Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
сұрақтарына берген жауаптарында, жалпы шығарманың өн бойында Бауыржан Момышұлының
мінезі толық көрініп отырады. Мысалы, «Баукең әлденеге ашулы тәрізді. Оның сәлемімді көңілсіз
алғанынан байқап, іштей қауіптене қалдым. Мұндайда ол кісіге қарсы сөз айтуға әсте болмайды.»
[1.36]. Мұнда жазушы бір ауыз сөзбен Бауыржан Момышұлының мінезінің бір қырын ашып отыр,
сонымен қатар «Баукең екі қолын айқастыра тізесіне қойып, төмен еңкейген күйі ұзақ үнсіз қалды.
Мен де үнсізбін. Мұндайда бірдеме деуге, не оқыс қимыл жасап ойын бөлмеуге болмайды. Жалпы
Баукең өзін бар ынта – ықыласымен ұйып, түсініп тыңдағанды қалайды. Әңгімелескен адамын өзіне
қас – қабағымен де, тіпті үнсіз қалпымен де бағындырып, уысында ұстауға әбден әдеттенген. Тағы
бір мінезінің ерекшелігі өзі ғана ойланып қөоймай, түрлі жанама сұрақтар қойып, сені де ойлануға
мәжбүр етеді» [1.165]. Мұнда да жазушы бас қаһарманға толық мінездеме беріп өткен.
«Мен - халқымның Бауыржанымын» кітабында қаламгер Бауыржан Момышұлының жауаптарын
публицистика стиліндегідей құрғақ емес, әңгіме формасына салып әсерлі етіп берген. Онда Баукеңнің
түрлі ситуациядағы, түрлі өмір кезеңдеріндегі портретін жасап отырған. Мысалы, «Екі иығына екі
кісі мінгендей кең жауырынды, тіп – тік өр кеуделі, ұзын бойлы, аса айбарлы, сұсты, сымбатты» [1.
12], «Қара мұртты, шашы кері қайтпай тікірейген, басы қазандай сом денелі кісі жазу машинкасын
тырсылдата басып отыр. Көзінде көзілдірік. Үстінде жеңі шолақ тор ақ майкі» [1. 22], «Бауыржан
ағаның қабағы жауар бұлттай түнере қалды. Көздері ұшқын ата жалт – жұлт етіп, өңі түтігіп кетті.»
[1.29], «Шашы бурыл түске еніп, әжім сызықтары көбейіңкіреп, аздап еңкіш тартқаны болмаса, әлі
қайратты, айбатты қалпында екен» [1.31], «Өңі жүдеу, саусақтары сидиған, арық, бурыл мұрты
өсіңкі, тек отты жанары баяғы қалпы, тіктеп қарағанында өңменіңнен өтердей» [1. 86], «Баукеңнің
қолында сары мыспен қапталған, басы имек жылтыр қоңыр таяқ, үстінде сұр костюм, шалбар,
сыртында аурухананың халаты. Аяғында қара қайыстан тігілген жеңіл сандал. Мұрты өсіп, астыңғы
ернін жауып тұр» [1.87], «Жалаңбас, оң қолында мүштек, үстінде аурухананың жолақ – жолақ
халаты» (1.89), «Баукеңнің өңі жақсы, аздап қоңыр тартыпты. Көзінің алдындағы әжім сызықтары
азая түскендей» [1.117], «Ішке енсем Баукең төсегінде теріс қарап жатыр екен. Шашы ұйпа – тұйпа,
өңі боп - боз» [1.138], «Баукең тұғырынан ұшпақ боп қомданған қыранға ұқсап, екі – үш рет орнынан
қозғала түсіп, шабыттана сөйледі» [1.142], «Баукең көйлекшең, шеткі орындықта темекі тартып отыр.
Жағы суалып, қабағы түксиіп кетіпті» [1.179], «Оңтүстікке қараған қабырғаға тақай қойылған бір
кісілік төсекте шашын ұстарамен тақырлап алдырған Баукең шалқасынан жатыр. Кеудесіне дейін ақ
сейсеп жамылған. Өңі жүдеу, мұрты өсіңкі» [1.194], «Өңі қоңырқай тартып, қысқа, бурыл шашы
тікірейе көтеріліп тұр. Бурыл сарғыш мұрты өсіңкі» [1.209].
Автор батырға қоятын сұрақтарын да жан-жақты ойлап, жіті жүйелеп отырған. Жеке басына
қатысты сұрақтар ғана емес, халықты, жалпы адамзатты ойландыратын сұрақтар қою арқылы Б.
Момышұлының жан дүниесін, болмыс – бітімін, тіпті алған тәрбиесі мен тектілігін көрсетеді.
Сұрақтары ерлік, Отанды сүю, еңбек, адамгершілік, азаматтық көзқарас, еркіндік, өмір, мінез,
болмыс, сүйіспеншілік, отбасы, махаббат, заман, қоғам, ұлттық рухани құндылықтар, ауыз әдебиеті,
адамның өзін - өзі ұстау мәдениеті, адамгершілік сияқты философиялық бағыттағы сұрақтар. Ондай
сұрақтарға өмір тәжірибесі аз, дүниетанымы тар, оқығаны өлшеулі, түсінігі таяз адамдар жауап бере
алмасы анық! Автор М.Қалдыбай мұны ерекше ескеріп әдеби талғам таразысынан өткізген.
Кітапта бас қаҺарман жалғыз өзі көрінбейді. Оның өзін қоршаған айналасы, сол арқылы белгілі
бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылып отырады. Сұрақ – жауап барысында осы жайттардың
барлығы, тіпті батырдың жеке өмірі, отбасы, отбасылық құндылықтары толықтай көрінеді. Осының
барлығын жазушының терең талғампаздығын, жіті байқағыштығын, асқан шеберлігін танытады. Ол
батыр өмірін терең білумен қатар оны түсінікті, қарапайым тілмен бере алған. Сөйлемдерінің басым
бөлігі жай сөйлемдер. Қаламгер бұл еңбекті жазғанда суреткерлік жағына емес, оның түсінікті әрі
жеңіл оқылуына баса көңіл бөлген. Өйткені қаламгердің мақсаты – тау тұлға Б.Момышұлының
өмірінен мол ақпарат беру.
Қаламгер М. Қалдыбай - «Баукең сұрағыма жауапты дайындықсыз беретін. Кейде менде
философтардың өзі осылай жауап бере алар ма екен деген ой туады!» - деген таңданысын
жасырмайды. Ал өз ойын жеткізу ерекшелігі туралы «Айтар ойын ешкімнен именбей, не көңілі
қалып қояды - ау демей, еркін, батыл, түсінікті, дәлелді етіп айтатын» [1. 7]. – дейді. Жауаптары жай
екі ауыз сөйлемнен тұрмайды, онда аңыз да, тарих та, қоғамның арғы - бергі тынысы, саясатқа,
ұлттық, отбасылық құндылықтарға, ақындар өлеңдеріне, жазушылардың шығармаларына айтылған
сын да, басшыларға тағылған мін де, тектілік тұрғысындағы толғаныстары да, наным – сенімімізден
туған нақыл сөздер мен мақалдар да бар.
170
|