Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г.
мен мәдениет», яғни лингвомәдениеттанымдық қырлары тұрғысынан айқындау –бүгінгі еңбегіміздің
басты мақсаты болмақ.
М.Әуезов шығармасында ұлттық дүниетанымды көрсететін тілдік құралдар мол қолданылған.
Солардың бірі – ұлттық салт-дәстүрлердің жазушы туындысындағы тілдік көрінісі болып табылады.
Қазақ халқының қуанышты жағдайда бір-бірінен сүйінші, байғазы сұрауы – ежелден келе жатқан
салт. Осы көрініс те «Абай жолы» романында шеберлікпен қолданыс тапқан.
Енді мені тыңда! Тыңдаңдар, міне, қаладан хабар естіп отырмын. Жаңа біздің ауылдың шетіне
соғып, таудағы Жігітекке қарай бір шапқыншы кетті. Сүйінші сұрап, қуанышы қойнына сыймай
барады. Әулекіленіп барады. Әлгі Түсіптің Мадияр дейтін, ана бір қоңқақ мұрын қу немесі «сүйінші»
дейді. «Ақ түйенің қарны жарылды. Жігітектің жылаған жасын құдай иді. Көз жасымды тыятын
арысым қайтты. Базаралым айдаудан қашып кепті!» деп иен өлкені шулатып, жосып барады! –
деді
[5,29 б.].
Қазақ халқының тағы бір салт-санасы – жоқтау айту. Бұл салт –қайтыс болған адамды жоқтауымен
байланысты. Әдетте, жоқтауды қаза болған ердің әйелі, ағайын-туғандары айтады. Автор
шығармасында жоқтау айту салтын мынадай лингвомәдени бірліктер арқылы берген.
Мысалы, Әбіш
келгенде сол Оспанның қаралы жылын аза тұтқан жақын, туыс, тілеулес ауылдар Ералыда
бірыңғай болып іріктеліп қалған екен [5,168 б.].
Екінші үйдегі қаралы әйел – Зейнеп үлкен әнші еді. Әсіресе, жанынан жақсы жоқтау шығаратын,
өз зарын өзінің әуенімен де айта білетін әйел [5,168 б.].
Өткен ғасырда халық өзінің салт-дәстүрін дәріптейтіні, қадірлейтіні соншалық, жоқтау айтуға да
аса мән берген. Оның сөзіне, ырғағына, нақышына келтіре айтылуына зер салған. Жоқтау дұрыс
айтылса, өсіп келе жақтан ұрпаққа оны үйреніп, келесі буынға сол қалпында жеткізуді парыз деп
санаған. Соның арқасында салт-сана, әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келіп отырған.
Зейнептің дастанына Ырғызбайдың үлкендері тегіс ырза. «Талайдан бері айтылмаған жақсы
жоқтау осы Зейнептің жоқтауы», - десіп, көп жастарға жаттап алуға бұйыратын [5,169 б.].
Адам о дүниелік болып кеткен соң, бір жылдан кейін «жылын беру» деген рәсімі бар. Осы дәстүр
шығармада ел ағаларымен ақылдаса отырылып шешкен ұйғарым ретінде былай беріледі:
Сөйтіп,жиын байлау жасап, Оспанның жылын енді жиырма күнде беретін болды. «Ас» демей,
«жылы» деп жариялауға ұйғарысты. Тегі «ас» деген салт соңғы бірталай жылдан бері бұл елдер
әдетінен қалыңқырап бара жатқан. Соның салдарынан Құнанбай өлгенде де ауылдары ас бермеген.
«Жылы» деп шешекен соң, оған шығарылатын мал саны, шақырылатын ел көлемі аталды [5,214
б.].
Халқымыз екі ағайын, қатар қонған екі ел араздасып, бірін-бірі ұрарманға, төбелесерге,
шабарманға келіп қалған жағдайда үнемі сауға сұрап, араша түсіп отырған. Соның салдарынан ел
бірлігі бұзылмай, түтіні түзу шығып, ел ағалары, ақсақалдарының арқасында ынтымағы жазылмай
өмір сүрген. Осындай салт ұлы жазушы эпопеясында да Абай даналығын, кемеңгерлігін паш ете
отырып, көрініс тапқан.
–
Мағаш енді әдейі, жай салмақты, сабырмен сөйледі. Мұнысы жаңағы ақырысқан айқайларды
су сепкендей сөндіре берді:
Ей, жұрт, мені орталарыңа Абай жіберді... «Ұғынысып, келісіп, жанжалсыз шешсін» деді
дауларын. Ең алдымен, Әзімбай, саған жұмсады. «Етпесін зорлығын, алса, сатып алсын, ақылап
алсын, келісіп алсын. Зорлығын қостамаймыз», - деді. – Ағайын сөзі осы! Ұғыс, келіс мынау елмен!
[5,15-
16 бб.].
Мұхтар Әуезов шығармасынан адамның дүниеге келуінен бастап, соңғы сапарға аттанғанға
дейінгі уақыт аралығында басшылыққа алып отыратын салт-сананың барлық түрін кезестіруге
болады. Олардың қай-қайсысы болмасын ұлт өмірінде үлкен мәнге ие болғанын көруге болады. Қыз
бен жігіттің қол алысып, бір тоқтамға, байламға келуі де маңызды рөл атқарған. Содан кейін барып,
екі жақтың ата-анасы құдалық жайын реттеуге кіріседі. Қыз алысып, қыз ұзатып, құда түсу де –
халқымыздың күні бүгінге дейін ұстанып келе жатқан дәстүрлері.
Қыз бен жігіт байламы туындыда
былай суреттеледі: Таң ата аттарына мініп жатқанда, бұнда қалғалы тұрған Өтегелдіге және
Дәрменге де Әбіш өзінің байлауын білдірді.
–
Қуаныштымын, екеуіңе де барымша ырзамын! Бұйырса Мағыш менің жарым болады. Сөзіміз
шешілді. Оспан ағамның жылын берісімен, біздің ауылдар құда болысады! – деді [5,225 б.].
Әмеңгерлік салты да – ертеден келе жатқан салт. Бауыры не ағасы өлсе, балалары жат болып
кетпесін деген ниеттен туған ғұрып. Қазіргі заманда жиі болмаса да, ара-тұра кездесіп қалатын
25
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж.
жайттар аз емес. Бұл да – ағайын мен көпшіліктің талқысына салынып, әйелдердің келісімімен
жүзеге асатын шара. Әйгілі жазушының еңбегінде осы салт кеңінен бейнеленген.
Сонда бұл жақтың тілегі етіп, Еркежанды Тәкежанға ұйғаруды айтып қалды. «Жол да сонікі! Оның
үстіне Ысқақ та осыны қостайды. Қаражан болса, рұқсат берді. Үш жесірді үлесетін үш әмеңгердің екеуі
осыған байлаған соң, өзгелер шырық бұзбас. Және дүниелік үшін бір аға, бір інісінің көңілін шайлықтырмас.
Оларды өкпелетпес», - деп, бірталай дәлелмен дауды да айтып қалды [5, 234 б.].
Әйелдердің рұқсатын алу мақсатында Шұбар мен Ерболдың айтуымен тағы мынадай
лингвобірлік беріледі:
–
Әуелі үшеуінен бір-ақ сөзді өтініңдер. Ата жолы, шариғат жолы бұйырып отыр. Тірі
отырған әмеңгерлері бар. Бәрі де ерге тисін деп кесіп отырмыз. Алдымен осыған ризалықтарын
білдірсін! –деді [5,47 б.].
Қазақ дүниетанымында келін болып түскен қыз барған жерінде күйеу жұртының атын тура
атамаған. Бұл қазақ халқының инабаттылық сақтау мәдениетінің жоғары деңгейде екендігін
танытады. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жинап, бастырушы С.Кенжеахметұлы:
«Жас мөлшері мен ерекше белгілі қасиетіне, туыстық қатынасы мен мәртебесіне қарай қисыны
табылып қойылған әрбір аттан келіннің тапқырлығы мен ақылдылығы танылады», - дейді [6,31 б.].
Бұл әдет-ғұрып белгісі Әуезов шығармасында да кездеседі. Мәселен,
–
Сөзіңді аңдадым, Молдажігіт! – деп, жасқа толған көздерін Шұбарға ашумен бұрды. –
Майдаламай-ақ қой. Сорлы болған күйімді май сылаумен жазам деп пе едің? – деді де, дауыстап
жылаған бойында қасындағы жастыққа бетін басты [5,248 б.].
Қорыта келгенде, М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында кездесетін лингвомәдени бірліктер –
қазақ халқының ұлттық бейнесін, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттық психологиясын, т.б. танытатын
лингвомәдениеттанымдық аспектінің өзегін құрайды.
1
Степанов Ю.С. Основы общего языкознания. –М.: Просвещение, 1975. -193 с.
2
Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. –Алматы: Санат, 1994. -5 б.
3
Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998. -12 б.
4
Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық мәдени аспектілері. –Алматы: Ғылым, 1998. -
194 б.
5
Әуезов М. Абай жолы. 2-кітап. –Алматы: Жазушы, 1989. -29 б. (общ.беті 612)
6
Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. –Алматы: Ана тілі, 2002. -126 б.
Достарыңызбен бөлісу: