Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет68/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   375
Түйін сөздер : лингвистика, лингвомәдениеттану, тіл және мәдениет, ұлттық тіл, рухани құндылықтар, салт 
– 
дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар. 
 
Тіл  ғылымында    лингвомәдениеттану,  әдетте,  лингвистика  мен  мәдениеттанудың  түйіскен 
тұсынан  туындап  отырған  ғылым  саласы.  Ол  –  ұлттық    сипаты  бар  деп  танылатын  әлеуметтік, 
танымдық,  этикалық,  эстетикалық,  саяси,  адамгершілік,  тұрмыстық  салт-дәстүрлер  мен 
заңдылықтарды  тілдік  құралдар  арқылы  жеткізу  үлгісін  зерттейтін  біл  білімінің  бағыты.  Осы 
тұрғыдан  лингвомәдениеттанудың  ең  басты  мақсаты  –ұлттық  болмыстың  тілдегі  көрінісін,  тіл 
фактілері  мен  халықтың  танымдық,  этика-эстетикалық  категориялары  арқылы  рухани  мәдениетін 
танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады.  
Осы ғылым саласының зерттеу нысандары мен пәні жайындағы орыс тіл біліміндегі көзқарастар 
В.Н.Телия,  В.А.Маслова,  Ю.С.Степанов,  Н.Д.Артюнова,  В.Н.Шаклейннің  еңбектерінде  кеңінен  сөз 
болады.  Ғалым Ю.С.Степанов:  «Жалпы  тіл  білімі  негіздері»  еңбегінде  ұлттық  тіл  мен  мәдениеттің 
өзара ықпалын қарастыра келіп, «ұлттық тіл өзінің даму сатысында мәдениет тілін қалыптастырады», 

деген тұжырым айтады [1,193 б.]. 
Лингвомәдениеттану  пәнінің  зерттеу  нысанының  ауқымы  ұлттық  мәдениеттің  және  рухани 
құндылықтардың тілдегі көрініс әдебиет, фольклорда, тағы басқаларда берілуі арқылы кеңи түседі. 
Олай  болса,  бүгінгі  қазақ  тіл  білімінде    лингвомәдениеттану  пәніне  қатысты  Ш.Уәлиханов, 
Ә.Марғұлан, М.Әуезов еңбектерінен бастау алады.  Халық тілі мен мәдениетінің өзара байланысын 
ғалым-тілшілер  І.Кеңесбаев,  Ә.Қайдар,  Р.Сыздық,  Е.Жанпейісов,  Т.Жанұзақов,  Н.Уәлиев,  т.б. 
этнолингвистикалық тұрғыдан зерттесе, Ж.Манкеева, А.Алдашева, Г.Қажығалиева, Қ.Рысбергенова, 
Г.Смағұлова,  А.Ислам,  т.б.  ғалымдар  өз  еңбектері  арқылы қазақ  тіліндегі   лингвомәдениеттанудың 
қалыптасуына зор ықпал жасады.  
Ежелгі  сөздердің  сырына  көз  жүгірткен  тілші-ғалым  Р.Сыздық  өзінің  «Сөздер  сөйлейді»  және 
басқа  да  еңбектерінде  бүгінде  бұқара  халыққа  танымал  емес,  бірақ  ана  тіліміздің  қазынасында 
сақталған  бірқатар  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  тарихи-тілдік  мән-мағынасын  ашып,  ...  бұл  күнде 
ұмыт  бола  бастаған  немесе  мүлдем  ұмытылған,  я  болмаса  мағынасы  өзгерген  сөздер  мен  сөз 
тіркестерінің кездесуі  табиғи құбылыс», - деп көрсетеді [2,5 б.]. 
Ал тұрақты сөз оралымдарын мәдени-ұлттық мазмұнын халық тілінің байырғы лексикасының сан 
алуан сырына байланысты көптеген нақты ойларды осы саланы зерттеп, құнды пікірлер қалдырған  
маман-ғалым  Н.Уәлиевтің  еңбектерінен  табамыз.  Автор:  «Халық  өзінің  өткен  дәуірлердегі  наным-
сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі 
етіп  ерекше  өрнектей  білген»,  -  дей  келе  [3,12  б.],  қасиетті  жеті,  он  екі,  тоғыз  санымен  тіркесті 
атаулардың,  уақыт  өлшемдерінің  халықтық  атауларының  мәнін  қазақ  халқының  күнделікті  мәдени 
тұрмысымен біте қайнасып, тәжірибесінен туғандығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. 
Г.Смағұлова  да  ұлттық  тіл  мен  ұлт  мәдениетінің  тоғысуындағы  өзара  байланысты  анықтап, 
мәдениет ұғымын мағыналас фразеологизмдер бойынан тіл аспектісінде қарастырған [4,194 б.]. 
Демек  бірқатар  ғалымдар  еңбектерін  сөз  ете  отырып,  лингвомәдениеттанудың  лингвистика  мен 
мәдениеттануды  ортақтастыратын,  мәдениет  тарихын,  теориясын  және  философиясын  зерттейтін 
ғылым  екендігіне,  екіншіден,  зерттеу  нысаны  ұлт  мәдениетінің  тілдегі  көрініс  болса,  үшіншіден, 
халықтың өткені мен бүгінін жаңа, тың көзқараспен сараптайтын сала екендігіне көз жеткіздік. 
М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясы  –  өткен  ғасырдың  шоқтығы  биік,  әлемге  әйгілі 
шығармалардың бірі екендігі мәлім.«Абай жолы»
 – 
қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге 
көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Ұлы жазушы өзінің шығармасында  
қазақ халқын, оның барлық ұлттық салт-
дәстүрін, әдет-ғұрпын, санасын, бүтін болмысын
 
 
жан-жақты 
көрсете білді. Әйгілі туынды 
қазақ
  
халқын,  бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма 
ретінде де танылды. Төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары 
кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы 
мәдени-танымдық дәстүрлері:жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет