Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет352/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   375
АУДАРМАТАНУ 
ПЕРЕВОВЕДЕНИЕ 
 
ӘОЖ: 81'25  
МЕТАФОРАНЫ АУДАРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Алмабаева Г.Б. - ҚазҰУ, гуманитарлық ғылымдардың магистрі, аға оқытушы
gulnur_agb@mail.ru
 
Жанадилова З. М. - ҚазҰУ, аға оқытушы, 
zzhanadilova@mail.ru
  
Акшалова Б.Н. - ҚазҰУ, ф. ғ. к., доцент, 
bakhyt.nadir@mail.ru
 
 
Түйіндеме: Мақала метафораның аударылу тәсілдеріне арналады. Көркем мәтіннің аударылуында автордың 
индивидуалды  стилі  сақталуы  керек.  Метафора,  әсіресе  индивидуалды  метафоралар,  автордың  дүниеге  деген 
көзқарасының туындысы болғандықтан, аудармашы автордың шығармашылығымен, өмірбаянымен, өмір сүру 
салтымен, көзқарастарымен, ұстанымдарымен т.б. ерекшеліктерімен таныс болуы тиіс. Аударма теориясының 
кызығушылық туғызатын аспектілерінің ішінде стилистикалық тәсілдерді аудару мәселесінің орны ерекше. Бұл 
мәселе тіл білімі ғалымдарының назарында болғанымен, әлі де толық зерттелмеген. Троптардың аударылуын 
зерттеу көркем шығармалардағы бейнелі ақпаратты қабылдаушы тілінде барабар аударма жасауда, аудармада 
түпнұсқаның  стилистикалық  әсерін  жаңғыртуда  өте  маңызды.  Көркем  аударма  түпнұсқа  мен  аудармашылық 
шығарма  саласындағы  сөз  мәдениетін  жетілдіруге  атсалысады.  Аударманың  биік  көркемдік  дәрежеде 
орындалуына аудармашының саластырмалы стилистканы жете меңгеруі тиімді. 
Түйін сөздер: метафора, аударма түрлері, аударма теориясы, көркем мәтін. 
 
Метафора  қажеттіліктен  туындамайтындығын,  адамның  ойлауына  тән  құбылыс  екенін 
ғалымдардың  тұжырымдамаларымен  дәлелдедік.  Тіл  тұтынушы  зат  пен  құбылыстың  түрлі 
ерекшелігін  ескере  отырып,  ұғымды  жеткізуде  тілдік  түрлі  тәсілдерді  пайдаланады,  яғни  ұқсату, 
бағалау, бейнелеп көрсету т.б. арқылы атауды қалыптастырудың жолын таңдайды. 
Проф.  Г.Гачечиладзе  «салыстырмалы  стилистика  жақсы  қайралған  қарудай  аудармашының 
шығармашылық  жұмысына  жәрдемдеседі»  деп    айқындайды  [1;  246].  Екі  тілдің  стилистикалық-
семантикалық ереже-заңдылықтарын білу- аудармада шығарма стилін дәл жеткізудің кепілі.  
А.В.Федоров өзінің «Аударма теориясына кіріспе» атты танымал еңбегінде аударма теориясының 
бірқатар сұрақтарына анықтама беріп, түпнұсқаның жеке ерекшеліктерінің аудармада дұрыс берілу 
мәселесін қарастырғанда автор тек мәселенің жалпы құрылысымен шектелуге мәжбүр болады деген 
ойын айтады [2; 95].  
Көркем  шығармаларды  жазбаша  аудару  –  ұлттық  колорит  пен  жазушының  стильдік  ерекшелігі 
көрініс  табатын  тілдік  әрекеттің  әлеуметтік  маңыздылығы  ерекше  нысаны  болып  табылады. 
Н.Ж.Шаймерденова  өзінің  «Көркем  аудармадағы  тілдік  бірліктердің  семантикасына  бөлшектік 
талдау» атты мақаласында көркем шығарманың аударылуының мәні мен жайын қарастырған [3; 218]. 
Тілдегі  метафоралардың  концептуалдық  өзегінен,  кез  келген  тілдік  қолданыстағы  метафоралар 
когнитивтік  қызмет  атқаратындығын  байқауға  болады.  Мәселен,  метафора  табиғатына  тән 
бейнелілік, көркемдік, бағалауыштық, образдылық қасиеттерінің тілдегі орын алуына адам ойы мен 
танымдық тетіктерінің қатысатындығын, метафоралардың прагматикалық сипатынан көрінеді [4; 9]. 
Өзінің  жазылу мәнерімен, оқиға құрылымымен, әлеуметтік астарлы ой айта білуімен, таза кәсіптік 
шеберлігімен  классикалық  шығарма  дәрежесіне  көтерілген  М.Әуезовтың  «Абай  жолы»  романын 
және оның түрік, орыс, ағылшын тілдеріне аударылған нұсқаларын талдадық. «Абай жолы» романы 
жұмысымыздағы алынған метафоралардың негізгі көзі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет