Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет131/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   375
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
сәтсіздіктердің,  қателіктер  мен  қиындықтардың  себептері,  өзіндік  педагогикалық іс-әрекеттің  тұтас 
тәжірибесі және оның критерийлерге сәйкестігі [6]. 
Оқу  үрдісінде  рефлексияны  сабақтың  басында,  ортасында  немесе  соңында  пайдалануға  болады. 
Әр түрлі смайликтерді, белгілерді, карточкаларды қолдана отырып оқушылар өз эмоцияларын білдіре 
алады.  
Сабақтың бір кезеңі ретінде рефлексия бірнеше түрге бөлінеді:  

Мазмұны  бойынша:  символдық,  ауызша,  жазбаша.  Символдық  оқушы  сабақтың  өтілуіне, 
сыныптастарының  жауабына,  өзінің  түсінгеніне  әр  түрлі  символдар  арқылы  баға  қойса,  ал  ауызша 
түрі  баланың  өз  ойын,  өзінің  эмоциясын  еркін  байланыстыра  отырып  жеткізуі  болып  табылады. 
Рефлексияның  жазбаша  формасы  ең  күрделі  және  уақытты  көбірек  қажет  ететін  түрі.  Әдетте  оны 
тарау немесе үлкен тақырыптар соңында өтілгендерді қорытындылау мақсатында орындалады.  

Іс-әрекет түрі бойынша: ұжымдық, топтық, фронтальды, жеке болып бөлінеді. Рефлексияның 
осы түрі бойынша оқушы бойында рефлексивті дағды қалыптастыру ыңғайлырақ. Ең бірінші бүкіл 
сыныппен,  одан  соң жеке  топта,  сосын  оқушылардың  өздерінен жеке  сұрау.  Бұл  әдіс  оқушыларды 
жеке өз беттерінше және өздерімен жұмыс жасауға дайындайды [6]. 
Рефлексия не үшін қажет? 
Егер білім алушы мыналарды түсінсе: 

не үшін ол осы тақырыпты оқып жатыр, бұл оған келешекте не үшін керек?  

дәл осы сабақта қандай мақсаттар орындалуы тиіс?  

өзінің қандай үлесін қоса алады? 

білім алушы өзінің және өзінің жолдастарының еңбегін тиісті түрде бағалай ала ма? 
Онда оқу үрдісі білім алушыға да, оқытушыға да әлдеқайда қызықты әрі жеңіл болады.  

Материалдың мазмұндық рефлексиясы. 
Рефлексияның  бұл  типін  сабақ  соңында  қорытындылау  мақсатында  өткізген  ыңғайлы.  Ол  білім 
алушыларға, ізденушілерге өтілген материалдың мазмұнын түсінуге, өзіндік жұмысының тиімділігін 
түсінуге мүмкіндік береді. 
Қалай өткізу керек? 
Білім  алушы  әрбір  тақырыпты  өткен  кезде  сол  тақырып  бойынша  алған  білімін,  нені,  қалай, 
қандай  деңгейде  меңгергенін  бағалай  алуы  керек.  Ол  үшін  ізденуші  мынадай  «тегтерді»  толтыруы 
қажет. Мысалы: 
     
мен ... білдім; 
... қиындау болды; 
... түсіндім; 
... үйрендім; 
… қолымнан келді; 
... білу қызықты болды; 
… мені таң қалдырды; 
… жасағым келді. 
Қорытындылай келе, білім алушы бойында рефлексивті дағдыны қалыптастыру бір жақты үрдіс 
емес.  Ол  тікелей  мұғалімнің  көмегімен  қалыптасатын  дағды.  Рефлексивті  қабілетке  жету  үшін 
көптеген әдіс-тәсілдерді қолдану қажет. Жоғары оқу орындарының студенттері өзіне өзі баға беру, 
өзінің  іс-әрекетінің  себебін  түсіне  алу  қасиетіне  ие  болулары  керек.    Студенттерге  оқу  үрдісінде 
рефлексивті дағды қалыптастыру үшін рефлексия сөзінің мағынасын түсініп қана қою аздық етеді. 
Студент сөзіне қазіргі таңда ізденуші деген атау беріліп келеді. Ал оқытушы тек бағыт бағдар беруші 
болып  есептеледі.  Бүгінгі  күні  қашықтықтан  оқыту  үрдісі  де  даму  үстінде.  Мұның  өзі  білім 
алушылардың рефлексивті дағдыға ие екендігінің бір көрінісі болып табылады. 
 
1 Шорина А.В. Проблема формирования рефлексивных умений студентов в образовательном процессе вуза 
//Науковедение Том 7, №3. 2015, - с. 3 

Щорина А. В. Роль рефлексивных умений в принятии организационных решений // Молодой ученый. — 
2014. — 
№8. — с. 903-906. 
3 Маслоу А. Новые рубежи человеческой природы / Пер. с англ. М.: смысл, 1999. – с. 425 

Семенов И.Н. Рефлексивно-творческой подход в непрерывном образования. //Гуманистические тенденции 
в непрерывном образовании взрослых в России и США / Под ред. М. В. Кларина, И. Н. Семенова. – М., 1994. – с. 
61-76.  
     
5 Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет.  
64
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
М. Н. Аверина, А. В. Воронин Cтруктура общепрофессиональных умений педагога: рефлексивный 
компонент Ярославский педагогический вестник – 2013 – № 2 – Том II (Психолого-педагогические науки) 

Шутова Г. Рефлексия как этап урока: виды, приемы, примеры. 
http://pedsovet.su/metodika/refleksiya/5665_refleksiya_kak_etap_uroka_fgos
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет