Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. Қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемдерді зерттей отырып, оларды ағылшын тіліндегі сұраулы
сөйлемдерді салыстыру кезіндегі қолданылып отырған фактологиялық мәліметіміз – М.О. Әуезовтың
«Абай жолы» роман эпопеясының түпнұсқасы [10] мен ағылшын тіліндегі аударма мәтіні [9].
Романның түпнұсқасы мен аударма мәтіндеріндегі сұраулы сөйлемдерге толық семантикалық және
қатысымдық-прагматикалық талдау жүргіземіз.
М.Бирвиштің көтеріп отырған «түсініктік және денотативті мағына мәселесінің» [11, 177-199]
түпнұсқа мен аудармасыны талдау барысында шешілгеніне күмән жоқ.
Бізді толғандырып отырған мәселердің бірі көркем мәтін түпнұсқасындағы автордың қолданған
стилистикалық түрлендірмелер немесе коннотативті мағынаның аудармадағы баламаларымен
қаншалықты сәйкес екендігі. Аудармашының көркем тілдегі экстралингвистикалық ерекшеліктерін
аудармада қалай сақтаған? Аудармашы ұлы шығарманың барша эмоционалдылығын,
экспрессивтілігін, көркемдігі мен поэтикасын, қазақ тілінің байлығын аударма мәтінде сақтау үшін
қандай лингвистикалық амал-тәсілдер қолданғаны қызықтырады.
Зерттеуіміздің басты мақсаты аудармаға жаңа баға беруде емес, дегенмен де аударма адресат-
оқырмандарға түпнұсқада көрсетілген өзге халықтың тілбайлығын барынша көрсетуі тиіс. «Халық
тілі – сол тілдік ортада мүшелерінің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол халықтың рухани және
мәдени байлығын, өнегесін, ағартушылығының, тарихы мен салт-дәстүрлерінің көрінісі» [12, 16].
М.Б. Балакаевтың: «Абай жолы» қазақ халқының тіл байлығының нағыз символы» атты сөздерін
аттап айтпауға болмайды [13, 48]. «Аударманың өзі де еңсесі биік жеке көркем шығарма ретінде
түпнұсқамен қатар тұруы қажет», - дейді әйгілі ғалым Б.Пастернак [14, 166-170].
Сөйлеу қарым-қатынастың прагматикасы қатысым үдерісінен негіз алады. Көркем шығармада бұл
үдеріс диалогтың біртұстастығында, кейіпкерлердің өзара әрекеттесуінде пайда болады. Сондықтан
да туындыны танымал, классикалық әрі жауһар ететін адресант-автордың қолданған адресат-
оқырманға соншалықты әсер ететін ерекше амал-тәсілдерінің сыры неде екен?
Жоғарыда айтылып кеткендей, шығармада сұраулы сөйлемнің кездесуі қатысымдық амалдың бір
белгісі, әрі коммуникант/оқырманға әсер ететін прагматикалық құралдың бір түрі.
Адресатқа эмоционалды және экспрессивті әсер етудің кең таралған прагматикалық элементтердің
бірі кішігірім мәнмәтінде сұраулы сөйлемдердің қайталануы. Бұл тәсілмен қатар бөлек лексикалық
бірліктер деңгейіндегі лексикалық қайталаулар да қолданылады, мысалы одағай сөздер, кідіріс,
контрастивтер, инверсиялардың және т.б. қолданылуы.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі келесі үзінділерді прагматикалық жағынан қарастырайық.
Келесі диалогтық бірліктегі бірінші коммуниканттың сұрағына жауап үш сұраулы сөйлемнен
құралған:
–
Бұл кiсi кiм, аға? (9, 85) –
Е, бiлмеушiмең Шөжiкеңдi?.. О не дегенiң?.. Бұл – Шөже ақын емес пе? (10, 85) – Who is that old man? (9, 151) – Have you never seen Shozheken? Don't you know him? (10, 151) Сөйлем:
–
Бұл кiсi кiм, аға? (9, 85) –
Қарастырылып отырған диалогтық біртұтастықта функционалдық топтастыруға сай бастапқы әрі нағыз, мағыналық маңызына сай ашық сөйлем [15, 665-666]. Бұл сөйлемдегі экспрессивтілік
маркері – сөйлемнің соңында орналасқан, аға деген қаратпа сөз.
–
Е, бiлмеушiмең Шөжiкеңдi?.. О не дегенiң?.. Бұл – Шөже ақын емес пе? (9, 85) –
Жауап беру үшін қолданылған үш сұраулы сөйлемде прагматиканың синтаксистік құралдары:
–
ерсілі-қарсылы сұрақтардағы сұраулы сөйлемдердің қайталануы,
–