Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет73/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   375
Тірек  сөздер:  Лексикалық  жүйе,  тілдік  мағына,  ауыс  мағына,  когниция,  фраза,  идиома,  фразеологиялық 
бірлік, фразеологиялық мағына, т.б. 
 
Бүгінгі таңда әлемдік тіл білімінде, соның ішінде қазақ тіл білімінде фразеология мәселесі жан-
жақты  зерттелген  ғылым  саласы.  Дегенмен,  фразеологизмдердің  филологиялық  табиғаты  түбегейлі 
зерттеліп болмағандығы анық. Солардың қатарына фразеологизмдердің когнитивтік сипаты зерттеуді 
қажет ететін аспект деп санауға болады. Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі академик І.К.Кеңесбаева 
өзінің  «Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігі»  атты  еңбегінде:  «Қазақ  тіл  білімінде,  тюркологияда, 
фразеологияның  жалпы  мәселелері  бұл  күнге  дейін  түбегейлі  зерттеліп,  өзінің  тиянақты  шешімін 
тапқан  жоқ»  -  деп,  басып  айтқан  болатын  [1].  Жалпы  фразеология  мәселесі  тіл  білімінде  әртүрлі 
аспектіде қарастырылып,  көптеген зерттеушілердің назарын өзіне қаратқаны белгілі. Мәселен, орыс 
тіл  білімінде  А.Х.Востоков,  Ф.И.Буслаев,  А.А.Потебня,  Ф.Ф.Фортунатов,  А.А.Шахматов, 
А.М.Пешковский,  В.  В.Виноградов,  А.Н.Коклянова,  Л.Архангельский,  В.П.Жуков,  П.В.Орлов, 
Х.М.Сайкиев  сияқты  ғалымдар  бірсыпыра  еңбектер  жазған  болса,  қазақ  тіл  білімінде  І.Кеңесбаев, 
Ә.Қайдар,  Ө.Айтбаев,  А.Ысқақов,  Т.Сайрамбаев,  Н.Уәли,  Г.Смағұлова,  С.Сатенова,  Г.Қосымова, 
Г.Сағидолда,    Р.Авакова,  Р.Е.Жайсақова,  С.Е.Исабеков,  М.Сабитова,  С.Жетпісов,  Л.С.Войтик, 
Ж.К.Қонақбаева,  Д.Медербеков,  С.Н.Мұратов,  А.Е.Тажмұратова,  М.Т.Тезекбаев,  Ф.Р.Ахметжанова, 
Б.Уызбаева,  К.Рыспаева,  Г.Боранбаева,  Х.Қожахметова,  С.Жапақов  т.б.  көптеген  ғалымдар 
фразеологизмдердің түрлерін, құрамы мен құрылысын, мағыналық жағынан бөліну ерекшеліктерін, 
грамматикалық  сипатын,  лексико-семантикалық  жағынан  ажыратылуын,  көркем  әдебиеттегі 
қолданысы мен ауызекі сөйлеудегі қызметін, өзге тілдердегі айырмашылықтары мен ұқсастықтарын, 
фразеологиялық  құбылыс  заңдылықтарын  анықтауға  қатысты  әртүрлі  аспектідегі  зерттеу 
жұмыстарын жүргізді.  
Г.Н.Смағұлова:  «Қазақ  тіліндегі  фразеологизмдер  айналадағы  қоршаған  орта  заттар  мен 
құбылыстарға  этнос  тұрғысынана  баға  беру,  сипаттау  арқылы  сол  ұлттың  ұлттық  менталитетін, 
көзқарасын,  дүниетанымын  аңғартады»  [2,  148  б.],  -  деген  пікірінен  әр  ұлттың  ойлау  жүйесінің 
ұшқырлығы мен танымдық әрекетінің тереңдігін тілдегі тұрақты сөз тіркестерінен байқауға болады. 
Фразеологизмдердің  тілдік  және  танымдық  болмысы  бір-бірімен  тығыз  байланысты. 
Фразеологизмдердің  бойындағы  бейнелілікті  адамның  дүниенітануы  мен  санасындағы  суреткерлік 
27 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
шеберлігімен  байланыстыруға  болады.  Санадағы  тілдік  суреткерлік  фразеологизмдер  арқылы 
беріледі. Ал ол қолданысқа енгенде поэтикалық мазмұнына жан бітіп, фразеологизмдердің танымдық 
прагматикасынан  эмоционалдық,  экспрессивтік,  бағалағыштық,  стилистикалық,  ассоциативті-
бейнелілік  сипатқа  ие  болады.  Тіл  біліміндегі  фразеологизмдердің  танымдық  мазмұны  туралы 
тұжырымдардың  барлығы  адам  санасындағы  бейнеленуі  мен  танымдық  әрекетке  түрткі  болу 
нәтижелерін  талдауға  негізделген.  Онда  адам  танымының  дүниенің  тілдік  бейнесін  жасау 
барысындағы  тілдік  бірліктерді  таңдаудағы  және  мақсатқа  жету  барысында  ақпаратты  беру 
қабілетіне ерекше назар аударылады.  
Фразеологизмдер  этнос  өмірі  мен  адамның  дүниені  қабылдаудағы  танымдық  әлеміне  қатысты 
туындап,  өзіне  ғана  тән  рухани,  этнотанымдық  бояу  бедерімен  суреттеліп,  тіл  әлемінде  ерекше 
қолданысқа  түсіп,  ерекше  тілдік  бірліктердің  бірі  болып  табылады.  Қазіргі  лингвистикалық 
зерттеулер  тілді  адам  ойымен,  танымдық  әрекетімен,  ұшқыр  қиялымен,  этникалық  ерекшелігімен, 
поэтикалық  болмысымен  қатар,  тілдік  деректерді  тілдік  тұлғамен  және  когнитивтік  санамен 
(ұжыммен)  сабақтастықта  қарастыруымен  ерекшеленеді.  Осының  нәтижесінде  фразеологизмдерді 
этнотанымдық тұрғыдан зерттеу арқылы ұлттануға, елтануға, дүниетануға жол салғандығын көруге 
болады. «Тілдегі этнофразеологизмдер халықтың дүниетанымы, болмысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, 
рухани  мәдениеті  сол  халықтың  тіршілігінен,  өмір  сүрген  ортасынан,  менталитетінен, 
психологиясынан,  әлеуметтік-саяси  көзқарасынан  мағлұмат  беретін  ұлттық  құбылыс  болып 
табылады. Тіл - мәдениеттің феномені, ұлт мәдениетінің көрінісі ретінде ғылымда өз дәрежесінде әлі 
де  зерттелмей  келеді.  Тіл  -  рухани  күш.  Демек,  тіл  және  семиотикалық  таңбалар  арқылы  адам  кез 
келген құбылысты қабылдап, оған баға беріп, өз көзқарасымен ойын білдіре алады» [3]. 
Лингвокогнитология  ғылымындағы  фразеологизмдердің  танымдық  мазмұнынан    әлемнің  тілдік 
бейнесіндегі  ұлттық  болмыс  пен  ұлттық  ділді,  әлем  бейнесін  таңбалаудағы  фразеологизмдердің 
ерекшелігін  көруге  болады.  Тілдегі  фразеологизмдерден  этнос  дүниетанымының  дамуы  мен 
қалыптасуын,  дүниенің  санадағы  бейнеленуін  көрсетеді.  Яғни  фразеологизмдер  арқылы  ұлт 
дүниетанымындағы әлемнің поэтикалық бейнесін көруге болады. Бұл турасында профессор Н.Уәли 
фразеологизмдердің дүниенің тілдік бейнесін суреттеуіне қатысты: «Халық тілінде байырғыдан келе 
жатқан тұрақты сөз оралымдарының (мақал- мәтел, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер т.б.) 
сан  алуан  сыры  бар.  Олай  болатыны  халық  өзінің  өткен  дәуірлеріндегі  наным-сенімін,  түйсік-
түсінігін,  ой-қиялын,  тыныс-тіршілігін  аз  сөздің  аясына  сыйдырып,  әрі  нәрлі,  әрі  әрлі  етіп  ерекше 
өрнектей  білген.  Фразеологизмдер  халықтың  өткені  мен  бүгінгісін  жалғастырушы  көпір  іспетті. 
Көркем  образды,  терең  мазмұнды  сөз  өрнектері  әр  ұлт  тілінің  ерекше  көрінісі  болып  табылады. 
Мұндай сөз айшықтары жалпы халық тіліне айрықша реңк беріп, ұлттық характердің айқын белгісін 
көрсетеді» - деген пікірінен анық көруге болады [4]. 
Қазақ халқы дүниетанымының ерекшеліктерінің бір парасын тілдегі фразеологиялық бірліктерддің 
танымдық болмысынан көруге болады. Бұған дәлел ретінде мәдени-қоғамдық орта мен ғылыми орта 
толық  мойындаған  қазақтар  туралы  арнайы  зерттеу  жүргізген  Ф.Янушкевич:  «Қазақтардың  ойлау 
қабілеттілігінің  кереметіне  менің  барған  сайын  көзім  жетті.  Сөз  дегенде  ағып  тұр.  Бұл  жағынан 
оларды Батыс Азияның француздары деуге болады. Өзіне жоғарыдан менсінбей қарайтын халықтар 
арасынан  бұл  көшпенділердің  де  құрметті  орын  алатын  кезі  келеді»  -  деп,  бұдан  бір  жарым  ғасыр 
бұрын жазып  қалдырғандығы  мәлім.  Айтулы  ғалымды  тамсандырған дүниенің  бірі  тілдегі  тұрақты 
тіркестердің табиғаты мен қолданысы десек артық айтқандық болмас. Мәселен тілдегі ауызы дуалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет