ӘОЖ 821.512.122-1 СӘЙФ САРАЙИДІҢ «ГҮЛСТАН БИ-Т-ТҮРКИ» ДАСТАНЫНДАҒЫ МЕТАФОРАЛАР Сүлеймен Д. – Абай атындағы ҚазҰПУ 6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс магистранты, dana-dina@mail.ru Ғылыми жетекшісі:Есіркепова Г.Е. – ф.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, gulmira_esirkepova@mail.ru
Бұл мақалада Сәйф Сарайидің «Гүлстан би-т-түрки» дастанындағы метафора тәсілінің қолданылуы мен
оның сөз мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейтудегі рөлі айтылады. Дастандағы метафоралық қолданыстардың
ерекшеліктері сараланады. Әсіресе, көркемдік, мазмұндық тұрғыдан метафора тәсілін пайдаланғандағы ақын
шеберлігі талқыланады. Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының метафораға берген анықтамасы талдалынады.
Сонымен қатар Қажым Жұмалиев пен Зейнолла Қабдолов сынды әдебиетші-ғалымдардың метафораға қатысты
тұжырымдарына дастаннан мысалдар келтіріледі. Сәйф Сарайи дастанында кездесетін метафоралардың берілу
тәсілі де қарастырылады. Дастандағы адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттер туралы ой оралымдарының
Абай шығармашылығында да ұшырасуы сөз етіледі. Әр түрлі тақырыптар қамтылған «Гүлстан би-т-түрки»
дастанында кездесетін метафоралардың кейіпкердің ішкі жан дүниесін, мінезін және өзгелермен қарым-
қатынасын ашу мақсатында қолданылғаны мысалдармен көрсетіліп, талданылады.