Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. дамытудың бағыттылығы мен артуын, тұлғалық компоненттердің деңгейін және олардың
сабақтастығын айқындайды, адамға өзін жетілдіруге орай дербес әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік
туғызады. Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру - субъект-субъектілік бағдардың
шығармашылық әрекетінің ерекше түрі, ол бір жағынан “өзіндік” процестердің “өзін-өзі тану, өзін-өзі
айқындау, өзін-өзі басқару, өзін-өзі таныту” қарқынын күшейту мен тиімділігін арттыруға, екінші
жағынан, педагог олардың шешімін табу барысында субъектілік бағыт ұстанатындай, тұрақты түрде
күрделеніп отыратын проблемалық шығармашылық міндеттердегі қарама-қайшылықтарды шешуге
бағытталады. Шығармашылық қызығушылық – жеке тұлғаның жаңа жағдайда өзекті мәселенің
шешімін табуға танымдық бағдары негізінде, психологиялық сапаларын дамыта отырып, білімдік-
рухани құндылықтарға жетуге ұмтылысымен сипаталатын және шығармашылық қабілетті дамытуға
жетелейтін танымдық сапасы. Оқу процесінде студенттердің шығармашылық сипаттағы
тапсырмаларын жүйелі түрде ұйымдастыру және оны болашақтағы кәсіби бағдарымен сабақтастыра
зерттеу оқытушының педагогикалық құзіреттілігіне де байланысты. Өз пәнін жетік меңгерген және
оның мазмұнын жаңа біліммен үнемі толықтыра отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуі, өз
болмысын терең зерделей отырып, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына өзінің қолтаңбасын
қалдыруына, рухани тұрғыда терең түсінуі мұғалімнің ішкі құндылық бағдарына байланысты [5].
Cтуденттің шығармашыл тұлғасын қарастыру оның көптеген сапалық қасиеттерінен тұрады:
1) Тұлғаның жалпы белсенділігін сипаттайтын қасиеттерін жігерлілік, табандылық, инициативтік,
шешім қабылдаушылық, мақсатқа бағыттаушылық, өздігінен жұмыс істей алуы, қажырлылық,
оптимизм, сенімділік, тұрақты қызығушылық дамыту тұлғаның шығармашылық қабілеттерін
дамытуға көмектеседі.
2)Білім алуға қатысты қасиеттер жауапкершілік, ұқыптылық, қызығушылық, еңбексүйгіштік,
орындаушылық, байыптылық, ұйымдастырушылық, продуктивтілік, ізденімпаздық және т.б. әрбір
шығармашыл тұлғаның бойында табылады.
3) Тұлғаның ақыл ойына қатысты қасиеттер тұлғаның ойлауының кең, сыни тұрғыда, логикалық
болуы, ой батылдығы, даму интеллектісі мен деңгейі, эрудиция, интуиция, оқуға қабілеттілігін
дамыту шығармашыл тұлғаның ойлау қабілеттерін дамытудағы ең маңызды мәселелердің бірі.
Оқытудың кредиттік жүйесінде ең тиімді және жоғарғы тиімді сабақ берудің бір түрі студенттің өз
бетімен жұмыс жасауын ұйымдастыру болып табылады. Ол қазіргі заманғы білім беруде үлкен орын
алады, себебі әр студент өз бетінше оқу әрекетінде білім алады, өз бетінше жүмыс істейді. Жеке өз
бетінше жүмыс жүргізуді - оқытушының студенттің белсенді әрекетін үйымдастыру, ол алға
қойылған мақсатты арнайы берілген уақыт ішінде орындау, білімді іздеу, оларды түсіну, бекіту,
шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру деп түсінеді.
Шығармашылық қабілетті дамыту студенттердің қажетті теориялық білімі, біліктіліктер мен
дағдылардың болғанында ғана мүмкін болады және әрі қарай дамиды. Олар:
• Қолдану (теориялық білімдерін практикада қолдана алса, бір пәннен алған білімдерін басқа
пәннен алған білімдерімен өзара байланыстырып кешенді түрде қолдана алса);
• Ойлау (шығармашыл ойлап, өзінің ойларына еркіндік бере алса, анық және логикалық тұрғыда
ойлай алса; сыни ойлау);
• Шешім (проблемаларды тауып, шеше алса; шешімнің жаңа жолдарын тапса; жаңа ситуацияда
жөн таба алса;)
• Түсіну (оқу материалының мағынасын шығармашылық бағытта түсіне алса; оқу материалынан
ең бастысын атап көрсетсе;)
• Болжау (нәтижелерді болжай алса; ғылыми проблемаға өзіндік зерттеу жұмыстарын жүргізе
алса;) • Сөйлеу (ауызша және жазбаша тілді жақсы меңгерген болса;) • Бағалау (бағалай және өзін өзі
бағалай алса;) • Талдау (анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, классификация жасай алса;) • Зерттеу
(өзіндік, шығармашыл, ғылыми ізденіс жасай алса).
Шығармашылық ойлаудың негізгі белгілері:
Оригинальдық - шығармашылық ойлаудың өзіне тән болуы, проблеманы шешудің өзгеше болуы,
ерекше жауаптар беру қабілеті;
Икемділік - cұрақтарға түрлі жауаптар табу және бірден кірісіп кету қабілеті, бұл қабілет
жауаптардың әртүрлі болу деңгейі, неғұрлым көп шешімдердің болу және қолдану мүмкіндіктері
немесе шешімдерді өзгертіп, олардан жаңа мүмкіндіктер ашу арқылы анықталады;
Интеграция - бірнеше қарама қарсы шарттарды, принциптер мен пайымдарды ескеру қабілеті;
Сезушілік - проблеманың, құбылыстың немесе оқиғаның аз байқалатын тұстарын ескеру.
221
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. Шығармашыл ойлау студенттердің түрлі саладағы кең көлемдегі және үнемі жаңарып отыратын
ақпараттармен жұмыс істей алу дағдыларын, басқалардың ойын ескере отырып өз пікірін анық
жеткізу, түрлі ойларды, танымдарды түсіне отырып, өзінің жеке ойын қалыптастыруға,
проблемаларды шешуге, өздігінен жұмыс істей алу қабілетін арттыруға, топпен бірге жұмыс істеу
және басқалармен қолайлы қарым – қатынас жасай алу қабілеттерін дамытады. Шығармашылық
қабілеттерді дамыту барысында жоғарыда айтылғандарды дамыта алсақ, студенттердің өз ойларын
білдіріп, өздіктерінен тұжырымдама жасауына, оның шығармашылыққа бағытталуына, өздігінен
білім алып, полимәдениетті дамыған тұлға болуларын жүзеге асыра аламыз.
1 Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы // Егемен Қазақстан, 1999, 1 маусым. 2 Новые педагогические и информационные технологии в системе образования /Е.С. Полат, М.Ю. Бухаркина и др.; под.ред. Е.С.Полат. – М.: Академия, 2003. – 272 с. 3Көшербаев Қ.Е., Ахметов Ә.Қ., Әбілқасымова А.Е., Рахымбек Х.М. Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы. – Алматы, 1998. – 232 б. 4 Кузнецов С.А. Интегративный подход к решению основных проблем математического анализа в школе и педагогическом ВУЗе// Интеграция образования 2008 №3 с, 69-74. 5 Richard P.How to Prepare Students for a Rapidly Changing World. – USA, 2010. - 200 р.