Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет72/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   375
ӘОЖ  378: 804. 81-21 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ТІЛТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ 
 
Жиренов С. А. - 
Абай ат. ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры м.а., 
филология ғылымдарының кандидаты  
 
Лексикалық жүйедегі фразеологиялық бірліктер әлемдік тілдердің баршасына тән. Дүниежүзілік тілдердегі 
фразеологизмдер  әрбір  тілдің  ұлттық  ерекшелігін  көрсететін  бірден-бір  көрсеткіш.  Сондықтан  да  жалпы 
тілдердегі  фразеологизмдер  кеңінен  зерттелу  үстіндегі  сала.  Ал  қазақ  тілі  лексикалық  жүйесіндегі 
фразеологизмдер  мен  қазақ  тіл  біліміндегі  фразеология  саласы  да  әлемдік  фразеология  ғылымымен  қатарлас 
жан-жақты  зерттелу  үстіндегі  құбылыс.  Қазақ  тіліндегі  фразеологизмдер  жаһандық  тілдер  жүйесіндегі 
фразеологизмдермен теңдес категория.   
Қазақ  тіл  біліміндегі  фразеологизмдер  тілдік  табиғаты  мен  лингвистикалық  мазмұны  жағынан  біршама 
зерттелген  сала.  Қазақ  тілі  фразеологиясы  зерттелуі  жағынан  кеңестік  тіл  білімі  тарихымен  сабақтас, 
түркологиялық деңгейдегі шоқтығы биік ілім. Бұл күндері қазақ тілі фразеологиясының өзіндік жолы мен даму 
тарихы, өзіндік мекиебі бар іргелі ғылым саласы. Алайда жалпы тілдегі (қазақ тілі немесе әлемдік өзге тілдер) 
фразеологизмдердің  зерттелуін  үздіксіз  жүретін  құбылыс  деп  тануға  болады.  Себебі,  лексикалық  жүйедегі 
фразеологизмдер заманалар бойы өздерінің сонылығын сақтап, мағыналық мазмұны мен поэтикалық пәрменін 
күшейтпесе кемімейтін, халық тілінің поэтикалық образды асыл қазынасы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет