Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет91/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   375
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
суретінің терең қатпары саналатын дүниенің тілдік бейнесінде «жыныс» категориясы тілдегі «Әйел-
Еркек»  семантикалық  оппозициясының  лингвогендерлік  және  лингвомәдениеттанымдық  негізі 
тұрғысынан сипатталады 
Қазақ  паремиологиясында  «Әйел»  және  «Еркек»  концептерінің  тілдік  сипаттамасы  «ұл-қыз», 
«әке»-«шеше», «ана»-«ата», «қыз»-«жігіт», «қалыңдық» - «күйеу жігіт», «келін»-«күйеу», «келіншек» 

«ер азамат», «қатын» - «бай» т.б. әлеуметтік-статустық рөлдердің өзара  байланысын бейнелейтін 
әлеуметтік-тұрмыстық, 
әлеуметтік-салт-дәстүрлік, 
әлеуметтік-психологиялық 
мазмұндағы 
көпдеңгейлі  микрофреймдік    тармақтар  тұтастығына  негізделеді.  Еркек  бейнесін  этникалық  санада 
қалыптасқан  «еркектік  белгілермен»,  ал  әйел  бейнесін  «әйелдік  белгілермен»  кескіндейтін 
микрофреймдік  тармақтар  аралық  байланыстың  нәтижесінде    ұлт  мәдениеті  «елегінен»  өткізілген 
тілдегі «Адам» бейнесі сомдалады. 
Тіл  арқылы  жүзеге  асатын  қалыпты  жағдайлар  мен  оқиғалар  туралы  білімдер  тізбегі  ретінде 
фреймдер  адамдардың  қарым-қатынас  нормаларын,  қажет  білімдер  мен  тәжірибелер  қорын 
сұрыптауға  көмектеседі.  Фрейм  -  концептуальдық  жүйенің    құрылымдық  элементтерін  танытатын 
қарапайым форма. Оның басты ерекшелігі - концептінің ең жақын  семаларынан құралып, ең жақын 
ассоциативтік,  стереотиптік  таңбалар  арқылы  көрініс  табуында  [4, 272-б.].  Мәселен,  қыз,  келін, 
келіншек,  қатын,  кемпір    т.б.  атаулар  төңірегіне  жинақталатын  ассоциативтік,  стереотиптік  ұғым-
түсініктер «Әйел» концептісінің ұғымдық-семантикалық өрісін белгілейтін болса, ұл, бозбала, жігіт, 
күйеу, азамат, шал т.б. атауларының лексикалық мағыналарының этнос санасындағы ер адам туралы 
концептуальдық  жүйені  құрайтын  ұғым-түсініктермен  ұштасуының  арқасында    «Еркек»  
концептісінің  ассоциативтік-стереотивтік    өрісі  кеңейеді.  Соның  нәтижесінде  ұлттық  мәдениеттің 
өзіндік  ерекшеліктері  «Еркек»  және  «Әйел»  концептілері  аралық  микрофреймдік  қарым-
қатынастардың фондық негізінде бекиді. 
Дүниенің паремиологиялық бейнесінде «Ұл-қыз» микрофреймдік қатынас  қыз тәрбиесіне ұл бала 
тәрбиесіне   қарағанда  өзгеше    мән  беретін  ұлттық  тәрбие жүйесіне,  ұлттық  таным  мен  мәдениетте 
қалыптасқан  стереотиптік  пайымдарға  негізделеді.  Қазақтың  ұлттық  мәдени    өресі  «ұл  баланы  – 
тілдік-әлеуметтік  ұжым  ортасында  ата-баба  дәстүрін  жалғастырушы,  әке  орнын  басушы  шаңырақ 
иесі,  болашақта  ауыл-аймақ,  ел-жұртты  басқаратын  басшы  (отағасы,  қолбасшы,  ел  басы  т.б.)  деп  
таниды.  Ал  қазақ  қауымында    қалыптасқан    ұғым-түсінік    бойынша:    қыз  бала  –  ер-азамат    отын 
жағып,  отауын    тігу  үшін,  оның  ұрпағын    өсіріп,  сол  ұрпақтың    бойына  халықтың  салт-дәстүрін 
дарыту  үшін,  яғни    тәрбиеші  болу    үшін      жаралған  жан.      Сондықтан  да  «ұл»  микрофреймінде 
«еркек» әлеміне, ал «қыз»  микрофреймінде «әйел» әлеміне тән тілдік-мәдени  белгілер (символдық 
мән арқалаған атаулар) орын алады. Мәселен; ¤Ұл – адамның  тұрағы, Қыз – адамның шырағы, Ит – 
адамның құлағы  паремиясы құрамында кездесетін тұрақ - «адамның тіршіліне қолайлы орын, мекен, 
жер» дегенді білдіреді. Ол- «еркектік» әлемнің дүниесі, себебі оны ер адам таңдайды. Шырақ - «іс-
әрекеттің аяқталуы мен нәтижелі болуы үшін қараңғыда жағылатын шам», оны жағатын әйел. Тұрақ 
иесі асыраған иттің негізгі қызметі  - тұрақты сырттан келетін ит-құстан қору. Қазақ қауымының ұл, 
қыз және иттің  негізгі қызметтерін бағалаудың нәтижесінде тұрақ, шырақ, ит сөздері символдық 
мәнге ие болып, «ұл бала  ата-ананың арқа сүйер, тірлігін жалғастырар тұрағы  екенін, қыз бала ата-
ананың  қуанышы,  өрісі,  түтін  түтеткен  шырағы  екенін,  есік  алдындағы  ит  сырттан  келген    бөтен 
адамды,  қораны  торыған    ит-құсты    хабарлап  тұратын  құлағы  екенін»  білдіретін  ¤Ұл  –  адамның  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет