Түйіндеме
Ұ. Қ. Әбiшева – әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры, ф.ғ.д., Г.Ж. Какишева - әл-Фараби ат. ҚазҰУ
аға оқытушысы
Ә. Кекілбаевтың «Баллада повестеріндегі» фольклорлық дәстүр
Мақала А. Кекілбаевтың фольклорлық дәстүрлі прозалық шығармаларын зерттеуге арналған. «Баллада
повестерінде» суреткердің Орталық Азия түркі халықтарының фольклорлық аңыздарына негізделген, мұндай
шығармалар жазушы шығармаларының бір элементінің құрамы болып табылады. Повестегі шиеленіскен
драматизм, сюжетті коллизиялар, образды жүйенің ерекшеліктері, кейіпкерлердің типтенуі, баллада жанрының
негізгі белгілерін құрайды. Жазушы өз шығармаларының басты міндеті ретінде халықтық шығармаларға тән
фолклорлық бейнелегіш амал-тәсілдер: психологиялық параллелизм, метафоралар, эпитеттер еркін қолданады.
Кек алу, өлім, қорқыныш, үрей, жалғыздық, түс көру уәжделері повестердің ырғақтық, әуендік негіздері
мәтінде нәзік иірімдер арқылы бір-бірімен астасып, байланысып жатады. Уәждеме құрылымы тек қана
композициямен ғана емес, шығарманың идеялық міндеттерімен бірге мағыналық күш-қуат алып жатады.
Шығармадағы фольклорлық элементтер повестің көркемдік алғышарттарын құрай отырып, терең
мағыналы философиялық мазмұн тудырады, моральдық-этникалық мәселелердің бірі ретінде жаңа сипаттарға
ие болады.
Кілт сөздер: повесть, баллада, халықтық шығарма, фольклорлық дәстүр, сюжет, аңыз, хикая, уәждеме.
Достарыңызбен бөлісу: |