УКД 81,25 М.ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ АСПЕКТІСІ Джанабаева С.М.- 6М020700 - аударма ісі мамандығының 2 курс магистранты jan_saniya_87@mail.ru Ғылыми жетекшісі: Кисикова Б.Д. - п.ғ.к. Абай атындағы ҚазҰПУ Кәсіби шетел тілі коммуникациясы және аударма ісі кафедрасының доценті Қазіргі тіл білімі саласында тіл мен мәдениеттің ұштасуынан пайда болған лингвомәдениеттану ғылымы
жан – жақты зерттелуде. Мақаламызда лингвомәдениеттану ғылымының пайда болуы, өзіне тән ерекшеліктері,
мақсаты мен зерттеу нысаны алуан түрлі ой – пікірлерге ие болып отыр. Мақалада ұлттың тарихы, салт –
дәстүрі, мінез – құлығы, жүріс – тұрысы мен халқымыздың менталитетінің рухани жиынтығы халық өмірінде
лингвомәдени аспектіде зерттеліп, ата – бабамыздың ұлы мәдениеті – тіл мәдениеті арқылы қызмет етеді.
Мақаланың өн бойында, адам баласының шыр етіп дүниеге келуімен қатар, оның барлық болмысындағы
тоғысулар мен ақтық сапарға дейнгі өмірін шығарып салу үрдісі, сан – алуан қырымен көрініп, ұлттық
болмысымен ұлттық рухпен нақышта бейнеленіп, суреттеліп қарастырылған. Мақалада лингвомәдениеттану
ғылымының өзіндік ерекшелігі мен зерттелуі жайы және «Абай жолы» эпопеясындағы ұлттық салт- дәстүрлер
көрінісі халықтың рухани қазынасы құндылықтарынан кеңінен лингвомәдениеттану аспектісі бойынша мәлімет
береді.
23
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.