Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет109/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   375
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
50
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
ӘОЖ 419.992.71. 
ИЛЛЮСТРАТИВТІ ИШАРАТТАР 
 
С.Мағжан – ф.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доцент м.а., 
magjan_saule70@mail.ru 
П.Адиева – ф.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  
аға оқытушысы, adipaki@mail.ru 
 
Мақалада  денелік  таңба-белгілер  болып  есептелетін  иллюстративті  ишараттар  қарастырылады. 
Иллюстративті  ишараттардың  вербалды  контекстің  білдіретін  мағынасын  анықтай  түсу  және  сөйлеушінің 
айтайын  деген  ойының  анығырақ  әрі  түсінікті  болуына  әсер  ету  мен  ойдың  тыңдаушыға  қаз-қалпында  тез 
жеткізілуін, жетуін қамтамасыз ету қызметі анықталады. Негізгі түрлері талданады, мысалдармен дәйектеледі,  
классификация жасалады.
 
Иллюстраттардың іштей екіге жіктелетіні қарастырылады: а) сөйленістің денотативті мазмұнын білдіретін 
және  кейбір  нысандарды,  ұғымдарды,  әрекеттерді  бейнелейтін  нақты  иллюстраттар  (бұлар:  дейктикалық 
маркерлер,  кеңістіктік  маркерлер,  уақыттық  маркерлер,  кинефонографтар,  кинетографтар,  идеографтар, 
идентификаторлар,  экстерналайзерлер  т.б.);          ә)  сөйленістің  коммуникативті  мазмұнына  қарай  бейімделген 
және  ишарат пен ымды  жасап тұрған адамның  коммуникативті ұстанымын белгілейтін,  көрсететін я болмаса 
айқындайтын, коммуникатордың жеткізбек болып тұрған ақпараты, оның адресат туралы, бөтен біреулер мен 
басқа  бір  нысандар  жөніндегі  бағалауын  көрсетіп,  бағасын  білдіретін  аккомпониаторлар  аккомпониатор-
ишараттар  болып  табылады.  Бұлардың  мәтіндік  сюжеттің  қалыбын  (моделін)  қалыптастыратындығы 
түсіндіріледі. 
Түйін сөздер: кинема (ишарат), коммуникация, акт, тіл, сөйлеу, иллюстративті ишарат (иллюстратор), түр, 
ишараттық  екпін,  негізгі,  қосалқы  (қосымша),  дейктикалық,  кеңістіктік,  уақыттың,  идеографиялық,  маркер, 
идеограф, кинефонограф, кинетограф, идентификатор, экстерналайзер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет