Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


АБАЙДЫҢ ШУМАҚСЫЗ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет20/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38

АБАЙДЫҢ ШУМАҚСЫЗ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ 

СИНТАКСИСІ

Абайдың  осы  күнгі  кітаптарында  шумақтарға  тарамдал-

май берілген өлеңдері екі топқа бөлінеді, бірі – таза шумақсыз 

(астрофикалық)  шығармалар  да,  екіншісі  –  шумақ  ныша-

ны  бар  өлеңдер.  Соңғыларға  біз  төрт  жолы  өз  алдына  жеке 

шумақ түзеп, ааба болып басталып, әрі қарай тармақ аралата 



а  ұйқасымен  кететін  өлеңдерді  жатқыздық.  Сондықтан  бұл 

топтың синтаксисін бөлек сөз етеміз.

Таза  астрофикалық  өлеңдерге  келсек,  бұларда  екі  нәрсе 

көзге  түседі.  Бірі  –  бұл  топтағы  өлеңдердің  барлығы  тек  7-8 

буынды  жыр  ағымымен  жазылғандар  екендігі,  екіншісі  – 

бұлардың дені төл өлеңдер екендігі, аударма өлеңдерінен тек 

екі-ақ шығармасы (онда да Крыловтан аударылған мысалдар) 

шумақсыз етіп берілген.

Шумақсыз  өлеңдердің  синтаксистік  құрылысында  Абай 

өлеңдері үшін ұйқастық рөлі айрықша. Ұйқас суретінің ең кіші 

синтаксистік единицаларды (сөйлемдерді) ұйымдастыруда да, 

тирада сияқты ең ірі өлеңдік шоғырды құрауда да үлкен мәні 

бар. Сондықтан Абайдың шумақсыз өлеңдерін ұйқас суретіне 

қарай екі топқа бөлуге болады. Алдыңғы топқа кезекті ұйқас- 

пен жазылған, яғни өлеңнің бір (кейде екі) жол тастап ұйқас- 

қан  түрлері  жатады,  екіншіге  ерікті  ұйқаспен  жазылғандары 

кіреді.

Әдетте, бір жол тастап, екіншісінде ұйқаспен бітіп отыра-



тын  қос  тармақ  синтаксисі  жағынан  біршама  аяқталған  еди-

ница  (сөйлем)  болатындығы  мәлім.  Бірақ  бұлардың  белгілі  

бір  аяқталған  ойды  білдірудегі  автономиялығы  өте  әлсіз:  екі 

(кейде үш) тармақ жеке тұрып күрделі синтаксистік тұтастық 

сияқты дербестік жасай алмайды.

Шумақсыз  өлеңдерде  де  синтаксистік  тұтастық  болады,  

бірақ  олардың  жасалу  принципі,  сөз  жоқ,  өзгеше.  Егер  шу- 

мақты  өлеңде  жолдарды  күрделі  синтаксистік  тұтастық  етіп 

ұйымдастыруға шумақ шарттары қатысатын болса, мұнда олар 

жоқ. Оның есесіне, жоғарыда айтқандай, шумақсыз өлеңдерде 

ұйқас суретінің рөлі айрықша көзге түседі.


310

Сонымен  қатар  астрофикалық  өлеңдерде  де  тармақтарды 

күрделі  синтаксистік  тұтастыққа  ұйымдастыратын  нәрселер 

– мағыналас сөйлемдердің қатарласа берілуі, идея ортақтығы, 

субъект  бірлігі  сияқты  амалдар.  Айырмашылық:  шумақты 

өлеңдерде әрдайым дерлік: синтаксистік тұтастық шегін шумақ 

танытады:  шумақ  аяқталған  жерде  синтаксистік  тұтастық  та 

аяқталған  болады.  Ал  шумақсыз  дүниелерде  синтаксистік 

тұтастықтың  шегін  мағына,  идея  (ой),  субъект  бірлігімен 

қатар,  кейде  ұйқас  суреті  белгілейді.  Мысалы,  «Ғылым  тап-

пай мақтанба» өлеңінің алғашқы төрт тармағы бір тұтастыққа 

топталған:

Ғылым таппай мақтанба, 

Орын таппай баптанба,

 Құмарланып шаттанба 

Ойнап босқа күлуге (I, 44).

Осы төрт жол – бір синтаксистік тұтастық, бұларды бірік- 

тіріп  тұрған  –  мағыналастық,  субъект  ортақтығы  және  ұйқас 

бірлігі. Келесі 11 жол бір ұйқаста, олар да – синтаксистік бір 

тұтас дүние. Бірақ, әрине, ұйқас бірлігі әрдайым синтаксистік 

тұтастық  құрай  бермейді.  Абайдың  астрофикалық  шығар- 

маларында  ұйқас  бірлігі  көбінесе  композициялық  қажеттікті 

де өтейді, яғни өлеңді тематикалық-композициялық бөліктерге 

бөлетін  амал  ретінде  жұмсалады.  Мұндай  бөліктерді  орыс 

филологиясында абзац деп атайды. Біз мұны қазақша шоғыр 

деп  атасақ  дейміз.  7-8  буынмен  айтылған  эпостық  жырлар 

мен  толғау  ретіндегі  лирикалық  шығармалардағы  мағына, 

тақырып,  интонация  және  ұйқас  бірлігі  жағынан  топтасқан 

тармақтар шоғырын тирада деп те атайды

110


. Тирада – шумақ 

тәрізді,  өлеңдік  категория,  ол  –  тематикалық-интонациялық 

құралымның көрінісі. Абзац та (шоғыр да) өлең құрылымының 

элементі, ол – композициялық единица. Бір шоғырдың бір ғана 

синтаксистік тұтастық болуы – шарт емес, кейде бір шоғырда 

бірнеше синтаксистік тұтастық болуы мүмкін. Мысалы, «Бо-

лыс  болдым,  мінеки»  деп  басталатын  «Күлембайға»  деген 

өлең  7  шоғырдан  тұрады.  Әр  шоғырдың  ұйқасы  бөлек,  яғни 

әр  шоғырдағы  тармақтар  бір  ұйқаспен  топтастырылған  және 

110


 Ахметов З. Көрсетілген еңбек. 365-б.

311

әрқайсысы бір тақырыпты білдіреді: бірінші шоғыр (14 жол-

дан  тұрады,  ұйқасы:  шығындап  –  тығындап  –  мығымдап...) 

бар малын шығындап болыс болған Күлембайдың ояз бар десе 

жүрегі  лүпілдейтін,  күштілерге  бас  изеп,  әлсіздің  сөзін  шала 

тыңдайтын жалпы портретін береді; екінші шоғырда (18 жол, 

ұйқасы: лепілдеп – дүпілдеп – күпілдеп...) сол болыстың келесі 

жолғы  болатын  съезді  естіген  кездегі  күй-әрекеті;  үшіншіде 

(28 жол, ұйқасы: елімді – белімді – сенімді...) съезд кезіндегі 

іс-әрекеті, төртіншіде (24 жол, ұйқасы: далпылдап – жалпыл-



дап...) съезд болар алдындағы өзінің амал-әрекетін башайлап 

суреттеу, бесінші шоғырда (20 жол) болыстың өзіне өзі айтқан 

сыны (өзіне-өзінің жасаған сипаттамасы), алтыншыда (32 жол) 

болыстың  өзіне  өзі  айтқан  ақыл-ескертуі,  жетінші  шоғырда 

(12 жол) болыстың өз іс-әрекетінің нәтижесін өзі топшылауы 

берілген. Демек, әрқайсысы бір-бірінен айтарлықтай ажыраты-

латын жеке-жеке ойды береді. Бір шоғырдағы сөйлемдер бай-

ланысы шумақтағыдай емес, біраз өзгеше. Ең алдымен, жеке 

сөйлемдерді шоғырға топтастыратын – мағына жақындығы мен 

субъект  ортақтығы.  Шумақтағыдай  емес,  шоғырда  көбінесе 

әрбір екі (кейде үш-төрт) тармақ тиянақты бір сөйлем болады 

да әрі мазмұны, әрі құрылымы жағынан бір-біріне ұқсас келеді. 

Мысалы:

1) Күштілерім сөз айтса,



Бас изеймін шыбындап.

2) Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап.

3) Сияз бар десе жүрегім



Орнықпайды суылдап.

4) Сыртқыларға сыр бермей,

Құр күлемін жымыңдап... (I, 79).

Мұндайда  жеке  сөйлемдерден  құралған  тармақтарды  бір- 

бірімен  тұтастыратын  элементтің  бірі  –  ұйқастырылған  сөз- 

дердің  морфологиялық  тұлғасы  жағынан  бірдей  болатынды- 

ғы.  Мысалы,  осы  өлеңнің  5-бөлігі  ашық  райдағы  етістік 

тұлғаларын ұйқастырып жасалған:

Антұрғанмын өзім де, 

Бір мінезбен өтпеймін.

Момындық күшті екенін 


312

Көрсем дағы күтпеймін.

Сияздан соң елімді 

Қысып алып кетпеймін.

Әуелде к... бос кәпір 

Мықтыға неғып беттеймін...

Абай бір шоғыр ішінде берген синтаксистік тұтастықты тек 

тұлғалық бірдейлік арқылы ғана емес, мағыналық-экспрессивтік 

жағынан  біркелкі  етіп  беру  арқылы  да  жасайды.  Мысалы, 

болыстың іс-әрекетін суреттейтін абзацтарда көсемшенің -ып 

жұрнақты  түрімен  біркелкі  етіп  ұйқастырылған  етістіктер  – 

қарапайым емес, жағымсыз мағынадағы бейнелеу мәні бар об-

разды сөздер:

Күн батқанша шабамын

Әрлі-берлі далпылдап.

Етек кеткен жайылып

Ат к... жалпылдап. 

Оязға жетсін деген боп,

Боқтап жүрмін барқылдап...

Әрі қарай бұл бөлік аяғына дейін бартылдап, шаңқылдап, 



алқылдап, тарқылдап, қарқылдап, сартылдап, аңқылдап, жар- 

қылдап, шартылдап, тарпылдап болып ұйқасады.

Әрине, Абай шоғырларының бәрі осылайша тек бірдей тұл- 

ғалардың  ұйқасуы  арқылы  жасалмағаны  мәлім.  Тегі,  морфо- 

логиялық  бірдей  тұлғаларды  ұйқастыру  етістік  ұйқасқан 

сәттерде жүзеге асады. Және Абай етістіктің әр алуан тұлғасын 

алып, әрқайсысын бір суретке (абзацқа) қолдануды да жүзеге 

асырған.  Мысалы,  «Жаз»  өлеңінде  екі-ақ  ұйқас  бар:  біреуі 

–  өткен  шақ  есімшенің жатыс  жалғаулы  түрі,  екіншісі –  -ып 

жұрнақты  көсемше.  Алдыңғы  ұйқаспен  алғашқы  бес  жол 

тұтасқан:

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда...

Бұл  тұлғамен  ақын  тұтас  өлеңде  айтылмақ  іс-әрекет,  оқи- 

ғаның  қайда,  қашан  болатынын  баяндайтын  шоғырды  берсе, 


313

әрі  қарай  сол  іс-әрекет,  оқиғаның  қайсысы,  қайтіп  болаты-

нын -ып жұрнақты көсемшелерді ұйқастырып береді. Сөйтіп, 

етістіктің -ғанда тұлғасы кіріспе, бастама бөлікті беруге, -ып 

тұлғасы оқиғаның өзін баяндауға қолданылады. Тағы бір мы-

сал «Интернатта оқып жүр» өлеңі де ұйқас суреті мен компо-

зициясы  жағынан  екі  шоғырға  бөлінеді,  біріншісінде  –  есім 

ұйқас  (көбінесе  III  жақтағы  тәуелдік  жалғаулы  зат  есім),  ал 

екіншісінде  –  барыс  жалғаулығы    тұлғалы  етістік  ұйқас. 

Алғашқы шоғыр интернатта оқып жүрген қазақ балаларының 

сипаттамасы  болса,  екіншісі  сол  балаларға  автордың  айтар 

ақылына арналған. Демек, ұйқас бірлігі шоғырларды құрап тұр 

да ол шоғырлар өлеңді композициялық жіктерге бөліп тұр.

Шумақсыз өлеңдерде дәлме-дәл параллелизмдер кемде-кем 

болады. Сөйлемдер бірдей тұлғадағы ұйқастармен берілгенмен, 

олар  шумақты  өлеңдердегі  «алыстан  сермеп,  жүректен  тер-

беп» дегендей тұлғасы дәлме-дәл түсетін параллельдер болып 

шықпайды. Шумақсыз өлеңдердегі параллельдерді мағыналық 

деп  атауға  болар  еді,  өйткені  екі-үш  жолдан  қамтитын  әр 

сөйлем мағынасы жағынан біркелкі болып келеді:

1) Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

2) Военный қызмет іздеме,

Оқалы киім киюге.

1) Қызмет қылма оязға,

2) Жанбай жатып сөнуге...

1) Үйде отырса салбырап,

2) Түзге шықса албырап...

1) Кісіні көрсе қылжаңдап,

2) Қалжыңшылсып ыржаңдап...

1) Өз үйінде қипаңдап,

2) Кісі үйінде күй таңдап...

Бұлардың барлығының мазмұны біркелкі: ақыл, үгіт. Демек, 

бұл сөйлемдер – мағынасы жағынан бір-біріне параллель.

Сондықтан шоғырларға топтастырылған сөйлемдерді син- 

таксистік  тұтастық  дегеннен  гөрі,  мағыналық  тұтастық  

деген  атау  дәлірек  болар  еді.  Дегенмен  сөйлемдерді  біркелкі 

етіп  құрастыру,  кейде  бір  сөзді  қайталап  келтіру,  модальдық 


314

реңктің  бірлігін  сақтау  тәрізді  амалдар  шоғырға  топтасқан 

сөйлемдер  байланысында  да  болады.  Бірақ  жеке-жеке 

шоғырларға  бөлінбей,  бір  ғана  бөліктен  тұратын  тұтас  бір 

өлеңді  немесе  тармақ  саны  едәуір  мол  шоғырларды  бір  ғана 

синтаксистік  тұтастық  деп  табу  қиын.  Тіпті  кейде  идея, 

тақырып  біреу  болғанмен,  бұларда  синтаксистік  құралымы 

жағынан өз ішінен тағы бөлінетін сәттері байқалады. Мысалы, 

«Ішім өлген, сыртым сау» өлеңінің ұйқасы да – біреу, негізгі 

тақырыбы да – біреу, тіпті модальдық реңкі де бастан-аяқ тұтас. 

Бірақ өлең тармағы едәуір мол: 28 жол. Біздіңше, бұл өлең өз 

ішінен  абзацтарға  бөлінбейді,  яғни  бір-ақ  шоғыр,  бір-ақ  үш 

синтаксистік  тұтастыққа  ажыратылады:  біріншісі  –  алғашқы 

4 жол, екіншісі – соңы 4 жолға дейінгі тармақтар, үшіншісі – 

аяққы 4 жол.

* * *


Сөйтіп,  Абайдың  шумақсыз  өлеңдерінің  көпшілігі  компо- 

зициялық бірнеше шоғырға бөлінеді. Ол шоғырларды жасауға 

қатысатын  басты  элемент  –  ұйқас.  Абай  мұрасын  біздің  за-

манымызда  бастырушылар  көбінесе  бұл  белгіні  дұрыс  та-

нып,  шоғырларды  бір-бірінен  айырып  көрсеткен.  Мысалы, 

Әбдірахманның  әйелі  Мағышқа  шығарып  берген  жоқтау  13 

бөлік  (шоғыр)  етіп,  әр  бөліктің  арасына  интервал  қойылып 

жазылған (1957, 190-193-беттерді қараңыз). Баласы өлген анаға 

шығарып берген жоқтау да сондай (195-бет). Ал кейбіреулері 

не  дұрыс  ажыратылмаған,  не  мүлде  ажыратылмаған.  «Болыс 

болдым,  мінеки»  деген  өлеңдегі  кейбір  шоғыр  аралық  ин-

тервалдар  дұрыс  емес  және  керек  жерлерге  кейде  интервал 

берілмеген. Біздің талдауымыз бойынша, бұл өлең 7 шоғырдан 

тұрады, I шоғыр кітапта дұрыс ажыратылған (79-бет), II шоғыр 

«Қайраттысып,  қамқорсып  Сайманымды  бүтіндеп»  (80-бет) 

деген  жолдан  бітеді,  III  шоғыр  «Қайтсін  байғұс  демейді,  Бір 

кептірмей  терімді»  (80-бет)  деген  жерден  аяқталуға  тиіс,  IV 

шоғыр кітапта дұрыс бөлінген (81-бет), V шоғыр «Жақсы ақыл 

деп  құп  деймін»  деген  тармақпен  тынуы  қажет,  VI  мен  VII 

шоғырлардың арасы кітапта дұрыс көрсетілген (82-бет).



315

Сондай-ақ осы принципті нық ұстасақ, бірқатар шумақсыз 

өлеңдердің  шоғырлануын  көрсетіп  жазуға  болады.  Мысалы, 

«Жылағанды тоқтатып» деп басталатын Мағыштың жоқтауын 

үшке  (I  шоғыр  «Қайтып  келіп  қонбайды»  деген  жерден,  II 

шоғыр «Артыңа қарап аһ ұрдым» деген жерден ажыратылуы 

керек), «Абыралыға» деген өлеңді де үшке бөліп жазған дұрыс 

болар еді.

Әрине,  Абайдың  шумақсыз  өлеңдерінің  күллісі  осылайша 

бөліктерден  құрылған  болып  келмейді.  Едәуір  өлеңі  (буын 

саны  жағынан  шағын,  қысқалары)  бір-ақ  шоғырдан  тұрады. 

Көңіл  аударатын  нәрсе:  мұндай  өлеңдердің  барлығы  да  – 

бір  ұйқастылар,  демек,  бұлар  жоғарғылардың  бір-бір  бөлігі 

тәрізді. Бір бөліктен тұратын шумақсыз өлеңдерінің көпшілігі 

(«Ішім  өлген,  сыртым  сау»,  «Тұл  бойың  ұят-ар  едің»,  «Осы 

қымыз қазаққа» «Сәулең болса кеудеңде» т.б.) кезек ұйқаспен 

жазылған,  оларда  көбінесе  екі  тармақ  дербес  бір  сөйлем  бо-

лып келеді. Тек бір өлеңі («Оспанға») шұбыртпалы ұйқаспен 

берілгендіктен,  16  жол  тұтасымен  бір  ғана  құрмалас  сөйлем 

етіп  құрылған.  Тегінде,  Абай  шұбыртпалы  ұйқасты  актив 

пайдаланбаған.  Сөз  жоқ,  мұндайда  өлеңнің  синтаксистік 

құрылымы  ауырлайды,  компоненттер  арасындағы  арасалмақ 

бұзылады. Бұл – қазақ поэзиясында ертеден келе жатқан, ауыз 

әдебиетінде едәуір етек алған тәсіл болғанмен, Абайдың оны 

бір-ақ жерде қолдануына, сірә, оның синтаксистік құрылымы 

да  себепкер  болған  болу  керек.  Өйткені  Абай  өлеңдерінің 

синтаксисі  дәл,  ықшам,  анық  конструкциялармен  құрылады, 

сондықтан  ауыз  әдебиеті  дәстүрімен  іліктесіп,  ертеден  келе 

жатқан бұл стандарт тәсілді Абай жазба әдебиетке лайық деп 

таппаса керек

111

 .

111



  Барлығы  10  жолдан  тұратын  «Балалық  өлді,  білдің  бе?»  өлеңінің  7  жолы 

бір-бірімен  ұйқас  құрылған,  бірақ  шұбыртпалы  ұйқасқа  құрылған  «Оспанға»-дан 

айырмасы бар: мұнда әрбір ұйқасқан жол – жеке сұраулы сөйлем, демек, 7 сөйлем 

бар, бұлардың тұтасуы – тек мағыналық мотивте. Сірә, бұл өлеңді және осы тәрізді 

бастан-аяқ  барлық  жолы  ұйқасатын  «Тоты  құс  түсті  көбелек»  өлеңін  шұбыртпалы 

ұйқастыларға қосуға болмайды. Бұлардағы ұйқастық тұтастығы «кездейсоқ», мұны 

ақын,  тегі,  абаб  ұйқасына  құрған,  ал  а  мен  б  тармақтарының  ұйқасып  кетуі  -ман 

жұрнақты етістіктен жасалған тұлғаға байланысты болар.



316

* * *


Шумақ  элементі  бар  өлең  типтері  табиғаты  жағынан 

шумақсыздарға  жуықтайды.  Өйткені  бұлардағы  шумақ  эле- 

менттері  көлем  жағынан  шумақсыз  құрылған  бөліктен  әлде- 

қайда кіші болып келеді әрі көбінесе ол «шумақтар» өлеңнің 

басында беріледі. Еске сала кетейік, бұл өлең түріне біз ааба 

болып басталып, әрі қарай жол аралатып кезекті а ұйқасымен 

жазылғандарды жатқыздық. Кейде бұл шумақ элементі өлеңнің 

ішінде  де  кездеседі,  кейде  тіпті  аяғындағы  төрт  жол  шумақ 

тәртібімен  құрылады.  Бұл  типте  11  буынды  да,  7-8  буынды 

да өлеңдер бар. Бұл топтағы Абайдың біраз шығармасы таза 

шумақсыз  өлеңдері  сияқты  ұйқас  суретіне  қарай  бірнеше 

шоғырға бөлінеді және әр шоғыр белгілі бір мазмұнға (ойға, 

идеяға) бағышталады. Шумақсыз өлең бөліктерінен бұлардың 

айырмашылығы: кейде әр шоғыр ааба болып шумақ тәртібімен 

басталады. Мысалы, «Ал, сенейін, сенейін» өлеңі үш шоғырдан 

тұрады, 1-шоғыр – 8 жол, 2-шоғыр – 6 жол, 3-шоғыр – 14 жол. 

Мұнда әр шоғыр ааба болып басталады да әрі қарай жол ара-

латып  а  ұйқасымен  кетеді.  «Қайғы  шығар  ілімнен»  өлеңі  7 

шоғырдан тұрады, әр шоғырдың тармақ саны әртүрлі, ең көбі 

– 12, азы – 4, әрқайсысы ааба суретті шумақтан басталады. Әр 

шоғырдың ұйқасы әр бөлек. Сонда ааба ұйқасымен берілген 

шумақ  элементі  әр  бөліктен  «серкесі»,  беташары,  «бөркі» 

ретінде келеді. «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңінің 

алғашқы 20 жолын бастап беретін:

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды, –

деген  шумақ  –  сұлу  қыздың  сыртқы  мүсінін,  бет-келбетін 

суреттейтін  шоғырдың  беташары,  әрі  қарайғы  16  жол  –  осы 

портреттің жалғасы. 14 жолдан тұратын келесі шоғыр қыздың 

және сол «қыз жақтаған кейбір жігіттердің» моральдық бейнесін 

суреттеуге  арналған,  оның  да  «бісмілдасы»  шумақ  суретімен 

басталады. Бұл өлең 4 жолдық ааба ұйқасты шумақпен бітеді, 

бірақ  бұл  шумақ  та  мазмұны  жағынан  алдыңғы  шоғырдың 

жалғасы болып табылады.



317

ааба  ұйқасты  шумақ  элементі  Абайға  тек  әртүрлі  ұйқас- 

тырылған шоғырларды бастау үшін ғана емес, бір ғана ұйқаспен 

берілген  өлеңдердің  композициялық  жігін  ажырату  үшін  де  

керек болған. Біздіңше, бұл тәсілдің негізгі миссиясы да – осы. 

Мысалы, «Қалың елім, қазағым...» деген өлең бастан-аяқ бір-

ақ ұйқасқа құрылған, синтаксистік-композициялық құрылысы 

жағынан 4 шоғырға бөлінеді, алғашқы 12 жол ааба болып ба-

сталып,  әрі  қарай  кезекті  ұйқаспен,  «қазағына,  қалың  еліне, 

қайран  жұртына»  ақынның  берген  бағасы  болып  шығады, 

келесі  6  жол  –  идеясы  жағынан  1-шоғырдың  жалғасы,  бірақ 



ааба мен басталған жаңа бөлік, ал соңғы тармақтар – жеке-же-

ке екі шумақ.

Абайдың  ұйқасы  біртұтас  2-3  өлеңінде  алғашқы  төрт 

тармақ – бір шумақ, келесі 4 тармақ – тағы бір шумақ, бірақ 

«құйрықты» шумақ болып келеді, яғни келесі бөлік ааба бо-

лып басталып, әрі қарай шоғырға айналып кетеді. Олар – «Бай-

лар жүр жиған малын қорғалатып» пен «Базарға қарап тұрсам 

әркім барар» өлеңдері.

Шумақсыз  өлеңдердің  біразы  –  11  буындылар.  Олардың  

ааба суретті бөліктерінің синтаксистік құрылымы дәл шумақ- 

ты  өлеңдердегідей,  ал  әрі  қарай  кезекті  ұйқаспен  берілген 

жолдардың  синтаксистік  құрылымы  көбінесе  шумақтың  

соңғы  ба  ұйқасымен  келген  тармақтардікіндей  болады,  яғни 

көбінесе екі жол бірігіп, бір единица (сөйлем) құрайды. Бұған 

екі жолдың өзара ұйқаспай келуі көп мүмкіндік береді.

Синтаксистік  құрылымы  жағынан  өзара  ұйқаспай  келетін 

екі жолдың сыйымдылық дәрежесі жоғары, мұнда (әсіресе 11  

буындыларда)  бірыңғай  немесе  жайылма  мүшелі  жай  сөй- 

лемдерді де, «толыққанды» құрмалас сөйлемдерді де сыйғызу- 

ға  болады,  демек,  авторға  өз  ойын  толық,  бірден  білдіруге 

кезекті  ұйқас  әлдеқайда  қолайлы.  Әсіресе,  ааба  түріндегі  

бір  шумақта  берілген  ойды  (идеяны,  мазмұнды)  әрі  қарай 

кеңейтіп,  жалғастыру  үшін  жаңа  шумақтан  гөрі  кезекті 

ұйқаспен жеткен тармақтар тобы тиімді:

Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,                       – а

Сомалап ақшасына сонан алар.                         – а

Біреу ұқпас сөзді біреу ұғар,                              – б



318

Бағасын пайым қылмай ақтаң қалар.                – 

1) Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма,                  –

Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.           – а

2) Жазған соң, жерде қалмас тесік моншақ.     –

Біреуден біреу алып, елге тарар.                        – а

3) Бір кісі емес, жазғаным жалпақ жұрт қой,    –

Шамданбай-ақ, шырақтар, ұрсаң жарар.          – а

4) «Ит маржанды не қылсын?» деген сөз бар,  –

Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.                      – а (I, 43).

Алдыңғы төрт жолдың әрбір екі тармағы бір-бір құрмалас 

сөйлем  жасап  тұр  да  көрсетілген  келесі  «қосақтар»  беташар 

«шумақта» бастап берген автор ойын, яғни ақын сөзін біреуі 

ұғып, біреуі ұқпайтындар туралы ойды кеңейтеді.

Бұл тәсіл Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясына да жат бол-

майтын (осы күнгі поэзиямызда бұл – кемде-кем ұшырасатын 

тәсіл, қазірде өлең не таза шумақты, не таза шумақсыз болып 

жазылады). Ал Абай бұл құрылысты, мүмкін, интуитивті түрде 

(өзіне  дейінгі  дәстүрдің  ықпалымен),  мүмкін,  кей  сәттерде 

саналы  түрде  пайдаланған  болар.  Саналы  түрде  пайдалану-

ына  бұл  құрылыстың  синтаксистік  түзілісінің  ұтымдылығы 

(сыйымдылығы)  себепкер  болуы  мүмкін.  Өйткені  Абайдың 

бір-ақ ұйқаспен берілген біраз өлеңі шумақ тәртібімен баста-

лып, әрі қарай кезекті ұйқаспен жалғастырылады да бір ғана 

бөлік  болып  шығады,  демек,  бір  өлең  бір  ғана  ой,  бір  ғана 

идеяға  бағышталған  бір  абзац  ретінде  беріледі.  «Қуанбаңдар 

жастыққа», «Өзгеге көңілім тоярсың»

112


, «Қыран бүркіт не ал-

майды  салса  баптап»,  «Ақ  киімді,  денелі,  ақ  сақалды»,  «Жа-

сымда ғылым бар деп ескермедім» т.б. өлеңдері осындай.

Сөйтіп, бұл типтес өлеңдердің композициялық құрылысын- 

да бірден-бір рөл атқаратын фактор – ааба суретті «беташар» 

жолдар болып шығады. Абайдың едәуір өлеңі бастан-аяқ бір 

ұйқаспен берілгенде, оларды композициялық бөліктерге ажы- 

112


  Бұл  өлең  1957  жылғы  кітапта  4  тармақтан  тұратын  шумақты  өлең  етіп 

жазылған,  бірақ  бұл  графикалануы  –  дұрыс  емес.  Өлең  ааба  түрінде  басталып, 

аяғына  дейін  кезекті  бір  ұйқаспен  кетеді.  Дәл  осындай  графикалық  бұрыстық  11 

буынды  «Әуелде  бір  суық  мұз...»  деп  басталатын  өлеңде  де  бар.  Бұл  да  –  кітапта 

жазылғандағыдай шумақты емес. Ол да – ааба түрінде басталған, әрі қарай кезекті 

ұйқаспен жалғасатын өлең.



319

рататын нәрсе – осы «беташарлар», яғни әр бөліктің ааба су- 

ретті  «шумақ»  болып  басталуы  (шумақсыз  өлеңдерінде  бұл 

қызметті  ұйқас  атқаратынын  көрсеттік).  Кейде  бұл  миссия-

ны орындауға ұйқас та қосылуы мүмкін: бірқатар өлеңдердің 

композициялық бөліктері әрі шумақ болып басталады, әрі өзге 

ұйқаспен құрылады. Бұлардағы әр бөлік кейде шумақтардағыдай 

шағын  «тап-тұйнақты»  синтаксистік  тұтастық  шеңберінен 

асып  кетеді.  Сондықтан  біздің  әр  шоғырдың  немесе  жеке 

өлеңнің  басындағы  ааба  болып  басталатын  конструкцияны 

шумақ деп атауымыз бірқыдыру шартты болып шығады, яғни 

осы  шумақтағы  ой  грамматикалық  жағынан  аяқталғанымен, 

мағыналық  жағынан  әрі  қарай  жалғастырылып,  шумағымыз 

тұтас үлкенірек ойдың бір пұшпағы болып танылады. Мұнда 

әрі  қарай  жалғастырыла  берілген  тармақтар  екі-екіден 

грамматикалық  единица  құрайды:  көбінесе  екеуі  бір  сөйлем 

(жайылма жай немесе құрмалас) түзейді. Бұл типтегі өлеңдерде 

тасымал жоққа тән, сөйлеу тілі элементі де әлсіз, параллелизм-

дер де кемде-кем ұшырасады.


320



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет