Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет22/103
Дата06.01.2022
өлшемі7,34 Mb.
#11814
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103
Байланысты:
Богомазова Жеке компьютерлердің, серверлердің, шалғай құрылғылар мен жаб

ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛЫҚ 
ЖАСАҚТАМАНЫ ЖАҢАРТУ 
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ВЕРСИЯЛАРЫН 
ЖАҢАРТУ 
Операциялық  жүйелердің  ұғымы,  негізгі  функциялары, 
түрлері.  Операциялық  жүйе  анағұрлым  дәрежеде  есептеуіш 
жүйенің  жалпы  алғанда  бейнесін  айқындайды.  Ол  екі  функцияны 
орындайды:  пайдаланушы  (программистке)  кеңейтілген  машинаны 
көрсету арқылы оған қолайлықты қамтамасыз ету және компьютер 
ресурстарын  ұтымды  басқару  жолымен  оны  қолдану  тиімділігін 
арттыру. 
Операциялық  жұйе  ЭЕМ  аппаратурасын  басқаруды,  оның 
ресурстарын 
тиімді 
пайдаланылуын 
жоспарлауды 
және 
пайдаланушының  міндеттері  бойынша  тапсырмаларды  шешуді 
қамтамасыз ететін бағдарламалар кешені болып табылады. 
Суреттелген режимдердің біреуінде ЭЕМ жұмысын қамтамасыз 
ететін  ОЖ  негізгі  мақсаты  –    ресурстарды  динамикалық  тұрғыдан 
бөлу  және  оларды  есептеуіш  процестердің  талаптарына  сәйкес 
басқару. 
Ресурс  ЭЕМ-де  есептеуіш  процестері  арасында  ОЖ  бөлінуі 
мүмкін кез келген объект  болып  табылады.  ЭЕМ  аппараттық және 
бағдарламалық  ресурстары  болып  бөлінеді.  Аппарраттық 
ресурстарғамикропроцессор  (процессорлық  уақыт),  жедел  жады 
және шалғай құрылғылар; бағдарламалық ресурстарға – есептеуіш 
процестерді және деректерді басқару үшін арналған бағдарламалық 
құрал жатады. 
Операциялық  жүйе  пайдаланушылардың  сұрауларына  және 
ЭЕМ мүмкіндіктеріне сәйкес және есептеуіш процестердің өзара іс-
қимылын ескере отырып, ресурстарды бөледі. 
Сонымен  қатар,  ОЖ  функциялары  өздері  ресурстарды 
тұтынатын  (жады,  процессорлық  уақыт  және  басқалары)  бірқатар 
есептеуіш процестерді іске асырады.  
ОЖ-ға  жататын  есептеуіш  процестері  пайдаланушылардың 
сұрауы бойынша құрылған есептеуіш процестерді басқарады. 
2.1.
 


42
 
Операциялық  жүйе  ЭЕМ  және  оның  пайдаланушысы  арасында 
делдал  болып  табылады.  Ол  пайдаланушыны  ресурстарды  бөлу 
және  оларды  басқару  міндеттерінен  босатып,  ЭЕМ-мен  жұмыс 
анағұрлым 
қарапайым 
қылады. 
Операциялық 
жүйе 
пайдаланушылардың  сұрауларына  талдауды  жүзеге  асырады  және 
олардың  орындалуын  қамтамасыз  етеді.  Сұрау  ЭЕМ  қажетті 
ресурстарын  және  талап  етілетін  әрекетті  көрсетеді  және  ОЖ 
директиваларының  ерекше  тілінде  командалардың  кезеңділігін 
ұсынады.  Командалардың  осындай  кезеңділігі  тапсырма    деп 
аталады. 
Операциялық жүйенің функцияларына жатады
■ 
пайдаланушыдан 
(оператордан) 
тиісті 
тілдерде 
қалыптастырылған  тапсырмаларды  немесе  командаларды 
қабылдау және оларды өңдеу; 

бағдарламаның жедел жадына жүктеу және оларды орындау;

бағдарламаны бастамалау (оған басқаруды беру);

басқа  бағдарламаларды  іске  қосуға,  тоқтата  тұруға,  тоқтатуға;
тапсырмалар  арасында  өзара  іс-қимылды  ұйымдастыруға
бағдарламалық сұрауларды қабылдау және орындау;

барлық бағдарламалар мен деректерді бірдейлендіру;

файлдарды  басқару  жүйесінің  және  (немесе)  деректер  базасын
басқару жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;

мультибағдарламалау
режимін 
қамтамасыз 
ету 
(көп 
тапсырмалы);

тапсырмаларды жоспарлау және диспетчерлендіру;

енгізу-шығару  операцияларын  ұйымдастыру  және  басқару
функцияларын қамтамасыз ету;

нақты  уақыт  режимінде  жауап  уақытына  қатаң  шектеулермен
қанағаттандыру (тиісті ОЖ үшін);

жадыны басқару, виртуалды жадыны ұйымдастыру;

орындалатын  бағдарламалар  арасында  хабарламалармен  және
деректермен алмасу тетіктерін ұйымдастыру;

бір  бағдарламаны  екіншісінің  әсерінен  қорғау;  деректердің
сақталуын қамтамасыз ету;

сәйкестендіру,  авторландыру  және  қауіпсіздікті  қамтамасыз
етудің өзге құралдары;

жүйенің ішінара бұзылған жағдайда қызметтер көрсету;

бағдарламалау жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;

бірнеше тапсырмаларды қатар орындау.
Автономдық  компьютердің  ОЖ  функциялары  әдетте  ОЖ
басқаратын  жергілікті  ресурстардың  түрлеріне  сәйкес  топталады. 
Осындай топтарды кіші жүйелер деп аталады. 


43
Келесі кіші жүйелер болады: 

процестерді басқару;

жадыны басқару;

файлдарды басқару;

сыртқы құрылғыларды басқару;

пайдалану интерфейсін басқару;

деректерді қорғау және әкімшілендіру.
Операциялық  жүйелер  компьютердің  негізгі  ресурстарын
(процессорлар, 
жады, 
құрылғылар) 
басқарудың 
негізгі 
алгоритмдерін  іске  асыру  ерекшеліктерімен,  пайдаланылған 
жобалау 
әдістерінің 
ерекшеліктерімен, 
аппараттық 
платформалардың  түрлерімен,  пайдалану  салаларымен  және  басқа 
көптеген қасиеттерімен ажыратылады.  
ОЖ  процессорын  басқарудың  пайдаланылған  алгоритмінің 
ерекшеліктеріне байланысты, келесідей түрлерге бөлінеді: 

көп және бір тапсырмалы;

көп және бір пайдаланушы;

көп жіпті өңдеуді қолдайтын және оны қолдамайтын жүйелер;

көп және бір процессорлық жүйелер.
Саны бойынша біруақтылы орындалатын ОЖ тапсырмалары екі
сыныпқа бөлінуі мүмкін: бір тапсырмалы (мысалы, MS-DOS, MSX) 
және  көп  тапсырмалы  (мультитапсырмалы)(OCEC,  OS/2,  UNIX, 
Windows). 
Бір  тапсырмалы  ОЖ  негізінен  пайданушының  компьютермен 
өзара іс-қимыл процесін анағұрлым қарапайым және қолайлы етіп, 
виртуалды  машинаны  пайдаланушыға  беру  функцияларын 
орындайды.  Бір  тапсырмалы  ОЖ  шалғай  құрылғыларды  басқару 
құралдарын,  файлдарды  басқару  құралдарын,  пайдаланушымен 
қарым-қатынас  жасау  құралдарын  қамтиды.  Бұдан  бұрын  аталған 
функцияларды  есептемегенде,  көп  тапсырмалы  ОЖ  процессор, 
жедел  жады,  файлдар  және  сыртқы  құрылғылар  сияқты  бірлесіп 
қолданыдатын ресурстарды бөлуді басқарады.  
Саны бойынша біруақтылы жұмыс істейтін пайдаланушылар бір 
пайдаланушы  (MS-DOS,  Windows3.x,  алдыңғы  версиялары  OS/2) 
және  көп  пайдаланушы  (UNIX,  WindowsXP)  ОЖ  болып  бөлінеді. 
Көп  пайдаланушы  жүйелерінің  бір  пайдаланушы  жүйелерінен 
басты  ерекшелігі  әр  пайдаланушыны  өзге  пайдаланушылардың 
рұқсат  етілмеген  қолжеткізуден  ақпаратты  қорғау  құралының  бар 
болуы болып табылады. 
ОЖ  маңызды  қасиеті  бір  тапсырма  шеңберінде  есептеуіштерді 
қатар жүргізу мүмкідігіне негізделеді. Көп жіпті ОЖ процессорлық 
уақытты  тапсырмалар  арасында  емес,  олардың  жекелеген 


44
 
тармақтары (жіптері) арасында бөледі. 
ОЖ  басқа  маңызды  қасиеті  онда  көп  процессорлық  өңдеуді 
қолдау  –    мультипроцессорлау  құралдарының  болмауы  немесе 
болуы  болып  табылады.  Мультипроцессорлау  ресурстарды 
басқарудың барлық алгоритмдерінің қиындықтарына әкеледі. 
Көп  тапсырмалы  ОЖ  оларды  әзірлеу  кезінде  пайдаланылған 
тиімділік критерийлеріне сәйкес үш түрге бөлінеді:  
1)
пакеттік өңдеу жүйесі;
2)
уақытты бөлу жүйесі;
3)
нақты уақыт жүйесі.
Пакеттік  өңдеу  жүйесі  негізінен  нәтижелерді  тез  алуды  талап
етпейтін есептеуіш сипаттағы тапсырмаларды шешуге арналған. 
Уақытты  бөлу  жүйесі  пакеттік  өңдеу  жүйесіндегі  негізгі 
кемшілікті  түзетуге  –    пайдаланушы-программистті  оның 
тапсырмаларын  орындау  процесінен  қоршауларға  арналған. 
Уақытты бөлу жүйесінің әр пайдаланушысы терминал ұсынылады, 
ол одан өз бағдарламасымен диалог жүргізуге болады. 
Нақты  уақыт  жүйесі  үшін  тиімділік  критерийі  оның 
бағдарламаны  іске  қосу  және  нәтижелерді  алу  (іс-қимылды 
басқаратын) арасында уақыттың алдын ала берілген интервалдарын 
ұстау қабілеті болып табылады.  
Кейбір  ОЖ  түрлі  типтегі  жүйелердің  қасиеттерін  қамтиды, 
мысалы,  тапсырмалардың  бөлңгң  пакеттік  өңдеу  режимінде,  ал 
келесі  бөлігі  –    нақы  уақыт  режиімінде  немесе  уақытты  бөлу 
режимінде  орындалуы  мүмкін.  Осындай  жағдайларда  пакеттік 
өңдеу режимін жиі фондық режимі деп аталады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет