Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет189/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   375
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
деп  жазылған  ойтолғаумен  сабақтас  [5,  152-б.].  Ал  көне  түркілердің  «Ырқ  бітіг»–  «Алдыңды 
болжап бал аатын кітап» атты өлеңдер жинағындағы 56 және 58-ретпен жазылған жыр шумағымен 
сарындас  [4,  141-б.].  Осылай  талдау  жасау  арқылы  Абай  Құнанбайұлының  кемеңгерлік  келбетін 
айқындай түсуге болады. 
Абай  Құнанбайұлының  «Үшінші  сөз»  атты  туындысын  оқып  шыққаннан  кейін,  ұлы  Абай 
қайтадан бүгінгі ұрпағына қарап, елдікке жараспайтын, адамгершіліктен аулақтататын, жалпы ұлтқа  
үйлеспейтін,  өзге  жұртқа  күлкі,  келемеж    қылатын  ертеден  бойға  үйір  қылып  алған  бір-біріне 
қызғаншақтықпен қарап, іштей теріс тілеу жасап, алға озып бара жатса аяқтан шалу әрекетінен және 
жалқаулық,  ілгері  ұмтылмайтын  енжарлықтан  қашан  арыласыздар  деп  қапалана  сөйлеп  тұрғандай 
сезілді.  Бұл  шығарма  алғашқы  жолынан:  «Қазақтың  бірінің  біріне  қаскүнем  болғанының,  бірінің 
тілеуін  бірі  тілеспейтұғынының,  қызметке  таласқыш  болатұғынының,  өздерінің  жалқау 
болатұғынының  себебі  не?  Һамма  ғаламға  белгілі  данышпандар  әлдеқашан  байқаған:  әрбір  жалқау 
кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, 
ақылсыз,  надан  келеді;  әрбір  ақылсыз  надан  арсыз  келеді;  әрбір  арсыз,    жалқаудан  сұрамсақ,  өзі 
тойымсыз,  өнерсіз,  ешкімге  достығы  жоқ  жандар  шығады.    Осылар  біріне  бірі  достық  ойлай  ала 
ма?»–деп жазып өзіне-өзі сұрақ қояды [1, 176-б.]. 
Ақиқатына  жүгінсек,    бір-біріне  қамқорлық  жасау,  ақ  ниет  танытудың  жолы  бұралаңдау  екен. 
Оған да дана Абайдың: «Малдан айрылғандар көбейсе, қыстауы босар еді деп, мен ананы кедей болса 
екен деп, ол мені кедей болса екен деп, әуелде ішімізбен қас сағындық. Әрі-беріден соң сыртымызға 
шықты, жауластық, дауластық партияластық. Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік 
«шапты, талады» деген әр түрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді. Өтірік көрмегенін көрдім деуші 
куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін. Ол болыс 
болғандар  өзі  қулық,  арамдықпен  болыстыққа  жеткен  соң,  момынды  қадірлемейді,  өзіндей  арам, 
қуларды қадірлейді», – деген тұжырымды сөзі дәлел болады [1, 177-б.]. 
Сондай-ақ, «Үшінші сөз» атты шығармада ел ішінде мансапқорлық,  парақорлық, атаққұмарлық, 
билікке таласуға байланысты алаяқтықтың жаңаша айла-шарғасы қалыптасқаны да шынайылықпен 
баяндалады.  Бұл  мәселе жайлы  Абай:  «Осы  күнде  қазақ  ішінде  «іс  білмес,  кісі  білер»  деген  мақал 
шықты. Оның мәнісі: «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалығынан жетерсің» деген 
сөз.  Қазақ  халқының  осындай  бұзықшылыққа  тартып,  жылдан-жылға  төмендеп  бара  жатқанын 
көрген  соң,  менің  ойыма  келеді:  Халықтың  болыстыққа  сайланайын  деген  кісісі  пәлен  қадерлі 
орысша  образование  алған  кісі  болсын»,–деп  мәлімдеген  [1,  177-б.].  Мұнда  дана  Абай:  «қазақ 
халқының  осындай  бұзықшылыққа  тартып»  рухани  жағынан  әлсіреп  бара  жатқанын  көріп, 
қапаланып, сол сұрқия әрекет – өршіп кетпестің жолын қарастырып, өзінің пікірін ұсынады. Бодан 
халықты патшалы Россияның әкімдері қатал тәртіппен билеп тұрған соң, үстем империяға халықтың 
тұрмыс жағдайын жеткізе алатын оқыған, орысша білетін кісі болыс болғанын қолдайды. Екіншіден, 
жергілікті  халықты  билікке  таластырып,  қырғи-қабақ қылғанша  сол  болыстыққа  патша  әкімдерінің 
өздері тағайындау жасағанын қалайды. 
Осы  шығармасында  Абай:  «Бұрынғы    қазақ  жайын  жақсы  білген  адамдар  айтыпты:  «Би  екеу 
болса, дау  төртеу болады» деп. Оның мәнісі– тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді 
дегенмен  айтылған  сөз»,–деп  баяндаған.  Осы  келтірілген  дәйектемеде  Абай  қазақ  тұрмысына 
ертеректе енген заң, жарғы, ережелер Ресей билік жасап тұрған заманда олардың талап, міндеттеріне 
онша  сәйкес  келмейтінін  ескертіп,  халықты  жалған  саяси  әрекетпен  әбігерге  салудың  қажет  емес 
екенін  атап  өтеді.    Абай Құнанбайұлы  патшалы  Россияның айлалы саясаты  мен  жергілікті  жердегі 
болыстыққа таласу әрекеті тұрғын халықты «бұзықшылыққа тартып» елдің бірлігі, татулығына сына 
қағыла бастағанын дөп басып көрсетеді. Абайдың бұл шығармасының түйіні–адамгершілікті сақтап, 
адалдықты қорғап, әрбір адамның «Игілікті кісі» болып қалыптасуын уағыздау болып табылады. Бұл 
жағынан алып қарағанда дана Абайдың осы шығармасы Конфуцзының «Лунь юй» атты еңбегіндегі 
ХІІ тараудың бірінші бабындағы:   
Кісіліктің мәнісі – нәпсіні тыю, 
Рәсімді сүю,– деген ой толғамымен сарындас екені танылады [5,112-б.]. Сондай-ақ, Абайдың мына 
туындысы көне түркілердің «Ырқ бітіг» атты өлеңдер жинағындағы 10-ретпен орналасқан жырдағы:                                                                                
Қабан мен аю қарсы түйісті, 
                                           
Жол бермей екеуі итерісті. 
                                           
Ақырында бірі жамбасынан шойырылды, 
                                           
Екіншісі сойдақ тісінен айрылды,– 
107 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет