125
■
HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\Microsoft\Windows\
CurrentVersion\RunOnce – пайдаланушы жүйеге кірген уақытта бір рет
қана қосылатын бағдарламалар. Осыдан кейін бағдарламалар кілті
автоматты түрде тізілімнің осы бөлімінен жойылады. Осы бөлімде
қосылатын бағдарламалар жүйенің барлық пайдаланушылары үшін
қосылады.
Жүйелік тізілім бағдарламалардың автожүктелуін конфигурациялау
және әкімшілендірудің жалғыз орны болып табылмайды. Сондай-ақ
автожүктеу ОС конфигурацияланған файлдарында ұсынылған – Win.ini,
System.ini.
Windowsmsconfig
утилитасының
барына
қарамастан,
шеткі
әзірлеушілердің бағдарламаларын қолдануға болады. Әдетте, осындай
бағдарламаларда анағұрлым функционалы көп және тізіліммен қосымша
жұмыс жасауға, жедел жадыны тазалауға және компьютер ресурстарының
бөлінуін бақылауға мүмкіндік береді. Осындай бағдарламаны үздік үлгісі
автожүктеуді оңтайландыруға мүмкіндік беретін CCleaner бағдарламасы
бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: