Серверлік операциялық жүйелерді жаңарту. Серверлік
операциялық жүйе бағдарламалық жасақтаманы басқару үшін
арналған, ол өз кезегінде желілердің барлық ішкі де, сыртқы да
желілеріне қызмет көрсетеді. Жаңартуларды және патчтарды орнату
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең маңызды құрамдас бөлігі болып
табылады. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі барлық мамандар үшін
негізгі қажеттілік бағдарламалық жасақтаманың дәлсіздіктерін
мониторингілеу, талдау және жою болып табылады.
Кәсіпорындардың есептеуіш ортасында жаңартуларды қолдану
басқарудың қосымша тетіктерін талап етеді. Microsoftұжымдық
ортада WindowsServerUpdateServices (WSUS) қуатты тегін өнімін
қолдануды ұсынады, трафикті Интернетте үнемдеуге, серверлер
мен жұмыс станциялары үшін жаңартуларды орталықтандырып
басқаруға мүмкіндік береді.
WSUS жаңартуларды жеке деректер базасында сақтай алады
немесе SQL-серверін қолданады. Екінші нұсқа өнімділік
көқарасынан анағұрлым қолайлырақ. Егер желіде SQL-сервер
орнатылған болса, онда оны қолдануға болады, ал басқа жағдайда
тегін SQLExpress келеді. Барлық қажетті құрамдауыштарды
Microsoft сайтында алуға болады:
■
Windows Server Update Services 3.0 SP2;
■
Microsoft Report Viewer 2008 SP1 Redistributable;
■
Microsoft SQL Server 2008 R2 Express.
Жүктеу кезінде серверлік ОЖ разрядтылығына көңіл аудару
қажет.
WSUS көмегімен келесі серверлік бағдарламалық жасақтама
51
жаңартылады:
1.
Операциялық жүйелер:
■
x64 Edition және Itaniumпроцессорлармен жүйелерге арналған
версияларды қоса алғанда, түрлі редакциядағы (SP1 немесеSP-
сіз)WindowsServer2003;
■
x64 Edition және Itanium процессорлармен жүйелерге арналған
версияларды қоса алғанда, түрлі редакциядағыWindowsServer2003
R2;
■
x64Edition және Itaniumпроцессорлармен жүйелерге арналған
версияларды қоса алғанда, түрлі редакциядағы WindowsServer2008.
2.
Windows Small Business Server 2003.
3.
Microsoft SQL server:
■
SQL server 2000;
■
SQL server Feature Pack;
■
SQL server 2005.
4.
Microsoft Internet Security and Acceleration Server (ISA).
WSUS арқылы жаңартулардың келесі типтеріне таралуы мүмкін:
■
драйверлер;
■
сыни жаңартулар;
■
қауіпсіздік жүйесін жаңарту;
■
жаңартулар;
■
жинақтауыш жаңартулар пакеті
;
■
жаңартулар пакеті (мысалы, сервиспакиSP);
■
обновления определений (мысалы, MSOutlook үшін қажетсіз
поштаның мекенжайлар базасын жаңарту);
■
құралдар (мысалы, WindowsXP арналған желіге диагностикалау
құралы). WSUS орнату үшін NTFS жүйесінде форматталған бөлім
қажет. Жүйелік бөлімде WSUS үшін 1 Гбайт бос орын болуы керек,
тағы да 2 Гбайт деректер базасын сақтау үшін және 20 Гбайт
шамасында жаңарту файлдары үшін талап етіледі.
WindowsUpdate стандартты HTTP- жәнеHTTPS-хаттамалар
бойынша жұмыс істейтіндіктен, тиісті порттар желіаралық экранмен
рұқсат етілуі тиіс. Егер шығу прокси-сервер арқылы жүзеге асырылса,
соңғысы гипермәтінді тарату хаттамасының тиісінше қарапайым және
қорғалған версиясын қолдауы керек. Егер орнату 64-разрядтық
платформада жүргізілсе, онда барлық IIS (InternetInformationServer—
Интернеттің бірнеше қызметтеріне арналған серверлер жиыны)
құрамдауыштары негізгі режимде жұмыс жасауы қажет.
Жаңартулар серверін ашу үшін жергілікті жүйеде әкімшінің құқығы
талап етіледі. Бұдан басқа, WSUS сервері және клиенттік
компьютерлер ActiveDirectory бір доменге жатқызылуы тиіс.
|