Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. дүние талабы бойынша атқарар ісін жинақы, ширақ орындайды. Осы шығармада автор құр қайғыға
батып қарап отырмай, «уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан
құтыларлық орынды харекет табу керек һам қылу керек» дейді. Ас ішіп, аяқ босату, еріншектік,
жалқаулық, салдыр-салақтық, ұйқы құмарлық есті, ойлы адамға жараспайды. Демек, уайым-
қайғысыздықтан құтылу–алдыңа мақсат қойып еңбек ету, жарасымды өмір сүруге ұмтылу болып
табылады. Кейде өзіңше уайым-қайғыға батып, бірақ ешқандай әрекетке ұмтылмау, дана Абай
айтқандай, «Ол өзі де–бір антұрғандық». Осы шығармада жазылғандай, күлкінің неше түрі бар:
жаман кісінің жат қылығын көргенде туатын ызалы күлкі, жақсының жетістігіне сүйсінген қуанышты
күлкі, әрине бәрін тізіп шығу мақсат емес, есті адам өзі түсінеді. Дана Абай күлкінің ішіндегі ең
азғынын, жиіркеніштісін: «Жүректен күлмейді, қолдан жасап, әдемілік үшін күлетін бояма күлкі» деп
нақты атап көрсетеді, яғни, жасанды, парықсыз күлкі.
Осы шығармасында ұлы Абай «Адам баласы жылап туады, кейіп өледі» деп бұл өмірдің
болмысын бір ауыз сөзге сыйғызып берген. Расында адам күнделікті тірішілікте жаттанды әрекетпен,
бірін-бірі жөнсіз мақтап, бірін-бірі сыртынан да кейде көзінше даттап «босқа жарамсыз қылықпен қор
етіп» өмір сүреді. Ал дүниеден өтерде қапаланып опынады. Шығарма авторының «кейіп өледі» деген
сөзінің төркіні сол. Мына туындысында Абай Құнанбайұлы жаратушыға, дінге сенуді, табынуды
қолдайтынын аңғартады. Қысқасы, осы шығарманы автордың «Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз
қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау» деген сөзімен және ой, ақыл, парасатты қатар ұстап өмір сүру
керек деп түйіндеуге болады.
Осындайда еске түседі, кемеңгер Конфуцзының бір шумақ көлеміндегі шап-шағын ойтолғауы,
шындығын айтқанда бір романға арқау болғандай, сол сияқты, ұлы Абайдың қара сөздері де сондай
деңгейде деуге келеді. Ақынның осы туындысы Конфуцзының «Лунь юй» кітабының ХVІІ
тарауының сегізінші бабындағы:
Ақыл, парасатты мұрат ете тұра оқығысы келмесе,
Бұл кінәрат кекірт топастыққа апарады;
Шыншылдықты мұрат ете тұра оқығысы келмесе,
Бұл кінәрат зарарға айналады,–
деген ойтолғауымен өзектес [5, 158-б.]. Сол сияқты көне түркілердің «Ырқ бітіг» атты өлеңдер
жинағы да терең мағына сыйғызған шағын жыр шумақтарынан тұрады. Осы поэзиялық мұрада дана
Абайдың «Төртінші сөз» туындысымен сарындас туындылар баршылық. Мәселен, «Ырқ бітіг»
кітабындағы 69-реттегі шағын өлең:
Елік қайғырды:
Мен не ішіп, не жеймін –
деген жыр жолдарынан басталса (4, 142-б.), сол жинақтағы 4-ретпен орналасқан жырдың алғашқы
жолы:
Биіктің әміршісімін зулап ұшуға жаратылған,
Ондайда қауырсынымның қамын жеуді білмеймін,
Жан бағуды, жалтақтауды сүймеймін, –
деп басталады [5, 135-б.]. Бұл туындылар да философиялық терең ойға құрылған шығарма. Кейде
осы өмір сүрген ортаға қарап отырып, табиғат ғажайыптарына таңдана көз салып, жаңаша ой түюге
мәжбүр боласың. Меніңше, өзін қоршаған жаратылысты сырттай ғана аңдап, арғы құпиясына
үңілмей-ақ оның пішін, құбылысына және өзгешелігіне түсініп, таныған адамды данышпан деуге
болатын сияқты. Мысалға, кезінде суда тіршілік ететін китке қарап отырып, сүңгуір қайық
жасалынды. Ал тікұшақ кәдімгі инеліктің тұп-тура көшірмесі емес пе? Осылай талдау жасау арқылы
Абай Құнанбайұлының дара ойшылдық келбетін айқындай түсуге болады. Ал оның философияға
құрылған қара сөздерін оқығанда Абай Құнанбайұлының кемеңгерлік тұлғасы ұлғая, ерекшелене
түседі.
1 Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара сөздер. Алматы: Мектеп. 2003. 2 Сильченко М.С. Творческая биография Абая. Алматы: 1957. 3 Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. Алматы: Арыс. 2004. 4 Еңсегенұлы Т. «Ырқ бітіг». Алматы: Тоғанай Т. 2012. 5 Конфуцзы. Кеңес пен талғам. Алматы: Қайнар. 2001.
109
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.