Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет340/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   375
УДК 811 512.122.42 
 
ОҚЫТУ  ҮДЕРІСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ 
ЖОЛДАРЫ ( ТІЛ ТАРИХЫ КУРСЫ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ) 
 
А.Н.Юсуп - Абай ат. ҚазҰПУ, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы 
А.Н. Мамиева – ҚазМемҚызПУ, филология ғылымдарының магистрі, PhD докторант 
 
Мақалада  тіл  тарихы  курсы бойынша өтілетін пәндерді жаңа технологиялар арқылы оқытудың жолдары 
қарастырылып, аталған пәндерді оқыту үдерісінде қалай тиімді өткізуге болатындығы дәйектеледі. Тіл тарихы 
курсы бойынша жүргізілетін пәндер  тіл білімінде терең қарастыруды, жан-жақты ізденуді талап ететін күрделі 
пәндер  болып  табылады.  Түркітану  және  тіл  тарихы  пәндерін  жүргізудегі    басты  мақсат  тек  таза  білімді 
меңгерту ғана емес, сонымен қатар әр студенттің ақпараттық-танымдық қабілетін дамытып, оны бекіту, жеке 
тілдік тұлға ретінде қалыптасуына жан-жақты жағдай жасау. 
ХХІ  ғасыр  –  жаһандық    білім  мен  ғылымның  қалыптасу  ғасыры,  яғни  жаңа  технологиялардың  қарқынды 
даму  ғасыры.  Әсіресе,  ЖОО  оқу  үдерісінде  жекелеген  пәндерді  оқытуда  жаңа  технологияларды  қолдану 
білімнің сапасын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар студенттердің жаңа тақырыпты  игеруіне алғышарт 
жасайды, олардың шығармашылық қабілетін шыңдайды, өзіндік дамуына тікелей ықпал етеді, өзара және пән 
оқытушысымен де тығыз тілдік қарым-қатынас орнауына қолайлы жағдай жасалады.   Мақала оқыту үдерісінде 
жаңа технологияларды тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет