Тілді ұлт болашағы жастардың мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Жолы – «тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық
көзқарас тұрғысынан келу», тілді оқытудың құндылықтық бағдарын күшейту. Қағидасы: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті» (Мағжан Жұмабаев) [6,115 ].
Бұл тілді интеллектуалдық тұлға қалыптастырудың негізі ретінде меңгертудің жолдарын табуды
міндеттейді. Тіл тек қана қарым-қатынас құралы емес, ол – ұлттық ділді сақтаудың кепілі, ұлттық
сананы қалыптастырудың тетігі екендігіне назар аударылуы шарт. Бұл тіл туралы білімдердің білім
алушының тек грамматикалық, пунктуациялық, орфографиялық сауаттылығын қалыптастыру үшін
ғана емес, ең алдымен тілдік дүниетанымының іргетасын қалауды, сол арқылы тілдің өзінің,
ұлтының, мемлекетінің өміріндегі маңызы, әлеуметтік мәні туралы ұғым беруге бағытталуын қажет
етеді. Оған қоса мұндай іргетасы берік білім, тұғыры биік тұжырым білім алушының санасында тілді
жаһанданудан сол ұлтты аман алып өтетін ең маңызды ұлттық құндылық екендігі туралы ой
тудырып, жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Бұл өз кезегінде «жастардың өз ұлтының ал-
дындағы перзенттік парызды біліп, адамгершілікке тәрбиеленетініне, сенімге ие болатынына» кепіл
болады.
Қорыта айтқанда, пайдасы мен зияны, жетістігі мен қаупі итжығыс түсіп жататын ғаламдану
жағдайында «мәңгілік ел» болып қалу әр ұлттың болашақ иелерінің бүгінгі алар біліміне, қалыптасар
білігіне, бойына сіңірер тәрбиесіне, игерер іскерлігіне, интеллектісі мен ұлтжандылық қасиеттеріне
байланысты екенін ескеріп, дер кезінде шешкен абзал.
1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 2012 ж. 14 желтоқсан. 2 Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы.-Алматы: Мектеп, 1993.-41 б. 3 Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. -Алматы: Алаш, 2003. -4-том - 408 б. 4 Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-том. -Алматы: Ғылым, 1998. - 448 б. 22
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 1(55), 2016 г. 5 Сыздық Р. Мәдениетті тіл ғана мәртебелі //Ғылыми таным үзіктері – Алматы: «КИЕ» лингвоелтануинновациялық орталығы, 2009.-Т.2 – 536 б. – 514-518. 6 Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы:Ана тілі, 1992.-160 б.