Сөзбе-сөз аударма – аударма тілі сөздерінің бастапқы тіл сөздерімен автоматты түрде
алмастырылуы. Сөзбе-сөз аударма индивидуалды авторлық метафораларды, оның ішінде
«жалпыстилистикалық» метафораларды аударуда көп қолданылады. «Жалпыстилистикалық»
метафоралар деп барлық тілдерде бірдей ассоциация туғызатын сөздер. Мысал ретінде келесі
сөйлемді қарастырайық:
Ем табайық, тек жараны ұлғайтпайық [7; 481]. Devasını bulalım, tek yarayı büyütmeyelim [8; 115]. Не надо бередить рану и осложнять дело[9; 379]. “Why quarrel and let fists fly, why open up old wounds?” [10; 116]. Мысалдан, түпнұсқадағы «жара» метафорасы сөзбе-сөз аударылған. Түпнұсқада «жара»
метафорасының астарлы мағынасы – көңілдегі ауыртпашылық, реніш пен өкініш сезімдерінің
көрінісі. Бұл ассоциация барлық тілдер өкілдеріне түсінікті, өйткені көңіл, жара ұғымдары барша
адамзатқа ортақ. Сөзбе-сөз тәсілі аударылған метафора келесі мысалда да қолданылған және
мағынасы сақталған:
Метафоралардың аударылуында трансформацияның сөз мағынасын дамыту, сөз мағынасын
нақтылау және шығынды өтеу түрлері қолданыс табады.