Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
Түркітану және тіл тарихы курсы бойынша сабақтарда студенттермен жұмыс жасаудың тиімді
әдіс-тәсілдері кеңінен қамтылып, олар шәкірттеріміздің сабаққа дайындығын, танымдық
процестерінің даму деңгейін, ақыл-ой қабілеттерінің жетілу барысын анықтауға тиіс. Осыған орай
пәнді өткізу барысында жүргізілетін түрлі әдістемелік жаттығулар мен тапсырмалар өзінің
маңыздылығы және қажеттілігімен ерекшеленеді. Атап айтқанда, студенттердің түркі халықтарының
тарихы, тілдері, әдебиеті, мәдениеті жайында алған білімдерін анықтап алу үшін
Керн-Йирасектің
әдісіне негізделген дайындықты анықтау тестісі қолдануға болады. Тест төрт тапсырмадан тұрады:
1) Студенттің түркітануға қатысты пәнді өткенге дейінгі білімін анықтау тесті 15 сұрақтан тұрады.
Дұрыс жауапқа –1 балл, дұрыс емес жауапқа – 0 балл;
2) «Түркі тектік ағашының» суретін салу.
3) Сөздік мәтін бойынша бағалау. Көне түркі тілі не қазіргі түркі тілінде жазылған мәтіннен үзінді
ретінде 1-2 сөйлем оқылып, есте сақтау қабілеті бойынша жазылады.
4) Түркі өркениетінің ұлы тұлғалары жайында мәліметтер оқылады да, студенттерге тыңдаған
мәліметтер негізінде концептуальды кесте жасау ұсынылады.
Мұндай диагностикалық тапсырмалар студенттің түркітану іліміне қатысты ұғым деңгейін
анықтауға мүмкіндік туғызуымен қатар, олардың өзіндік ойлау және тұжырым жасай білу
қабілеттерінің қандай деңгейде қалыптасқандығын жобалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тіл
тарихы курстары бойынша сабақтарда әдеттегідей топ-топқа бөліп интерактивті түрде өту әдісін
ұтымды қолдану студенттердің сыни тұрғыдан ойлануына, берілген тақырып бойынша белсенді
түрде жұмыс істеулеріне, достарының логикалық ойлауына баға беруге, өз ой-пікірлерін ортаға
салып, еркін жеткізе білулеріне жағдай туғызары сөзсіз. Әсіресе, Л.С.Выготскийдің әдісіне сәйкес
түркі тілдері бойынша берілген материалдарды оқып шығып, ондағы әрбір жеке түркі тілдеріне тән
ерекшеліктерді
Венн диаграммасы не
концептуальдық кесте түрінде рәсімдеуі студенттердің сабақ
кезінде қалыптасқан түсінік деңгейін анықтауға және олардың пәнге деген қызығушылығын
арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ студенттің сөзді, түркі тілдерінің сөздік қорын, сөз тіркесі мен
түркі сөйлемінің өзіндік құрылысын ерікті есте сақтау үдерісін жүзеге асыру үшін
«10 сөз не сөйлем»
деген әдісті пайдалануға болады. Берілген сөздер не сөз тіркестері немесе сөйлемдер студенттің зейін
қасиетінің тұрақтылығы мен есте сақтау қабілетін арттыруға бағытталады. Топ студенттері
арасындағы байланысқа сүйенетін оқытудың интерактивті әдістерінің бұл түрі ұжымдық жұмысқа,
студенттің өзіндік белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Әдісті тест әдісін қосу арқылы жандандыруға
да болады. Берілетін тест тапсырмалары студенттің зейіні мен логикалық ойлау қабілетін арттыруға
негізделуі қажет.
1.
«Жер – мемлекеттің негізі» деп таныған ғұн көсемі
Достарыңызбен бөлісу: