Жә, ағайын, бұ қайткенiң, атшабарымды неге сабайсың? –
автор ауызекі сөйлеу тіліне жақын сөздердің қысқартылған формаларын қолданған:
–
жарайды орнына жә,
–
бұл орнына бұ,
–
қалай iстегенiң орнына қайткенiң,
–
сабайсың бірегей семантикалы етістік,
–
ағайын қаратпа сөзін қолдану арқылы қатысымның әсерін ұлғайту.
Келесі сұраулы сөйлемдердің баламаларында (екі сөйлем орнына біреуі ғана аударылған) –
–
What's this I hear, kinsmen? You thrashed my messenger? –
кейіпкер сөзінің әсерін ұлғайту үшін
келесі амал-тәсілдер қолданылған:
–
сұраулы сөйлемдерді қайталау
–
what's this I hear
деген бірегей сөйлеу айналымының қолданылуы,
–
kinsmen
қаратпа сөзі және оның инверсиясы,
–
ерекше құрылымды сұраулы сөйлем,
–
thrashed
бірегей семантикалы етістік.
Терiс болса арыз айтар жер таппадың ба? –
–
бірегей семантикалы терiс сын есімі қолданылған,
–
экспрессивтілік пен эмоционалдылықты күшейтетін сұраулы мағынаны қайталау,
–
терiс болса деген бағыныңқы сөйлемнің толымсыздығы,
–
басыңқы сөйлемде бастауыштың болмауы,
–
таппадың етістігінің болымсыз түрде қолданылуы,
44
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
–
риторика.
Келесі сөйлемнің аудармасы жасалмаған:
Тым қурыса мырзаның алдынан бiр өтсең неттi?
–
параллель сөйлем құрылысы пайдаланылған, терiс болса – тым құрыса,
–
бірегей семантикалы терiс сын есімін қайталау (терiс – тым),
–
алдынан өтсең метафоралық айналымны қолданылған,
–
неттi бірегей семантикалы етістігі қолданылған.
Сөйлемнің аударма мәтінідегі баламасының мағынасын қарастырып көрейік –
If he did wrong, why didn't you complain to the Mirza?
–
сұраулы мағына қайталанған,
–
did (didn't)
етістігінің антитезасы қайталанған,
–
өзге тілден енген Mirza сөзі қолданылған.
Оған да сенбей, оған да жөнiңдi көрсетейiн дедiң бе?
–
оған да сөзі бірнеше рет қайталанған,
–
жөнiңдi көрсетейiн, экспрессивті айналым,
–
сенбей етістігінің негативті формасы,
–
жөнiңдi көрсетейiн дедiң бе антитезасы қолданылған.
Бұл сөйлемнің аудармасы жасалмаған.
Жуандығыңды көрсетейiн дегенiң бе?
–
Бірегей семантикалы зат есім – жуандығыңды пайдаланылған,
–
көрсетейiн дедiң бе – көрсетейiн дегенiң бе,
–
сұраулы мағына беретін сөздерді күшейтпелі әсер беру үшін қайталау.
Ағылшын тіліндегі аудармасы мынадай:
Or were you anxious to show how strong you are?
–
сұраулы мағына беретін сөздерді күшейтпелі әсер беру үшін қайталау,
–
anxious,
бірегей семантикалы сын есім қолданылған,
–
толымсыз сөйлем құрылымы пайдаланылған.
Кеше ғана қатарда қолтықта жүрген, туысқан емес пе ең?
–
емес пе құрылысы арқылы риторикалық мән берілген,
–
едiң –ең етістіктің толымсыз формасы қолданылған,
–
сұраулы мағынасы бар сөздердің әдейі қайталануы,
–
қолтықта жүрген сөз тіркесінің метафорикалық мағынада қолданылуы.
Wasn't it only yesterday, that you stood with us?
–
қайталану,
–
was – wasn't
етістігінің болымсыз түрінің қолданулуы,
–
only
үстеуінің күшейтпелі мән беру үшін қолданылуы,
–
stood with
сөз тіркесінің қолданылуы.
Қорыта келсек, түпнұсқа мәтінінде алуан түрлі көркемдік тәсілдер қолданылған сұраулы
сөйлемдер кездеседі: лексикалық қайталаулар, синтаксистік құрылымдық қайталаулар, ауызекі
сөйлеу тіліне жақын қысқартулар, экспрессивті одағайлар, толымсыз сөйлемдер, риторикалық
сұрақтар, антитеза, метафора, эмоционалды әрі экспрессивті боялған сөздер, және неғұрлым жиі
қолданылатын құрал – бастауышы жоқ толымсыз сөйлемдер және т.б.
Аударма мәтінінде де сұраулы сөйлемдер қолданылған, дегенмен аудармада екі сөйлемнің
аударылмауы әдеби шығарманың стилисткалық, көркемдік тұтастығына зиян келтіреді. Біздің
ойымызша, аудармада тек семантикалық қана емес, сонымен қатар синтаксистік те сайма-сайлылық
сақталғаны абзал. Мәтінде қатысымдық-прагматикалық амал-тәсілдер қолданылған, оның ішінде
толымсыз сөйлемдер, етістіктердің болымсыз түрлерінің қолданылуы, антитезамен қайталау,
инверсия, қаратпа сөздер және басқа тілдің элементтері.
Жоғарыда көрсетілген түпнұсқа үзінділерде сұраулы сөйлемдердегі грамматикалық, лексикалық
амал-тәсілдердің оқырман-адресатқа аса жоғары прагматикалық әсері айқындалады, әрі ағылшын
тіліндегі аудармада түпнұсқамен салыстырғанда азырақ эмоционалдылық, экспрессивтілік,
қысқартушылық байқалады. Алайда аударманы толық көркемсіз әрі мүлдем эмоционалды емес деп
айта алмаймыз.
Жасалған талдауды қорытындылай келсек, мәтінде грамматикалық, лексикалық көркемдік
құралдардың дұрыс әрі мұқият үйлесуі нәтижесінде, сұраулы сөйлемдерде, не жалпы тілде адресат-
45
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
оқырман санасына барынша әсер етіп, туындының көркемділігі, бейнелілігі және қайталанбастығы
тамсандыратын болса ғана мәтін әрі аударма толық прагматикалық-қатысымдық мақсатына жетті
деуге болады.
1
Белошапкова В.А. Современный русский язык. Синтаксис. – М., 1977. – С. 78-79.
2
Ахунзянов Э.М. Контрастивная грамматика. Морфология русского и тюркских языков. – Алма-Ата,
1987. –
С. 30.
3
Гак В.Г. О контрастивной лингвистике // Новое в зарубежной лингвистике. – 1989. – Вып. ХХV. – С. 5-17.
4
Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. – 784 б.
5
Арутюнова Н.Д. Фактор адресата // Известия АН СССР. Серия литературы и языка. – 1981. – Т .40, №
4. –
С. 356.
6
Оспанова Ж.М. Структура художественного диалогического текста в русском языке: функциональный и
грамматический аспекты: дис. канд. филолог. наук: 10.02.01. – Алматы, 2002. – 118 с.
7
Сулейменова Э.Д. Казахский и русский языки: основы контрастивной лингвистики. – Алматы, 1996. – 208
с.
8
Маслова В.А. Об одном текстовом приеме создания экспрессивности // Текст как структура: сб. науч.
трудов АН СССР. – М., 1992. – С. 77.
9
Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. Бірінші кітап. Абай. – Алматы, 1989. – 608 б.
10 Auezov Mukhtar. Abai. A Novel, Book One. – Moscow: Foreign Languages Publishing House, 1966. – 451 p.
11
Бирвиш М. Семантика // Новое в зарубежной лингвистике. – 1981.– Вып. Х. – С. 177-199.
12
Кайдаров А.Т. Слово о профессоре Жубанове // Худайберген Жубанов и казахское советское языкознание.
–
Алматы, 1990. – С. 16.
13
Балакаев М.Б. Казахский литературный язык. – Алматы, 1987. – С. 48.
14
Пастернак Б. Заметки переводчика // Знамя. – 1944. – № 1. – С. 166-170.
15
Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. – 784 б.
Достарыңызбен бөлісу: |