Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
жазған өлеңдерін оқып, Еуропа әдебиеті, мәдениетімен танысты. Орыс қаламгерлерінің аудармасы
арқылы әлемге танылған ойшылдар Ф. Шиллер, И.В. Гете, Дж. Байрон өлеңдерімен танысып,
сарқылмас нәр алды. Осылай, дарынды Абайдың дүниетанымы әлемдік деңгейге көтерілді. Бұдан
былайғы кезде ол қиян-кескі өмірге даналық көзбен қарап, өз пайымдауын жасады.
Абай Құнанбайұлының «Бірінші сөз» атты туындысы психологиялық шығарма. Жалпылай
айтқанда, психология деген – мен, психология деген адам. Ол осы қара сөздерінде өзінің жан
дүниесінің сырын қатпар, қыртысына дейін ашып, оқырман алдына жайып салған. Барлық айтпақ
ойды түйіп білдірсек, Абай Құнанбайұлының «Бірінші сөз» атты шығармасы түркілердің «Ырқ бітіг»
–
«Алдыңды болжап бал ашатын кітап» атты өлеңдер жинағындағы 101-ретпен жазылған
туындыдағы:
Енді, менің сүйікті ұлым, ұғып ал дұрыстап:
«Ырқ бітіг» – «Алдыңды болжап бал ашатын кітап» –
Өте тамаша жазба.
Тағдыр–алуан түрлі құдірет.
Бірақ, ол адамға тәуелді,–
деген өлең шумағымен етене сабақтас [4, 145-б.]. Бұл шығармада да адамның ішкі жан дүниесінің
сыры ашып көрсетілген. Әділінде, әр кісінің өз жолы, өз мақсаты бар. Соны орындау, көздеген
нысанаға жету әркімнің өз қолында. Тағдыр алуан түрлі алапат күш екені рас, бірақ ол адамға тәуелді
екені анық. Өйткені, дүниенің иесі адам, оған бағынбайтын кедергі болуы мүмкін емес.
Абай Құнанбайұлының «Екінші сөз» атты ғақылиясының тәрбиелік мәні өте жоғары. Көз жеткізу
үшін шығармадан шағын үзінді келтірейік онда: «Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты
көрсе күлуші еді: «енеңді ұрайын кең қолтық, шүлдіреген тәжік. Арқадан үй төбесіне салам деп,
қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үкә» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан,
«сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «Түйеден қорыққан ноғай, атқа
мінсе–шаршап, жаяу жүрсе–демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді,
солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшық ноғай» деп. Орысқа да күлуші едік: «ауылды көрсе шапқан,
жаман сасыр бас орыс» деп. Енді қарап тұрсам, сарттың екпегені жоқ, шығармаған жемісі жоқ,
саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзімен өзі әуре болып, бірімен бірі ешбір
шаһары жауласпайды!», – деп баяндалған [1, 175-б.]. Бұл кемел Абайдың өз халқының аузынан естіп,
көңілге түйген сыры.
Абай сол көңіліне тас түйін болып қатқан жәйтті сыртқа шығарып, халқына өз байламын айтып
ұсыну үшін «Екінші сөзді» жазған сияқты. Шындығында, ой таразысына салып сараласа, өзіміз
біреуге сыртынан мін тағып күлуге, орынсыз кекетуге келгенде алдына жан салмайды екенбіз.
Өзгенің қандай мақсатпен тірлік жасап жатқан әрекетінің мәніне үңілмейді екенбіз. Сөйтіп өзімізді
басқалардан ақылды санап, кеуде керіп мақтанады екенбіз. Мұндай әдет әлі де бойымызда бар.
Дана Абай ішіндегі мұңын әрі қарай жалғап сол сарт жөнінде: «Әке балаға қимайтұғын малыңды
кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой, орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп бұрын
үйреніп кетті. Ноғайларға қарасам, солдатқа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да
шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның
малдарына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз», – деп баяндайды [1,
175-
б.].
Әлгі «ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді» деп өзіміз мазақ қылған ноғай кейін
«үсті-басыңнан жаман иіс шығады, шық, сасық қазақ» деп біздің ең бай адамымызды үйінен айдап
шығыпты, ұят-ай десейші. Дана Абай біздің іс-әрекетімізді, ұнамсыз қылығымызды кезіндегі көрші
елдердің өмір сүрудегі ізденгіш, тапқыр, жақсы істі шапшаң меңгеріп, алға озған жағымды
әрекеттерімен салыстырып, нақты дәлел келтіріп, солардай болып ілгері ұмтылуға ымдайды. Бірақ,
оны тыңдар құлақ болса кәнекей. Бүгінгі күні де әрбір қандастарымыз ақыл, ой, күш-жігерді ел
игілігіне сарқа жұмсап, тың жаңалықты өндіріске енгізуге ұмтылса, айлығымыз көбейіп,
байлығымызды өзіміз игерер едік.
Шығыс кемеңгерлерін еске алсақ, дана Абайдың «Екінші сөз» атты шығармасының негізгі арқауы
Қытай халқының ойшылы Конфуцзының «Лунь юй» кітабының ХҮІ тарауындағы бесінші бабында:
Мақтаншақ, даңғойлық,
Еріншек, маубастық,
Тойшыл, бозбастық–
Зиянды жұбаныш,–
106
|