Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
орындарында білім берудің кредиттік жүйеге көшуімен байланысты студенттердің шығармашылық
әрекетін, білімді өздігінен ізденіс арқылы табудың жолын, жалпы педагогикалық принциптерді
басшылыққа алу біліктіліктерін көтеру мәселесі қойылып отырғандықтан, білім беруді
ұйымдастырушы-оқытушы мен білім алушы-студенттер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі мүлдем
басқаша жаңа деңгейге көтерілді. Осының негізінде оқыту әдістері мен оқу әрекеттері түрленіп,
өзіндік жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық
мақсаты да кешенді түрде өзгеріске ұшырады.
«Шығармашылық» ұғымының мазмұны «шығару», «іздену», «жаңаны ойлап табу» деген
мағынаны білдіреді. Ол, жаңалық ашатын адамның әрекетінен, адамның мақсатқа бағытталған
қызметіндегі ізденімпаздығы мен белсенділігінен, табандылығы мен жігерінен құралып, ақыл-ойы
мен сезімінің, креативтілігінің бірегейлігінен туындайды.
«Шығармашыл ойлау» жаңа идеяларды туындатуға бағытталады, оның нәтижесінде қандай да
мәселе, проблеманың соны, қайталанбас шешімі табылып, не бұрыннан бар шешімнің жетілген әдісі
жүзеге келеді. Шығармашыл ойлау барысында танымдық іс әрекеттің төркін, мән мағынасына,
құнына, мақсатына сай жаңа ой пікір құрылымдары пайда болады. Бұл арада іске асатын жаңалықтың
екі түрін айыра білу қажет:
1) Жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаңалық;
2) Нақты тұлға ой өрісінен бастау алған субъективті жаңалық: Шығармашыл ойдың дамуына
көптеген факторлар кедергі келтіреді. Олар:
1) Шектен тыс сыншылдық
2) Шешім іздеудегі асығыстық
3) Ішкі шек қоюшылық
4) Регидшілік ескі білімдерді қолдануға әуесқойшылық
5) Конформизм сырт көзге мазақ болу қаупінен туған тартыншақтық Шығармашылық іс-әрекет
шығармашылық ортада орындалады және оның орындалу нәтижелілігін шығармашылық қабілеттер
анықтайды, шығармашылық ортада тұлғаның шығармашылық қызығушылығы, белсенділігі,
танымдық ізденімпаздығы артып, шығармашылық қабілеті дамиды.
Жоғары оқу орындарында студенттерді шығармашылыққа баулуда олардың бойында болашақ
маманның шығармашылық қасиеттерінің болуына көп көңіл бөлеміз. Шығармашылық - бұл адамның
өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйін,
өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірде өз орнын табуға
көмектеседі. Шығармашылық - бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен
бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі [4]. Шығармашылық -
төмендегідей ерекшеліктермен сипатталатын адам әрекеті: - шығармашылықтағы қарама-
қайшылықтардың болуы; - әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы; - шығармашылыққа
арналған шарттардың, жағдайдың болуы; - шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы; -
нәтиженің жаңалығы, соңылығы. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жеке
тұлғаның қалыптасып, дамуы үшін жаңа талаптарды қажет етеді. Уақыт табандылығының
қажеттілігі, адамзаттың шығармашылық қабілеттерінің дамуында, кез келген қызмет саласындағы
мақсаттардың дәстүрден тыс жолдарын іздеу, қоғамның әрбір мүшесінің зиялылық мүмкіндігін
арттырумен қатар, барынша шығармашылық белсенділігін оятып, оның дамуына алып келеді.
Жоғары оқу орындарында студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың негізгі факторы
болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, оларға кәсіптік білім
беруде болашақ мамандықтарына байланысты қабілеттерін де дамыту аса маңызды мәселелердің бірі
болып табылады. Шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың қазіргі тұжырымдамасы жаңа
парадигмаға сүйенеді, ол әр жеке тұлғаның ынтасы; әр жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерінің, оның
ішінде оның шығармашылық өзін-өзін дамытуды қажетсінуінен; ішкі еркіндігінің басылымдылығы –
сыртқы шығармашылық өзін-өзі дамытудың табиғатын танымдық қызығушылықтың
ықпалдастырылған сипаттамасы ретінде түсінуден тұрады.Жеке тұлғаның шығармашылық
қызығушылығы – бұл ішкі процесс, адамның орта әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік
қарама-қайшылықтар әсерінен және қоршаған ортаға, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде
өзінің субъективті қарым-қатынастарын есепке алу негізінде өзін саналы түрде жетілдіруге
ұмтылысы.Шығармашылық қызығушылықтың жетекші
функцияларына талаптанушылық, танымдық,
реттеушілік, рефлексиялық, белсенді өзара қарым-қатынас т.б. жатқызылады. Олар өзін-өзі
220