Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет110/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   375
 
Иллюстративті  ишараттар  немесе  денелік  таңба-белгілер  ғалымдардың  айтуынша,  белгілі 
вербалды  мәтін  болмаса  ешқандай  мағынаны  білдіре  алмайды,  олардың  жеке-дара  өмір  сүруге 
қабілеті де жоқ, икемі де аз және вербалды контекстен тыс жұмсалмайды.  
Иллюстраторлардың  негізгі  қызметі  –  вербалды  контекстің  білдіретін  мағынасын  анықтай  түсу 
және  сөйлеушінің  айтайын  деген  ойының  анығырақ  әрі  түсінікті  болуына  әсер  ету  мен  ойдың 
тыңдаушыға  қаз-қалпында  тез  жеткізілуін,  жетуін  қамтамасыз  ету  ғана.  Көрініп  тұрғанындай, 
жоғарыда  сөз  болған  ым  мен  ишараттың  регуляторлық  және  эмблематикалық  түрлерінен 
иллюстраттар қызметі жағынан да, қолданыс аясы тұрғысынан да бөлекше болып келеді. Бұлардың 
қатарына,  негізінен  алғанда,  ұлттық  сипаттағы  ым  мен  ишараттарды  жатқызуға  болатын  секілді. 
Айталық, орыс тілінде кездесетін иллюстраттарының бірі ретінде орыс тіл білімін зерттеушілер мына 
бір иллюстратты атайды: “Легкое опускание век при произнесении утвердительного предложения в 
конце  его”,  “чуть  расширяющиеся  глаза  в  конце  обычного  вопроса  и  раскрытая  рука  (или:руки)  в 
направлении ладонями вверх и слегка наклоненная к адресату”.  
Қазақ тілінде дәл осыған ұқсас: әлдекімді ұнатпайтындығын білдіргенде мойнын сәл бір жағына 
бұрыңқырай  түсіп,  қиыс  қарай  бере,  көзін  төмен  төңкеруді  жатқызуға  болады.  Сонымен  бірге: 
“Последняя  мануальная  форма  показывает,  что  жестикулирующий  намеревается  сразу  же  вслед  за 
исполнением данного жеста (или одновременно с ним) ввести в свою речь новую тему сообщения. В 
коммуникативном акте этот жест всегда выступает вместе со словами А теперь… и т.п., причем связь 
его с этими словами настолько обязательная, что наличие их в составе иллокутивного независимого 
речевого  акта  в  тематической  позиции  однозначно  прогнозирует  появление  данного  жеста  в 
нормальном  реальном  общении”  [1,  с.  54].  Ал  қазақ  тілінде  суреттелген  ишараттан  соң  тағы  да 
ишарат жасалуы мүмкін. Дәл бұл жерде бас шайқау немесе күрсіну жүзеге асуы мүмкін, сонан соң 
келесі  әңгіме:  Сондықтан…  деп  басталуы,  я  болмаса  қалғанын  ішіңіз  білсін  деген  мағынаны 
білдіретін  иықты  төмен  түсіру,  иығын  қиқаңдату,  алақандарын  екі  жаққа  аша  жайып,  иығын 
қомдау,  екі  иығын  жоғары  көтере  бере  бір  сәт  осы  қалыпта  ұстап  тұру  сияқты  ишараттар 
жасалады.  
Иллюстративті ым мен ишараттар туралы нақты бір нәрсе айту қиын. Өйткені, кейбір адамдардың 
өздері ұнатып жиі қолданатын бейвербалды иллюстраттары болуы әбден мүмкін, сондай-ақ бір ғана 
иллюстратты  әр  адам  әртүрлі  жылдамдықпен,  әртүрлі  қарқынмен  орындауы  мүмкін.  Мысалы, 
51 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
кейбіреулер  қолын  жай  ғана  көтеріп,  саусағының  ұшымен  біреуді  нұсқаса,  екінші  адам  оны 
тезірек, тіпті өте жылдам орындауы мүмкін.  
Кейбір  адамдар  орынды-орынсыз,  келсін-келмесін,  қисынды-қисынсыз  кейбір  ишараттарды 
сөйленіс кезінде өте жиі қолдана береді көбінесе бұл әдеттенуге байланысты болуы мүмкін. Мысалы, 
қайта-қайта,  тіпті  бей-берекет  қолын  сілтей  беру,  басын  қайта-қайта  тырнау,  қасын  кере  беру, 
орынды-орынсыз басын шайқаумен қатар қолын бей-берекетсіз сілтей беру, мойнын ішіне тартып, 
иегін  кегжитіп  тұрып  алу,  т.б.  Бірақ  мұндай  иллюстративті  ым  мен  ишараттардың  әртүрлі  күйде 
кездесуі  адамның  мінезіне,  темпераментіне,  шапшаңдығына,  мінез-құлқының  ерекшелігіне, 
бойындағы  күш-қайраты  мен  ерік-жігеріне  де  қатысты  сияқты.  Сондықтан  да  алдында  айтып 
кеткеніміздей,  ым  мен  ишараттарға  таза  лингвистикалық  талдаулар  (ішкі  тілдік  факторлардың 
есебінен)  жасау  мүмкін  болмай  қалатын  кездер  кездесіп  жатады.  Мұндайда  сыртқы 
экстралингвистикалық факторларды ескеру аса маңызды болып табылады.  
Қай  кезде  болмасын,  адамның  қандай  топтың  өкілі  екендігі  ымы  мен  ишараттарынан, 
манерасынан байқалып тұрады. Айталық, Қазан төңкерісі кезінде ақтардың арасына аристократ әйел 
бейнесінде еніп кеткен қызылдардың барлаушысы большевик қыз ақтардың қолына түсіп қалғанда, 
ақ  армияның  контрразведкасы  оны  әшкерелеу  үшін  мынадай  тәсіл  қолданады:  Қай  жағынан 
болмасын  алдыра  қоймаған  әккі  барлаушы  қыздың  алдына  қант  салынған  тәрелке  мен  ыстық  шай 
әкеледі.  Қыз  бір  түйір  қантты  алып,  тістеп  шай  іше  бастағанда,  оның  қызылдардың  барлаушысы 
екенін бірден бетіне басады. Сөйтсе, аристократтар қантты тек шайға салып, ерітіп ішеді екен, яғни 
олар  қантты  үнемдемейді,  ал  жай  шаруалар  мен  жұмысшылар  бір  түйір  қантты  үнемдей  отырып, 
бірнеше  кесе  шай  ішеді  екен.  Сондықтан  аристократтар  жасайтын  ишараттарды  жай  қарапайым 
адамның жасай қоюы екіталай деген қорытындыға барлаушылар бірден келген. Адамның манерасы, 
өзін-өзі ұстауы да бейвербалды амалдарынан анық байқалады дегенде осындай жағдайларды айтуға 
болады.  Сондықтан  әр  әлеуметтік  топтың  өкілдері  қолданатын  параамалдарының  өздеріне  тән 
өзгешеліктері  бар.  Бұл  бейвербалды  амалдардың  әлеуметтік  сипатына  жатады  деп  санаймыз.  Өз 
алдына жеке мәселеге жатады.  
Паралингвистикалық  элементтердің  әлеуметтілігі  туралы  ғалым  С.  Сатенованың  қос  тағанды 
фразеологизмдердің ішіндегі ең көп кездесетіндері адамның іс-әрекетін, қимылын бейнелейтін және 
ішкі жан-дүниесін, мінезін білдіретін түрлері екенін сипаттап айтатын мына бір пікірін келтіру қажет: 
“…  адам  баласы  шыр  етіп  жерге  түскеннен,  мезгілі,  ажалы  жетіп  о  дүниеге  аттанғанша,  өзіне  тән 
мінез-құлқы,  психикалық  ерекшеліктері  қалыптасып,  бірте-бірте  уақыт  озған  сайын  жетіле  береді. 
Әрбір адамзат жайлы осыны айтуға болады, тірі жанның әрқайсысына да тән табиғи құбылыс. Жас 
ерекшелігіне  қарай  мінез-құлқы,  жан-дүниесіне  орай  іс-әрекет,  қимыл-қозғалысы  қалыптасады. 
Мысалы, балғын жас пен ақыл тоқтатқан, кемеліне келген, өмір тәжірибесі мол кісінің жан дүниесі, 
сана-сезімі, мінез-құлқында едәуір өзгешелік бар, сол себепті қимыл-қозғалысы, іс-әрекеті көпшілік 
жағдайда жасына, психологиялық ерекшеліктеріне, туа бітті қасиетіне, болмысына сай болады” [41, 
б.37]. Бұл дәйексөздегі қимыл-қозғалыс, іс-әрекетті ым, ымдау ишараты деп түсінеміз. Шындығында, 
адам  болмысы  мен  туа  бітті  қасиеттерінің  параамалдарды  орындауда  сезіліп  тұратыны  сөзсіз.  Ол 
түгіл  қарапайым  ғана  мысал,  бастық  пен  бағынышты  адамның  бейвербалды  қимылдары  арасында 
айрықша сипаттары болады. 
Иллюстраттардың  енді  бір  қатары  мен,  сен,  ол,  біз,  олар,  сендер  сияқты  жіктеу  есімдіктері  мен 
анау,  мынау,  сонау  сияқты  сілтеу  есімдіктерінің  орнына  жұмсалады.  Яғни  бұл  сөздерді  айтпай-ақ, 
оларды қолданбастан, қолын көтере түсіп, алақанын жая қозғау арқылы, сұқ саусағының ұшымен 
ғана көрсету арқылы, иегімен нұсқау арқылы, көзінің қиығымен қарау барысында, осы сөз табының 
орнына  жұмсауға  болады.  Дәл  сол  сияқты  сөз  таптарының  ішінде  есімдіктер  сөйленіс  барысында 
қолданысқа түсіп жатса, қолмен жасалатын ишараттардың олармен жарыса, қатарласа орындалатын 
кездері көп ұшырасады: 
– 
Көрдің бе? 
– 
Кімді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет