95
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
қазақ» газеттерінде, «Жаңа әдебиет» журналында, сондай-ақ ақынның «Сағанақ» (1927ж),
«Өлеңдерінің толық жинағы» (1933ж) кітаптарында басылған-ды. Мазмұны, идеясы кеңестік
идеологияға сәйкес келмейтіндіктен сызылып тасталғаны да шындық.
Мұратбек Бөжеев пен Баламер Сахариев «Ілияс өлеңдері» атты мақалаларында былай
деп жазады: «М.О. Әуезовтің көптомды шығармалар жинағын әзірлеу жұмысына
байланысты жазушының музейіндегі архив қазынасын ақтарып отырғанымызда атақты
ақынымыз І.Жансүгіровтің өз қолымен жазған қысқаша өмірбаянының және бір шағын
дәптерге жазған 8 өлеңінің қолжазбасы табылды. Ақын өмірбаянын Москвадағы мемлекеттік
Журналистер институтында оқып жүргенде, 1928 жылы 25 январьда жазыпты да, жеке
дәптерге әр жылда жазған өлеңдерінен 8 өлеңді көшіріп қойыпты. Мәдениет тарихында бұл
сияқты қолжазбаның құндылығы ерекше. «Сенің менен басың бос» деп басталатын атсыз
шағын өлеңі кейінгі жинақтарда көрінбейді. Ақынның өмірбаянының да назар аударарлық
жақтары мол. Әсіресе, өзінің білім алуы, өскен ортасы, әлеуметтік және өнерпаздық
қызметінің басталуы жайында ақынның өзі айтқан ақиқаттар бар». [3,2] Соңынан қос
зерттеуші ақынның өмірбаяны мен «Қазақ қазынасы», «Сенің менен басың бос» өлеңдерін
«Жұлдыз» журналының 1965 жылғы 5 санына жариялаған екен. Бұл шығармалар да ақын
жинағынан әлі орын таппай отыр. «Құтты болсын» өлеңі «Сталин жолы» газетінің 1936
жылғы екінші санында жарияланған. Өлең «Әйел теңдігі» журналының шығуына орай
құттықтау ретінде дүниеге келген.
Азат қазақ әйелі,
Құтты болсын жорналың!
Жорналыңа жыр жазып,
Сізге сәлем жолдадым.
«Теңдігіңе» үн қосып,
Мен де талай толғадым.
Қуаттады
мені де
Сен бақытты болғаның.
Теңдік кілті қолыңда,
Бақ есігін аштыңыз.
«Сталиннің жолында»
Алға қадам бастыңыз.
Мырзабек Дүйсенов: «Ақынға» деген өлеңінде І.Жансүгіров бір ақынға қайдасың,
неге үндемейсің, дауысың неге шырқырайды деп, одан әрі қарай періштемен ойна,
бейшараның жанын тербе, көрге түс, оқ тиіп, қансырағандардың қанын жала, ыза торлап,
мелшиіп қалғаның не деп оны сөйлетуге тырысады... Өмірден теперіш көрген бұл «періште»
ақын кім? Жаңа заман орнап, өмірге деген көзқарас жаңарып, нұрлы болашақ үшін күрес
қызған кезде көмейіне тас кеткендей түйіліп, тоқырап қалған қай ақын? Неге тоқырайды?
Оған Ілияс неге жаны ашып, шыр-пыры шығады? Кезінде жұрттың бәрі Ілияс бұл өлеңін
Мағжанға арнап жазған деп жорамалдады...» [4,29], - деп жазған еді. Бізге белгісіз
Жансүгіровтің мұндай жаңа жырлары табылып, алып ақынның тың да тамаша қырларын
таныстырып жатса, әдебиетіміз үшін де, халқымыз үшін де зор игілік емес пе? Абайды,
Әсетті өзіне ұстаз тұтқан Ілиясты кейінгі ақындардың өзіне үлгі етуіне мүмкіндік бермеген
қатыгез заманға нәлет айтқаннан басқа амалымыз жоқ.
«Ақиқат» журналының 2003 жылғы оныншы санында Зияда Ижановтың «Өлеңмен
өрілген тарих» атты мақаласы жарияланды [5.42]. Онда былай делінген: «Біз әңгіме еткелі
отырған Ілияс Жансүгіровтің «Жұт – жеті ағайынды» өлеңі 1921 жылы «Ақжол» газетінде
(10 желтоқсан №49) «Қаптағай» деген бүркеншік атпен жарық көрген.... Ілиястың «Жұт –
жеті ағайынды» секілді шығармаларына сын жазғандар Жансүгіровке «Жолбике» деген
айдар тақты... Оның кеңестік идеологияға осындай жат көзқарасына, дүниетанымына
байланысты батыл сын айтты. Бірақ «Жұт – жеті ағайынды» өлеңінің әр тармағы, әрі сөзі