеріңіздің өткен сандарының бірінде «Үндістанда волейболдан ерлер арасындағы Азия 

біріншілігі өтуде» деп жазып едіңіздер. Сол чемпионат қалай аяқталды екен, біздің жігіттер 

нешінші орын алды?

Дәурен ЕРМЕКБАЙҰЛЫ, Алматы қаласы

Калькуттада өткен бұл дода Азия чемпионаты 

емес, Орталық Азия елдері біріншілігі болатын. Оған 

төрт елдің ғана волейболшылары қатысты. Олар – 

Қазақстан, Үндістан, Пәкістан және Иран. Үшінші рет 

ұйым 


дастырылған осы біріншілікте біздің жігіттер 

Пәкістан құрамасын 3:0 (25:11, 25:22, 25:23) 

есебімен жеңді де, Иран волейболшыларынан 0:3 

(19:25, 20:25, 20:25) есебімен, ал Үндістан 

әуедопшыларынан 0:3 (21:25, 16:25, 22:25) есебімен 

ұтылып қалды. Сөйтіп, үшінші орынмен шектелді. 

Бірінші орынды Иран жігіттері иеленіп, жергілікті үнді 

волейболшылары екінші орынға ие болды.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Геннадий 

Паршин бұл додаға, негізінен, жастарды салып, 

соларды ауыздандырды:

Әсет Базарқұлов (1987), Тимур Садықов (1991), 

Виталий Мироненко (1995), Сергей Кузнецов (1993), 

Богдан Ильенко (1992), Виталий Эрдштейн (1992), 

Нодирхан Қадырханов (1991), Иван Русапетов 

(1990), Виталий Вориводин (1990), Александр 

Стольников (1988), Сергей Ембулаев (1986), 

Дмитрий Горбатков (1981).

ДЗЮДО

ВОЛЕЙБОЛ


АУЫР АТЛЕТИКА

Екінші рет өткен Азия кубогы додасын 

«А» тобында бастаған қыздарымыз әуелі 

Корея құрамасынан, содан соң Қытай 

әуедопшыларынан үш партияда жеңілді. 

Тек Иран қыздарын үш партияда тізе 

бүктіріп, ширек финалға шықты. Азия 

кубогының екінші сатысында Жапония 

аруларына да төтеп бере алмай, үш 

партияда жеңіліске ұшырады да, жар-

тылай финалға шыға алмады. Ал 5-8-

орындар үшін болған додада әуелі Вьет-

нам қыздарына басымдық танытып (3:0), 

содан соң бес партияда Тайпэй құрамасын 

жеңіп (3:2), 5-орынға ие болды. Ал 

Азия кубогын Қытай қыздары иемденіп, 

бұдан кейінгі орындарға жазылу ретімен 

Таиланд, Корея және Жапония құрамалары 

орналасты. 

Айқын ЖАППАР

Қытайда волейболдан 

әйелдер арасындағы Азия 

кубогы өтіп, Қазақстан 

қыздары 5-орынды қанағат 

тұтты.

«Сарықұрлық» 

кубогында 

бесіншіміз

Түзде үйдегідей 

бола алмады

Сонымен жартылай финалға Шым-

кенттің «Ордабасы» клубы, елорданың 

«Локомотиві», Қарағандының «Шахтері» 

және Талдықорғанның «Жетісуы» жолдама 

алды. «Жетісу» өз алаңында «Атырауды» 

3:0 есебімен ойсырата жеңсе, «Шахтер» 

де келесі кезеңге берілер жолдамаға өз 

алаңында жетті. Ел чемпионы «Ақтөбені» 

қабылдаған қарағандылық клуб 0:1 

есебімен жеңіліп жатып, таразы баcын өз 

жағына аударды. Сондай-ақ «Локомотив» 

те өз алаңындағы жеңісінің арқасында 

жартылай финалға шықты. Тек «Ордабасы» 

ғана сырт алаңында Қостанайдың 

«Тобылымен» кездесіп, алаң иелерін 4:1 

есебімен ойсырата жеңді. Бір қызығы, 

жартылай финалға жолдама алған төрт 

команда да өз тарихында әлі ел кубогына 

қол жеткізіп көрмепті.



«Локомотив» (Астана) – «Тараз» – 1:0

Гол: Бугаев, 39.

«Шахтер» (Қарағанды) – 

«Ақтөбе» – 2:1



Голдар: Сучков 68, Финонченко, 76 – 

Хайруллин, 52.



Ойынның 89-минутында Ба (А) алаңнан 

қуылды. 

«Жетісу» (Талдықорған) – 

«Атырау» – 3:0



Голдар: Щеткин, 30. Щеткин, 31. 

Костюк, 51.

«Тобыл» (Қостанай)  – «Ордабасы» 

(Шымкент) – 1:4

Голдар: Аханов, 7 – Жолдасов, 26. 

Тәжімбетов, 48. Тәжімбетов, 56. Вагнер, 

71.

Арсен ЖАНАДІЛ

Әлияның орнын 

Анна басты

КӨРКЕМ ГИМНА

С

ТИК


А

Ресей астанасы Мәскеуде 

көркем гимнастикадан әлем 

чемпионаты өтті. Әлемнің 50 

елінің 800-ден аса спортшысы 

қатысқан бұл додада 

Қазақстанның да көркем 

гимнасшылары өз өнерлерін 

ортаға салды.

Ел кубогы қай 

клубқа бұйырады?

Ф

У



ТБО

Л

Футболдан ел кубогының 



ширек финалдық ойындары 

өтіп, жартылай финалға 

жолдама алған ұжымдар 

белгілі болды.

Өз жерімізде екі алтын бұйырды

Бұл турнирдің ерекшелігі мен ма-

ңыздылығы – Халықаралық дзюдо феде-

рациясының ұйғарымымен Олимпиада 

ойын 

дарының ұпайлары сарапқа 



салынатын лицензиялық турнирлер 

қатарына енуінде. Осыған орай, Алматыға 

17 мемлекеттің балуандары келді. Өкінішке 

қарай, осы күрестің негізін қалаған елдің 

өкілдері, яғни жапондар келмей қалды. 

Қазақ елінің намысын әр салмақта төрт 

балуан қорғады. Алғашқы күні 60, 66 және 

73 келі салмақ дәрежесіндегі балуан дар 

белдескен болатын. Бірден айта кетейік, 

осы үш салмақта белдескен еліміз дің 12 

дзюдошысының бірде-біреуі бірінші орын 

ала алмай, өзегімізді өртеді. 60 келі 

салмақта үміт артқан ұлттық құрама үздігі 

Еркебұлан Қосаев жартылай финалда 

моңғол балуаны Ганбат Болдббатарға 

шамасы келмей, жігерімізді құм қылды 



(моңғолдың осы жігіті Алматы татамиінде 

топ жарды). Қосаев тіпті үшінші орын үшін 

болған белдесуде де қола жүлдеден айы-

рылды. Самбодан жастар арасында әлемді 

мойындатқан жерлесіміз Дархан Сер-

жанов тан  жеңілді. 

Ал 66 келіде сонау Өзбекстаннан ша қы-

рып, барлық жағдайын жасап, әлпештеп 

отырған Сергей Лим мүлде сенім үдесінен 

шыға алмады. Тіпті жанкүйер де оның 

белдесуіне риза болған жоқ. Ширек фи-

нал да украиналық Георг Геворкянға бірде-

бір әдіс қолдана алмай, шаршап бітті. 

Сөйтіп, жалқы ұпай айырмашылығымен 

же 


ңіліп тынды. Әйтеуір, қола медаль 

жолындағы белдесулерден сүрінбей өтіп, 

шешуші кездесуінде өзбекстандық Үмітжан 

Халиловты жеңіп, үшінші орынға ие болды. 

осы алтынымды Азия ойындарының ал-

тынымен сабақтасам деген арманым бар», 

– деді.

100 келі салмақтағы Максим Раков та 



өз өнерін тамаша бастады. Әуелі қырғыз-

стандық Алексей Таскинді ұпай санымен 

ұтып, украиналық Ярослав Рытконы бел-

десу мерзімінен бұрын жеңді. Ал жартылай 

финалда татамиде 15 секунд күресті. 

Ресейлік Роман Полошинмен күресіп, 

қарсыласын жағасынан ұстап алды да, 

татамиге алып ұрып, жергілікті жанкүйер-

лерді бір желпіндірді. Осыдан соң байыз 

таппай финалдық белдесуді тостық. Өйт-

кені ақтық сында Максим Раков өзбек-

стандық Өткір Құрбановпен белдесетін. 

Максим биылғы әлем чемпионатының 

үшінші орын үшін өткен белдесулерінің 

бастапқысында дәл осы өзбек балуанына 

есе жіберіп алған еді. Кездесу бірден 

тартысты басталып, Раков «вазарии» 

ұпайымен алда тұрған. Осы сәтте белдесу 

ережесін бұзған өзбек балуанын төрешілер 

еріксіз татамиден шеттетті. Өйткені ол 

қарсыласының аяғынан ұстады. Ал жаңа 

ережеге сәйкес, бірінші әдісінде қарсы-

ласын аяқтан ұстаған балуан қатаң 

жазаланады. Осылайша Максим алтын 

медаль еншіледі. 

 Ал аса ауыр салмақта біздің жігіттердің 

ішінен Ұлан Рысқұл ғана қола жүлдеге қол 

созды. Ол үшінші орын үшін болған 

белдесуде өзінің командалас әріптесі Бейбіт 

Ыстыбаевты жеңді. Ал екінші қола медаль 

жолындағы белдесуде Ержан Шымкеев 

моңғол балуанына есе жіберіп, 5-орынмен 

шектелді.

 Әлем кубогының келер жылғы кезекті 

кезеңі Алматыда өтетін болды. 2011 жылы 

әйелдер де Алматы татамиінде белдеседі. 

Осы турнирге келген Азия дзюдо одағының 

президенті Әли Анзи Әби мырза :«Мен 

Алматыға 2004 жылы өткен Азия 

чемпионатында келгенмін. Ол кезде мына 

спорт сарайы көз тартарлықтай емес еді. 

Қазір күрделі жөндеуден өтіп, құлпырып 

кетіпті. Әрі ұйымдастыру жағы да жоғары 

деңгейде болды, көңілім толды. Алдағы 

уақытта халықаралық федерацияға ірі 

жарыстарды Алматыға беру жөнінде өтініш 

жасайтын боламын», – деді. 

Телжан КҮДЕРОВ

Қысқы Азия ойындары 

қарсаңында күрделі 

жөндеуден өткен Алматы 

төріндегі Балуан Шолақ  

атындағы спорт сарайында 

дзюдодан әлем кубогының 

кезеңдік белдесулері өтті.

Оның өзінде белдесу қазақ татамиінде өт-

кендіктен ғана. Ал Геворкиянды қалай ұту 

керектігін Дастан Ықыбаев көрсетті. Ол екеуі 

үшінші орын үшін белдескен-ді. Дархан оны 

айналасы бір минуттың ішінде тұншықтырып, 

қола жүлде еншіледі. Өз ұланымыз да, 

шеттен алған балуанымыз да үшінші орын 

алды.

73 келідегі бетке ұстар әрі тәжірибелі 



балуандарымыздың бірі Ринат Ибрагимов 

финалға дейін жетті. Өз тобында алдымен 

ирандық Моради Закарияны ұтып, одан соң 

аса шиеленісті өткен белдесуде корея лық 

Вон Жинг Кимді жеңді. Ал жартылай 

финалда ресейлік Мурад Коздоковқа сан 

соқтырды. Финалда өзбекстандық Навруз 

Жоракабыловпен күресіп еді, шаршап 

қалған болуы керек, ала шапанды 

көршімізге қарсы бірде-бір тәсіл қолдана 

алмай, қолда тұрған алтыннан айырылып 

қалды. Бірнеше мың даған жанкүйер тілеуін 

тілеп отырғанда, Ринаттың ба-

рын салуы керек еді. Ал ол 

білгенінен жаңылып, қапелімде 

жеңілді. Белдесуден кейін 

тілдескеніміз де:

– Екеуміз бұған дейін екі 

мәрте кез 

дескенбіз. Бір-бірі-

міздің  айла-тәсіл дері мізге  қа-

нық пыз. Алдыңғы екі белдесуде 

де менің асығым алшысынан 

түскен. Бұл жолы өз жерімізде 

есе қайтарып кеткені өзегімді 

өртеп барады. Қайтесіз енді, 

бағы жанды, – деп күйінді.

Екінші күні қалған төрт 

салмақта жеңім 

паздар мен 

жүлдегерлер анықталды. 90 

келі де – Тимур Болат, 100 келіде 

Максим Ра ков секілді жігіттерге 

сенім артқанбыз. Олар ел сенімін 

ақтады. Алдымен 81 келі салмақ 

дәрежесінде кілемге шыққан 

жер лестерімізге тоқтала кетейік. 

Бұл салмақтың осал тұсымызға 

айналғанына 10 жылдай болды. 

Мұны барлық мамандар да, бас 

бапкер Ербол Қырғызбаев та 

мойындайды. Бапкер жастарды 

белдестіріп көрген. Бірақ олар-

дың барлығы да жүлдеден шет 

қалды. Жерлестеріміз Андрей Зайцев пен 

Ислам Бозбаев үшінші орын үшін татамиге 

шығып, жеңіліске ұшырады. Зайцев ре-

сейлік Арсен Пушмаковтан таза ұтылса, 

Бозбаев өзбек Фаром Кабулов ұпай са-

нымен жеңілді. 

Ал 90 келіде Тимур Болаттың белдесуіне 

жиналған жұртшылық ризашылықпен қол 

соқты. Алғашқы айналымда өзбекстандық 

Шабиб Курбановты таза жеңсе, бұдан соң 

ресейлік Самир Гушапшевті де алып ұрды. 

Ортадағы төреші белдесудің 1-минутында-

ақ «иппон» деп қолын көтерді. Ал финалда 

жақында ғана Токиодағы әлем чем пио-

натында қола жүлдегер атанған өзбекстан-

дық Дильшот Шориевті жеңіп, кубок иегері 

атанды. Тимур: «Әлем чемпионатын 

да 


жоғары жетістікке қол жеткізе алмаған дық-

тан, кейін өз жерімде, жерлестеріміздің 

арасында қолда тұрған мүмкіндікті пай-

даланып, бар күш-жігерімді сарп еттім, енді 

Қыркүйектің 29-ы мен қазанның 3-і ара лы ғында 

Австралия жерінде өтетін вело 

спорттан әлем чем-

пионатына Қазақстан құ 

рамасының атынан алты 

спортшы аттанды. Олардың төртеуі ерлер болса, екеуі 

– әйел дер. Ерлер арасындағы жарысқа Асан Базаев, 

Дмитрий Фофонов, Александр Дьяченко және Максим 

Иглинский қатысатын болса, әйелдер арасындағы 

сынға Елена Антонова мен Наталья Стефанская түседі. 

Бұлардан басқа, Австралияға жастар құрамасы да жол 

жүрді. Айта кетейік, командалық жарыс қа барлық 

спортшымыздың қатысуына құқық 

тары бар. Ал 

жекелей сында Қазақстан құ ра масы үшін екі квота 

бөлініпті. Әзірге Қазақстан атынан жекелей сынға 

нақты қай велошабан доздың додаға түсетіні белгісіз. 

Дегенмен мамандар «Дмитрий Фофонов пен 

Александр Дьяченкоға үміт артылуы мүмкін» дегенді 

айтады. Бір қызығы, бұл жолғы әлем чем пионаты 

жерлесіміз Александр Вино куровсыз өтеді. Талай жыл 

ұлттық құрама 

мыздың капитаны болған саңлақ 

Қытайда өтетін жазғы Азия ойындарында жоғары 

жетістікке жету үшін әлем біріншілігінен бас тартқан 

екен.


Осыдан біраз бұрын сіздердің газеттеріңізден велоспорттан әлем чемпионатының қашан, қай 

елде өтетінін білген едім. Ендігі білгім келгені, бұл біріншілікке Қазақстан атынан қай велошабандоз 

қатысады?

Зарина ҮМБЕТОВА, Талғар қаласы

ШАҢҒЫМЕН ТҰҒЫРДАН СЕКІРУ



Тамаша тұғырдың тұсауын кестік

Еуропа мен Азияның 13 мемлекетінің 

47 спортшысы арасында өткен халық-

аралық бәсеке алдында қазақстандықтар 

жаңа спорттық кешенмен танысып, осы 

иммараттың ашылу салтанатының куәсі 

болды. Шаңғымен тұғырдан секіру спорты-

на арналып салынған стадионның іші кө-

рермендерге лық толды. Жинал ған дардың 

басым көпшілігі – өрімдей жастар. Олар әр 

жерден еліміздің көк байрағын желбіретіп, 

әсем стадионның одан әрі көркін ашып, 

жандандырып жіберді. Көрікті стадион өз 

салтанатымен көпшілік көңілінен шықты. 

Бірден айтайық, өз бағамызды берер 

болсақ, стадион тамаша! Шынымен-ақ 

«теңдессіз» деуге тұрарлықтай. Тек «сырты 

бүтін, іші түтін» болып жүрмесе болғаны. 

ҚР ұлттық олимпиадалық комитетінің 

вице-президенті, Алматы қаласы әкімінің 

Азия ойындары жөніндегі кеңесшісі Павел 

Новиковтың айтқанындай, «атына заты сай 

болса» деп тілейміз. Яғни құрылыс 

материалдарының бәрі сапалы болып, 

халық игілігіне ұзақ қызмет етсін дейік. 

Журналистердің бәрі «шетелдегілерден 

жақсы» деп тамсандық. Өз басым Ванкувер 

Олимпиадасындағы шаңғымен тұғырдан 

секіру кешенінде болып едім. Дәл сол 

қысқы Олимпиада ойындары өткен спорт-

тық кешеннің өзі Алматыдағыдай емес. 

Алматыдағы спорттық кешеннің тұғырлары 

да жаңа, көзге тартымды, спорттық ны-

сандары да  көрнекті, әсем. Әсіресе тұғыр-

 дың алдыңғы бөлігіне айнала салынған 

трибуналары тәп-тәуір екен. Тек төмендегі 

спортшылар жерге қонақтайтын алаң мен 

микс-аймаққа арналған орын 

дары ау-

мақты емес демесек. Бірақ оны да ың-

ғайластыруға болатын шығар. Мәселен, 

журналистер көп болса, микс-аймақты 

басқа кең жерге ауыстырса.

Осы тамаша спорттық кешеннің ашылу 

салтанатына Алматы қаласының әкімі 

Ахметжан Есімов келіп, сөз сөйледі. Азия 

ойындарының маңыздылығы мен осындай 

спорттық кешендердің салынуына септігі 

тигендігін баса айтып, құрылысшыларға 

көпшілік атынан алғыс жолдады. Елба-

сымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салауатты 

өмір салтына айрықша көңіл бөліп отыр-

ғандығына тоқталып, осы стадионның 

спортпен айналысушылар санын арттыра 

түсуге өз үлесін қосатындығын қалай-

Нұрғазы САСАЕВ

Қазақ жерінде 

өтетін VIІ қысқы Азия 

ойындарына арналып 

салынып жатқан 

спорттық кешендердің 

бірі сынақтан өтті. 

Өткен демалыс күндері 

Алматыда алғаш рет 

шаңғымен тұғырдан 

секіру спортынан Құрлық 

кубогы ұйымдастырылды.

тындығын сездірді. Бұдан соң еліміздің 

Әнұраны қалықтап, Алатау бөктерін исі 

қазақтың тұла бойы шымырлап айтар әні 

кернеп кетті. Осыдан кейін ән-шашуға 

кезек беріліп, жастардың көңілдері 

көтеріліп қалды.

Енді Құрлық кубогы қорытындысына 

тоқталар болсақ, екі күнгі сайыста да поляк 

Камил Штохтың бағы жанды. Ол К-95 

тұғырында да, К-125 тұғырында да топ 

жарып, жеңімпаз атанды. «Кіші» тұғырда 

екінші орынды болгар жігіті Владимир 

Зографски еншілесе, үшінші орынды поляк 

спортшысы Лукас Рутковский иеленді. Ал 

«үлкен» тұғырда әйгілі чех қыраны Якуб 

Янда екінші орынға ие болып, Владимир 

Зографски үздік үштікті тұйықтады. Осы екі 

сайыста да Қазақстан спортшылары ішінен 

ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізген Радик 

Жапаров болды. Ол К-95 тұғырында 

6-орыннан көріне білсе, К-125 тұғырында 

12-орынға ие болды. Естеріңізге сала 

кетейік, соңғы жылдары Қазақстан құ-

рамасының бапкерлері мен Радик Жапаров 

арасында түсініспеушілік орын алып, бұл 

спортшы құрама сапына алынбай жүрген-

ді. Соның кесірінен тіпті Ванкувер Олим-

пиадасына қатыса алмаған. Ал осы Олим-

пиада ойындарында көңілге қонымды 

нәтиже көрсете алмаған Алексей Корлев 

пен Николай Карпенко Алматыда да 

өзгелерге үлгі боларлықтай нәтиже көрсете 

алмады. Жарайсың, Радик! Ұлттық құрама 

сапына қайта оралуыңа тілектеспіз.

Алдымен 85 келі салмақ дәрежесінде 

өнер көрсеткен Владимир Кузнецовтан 

бастайық. Өткен жылы Оңтүстік Кореяда 

өткен әлем чемпионатында 376 (170+206) 

келіні басынан асырған жерлесіміз бұл 

жолы жұлқа көтеруде 160 келіні басынан 

асыруға қанша тырысса да, зілтемірді 

еркіне бағындыра алмай дал болды. 

Сөйтіп, жұлқа көтере алмаған Кузнецов 

серпе көтеру жаттығуына шығу құқынан 

айырылды.

Өткен жылғы әлем чемпионы Владимир 

Седов та Кузнецовтың кебін киюге шақ 

қалды. Алайда, абырой болғанда, жұлқа 

және серпе көтеру жаттығуларындағы бір-

бір мүмкіндіктерін пайдалана алған Володя 

180 және 210 келімен 6-орынға табан 

тіреді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 

осыдан бір жарым ай бұрын өткен 

Қазақстан чемпионатында жерлесіміз 

жұлқа көтеруде 191, серпе көтеруде 222 

келілік зілтемірді басынан асырып, 413 

ұпай жинаған болатын. Әлем чемпио-

натында да сол көрсеткішін қайталағанда, 

теңдессіз жеңімпаз атанып, ресейлік 

Александр Ивановты 10 келіге артта қал-

дырар еді. Бірақ, амал нешік, бұл жолы 

Седовтың бабы да келіспеді, бағы да 

шаппады. Сондай-ақ осы салмақта өнер 

көрсеткен тағы бір жерлесіміз Алмас 

Өтешев те Қазақстан чемпионатында 

көрсеткен көрсеткішін қайталай алмады.

Басқа спортшыларымыздың нәтиже-

леріне келер болсақ, 105 келіде бақ сы-

наған Сергей Истомин қос жаттығудың 

қорытындысы бойынша 397 келіні 

бағындырып, 6-орынға ие болса, дәл осы 

салмақта Игорь Ващанов 16-орынға 

тұрақтады. Бұларға қарағанда, аса ауыр 

сал 

мақта өнер көрсеткен аруымыз 



Александра Аборневаның көрсеткіші 

тәуірірек. Қос жаттығудың қорытын 

ды-

сында 260 келіні еңсерген ол 5-орынға 



орналасты.

Түркияның Анталия 

қаласында аяқталған әлем 

чемпионатының соңғы күндері 

қазақстандық толағайлар 

үшін сәтті бола қоймады. 

Алтыннан алқа тағынады 

деп сенген Владимир Седов 

алғашқы алтылыққа әзер 

ілікті. Ал тағы бір мақтаулы 

толағайымыз Алмас Өтешев 

20-орынды қанағат қылды. 

Сондай-ақ басқа да ауыр 

атлеттеріміздің көрсеткіштері 

көңіл қуантарлықтай емес.

ҚОС ЖАТТЫҒУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 

(жалпыкомандалық бейресми есеп)

Орын

Мемлекет

Алтын

Күміс

Қола

Барлығы

1

Қытай



4

5

2



11

2

Ресей



3

3

2



8

3-4


Қазақстан

2

0



0

2

3-4



Польша

2

0



0

2

6



С. Корея

1

0



2

3

7



Армения

1

0



1

2

8-9



Белоруссия

0

1



1

2

8-9



Румыния

0

1



1

2

10



Украина

0

1



0

1

11-13 Египет



0

0

1



1

11-13 О. Корея

0

0

1



1

11-13 Доминикан

0

0

1



1

Әлем біріншілігінде еліміздің намысын 

Анна Альябаева, Марина Петракова, 

Мәдина Мұқанова, Мизана Исмаилова, 

Динара Серікбаева, Валерия Даниленко, 

Виктория Седанюк, Әлия Тілеубаева, Ақ-

бота Қалымжанова және Дарья Шевченко 

сынды Әлия Юсупованың ізбасарлары 

қорғады. Алғашқы төртеуі жекелей сында 

өнер көрсетсе, қалғандары командалық 

сынға қатысты.

Айта кетейік, осылардың ішінде Анна 

Альябаеваның өнер көрсетуі мамандардың 

жоғарғы бағасын алды. Әлиядан кейін 

көшбасшылық міндетті өз мойнына артқан 

Анна көпсайыстың нәтижесі бойынша 

7-орынға ие болды. Бұл сында жерлесіміз 

әлемнің ең мықты көркем гимнасшыларына 

ғана жол берді. Ал Марина Петракова 

көпсайыста 20-орынға ие болса, 

командалық сында аруларымыз 21-

орыннан көрінді.



 Әзиз ЖҰМАДІЛ

Өзбекстан астанасына 11 елдің арулары 

жиналды. Олардың арасында Қазақстан 

қыздары да бар. Жанат Нұртазина 

жаттықтыратын қыздарымыз Ташкент 

татамиінен әупірімдеп жүріп бір күміс және 

бір қола жүлдеге қол жеткізді. 78 келіден 

жоғары салмақта бақ сынаған Зарина 

Абдурасилова күміспен күптелді. Ол 

финалда оңтүстіккореялық Ен На Кимнен 

жеңіліп қалды. Сонымен қатар 70 келі 

салмақта күрескен Жанар Жанұзынова 

қола медаль еншіледі. Ал үш қызымыз 

қолда тұрған қола медальдан айырылып 

қалып, шешуші белдесуде жеңіліске 

ұшырады. Олар – Александра Подрядова 

(48 келі), Линара Мингазова (52 келі), 

Алина Тен (57 келі). 



Телжан КҮДЕРОВ

Ташкенттен – 

екі медаль

ТА

ТАМИДЕ



Дзюдодан Алматыда өткен 

әлем кубогы турнирімен 

тұспа-тұс Ташкентте әйелдер 

арасында дәл осындай 

белдесулер өтті. 

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то

)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№166 (392) 28.09.2010 жыл, сейсенбі                



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

ДУМАН

№166 (392) 28.09.2010 жыл, сейсенбі                



www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

К

е



зекшi  ред

ак

тор – Ж



арқын ЖҰМАДІЛОВ

Республикалық

қоғамдық-саяси 

ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ 

Бас ред


ак

тордың бiрiншi орынб

ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН 

Бас ред


ак

тордың орынб

ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


а

уапты х


а

тшы


Талға

т КIРШIБ


АЕВ  – 

ж

а



уапты х

а

тшының орынб



ас

ары


Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

то

р



Күләш НАҚЫПОВ

А – 


аға к

оррек


тор, т

е

л.: 



388-80-76

Га

зе



т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

а

т  


минис

трлiгiнде тiрк

е

лiп, бұқар



алық ақпар

а

т құр



алын есепк

е қою 


ту

р

алы №9650-Г  к



уәлiгi берiлг

ен.


Р

е

д



акция авт

орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

а

уап 



бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



е

гль) ас


а

тын ма


териалд

ар 


қабылд

анб


айды.

«Алаш айнасынд

а» ж

арияланған ма



териалд

ар мен с


уре

тт

ердi 



көшiрiп немесе өңдеп б

а

су



 үшiн ред

акцияның ж

азб

аша рұқс


а

ты 


алынып, г

а

зе



тк

е сiлт


еме ж

а

салуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Та

р



а

ту

 қызме



тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8

 (727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1030

А

ст



ана  қаласы «

А

ст



ана-По

лигр


афия»,

Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т



ел.: 

8

 (7172) 37-05-59

Тапсырыс – №1384

Шымк


ент қаласы «Оңтүс

тiк по


лигр

афия» б


аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 

8

 (7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №9203 

 

 



 

   


Бағасы  к

е

лiсiмдi



Таралымы – 10 000 дана

Га

зе



т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

й

на



сы» г

аз

ет



е ж


аз

ы

лу



 и

нд

екс



i: 6

42

59



Ре

да

кц



и

ян

ы



ң ме

ке

нж



ай

ы



А

лм

ат



ы

 қ

ал



ас

ы

,05



0

0

51



, Б

ег

ал



и

н кө


ш

ес

і, 1



4

8/

1 А



Те

ле

ф



он

8(



7

2

7

)3

8

8-8

0

-6

0, ф

акс


8(

7

2

7

)3

8

8-8

0

-6

1

e-

m



ail

inf



o

@

a

lashainas

y.

kz

БҮГІН:

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау

 – Нарғыз ҒАБДУ

ЛЛИНА, т

ел.: 8702 5876587

Қар

ағанды – Серiк САҒЫНТ



АЙ, т

ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т,

 т



ел.: 8777 7054466

Өск


емен – Елмейір А

ХМЕД, т


ел.: 8777 5797090

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Ср

Бс



Жм

Сб

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

ҚЫРКҮЙЕК

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

28

29



30

Бөлiм редакторлары:

Құб


аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с


аяси бюро, т

е

л.: 



388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

е

л.: 


388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

е

л.:


 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т,

 т

е



л.: 

388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

е

л.: 



388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


е

л.: 


388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

е

л.: 



388-80-62

Алаштың атаулы күні

1897 жылы қазақтың әйгілі жазушысы, драматург, ғалым Мұхтар 

Омарханұлы Әуезов дүниеге келді. 

Атом саласы қызметкерлерінің күні. Қазақстан Республикасының 

2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы 

мерекелер туралы» Заңының 4-бабына сәйкес бекітілді. 1942 жылы 

нақ осы күні КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитеті «Уран бойынша 

жұмыстарды ұйымдастыру туралы» жарлық шығарды және Ғылым 

академиясы жанында арнайы атом ядросы зертханасын құруды 

мақұлдады.

Бүкіләлемдік жүрек күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен 

Дүниежүзілік жүрек федерациясы бұл күнді әлемнің 100-ден астам 

елінде жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуды ескерту 

шараларымен атап өтеді. Оның ішінде бұқаралық лекциялар, қойы-

лымдар, ғылыми форумдар, көрмелер, концерттер, фестивальдер 

мен спорт жарыстары Қазақстанда да ұйымдастырылады.

Құтыру ауруына қарсы күрестің бүкіләлемдік күні. Құтыру ауруымен 

күрес жөніндегі (ARC) қайырымдылық ұйымы мен Аурулармен 

күрес және аурулардың алдын алу орталығының (CDC) ұсынысымен 

өткізіледі. 

2001 жылы Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың медициналық кластер 

құру туралы бастамасы негізінде салынған Республикалық 

клиникалық аурухана салтанатты түрде ашылды. 

2005 жылы Цюрих қаласында Қазақстан-Швейцария қауымдастығы 

салтанатты түрде ашылды.

Туған күн иелері

Жабаға Тәкібаев (1919) – физика-математика ғылымдарының 

докторы, профессор, академик;



Шерхан Мұртаза (1932) – Қазақстанның Халық жазушысы;

Герой Жолтаев

 (1940) – геология-минералогия ғылымдарының докторы, 

профессор, академик;

Жетпісбай Дүйсембеков (1947) – экономика ғылымының докторы, 

профессор, академик;



Қайрат Ищанов

 (1950) – ҚР Парламенті Сенатының қаржы және бюджет 

жөніндегі комитетінің төрағасы;

Қайрат Бөкенов (1952) – «Республика» жинақтаушы зейнетақы қоры 

директорлар кеңесінің төрағасы;



Нұртас Наурызбаев (1952) – Қазақстанның патриоттар партиясы орталық 

комитетінің жетекшісі, полковник;



Төлеген Хамитов (1956) – Қарағанды облыстық мемлекеттік санитарлық-

эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы;



Еркеғали Есенжолов

 (1960) – «Астанастройэнерго» ЖШС директоры, 

«Құрмет» орденінің иегері;

Серік Естай (1967) – «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры;

Еркін Ахынжанов (1968) – ЕҚЫҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілінің 

орынбасары;



Талғат Әбдіжаппаров (1969) – Алматы қалалық мәслихатының депутаты;

Саят  Нұрахметов (1976) – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы 

басқарма төрағасының даму және қаржы бойынша орынбасары;



Құрманғазы Жанұзақов (1982) – Tengri FM радиосының жаңалықтар 

жүргізушісі.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

ШЕРХАН – хинди тілінде «шер» сөзі «аң патшасы» дегенді 

білдіреді. Ежелгі халық сәбиге бұл есімді аңның тектісі – 

арыстан мен жолбарыстай қайратты болсын деген ниетпен 

қоятын болған. Сондай-ақ бұл ныспы «бала аса құрметті, 

елге сыйлы азамат болып өссін» деген тілекті меңзейді. 

Шерхан есімі кейінгі кездері атақты қазақ жазушысының 

болмысына тәнті болу сезімімен қойылады. 

Шығуы 

 

        Ұзақтығы 

 

          Батуы

 06:41  

 

            12.06 

 

           18:47    

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ 

ТАРАЗЫ

Сізге бүгін кез келген ада м-

 

мен қарым-қатынаста аса 



мұқият болу қажет. Егер абай-

ламасаңыз,  дұшпа ны ңыздың 

қақпанына түсіп, досы 

ңызды 


жоғалтып алу қаупі бар. Есіңізде 

болсын, ешкімнен қол дау күтпей, 

өз бетіңізше әрекет еті ңіз.

САРЫШАЯН

Бұл күні сіздің шығарма-

шы лық шабытыңыз шарық тау 

шегінде болады. Осы сәт 

ті 

пайдаланып, біраз же тіс тік-



терге жетуге мүмкіндігіңіз мол. 

Көмекшілер керек емес, себебі 

олар алға жылжуға кө мек тесуден 

гөрі тек кедергі кел тіреді. 



МЕРГЕН

Сізді бүгін өте жақсы әрі 

жанға жағымды күн күтеді. 

Ал бұл – сіз кез келген алға 

қойған мақсаттарға еш қи-

нал май, оңай жетесіз деген сөз. 

Көп адам сіздің аса белсен 

ді-


лігіңізге, өзіңізге деген сенімді-

лікке негіз бар екенін түсінбейді. 



ТАУЕШКІ

Осы күні аяқ астынан шыға 

келетін көзге көрінбейтін 

қиындықтар алдын ала жа-

сал ған  жоспарларыңызды 

жүзеге асыруға кедергі келтіреді. 

Мақсатқа жету жолында жаңа 

әдіс іздеуге мәжбүрсіз. Сүйік-

тіңізге аса қатал болмаңыз.

СУҚҰЙҒЫШ

Осы сейсенбіде сіз көпте-

ген кедергілерге тап боласыз. 

Бірақ бәрінен бұрын сіз өз 

көңіл күйіңізді бірқалыпты ұстай 

алмайсыз. Бірде қуанышқа бө-

лен сеңіз, бірде мұңға батасыз. 

Дауасы сізге бір орында отырмай, 

көбірек қыдыру керек. 

БАЛЫҚТАР

Белсенділігіңіздің төмен 

болғанына қарамастан, жақ-

сы көңіл күйді сақтап қала-

сыз. Сондықтан, жалпы, бұл 

күніңіз сәтті өтеді. Алайда алыс 

жолса парға шығу сәтсіз болады. 

Бұл күнді достары ңыз дың ара-

сында өткізгеніңіз аб зал. 

ТОҚТЫ

Бүгін сіз бәріне де үлге-

ресіз. Жұмысыңызды тын-

ды ру мен қатар, өте керемет 

де маласыз. Тек асығыстық жа -

са ма ғаныңыз жөн. Сіздің бір-

неше мәселені бір мезетте 

шешуге деген талпынысыңыз  

барлық іске кедергісін келтіруі 

мүмкін. 


ТОРПАҚ

Бұл күн бастаған ісіңізді 

аяқтауға қолайлы болмақ. 

Әдеттегі үйреншікті істеріңізді 

және өмір сүру салтыңызды 

өзгертуге деген құлшынысыңыз 

зор болғанымен, қазірше оны 

кейінге қалдырыңыз. Бүгін бел-

сенділігіңіз жоғары. 

ЕГІЗДЕР

Сіз үшін бұл күн алдамшы 

оқиғаларға толы болуы ық-

ти мал. Сондықтан жаңа бас-

тамалар үшін қолайсыз әрі 

бұған сіздің мүмкіндігіңіз жеткі-

ліксіз болады. Алайда бүгін кө п-

ке созылған шиеленісті іс тер дің 

соңғы нүктесі қойыла ды.

ШАЯН

Бүгін сіздің назарыңызда 

болатын басты мәселе қар-

жы ға қатысты болады. Жұ-

мыс тағы жағдай ауа райындай 

құбылмалы болады. Оған қоса

сіздің де мүмкіндігіңіз шектеулі. 

Тез шешімін табуды талап ететін 

жағдай туындайды.

АРЫСТАН

Сіз алға қойған мақсаты-

ңыз ға жету үшін аз болса да  

күш салғыңыз келмейді. Жа-

сап қойған жоспарларыңыз-

ды да еш ойланбай өзгерте са-

ла 

сыз. Кәсіби қиындықтар 



ке  зінде  түзетілмеген  қателі-

гіңіздің салдарынан болады.



БИКЕШ

Бүгінгі күніңіз жұмыста 

та быс қа,  жетістіктерге  жете-

леп, ал жеке өміріңізде же-

ңіс ке жеткізеді. Жеке өміріңізде 

елеулі және жағымды өзгерістер 

орын алады. Тек зиянды әдет-

тер ден арылып, салауатты өмір 

салтын ұстаңыз.

Профессор лекция оқып тұр:

– Әй, Түгенбаев, сен неге ұйықтап отырсың?

– Ұйықтап отырған жоқпын, ағай.

– Онымен қоймай, сен өтірік айтады екенсің ғой. 

Кімге тартқансың өзі?

– Әрине, әке-шешеме!

–  Әке-шешең қайда жұмыс істейді?

– Әкімдікте. 

***

МАИ инспекторы жүргізушіні тоқтатып, ашулы 

түрде:

— Сен неге автобелдікті тақпағансың? — дейді 

зіркілдеп.

Жүргізуші:

— Неменеге зіркілдейсің, мен белдік тақпасам, 

қуанбайсың ба қайта?

***

Жындыханада  суға  тұншығып өлейiн деп жатқан 

жындыны жанындағы жынды кұтқарып қалыпты. 

Оны естіген дәрігерлер:

— Азамат екенсің. Сенi ертең бұл жерден 

шығарамыз, өйткені сен жазылдың. Бiрақ сен 

құтқарған адам асылып өлiп қалыпты десе,

жынды таңғалып:

– Қап-ай, ә, мен оны кепсiн деп iлiп қойған едім, — 

дептi.

Әзіл-шыны аралас



Газетіміздің №165 (391) санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН:

 

Cфера. Рай. Урду. Маяк. Изар. Тол. Кино. Ескі. Зорман. Абжад. Апта. Фәни. «Уайт». Бел. Но. Кета. Иран.



ТІГІНЕН: 

Афрасияб. Әуе. Жүн. Фруктоза. Иба. Ар. Ода. Дилер. Пули. Аруз. Смета. Арка. Айна. Үйір. Іні. Тон.



Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Астана бюросы:

Мек


енж

айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.:



 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

А

ст



ана бюросының ж

ет

екшiсi 



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Бүркiт НҰР

А

СЫЛ – тiлшi



Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

Эльвир

а ЕРКІНБЕК



ОВ

А – үйлес

тір

уші


Сыйлы

адам


Қайықтың

алдыңғы


жағындағы

қуыс


М.Горький

романы


Әлсіз

Жұмсақ


мата

Мұғалім


Жазылған

хат, жыр


Көздегі

май


Киім-

ілгіш


Найзағай

Құран сөз-

дерінің

түсіндірмесі



Теріс бата

Бала


Құран

сүресі


Бағалы

тас


Косметика-

лық зат


Алаша,

өрмектің


көлденең

жібі


Құрылыс-

тағы доға

Таңба,

белгі


Баға,

құн


Тибет

діндары


...

Мұратбаев

Бидегі

қадам


Су құсы

Түйенің


жота

майы


Сүт

Ораза


түрі

Атмос-


фера

Оң. Аме-


рика

бақасы


Топ,

сап


Кепкен

жеміс


...

Тоқомбаев

(қырғыз)

Скандина-

вия. халық

жиналысы


Люстра

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?



Швейцариялық ғалымдар мінсіз некенің алғышарттары қандай екенін 

анықтады. Зерттеушілердің пайымдауынша, бақытты ғұмыр кешуге 

лайық жарасымды жұп құру үшін ең бастысы – әйел адам ерінен бес 

жасқа кіші болуы қажет екен. Бұл туралы The Telegraph басылымы 

хабарлайды.

Ғалымдар құрастырған 

формула бойынша, отағасы-

ның әйелінен кемінде бес 

жасқа үлкен болуы – ұзақ та 

тату ғұмыр кешудің басты 

кепілі. Мінсіз некенің екінші 

шарты – ортақ әлеуметтік 

орта. Ері мен зайыбының ой-

өресінің биіктігі де бақытты 

некеге себеп бола алатын 

көрінеді. 

Отбасылық қарым-қаты-

настарды зерттеумен айна-

лысатын ғалымдар некенің 

ұзақ сақта 

луы үшін әйел 

адам 


ның ақылды да, са-

бырлы болуы қажеттігін баса 

ескертеді.

Некеде бақытты болудың 

құпиясы ашылды

Бразилияның 29 жастағы тұрғыны басында пышақ 

сынығы бар екенін үш жыл бойы білмеген. 10 см болатын 

өткір металл медициналық тексеру кезінде кездейсоқ 

анықталды.

«Комсомольская пра в-

да» газетінің мәліметінше, 

Эдельсон Наскименто 

есімді тұрғын дәрігерлерге 

басы қатты ауыратынын 

айтып шағымданған. Па-

ц иенттің басын рентгенге 

түсіру кезінде оның бас 

сүйегінде бөгде заттың 

бары белгілі болды. Нас-

киментоның айтуынша, 

пышақ оның басына үш 

жыл бұрын болған төбе-

лес кезінде кіріп кеткенге 

ұқсайды. Оны қарсыласы 

шүйдесінен қатты нәрсемен ұрған. Үйіне келіп, жарасын таңып 

алған Наскименто басына пышақ сынығы кіргенін сезбепті. Бірақ 

арада үш жыл өткеннен кейін басы жиі ауыратынды шығарған. 

Дәрігерлер бірнеше сағат операция жасап, оның басындағы ме-

талл сынығын алып тастады.

Басындағы пышақпен 

үш жыл жүрген

«Алаш айнасы» газетінің ұжымы меншікті тілшілер қосынының редакторы, әріптесіміз 

Дархан Бейсенбекұлына әкесі 

БЕЙСЕНБЕКТІҢ

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.



Document Outline

  • 1.pdf
  • 2.pdf
  • 3.pdf
  • 4.pdf
  • 5.pdf
  • 6.pdf
  • 7.pdf
  • 8.pdf


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет