идентификаторлар адам мінез-құлқының ерекше манерасы мен стиліне «жауапты» кинемалар.
Идентификаторлар адамды нақты сипаттайды (оның жасын, жынысын, әлеуметтік немесе
материалдық жағдайын, мәдениетін). Мысалы, сақ, нағыз ерке, қатал адам, сүйкімсіз, кең пейілді,
ақжарқын, мінезі жұмсақ секілді адамның әртүрлі сапа, қасиеттерін жеткізуде идентификаторлар
таптырмайтын құрал. Мысалы, басын керіп ұстау, кеудесін керіп жүру, т.б. кинемалар;
-
экстерналайзерлер адамның коммуникацияға, оның мәнмәтініне, сөйлесушіге, шынайы өмірге
деген ишарат-реакциясы, адамның шындыққа бейвербалды көзқарасы. Экстерналайзерлер тұлғасы
жағынан қолдың, аяқтың, көздің, дененің қозғалысы (денесімен бұрылу, шашын сипау, галстукті
түзеу, «әдемілену», киімін ретке келтіру, саусақтарды тысырлату, т.б. қимыл-қозғалыстар);
ә) сөйленістің коммуникативті мазмұнына қарай бейімделген және ишарат пен ымды жасап тұрған
адамның коммуникативті ұстанымын белгілейтін, көрсететін я болмаса айқындайтын,
коммуникатордың жеткізбек болып тұрған ақпараты, оның адресат туралы, бөтен біреулер мен басқа
бір нысандар жөніндегі бағалауын көрсетіп, бағасын білдіретін аккомпониаторлар аккомпониатор-
ишараттар болып табылады. Бұлар мәтіндік сюжеттің қалыбын (моделін) қалыптастырады.
Аккомпониаторларға мысал келтірсек, үстелдің үстін алақанның қырымен нық түрде қатты
соғу – ешқандай да кібіртіктеудің болуы мүмкін еместігін, адамның қабылдаған шешімінің
қайтадан өзгермейтіндігін білдіреді. Мысалы:
Бөлімше бастығы алақанымен столды салып қалып:
–
Алатай қыстағына сен барасың? – деген (О. Бөкеев).
Аккомпониатор-ишаралардың тіліміздегі мөлшері көп және білдіретін мағыналары да сан алуан
түрлі. Сөйлеуші тарапынан нақты бір нәрсеге қатты көңіл бөлінуін керек еткен жағдай туындаған
кезде жасалатын түрлі ишараттардың бәрі де аккомпониаторлар деуге әбден болады. Ал енді
аккомпониаторлар сөйленіс барысында қолданылғанда қандай сөйленістермен бірге жарыса
53
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
орындалатынына көңіл аударып көрелік. Кейде сұқ саусақты жоғары көтере түсіп, иықтан
Достарыңызбен бөлісу: |