Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет284/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   375
Түйін сөздер: Сәйф Сарайи, «Гүлстан би-т-түрки» дастаны, метафора 
 
Алтын  Орда  әдебиетінің  көрнекті  өкілі,  парсы  ақыны  Сағди  Ширазидың  «Гүлстан»  дастанын 
аударып,  «Гүлстан  би-т-түрки»  деп  жазып  шыққан  ақын  –  Сәйф  Сарайи.  Ақынның  өмірі  туралы 
толық  мәліметке  қанық  бола  алмасақта,  оның  атақты  дастаны  арқылы  шайыр  өмір  сүрген  қоғам 
жағдайын,  әдеби-мәдени  дәуірден  хабардар  бола  аламыз.  «Шығыс  халықтары  сөз  өнерінде  назира 
дәстүрінің рөлі ерекше. Ортағасырлық шығыс классиктері бұл дәстүрді тек назира (жауап) түрінде 
ғана  емес,  сонымен  бірге:  тарик  (мәнерінде)  тарз  (рухында),  ранг  (үлгісінде),  тавр  (стилінде),  т.б. 
түрінде  хамса,ғазал,  рубаи  жанрларында  да  дамытты.»  [1,  120  б.].    Дастанды  аударып,  оны  өз 
халқының  ұғымына  бейімдеп  жырлай  білу  шеберлігін  байқай  аламыз.  Дастандағы  суреттеу 
шеберлігіне тәнті боласыз. Оның бір дәлелі –дастандағы метафорлар.  
«Бір  нәрсенің, көбінесе  адамның  мінезін,  құлқын,  ғамалын  екінші  нәрсенің  мысалында  көрсетіп 
айту  –  бернелеу  болады.  Қазақтың  бернемен  сөйлеп  отыр  дегені  –  осы  бернелеу.  Бейнелеу 
бернелеумен  екі  арасы  жақын.  Бейнелеу  де,  бернелеу  де  екі  ұқсас  нәрсенің  бірін  бірінің  орнына 
айтудан  шығады.  Бейнелеу  ұлғайғанда  бернелеуге  айналып  кетеді»  [2,  31  б.].  Ұлт  көсемі  Ахмет 
Байтұрсынұлы  айтпақшы,  Сәйф  Сарайи  да  ойын  оқырманына  әсерлі  жеткізуі  үшін  қарапайым 
бейнелеуі ұлғайып бернелеуге(метафораға) айналып кетіп, былай қолданады: 
 
«Ей, баһадүрлер,біліңдер, келдім бүгін майданға мен, 
Басымды беріп, ерлерше жанымды тәрк етуге тәуекел еттім мен 
Ат үстінде сүңгісін ойнатып, неше түрлі ерлік көрсетіп, 
Айтты: «Шынжырын үзген салт атты сұрапыл жауынгермін» [3, 14 б.]. 
Өлеңдегі  «Шынжырын  үзген  салт  атты  сұрапыл  жауынгермін»  деген жолында  ақын  күрделі 
метафоралық тіркес қолданған. «Жауынгер» деген сөз арқылы өзінің күштілігін, ел алдында қызмет 
атқырып  жүрген  азамат  екенін,  алдындағы  анықтауыш  суреттеу  сөздер  арқылы  айбынды,  мықты 
жауынгер  екенін  айтып  тұр.Бұл  жолдарды  оқып  отырып,  Махамбеттің  жалынды  тіркестері  еріксіз 
оралады.  Қарсы  жаққа  өз  күшін  көрсету  мақсатындағы  «мен  –  құстан  туған  қалықпан»  сынды 
тіркестердегідей Сәйф қолданған тіркестерде де дұшпанына бағытталған сөз екпіні байқалады. 
Қ.Жұмалиев  метафораны  «сыртқы  не  ішкі  бір  ұқсастығына  қарап,  бір  нәрсені  екінші  нәрсеге 
балау, екі нәрсенің арасына тепе-теңдік белгісін қою» деп анықтаса [4,117 б.], З.Қабдолов «метафора 
сөз  мәнін  түрлендіре  өзгертіп  айту,  суреттеліп  отырған  затты  не  құбылысты  айқындай  түсу  үшін, 
ажарландыра  түсу  үшін  оларды  өздеріне  ұқсас  өзге  затқа  не  құбылысқа  балау,  сөйтіп,  зерттеліп 
отырған  заттың  не  құбылыстың  мағынасын  үстеу,  мазмұнын  тереңдетіп,  әсерін  күшейту»  деп 
тұжырымдайды  [5,  219  б.].  «Айбынды  ерлердің  өліп,  олардың  орнын  дарынсыздар  алуы  – 
әділетсіздік» [3,10 б.]. – деп, келетін «Патшалар туралы» деп аталатын дастанның бірінші бабында 
патшаның  балаларын  арасындағы  күндестік  туралы  баяндай  отырып,  патшаның  жауынгер  ұлының 
әкесінің  орнына  дарынсыз  адамның  келуін  әділетсіздікке  балайды.  Бұл  ғалым  Қ.Жұмалиев 
айтқандай,сыртқы не ішкі ұқсастығына қарап балауға жатады.Білімсіз адамның іс-әрекетін юағамдап, 
179 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
оның ел басқаруы қоғамға зиян болғандығы үшін әділетсіздік деп тұжырымдайды. Келесі мысалдарға 
зер салайық: 
«Бөрінің баласы болар ақыр аяғында, 
Әкесі сияқты ол қарақшы – бөрі» [3,16 б.]. 
«Ол бойы сұңғақ, жамалы толған ай, 
Ғылым мен білімде кемел, көрікке бай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет