УДК: 821.512.122.09 (091) МАМЫТБЕК ҚАЛДЫБАЙДЫҢ «МЕН –ХАЛҚЫМНЫҢ БАУЫРЖАНЫМЫН» ШЫҒАРМАСЫНЫҢ ЖАЗЫЛУ ТАРИХЫ Сапарова А.И. - Абай атындағы ҚазҰПУ - дың 6М021400-әдебиеттану мамандығының 2- курс магистранты, aklima.saparova@mail.ru Ғылыми жетекші: Тамаев А. - п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ - дың доценті, alpisbai@mail.ru Адамның ішкі жан дүниесіне терең бойлау, оның сыртқы болмысын бағдарлау, өзіне тән ерекше қасиеттерін
ашып көрсету жазушының шеберлігінен шығатын дүниелер! Қан майданда қазақтан қолбасшы болғандар аз.
Солардың бiрi әрi бiрегейi – Бауыржан Момышұлы. Оның өмірі мен соғыстағы батырлық әрекеттері туралы көп
кітап жазылды. Батырдың соғыстан кейінгі өмірінен толық мәлімет беретін шығарманы бізге тарту еткен
белгілі жазушы - Мамытбек Қалдыбай. Ол даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының дара жолын өз әдебиет
талғамынан өткізе отырып шынайы көрсете алған. Мақала шығарманың жанрлық, құрылымдық, стилдік, тілдік,
құрылымдық ерекшеліктерін ашып көрсету туралы. Онда М. Қалдыбайдың туындысына теориялық тың
ғылыми толғамдар жасалып, мысалдар арқылы дәлелдер келтірілген. Образдан туатын портрет, мінездеу,
жанама мінездеу ұғымдары ашылып оларға талдау жасалған.