силой чувства откликнулось на них [9; 57]. But now he was plunged into its very depth, and his whole being responded with great intensity of emotion [9; 68]. Экспрессивті-бағалауыштық немесе эмоциялық боялған метафораның құрылымы басқа
метафорамен салыстырғанда күрделірек болады. Бағалауыштық метафораның ерекшеліктері
суреттеуші метафорамен біріктіріледі. Метафора әмбебап және өзіне тән қасиеті бар құбылыс,
сондықтан ол логикалық форма, ұлттық-мәдени ассоциациялар, атаулық, қажеттілік тұрғысынан
қарастырылады.
Қазіргі қазақ аударма ғылымында ғылымында жиі қолданылып жүрген балама, баламалы аударма,
баламалылық (эквивалент, эквивалентный перевод, эквивалентность) деген терминдердің ұғымдық
шеңбері әлі де талас тудырып келеді. Бірқатар зерттеулерде балама ұғымы теңбе-теңдік
(тождественность), дәлме-дәл аударма (адекватный перевод) терминдерімен бір тең мағына
түсініледі. Сондай-ақ балама (эквивалент) дегенді түпнұсқа тілдегі сөздің басқа тіл сөздігінде
көрсетілген варианттары немесе аудару үдерісі кезінде түпнұсқадағы сөзге, тіркеске, фразаға,
синтаксистік тұтастыққа аудармашы аударылатын тілден таңдап, іріктеп алған мағынасы жуық
нұсқалар деп түсіндіретін зерттеулер де бар [6; 80]
Көркем шығарманың сыртқы сымбаты, яғни көркем мазмұны қандай сұлу, тартымды болса, ішкі
сипаты, түрі, көркемдік құрылымдық элементтері соған сәйкесуі тиіс. Мазмұн сұлулығы
шығарманың әдемі түрімен келісті болуы-басты ерекшелігі.
Сонымен, метафоралардың аударылуында ең негізгі ұстаным оның аударма мәтінінде сақталуы.
Өйткені метафора көркем шығарманың бейнелілігінің басты құрамдас бөлшегі. Осыған орай
баламалы аударма тәсілі ең тиімді болып табылады, алайда тілдердің өзіндік стилистикалық, ұлттық
ерекшеліктеріне байланысты аударманың басқа да тәсілдері қолданылады.
1 Гачечиладзе Г.Р. Художественный перевод и литературные взаимосвязи. – М.: Советский писатель, 1972. – 262с.76. Ревзин И.И., Розенцвейг В.Ю. К обоснованию лингвистической теории перевода // Вопросы языкознания. – 1962. – №5. – С.56-58 2 Федоров А.В. Основы общей теории перевода. Лингвистические проблемы. – М.: Высшая школа, 1983. – 303 с. 3 Шаймерденова Н.Ж. Преводы на русский язык и эксплекация семантики языковых единиц // Межкультурная коммуникация и актуальные проблемы казахской, русской филологии. – Алматы, 2004. – С.218-220.77. 4. Мазибаева Ж.О. Метафоралардың тілдік-танымдық мазмұны (Т.Ахметжан шығармалары негізінде) // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №2 (44), 2013 ж. - 9-12. 5 Ревзин И.И., Розенцвейг В.Ю. К обоснованию лингвистической теории перевода // Вопросы языкознания. – 1962. – №5. – С.56-58. 233
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 6 Утепбергенова Л.А. Аудармадағы тіларалық балаламылық және антонимдік аударма мәселелері // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. - 79-82 б. 7 М. Әуезов Абай жолы. 1 том. – Алматы: Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1961. – 804 б. 8 M.Awezov Abay yolu I, II. Çevıren Doç. Dr. Zeyneş Ismaıl, Ahmet Güngör. – Ankara, 1997. – 414 s. 9 М.Ауэзов Путь Абая. Том 1. – Алма-Ата, 1978 10 M. Auezov Abai. I, II. Translated from the Russian by L.Navrozov. – Moscow, 1966. – 452 p