Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Мұғалім көшбасшылығының артықшылықтары



Pdf көрінісі
бет210/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

3. Мұғалім көшбасшылығының артықшылықтары 
Мектеп тиімділігін арттыру 
Мұғалімдер  арасындағы  ынтымақтастық  –  бұл  мектепті  жетілдіру  мен  өзгертудің 
қажетті  серігі  және  оның  тиімділігін  арттырушы  фактор  екендігі  анықталған.  Мұғалім 
көшбасшылығының негізіндегі жалпы мақсаттар мен құндылықтар да тиімді мектептерді құру 
үшін елеулі және маңызды шарт болып табылады. 
Мұғалімдердің тиімділігін арттыру
Зерттеу тиімді мектептердің оқыту мен оқу үдерісіне үлкен мән беріп, мұғалімдердің дамуына 
арнайы  уақыт  бөлетінін  көрсетті.  Мектеп  сипаттамаларының  ішінен  оқытуға  қатыстылары 
тәжірибе жолымен алынады. Бұл факторлар балаларға анағұрлым жақын, сондықтан оқушылар 
оларды  бірден  сезінеді  (яғни  мұғалімнің  сыныптағы  мінез-құлқы)  және  олардың  үлгеріміне 
әсер етеді. Мұғалімдердің көшбасшылығы бірқатар тәсілдермен олардың тиімділігін арттыра 
алады. Үздіксіз оқуға және оқытуды жетілдіруге ерекше назар аудару жекелеген мұғалімдердің 
жұмыс  сапасын  жақсартуы  мүмкін,  ал  сонымен  бірге  әріптестермен  пайдалы  тәжірибе 
алмасуға баса көңіл бөлу мектептегі барлық мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруы мүмкін. 
Мұғалімдерге  жүктелген  үлкен  жауапкершілікпен  қатар  олардың  құзыреттілігі  мен  сенімін 
арттыру мұғалімдерді өз еркімен тәуекелге барып, оқыту тиімділігінің деңгейіне тікелей әсер 
ететін оқытудың инновациялық әдістерін ұсынуға мәжбүр етеді.
Мұғалімдерге  көшбасшылық  арқылы  өкілеттік  берілсе,  олардың  өзінің  күшіне  деген 
сенімі  арта  түседі.  Мұғалімдердің  келешектегі  бағасы  оқушылардың  жетістіктеріне  тікелей 
байланысты, демек өз-өзінің тиімділігін көтеру көшбасшылықтың маңызды факторы болып 
табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет