№ Курстың мақсаты, міндеттері, пәні және оның басқа оқу пәндерімен байланысы. Оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдер



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі385,54 Kb.
#11769
  1   2   3   4
Байланысты:
1 дәріс 10-11 сын МОӘ



 

 

 



№ 1. Курстың мақсаты, міндеттері, пәні және оның басқа оқу пәндерімен 

байланысы. Оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдер, 

әдістемелер, технологиялар (2 сағ) 

 

  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2016  жылғы  1  наурыздағы  №  205 



Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды 

дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес  білім 

сапасын  арттыру  жөніндегі  жұмыстың  негізгі  бағыттары  білім  беру  процесіне 

қатысушылардың  үздік  білім  беру  ресурстары  мен  технологияларына  бірдей 

қолжетімділікті  қамтамасыз  ету,  жылдам  өзгермелі  әлемде  табыстылығын  қамтамасыз 

ететін  білім  алуға  деген  білім  алушылардың  сұраныстарын  қанағаттандыру,  Қазақстан 

Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани 

және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады. 

Бүгінгі  күні  білім  беру  жүйесі  түбегейлі  жаңаша  ойлауға  негізделген  іргелі 

реформалар кезеңіне қадам басты. 

Дүниежүзілік  экономикалық  форум  XXI  ғасырдағы  табысты  адамның  білімі  мен 

іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар:  

- командадағы жұмыс дағдылары

- көшбасшылық қасиет;  

- бастамашылық;  

- IT-құзыреттілік; 

- қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б. 

2015  жылы  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымының  (ЭЫДҰ)  Білім 

беру  саясаты    комитеті  «Білім  мен  дағдылардың  болашағы:  Білім  беру-2030»  атты  жаңа 

жобаны іске асыруды бастады. 

ЭЫДҰ әлемнің бұрын белгісіз жаһандық сын-қатерлермен көбірек бетпе-бет келіп 

отырғанын, барынша тартысты және осал болып келетінін негізге алады.  

XVII  (он  жетінші)  ғасырдағы  адамның  бүкіл  өмірі  бойындағы  алған  ақпаратты 

қазіргі заманғы адам 1 айда ғана алады және өңдейді. Әлемде ақпарат әрбір екі жыл сайын 

екі  еселенеді,  бұл  оны  қарапайым  жаттаудың  мүмкін  еместігін  және  пайдасыз  екендігін 

көрсетеді. 

Мұндай  жағдайларда  білім  алушыны  өмір  сүруге  дайындау  үшін  академиялық 

білім,  функционалдық  дағдылар,  жеке  тұлғалық  қарым-қатынастар  мен  құзыреттіліктер 

жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа – метабілімділік, метақұзыреттілік қажет. 

Озық  экономика  білім  беру  мақсаттарын  «білетін  адамнан»  «шығармашылықпен 

ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді.  

Сондықтан  XX  ғасырдың  80-ші  жылдары  әлемнің  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттері 

білімді орталыққа дәлдеуден - практикалық-бағдарланған  білім беруге бет алды. 

Экономикалық 

ынтымақтастық 

және 


даму 

ұйымының 

(ЭЫДҰ)  

2014  жылы  өткізген  Қазақстандағы  орта  білім  беруге  жасаған  шолуында  академиялық 

пәндер  теорияға  назар  аудара  отырып  оқытылады,  олардың  практикада  қосымша 

қолданылуына жеткілікті көңіл бөлінбейді, осының салдарынан білім алушылар жеткілікті 

дәрежеде  алған  білімдерін  стандартты  емес  жағдайларда  тиімді  қолдануға  және 

пайдалануға қабілетті емес деген қорытынды жасалған. 

Жалпы  алғанда,  біздің  мектептің  білім  алушылары    пәндік  сапалы,  нақты  айтсақ, 

дәйекті білім алады, бірақ оларды өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдылары жоқ. 

Дәстүрлі  оқыту  қазақстандық  мектепте  білім  алушылардың  академиялық 

білімдерінің  жеткілікті  деңгейін  қамтамасыз  етеді,  бірақ  сол  білімді  өз  бетімен  алуды, 

талдауды және оларды тиімді пайдалана білу үшін дайындаймайды. 

Отандық  білім  беруде  дәстүрлі  оқыту  жүйесінен  ауысу  әрекеті  бірнеше  рет 

болғаны  рас,  бірақ  жекелеген  фрагментті  өзгерістерді  енгізу  кезінде  ол  ескі  білім  беру 

мазмұнына  сәйкестендірілді.  Бұл  оқу  процесінің  шамадан  тыс  болуына  және  дайын 




 

 

 



ақпараттың  үлкен  көлемде  берілуіне  алып  келді.  Әлі  күнге  дейін  білім  алушы  білімді  

енжар «алушы» болып қалып отыр. 

Қазіргі  таңда  Қазақстан  мектептерінде  білім  берудің  жаңа  бастау  алу  сатысында. 

Қазіргі  уақытта  инфрақұрылымдық  дамыту    мен  жаңартылған  мазмұнға  5,6,7,8  - 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет