Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет273/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   375
Кілт сөздер: әдебиет, образ, батыр, тұлға, соғыс, әділдік үшін күрес, мінез, әдеби мұра.  
 
Бұл  -  Бауыржан  Момышұлының  бейбіт  өміріндегі  әр  кезең  оқиғаларына  байланысты  жазушы 
Мамытбек  Қалдыбайдың  түрлі  сұрақтарына  өзі  бастан  кешкен,  сезіп  –  білген  оқиғалары  негізінде 
психологиялық, философиялық, педагогикалық және әскери соғыс тәжірибесінен шерткен сырлары 
мен ой – тұжырымдары туралы еңбек. Жазушы Бауыржан Момышұлының дүниеге, адамдарға деген 
көзқарасын зерделей отырып, ішкі жан дүниесінің рухани байлығын, табиғи дарынының  тереңдігін, 
өмір  құбылыстарына  ішкі  сезім  дүниесі  әсерінің  нәзіктігін,  байқампаздығын  оқырманға  сәтті 
жеткізуді көздеген. Қаламгердің айтуынша, ол батырмен 1963 жылы танысқан. Адамды бір көргеннен 
танитын  қасиетке  ие  Бауыржан  Момышұлы  Мамытбек  Қалдыбайдың  жүрегі  таза,  көңілі  ақ,  ниеті 
түзу  екендігін  бірден  байқаған.  Басынан  кешкен  қиындықтарына  қарамай,  білімге  талпынып 
жүргенін  ерекше  бағалаған.  Оны  тексеру  үшін  талай  сынаған  да!  «Бұдан  былай  мені  айналдырма! 
Соғыста  батыр  болғаным  рас,  оны  ешкім  бекер  деп  айта  алмайды.  Соғыстың  біткеніне  отыз  бес 
жылдан асып кетті. Осы уақыт ішінде қан кешкен солдаттардың, азаматтардың ұрпақтары көп еңбек 
істеді.  Бұл  –  ақиқат,  тарихи  шындық!  Жазғыш  болсаң  соларды  жаз.  Менде,  қартайған  шалда  нең 
бар?»  [1.  35]  -  деп  тіпті  бетін  қайтарып  жіберген  кездері  де  болған.  Бірақ  М.  Қалдыбай  «Сіздің 
сезгендеріңіз,  көрген  –  білгендеріңіз,  түйгендеріңіз  ұрпағымызға  қажет»  дей  отырып  батырдың 
ашуына  кектенбей  ізет  көрсетуден  қайтпаған.  Жетімдіктің  талай  тауқіметін  тартып,  өмірдің  қиын 
қатпарларынан  адамгершілік  қасиетін  жоғалтпай  өткен  Мамытбек  Қалдыбайға  жазушылық  жолдан 
таймауға, өзіне деген сенімділігін жоғалтқан тұста ойын оятып, сенімділігін сергіткен жазушы Ғали 
Орманов бес рет хат жазып қаламгерлік қабілетіне қанат бітіреді. Бауыржан Момышұлымен жақын 
араласа бастаған жазушы «Мен көп уақытымды Баукеңнің үйінде өткізетінмін. Ол кісінің сәлем бере 
келген  үлкені  бар,  кішісі  бар  –  елдің  қадірлі  азаматтарымен  әңгімесін,  түрлі  тақырыпта  шерткен 
сырын  тыңдай  бердім, жай  тыңдап  қана  қоймай, үйге  келісімен  есітіп  –  білгендерімді  қағаз  бетіне 
ерінбей  түсіріп  отырдым»  [1.3]  -  дейді.,  яғни  бұл  бір  немесе  екі  жылдық  еңбек  емес,  бұл  бірнеше 
жылдар бойғы жазушының журналисттік зерттеуі нәтижесінде туған тұғырлы дүние! Қаламгер өзінің 
қоятын сұрақтарын күні бойы ой елегінен өткізіп, әбден сұрыптап, саралап дайындайтын болған. Ол 
батырдың қасында жүріп жақын араласатындығын ешкімге айтпаған. Оны Баукеңнің өзі басқалардың 
аяқтан шалуы мүмкін екендігін ескертіп сырлас болғандарының құпия сақталуын қалаған.  
М.Қалдыбай  Бауыржан  Момышұлының  көзі  тірісінде  қолжазбаларын  машинкада  теріп  өзіне 
оқытқан. Кей жерлерін Б.Момышұлы өз қолымен түзеген. Автор Бауыржан Момышұлы туралы көп 
еңбектерді оқыған, бірақ оларды қайталамаған. Қаламгер сұрақ – жауап түрінде жазылған дүниесінің 
табиғатын бұзбай, кітапты «интервью» стилінде, яғни суреткерлік интервью стилінде жазып шығады. 
Онда  бас  қаһарманды  риясыз  сөйлетуге,  бойындағы  бар  қазынасын  ақтарып,  ашуға  ерік  берген. 
Батырдың өмірін бояусыз шынайы қалпында беру үшін «оттауизм» [1.61,97], «мылжыңизм» [1. 144], 
«сараңизм»  [1.  107]  сияқты  көркем  әдебиет  стиліне  жатпайтын  сөздерді  сол  күйі  берген.  Кітаби 
лексикаға  сай емес осындай  сөздер  арқылы  оқырман  Бауыржан  Момышұлының  шынайы бейнесін, 
қарапайым  болмысын,  тіпті  мінезінің  қаталдығын  көре  алады.  Бұл  образ  жасаудың  бір  тәсілі. 
168
 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 
Қаламгер  сұрақ  –  жауапқа  байланысты  осындай  стильді  таңдаған.  «Образ  нақты,  шынайы  болмаса 
мақсатқа  қызмет  етпейді»  -  дейді  қаламгер.  Әр  сұрақ  пен  жауаптың  басына  тақырып  қойып,  сол 
тақырыптың  төңірегінде  оқиғалы  әңгіме  өрбітеді.  Оны  түйіндеу  үшін  сол  тақырыпты  соңында 
қайталап  отыратыны  байқалады.  Мысалы  тақырыбы  «Күресу  –  міндетім»  [1.54]  деп  алынса, 
ортасында тақырыпқа байланысты әңгіме тарқатылып барып соңында «Күресу – міндетім....» [1. 55] 
деп түйінделіп отырады, сондай – ақ «Өмір – сын» [1. 52] деген тақырыптық бөлімде жазушы «Таныс 
қарт кісі  өмір – жаза дейді» [1.52] - деп біреудің ойын ала отырып сұрақ қояды. «Ол оттапты,  өмір - 
жаза  деген  сандырақпай  сөз»  [1.52]  -  деп  бастайды  сөзін  Баукең.  Қаламгер  осы  бояусыз  берген 
сөздері арқылы басты қаһарманның ол оймен келіспейтіндігін, оны жазушы сипаттамаса да айтқан 
сәттегі бет – бейнесінің қаһарланып, қабағының қатуланғандығын, тіпті даусының екпінді шыққанын  
көз  алдыңа  келтіреді.    Ол  жазушының  шынайы  образ  жасаудағы  өзіндік  тәсілі.  Осылай  Бауыржан 
Момышұлының  өмір  туралы  толғанысын  тарқата  келе  «Өмір  -  жаза  емес,  өмір  -  сын»  [1.52]  -  деп 
тақырыпты қайталай келе түйіндейді.  
Кітапта бір қаһарман – бірнеше оқиға бар. Жазушы әр оқиғаға бір тақырып қойып бірнеше бөлікке 
бөлген. Әрбір бөліктің өзінің композициясы, сюжеті, басты қаһарманның әңгімесі арқылы көрінетін 
жанама  кейіпкерлері,  оларға  берілген  портреттер  бар.  «Жинақылық  –  мұқият  мықтының  ісі» 
(Паустовский) [2. 303] болса, қаламгердің аталмыш еңбегінің әр бөлімі жинақы әрі жұмыр жазылған. 
Әр бөлікте батырдың шағын көлемді өмір эпизоды берілген. Әсіресе, «Ер Қараман» [1.311] бөлімінде 
батырдың  оқырманды бірден үйіріп әкететін тартымды сюжет желісі, қызықты әңгімесі баяндалады. 
Мұнда  Бауыржан  Момышұлының  тағы  бір  қыры  ашылады.  Ол  –  психологиялық  қыры.  Оңтүстік 
өңірде аты шулы қарақшы Қараманмен араласатындығын естіген М.Қалдыбай Қараман туралы сұрақ 
қояды. Сонда оның Қараманды алғашқы көргендегі сезімін Баукең былай деп баяндайды: -«Қараман 
ақылды, қу кісі екен, менің үндемей отырғанымның себеп – сырын сезді». [1.313] – деп оның адамды 
танып  талғау  қасиетін  ашып  көрсетеді.  Оның  ерлік  әрекеттерін  ерекше  бағалағандығын  «Қараман 
түсінген,  бағалаған  адамға  тағдыры  күрделі,  аса  ірі,  аса  көрнекті  жеке  тұлға»  [1.316],  «Қарекең 
тауқіметтің  барлығына  ерлікпен  төзе  білді,  тізе  бүкпей,  соңғы  демі  біткенше  күресе  білді.  Ол  кісі 
жаратылысынан ер, күрескер кісі еді. Қартайып белі бүгілсе де, рухы бүгілген, ортайған жоқ» - деп 
адам бойындағы қасиеттерді байқап байыптай алатын қырағылық қырын ашады.  
 
Образ  –  суретті  сөз.  Академик  Қажым  Жұмалиев  «Образдың  жасалу  жолдары  сан  алуан. 
Солардың  ең  негізгілері:  портрет,  мінездеу,  адамның  күйініш  –сүйінішін  суреттеу,  кейіпкерлердің 
сөздері және жанама мінездеу» [4.57] – дейді. Мамытбек Қалдыбайдың бұл еңбегінде образ жасаудың 
барлық элементтері кездеседі. Белгілі жазушы, ғалым Мәлік Ғабдуллин «Қазақ ауыз әдебиетінің өлең 
түрінде  адам  бейнесін  жасаудың  алғашқы  үлгісін  салған  батырлар  жыры  деуге  болады.  Ел  қорғау 
жолында ерлік көрсеткен, жауға қарсы аттанған батырлардың бейнесін жасау үшін жыршы ақындар 
бірнеше әдістер қолданады. Батырдың жаумен кездескен жерін суреттегенде «қабағынан қар жауып, 
кірпігіне  мұз  қатып.....  жауар  күндей  күркіреп»  деп  немесе,  батырды  «жолбарыстай  жүректі, 
арыстандай айбатты» деп бейнелейді» [3.227] деп образ жасаудың сонау батырлар жырынан бастау 
алғандығын  дәлелдейді.  Мамытбек  Қалдыбай  да  Бауыржан  Момышұлының  ерлік  қасиеттерін 
даралап көрсету үшін кітаптың басынан аяғына дейін батырдың бейнесіне байланысты мінезін ашуға 
қызмет  ететін  суреттеулер  мен    теңеулерді  қосып  отырады.  Мысалы,  «Баукең  маған  жанарын  тік 
қадады» [1.5],  «Баукең тұғырда отырған ашулы бүркіт сияқты» [1.8],  «Күлкісі тау өзенінің ағысын 
еске  салады»  [1.14],  «Жанарынан  от  шашып  қарады»  [1.15],  «Баукең  отты  жанарын  өңменіме  тік 
қадады» [1.35], «Баукең жауар бұлттай  түнере түсті» [1.122], «Баукең ойлы, отты жанарын өңменіме 
қадады»  [1.130],  «Баукең  маған  қаһарлана  қарады»  [1.132],  «Баукең  ойлы  жанарымен  мені  барлай 
қарады»  [1.238].  Осылай  Мамытбек  Қалдыбай  бұрынғы  батырлардың  жалғасы  болған  Бауыржан 
Момышұлының батырлық образын жасайды. 
Белгілі  ғалым  Зейнолла  Қабдолов  «Мінез  –  адамның  ішкі  болмысы,  белгілі  қоғамдық  жағдай 
қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы... толық қанды 
көркем образдар жасағысы келген суреткер бар шеберлігін өмір шындығын жинақтаумен қатар адам 
мінезін даралауға жұмсайды» [1.103] дейді. Мінез, мінездеуге қатысты Қажым Жұмалиев «Жазушы 
кейіпкердің  сыртқы  портретімен  қатар  ішкі  портретін,  мінез  –  құлқын,  наным  –  сенімін,  дүниеге 
көзқарасын суреттейді. Мінездеу ылғи бір жерде емес, оқиғаның дамуына байланысты шығарманың 
әр  жерінде  берілуі  мүмкін»  [4.60]  дейді.  Мамытбек  Қалдыбай  Бауыржан  Момышұлының  өмір 
шындығын  жылдар  бойы  жинап  оның  тек  өзіне  ғана  тән,  өзгелерде  жоқ  және  қайталанбайтын 
ерекшеліктерін  батырдың  өз  сөздері  арқылы  көрсете  алған.  Мамытбек  Қалдыбайдың  салмақты 
169 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет