Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
Сүйеді келіп басынан...
Қарттардың осы әңгімесінен кейін жырдағы Сұраншы батыр тұлғасы бұрынғыдан да даралана
түседі:
Дауыл соққан теңіздей,
Күш көбігін сапырды.
Алатауды қозғалта,
Қырға шығып ақырды.
Буырқанды, бұрсанды,
Ақтұяққа ер салды...
Сұраншы бейнесі мен оның батырлық тұлғасын даралау үшін ақын дастанда халықтың батыр мен
батырлық туралы дәстүрлі ұғым-түсініктеріне мейлінше жақын келеді. Батырлар жырларындағы
ерлерге тән кейбір ерекше белгі-қасиеттерді Сұраншыға тели суреттеп, оның өзінің болмыс
бітіміндегі айрықша қасиеттерге халық ұғымындағыдай дәстүрлі сипат береді. Соның нәтижесінде,
Сұраншы образын жасаудағы Жамбылдың ақындық ерекшелігін ұстаз осы жайттар арқылы
байқатады.
Дастанда Сұраншы батырдың Қоқан шапқыншыларына қарсы соғысы үлкен ақындық шабытпен
шынайы суреттеледі. Соғыс қимылдары бейнелеген көріністердегі Сұраншы орасан зор күш иесі,
үлкен батыр ғана емес, соғыс айласы мен тәсілдеріне жетік, озық ойлы, кемеңгер қолбасшы ретінде
де оқушыға жақсы әсер қалдырады. Ел намысын қорғаған ақтық айқаста азулы жауды жеңу үшін
қуатты күш-қайратпен қоса айла да қажет екендігін өсиет еткен Қарасай батырдың кескілескен
ұрыстағы амал-тәсілдерін ой елегінен өткізе келіп, Сұраншы да үлкен әскери айла жасайды. Соның
нәтижесінде Сұраншы жеңіске жетеді. Қаннен-қаперсіз жатқан жаудың алдыңғы шебінің ордасы
ойран болып, елге зорлық көрсеткен Қоқан бектері Сұраншы батыр сарбаздарының ойсырата соққан
соққысының астында қалады.
Дастан жас жеткіншектерді елін сүюге, оны көздің қарашығындай қорғап-сақтауға тәрбиелейтін
құндылығымен қымбат. Өйткені, Сұраншы батыр секілді әділдік үшін, халқының еркіндігі мен бас
бостандығы, тәуелсіздігі үшін жанын берген, қасық қаны қалғанша күрескен есіл ерлер есімі мәңгі
естен шықпайтыны анық.
1
Жабаев Ж. Толық шығармалар жинағы: 4 томдық. – Алматы, 2014 ж.
2
Жыр алыбы // Жамбыл жайлы естеліктер. – Алматы, 1971 ж.
3
Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар. – Алматы: «Жазушы», 1976 ж.
4
Сманов Б. Қазақ әдебиеті. Оқу-әдістемелік құрал. ХІ-сынып (Қоғамдық-гуманитарлық бағыт). –
Алматы: «Мектеп», 2015.– 256 б.
Достарыңызбен бөлісу: