Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет111/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   375
Иегімен алдыңғы жақты нұсқады. 
Екеуінің  көздері  ұшырасып  қалды.  Қыз  көзінің  қиығымен  қабырғадағы  суретке  қарай 
нұсқағандай болды.  
Нақты  бір  сөйленіс  элементтерінің  нақты  бір  ым  мен  ишараттардың  көмегіне  сүйенбей 
айтылмайтын  кездері  болады.  Мысалы,  Кім  сөйлейді?  –  деген  сауалдан  соң  қол  көтерген  адамға 
жиналысты жүргізуші: 
52
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
– 
Иә, сөйлеңіз! – дегендей иегін көтеріп, басын изейді. Немесе: 
Сонан соң оған менсінбей иегін қағып
– 
Төрелігің  құтты  болсын,  шырақ,  атқа  мініп,  ел  билігін  қолыңа  алыпсың,  естіп  жатырмыз  (О. 
Бөкей). 
– 
Заман сенікі болып тұр-ау, – деді Дархан иегімен нұсқап (О. Бөкей). 
– 
Әкелші! – деді Мәмет, солқылдақты ұстап тұрған келініне емес, Бәтжанға иек қағып. – Таңсық 
нәрсе ғой жарықтық, дәмін татайын (Б. Нұржекеев).  
Әсіресе, жас балалар: – Жоқ! – дегенде үнемі дерлік,басын шайқайды. Мұндай мысалдар тілімізде 
айта берсек, өте көп, олар жиі кездеседі. 
Зерттеушілер иллюстраттарды іштей екіге жіктейді:  
а) сөйленістің денотативті мазмұнын білдіретін және кейбір нысандарды, ұғымдарды, әрекеттерді 
бейнелейтін  нақты  иллюстраттар  (бұлар:  дейктикалық  маркерлер,  кеңістіктік  маркерлер, 
уақыттық  маркерлер,  кинефонографтар,  кинетографтар,  идеографтар,  идентификаторлар, 
экстерналайзерлер т.б.). Жеке-жеке тоқталып өтсек: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет