Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
Жазушы Мамытбек Қалдыбай Бауыржан Момышұлымен сұхбатындағы жауаптарда кездесетін
мақалдардың бірін де өзі қоспағандығын, барлығы батырдың өз аузынан алынғандығын айғақтады.
Мысалы тәрбиеге қатысты айтылған жауабында «Тегі жаманмен тіреспе, кегі жаманмен күреспе»
[1.3], «Аталы сөзге ақымақ таласады», «Қарғаны қанша мақтасаң да қаз болмайды, қазды қанша
даттасаң да қарға болмайды», «Текті әулеттің баласы тепсең де тезекке айналмайды, тексіз әулеттің
баласын қанша илесең де тас түйін қамыр бола алмайды», «Көп жасағаннан емес көп көргеннен сұра»
Отбасылық құндылықтарға қатысты «Әйелді ері сақтамайды, ары сақтайды», дүниеқоңыздық
турасындағы ойында «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», ауызбірлік,
татулыққа байланысты «Көппен көрген ұлы той», «Көп білсең де, көптен артық білмейсің»,
сенімділік, сертке беріктік жөніндегі жауабында «Уәде – Құдайдың үйі», «Сөзі өлгенше өзі өлсін»
Заманға байланысты «Заманына қарай адамы, тауына қарай түлкісі», «Әркімнің аяғына қарай киімі»,
жалқаулыққа, енжарлыққа байланысты «Ауруды елемеген өледі, дауды елемеген төлейді», білімге,
ғылымға қатысты «Оқу – инемен құдық қазғандай» Өмірге қатысты «Көсеу ұзын болса қол
күймейді», сұрапыл соғыстағы тәжірибесінен туған «Ақылыңа әдісіңді серік ет» сөзі жиі айтылады,
сондай – ақ түрлі тақырыптар төңірегінде айтылған әңгімелер арасында мынандай мақалдарды қосып
отырады:
«Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған», «Жаман достан жақсы дұшпан артық», «Қуыс үйден құр
шықпа», «Семіздікті қой ғана көтереді», «Аузын ашса, көмекейі көрінеді», «Сөзде қаңқу жаман,
ауруда шаншу жаман», «Сенгенім сен болсаң, күйсеген аузыңды ұрайын», «Ел күлгенге күлемін,
ыржиямын», Абайдың «Ойыңа ой қосады ақылдассаң», «Әкең өлсе де әкеңді көрген өлмесін», «Бір
атым насыбайдан көңіл қалады», «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Жоғалған пышақтың
сабы алтын», «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды», «Иттен ит туады боқ жейтұғын, малдан
мал туады шөп жейтұғын», «Ителгінің баласы ілмей қалмас», «Үйдегі ойды базардағы нарық
бұзады», «Темірді қызған кезде соқ», «Қанатсыз құс ұша алмайды, армансыз адам өмір сүре
алмайды», «Болмайтын іске болымсыз жігіт ұмтылады», «Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ
астында», «Бермесе де бай жақсы, жемесе де май жақсы», «Шығасы шықпай, кіресі кірмейді», «Өлі
арыстаннан тірі тышқан артық», «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына», «Білегі жуан бірді жығады,
білімі мықты мыңды жығады», «Ақылды адамның алдында иілмейтін тау жоқ», «Жаманға
үндемегеннің өзі жауап», «Таспен ұрғанды, аспен ұр», «Тойған ас түске жетпейді, ықылас естен
кетпейді», «Тауда туған баланың екі көзі таста болады», «Судың да сұрауы бар», «Жорға мінсең
жолдасыңнан алыстайсың, көп жасасаң құрдастарыңнан айырыласың», «Жаманға үндемеген де
жауап», «Сыйламағанға сәлем бермеу де жарасымды».
Мамытбек Қалдыбай Бауыржан Момышұлын сөйлеткенде оның балалық шағы мен өскен
ортасындағы өмірін көрсетеді. Баукеңнің өзі айтқандай, «Менің бірінші ұстазым, ненің жақсы, ненің
жаман екенін үйреткен профессорым, ақылшым - әжем. Әжем – дала интеллигенті, этнограф,
тарихшы еді. Осы бірінші мектебім, бірінші ауызекі көрсеткіш университетім маған өшпес өнеге
қалдырды» [1.143] - деп батырдың ұлы Абайдай ауыз әдебиетінен сусындап, ұлттық құндылықтарға
қанып өскендіктен өмірінің соңына дейін өз ұлтының жанашыры болғандығын көрсетеді.
Қаламгер Баукеңнің осы бір қасиетін ерекше мақтанышпен баяндайды «Бауыржан ағамен 21 жыл
сыйлас, сырлас болғаныма қуанам, мақтанам. Ол кісінің айтқан әр сөзі, тіпті жүріс – тұрысы, әр
қимылына дейін маған ұмытылмас ой сыйлады. Өмірдің бар мән – мағынасы адамгершілікте десек,
Баукең адамгершіліктің ең үлкен үлгісі – ұлтыңды сүю екенін бар болмыс, тыныс – тіршілігімен
дәлелдеп кетті...» [1.7.]
«Мен – халқымның Бауыржанымын» кітабында жазушы Бауыржан Момышұлын батырлық
қырын ғана суреттеумен шектелмеген, оның жан – жақты сауаттылығын, философиялық ой –
тұжырымдарын, адамды танудағы психологиялық шеберлігін, ауыз әдебиетіне қатысты еңбектерге
сыни көзқарасын көрсете білген. Жалпы айтқанда, бұл әдебиеттің барлық теориялық, көркемдік
талаптарына жауап бере алатын «роман» деуге лайықты танымдылығы терең, маңызы зор еңбек!
1
Мамытбек Қалдыбай «Мен – халқымның Бауыржанымын». Алматы, ЖШС «Самара-Принт» - 2013.
2
Зейнолла Қабдолов «Сөз өнері». Алматы: «Санат», 2007.
3
Мәлік Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы: «Рауан», 2013.
4
Қажым Жұмалиев «Әдебиет теориясы» Алматы, ҚМ оқу – педагогикалық баспасы, 1960.
5
Ибраева А.Д. Жазушының шығармашылық зертханасы мәселелерін зерттеудің ерекшеліктері//
6.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филология ғылымдары», №3 (45), 2013 г.
171
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |