УДК 821. 512. 122 – 3:39 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАР ПРОЗАСЫНДАҒЫ ИДЕЯЛЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ІЗДЕНІСТЕР (ӘҢГІМЕЛЕР МЕН ПОВЕСТЕР БОЙЫНША)
А. Базарбаева - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың магистранты Мақалада тәуелсіздік жылдар прозасындағы идеялық-тақырыптық ізденістер сөз етіледі. Өнердің қай саласы
болмасын уақыт өте келе сапалық құбылыстарға ұшырап, даму өрбу нәтижесінде түрлене, бұтақ жая түсетіндігі
тәрізді көркем әдебиет мазмұндық-идеялық сапаларының дамуымен қатар формалық жағынан да жетілу
процесін бастан өткереді. Тәуелсіздікті алғаннан кейінгі жылдардағы қазақ прозасындағы әңгіме, повесть
жанрлары өзінің тақырыптық-идеялық тереңдігі, эстетикалық көркемді жағынан өзіне дейінгі әдеби жемістерін
жан-жақты игергендігін байқатты. Кешегі тоталитарлық кезеңді басынан өткеріп, бүгінгі демократиялық
қоғамда өмір сүріп жатқан ел өміріне шағын жанрдың түрі повесть пен әңгіме сыншылдық тұрғыдан келе
бастады. Өтпелі кезеңнің бел қайыстыратын ауыртпалығы мен қоғамға жан-жақты қаумалап енген өзгерістері
жаңалыққа тез бой алдыратын, ұшқыр жанрлар әңгіме мен повесть назарын бірден өзіне аударғаны мақалада
қарастырылған.