Байланысты: Богомазова Жеке компьютерлердің, серверлердің, шалғай құрылғылар мен жаб
ТІЗІЛІМДІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ДЕФРАГМЕНТАЦИЯЛАУ Windows жүйелік тізілімі – компьютер, ОЖ ретке келтіру және
ОЖ параметрлерін конфигурациялау туралы мәліметтерді сақтауға
арналған деректер базасы. Тізілім Windows және орнатылған
бағдарламалар жүктеу және жүйенің жұмысы кезінде секундына
жүз рет айналым жасайтын деректерді қамтиды. Қоқысталған және
фрагменттелген тізілім компьютер жұмысының бәсеңдеуінің себебі
болады.
Түрлі бағдарламаларды орнату және жою процесінде жүйелік
тізілімде түрлі «қоқыс» қалуы мүмкін: бағдарламалар параметрлері,
таңбашаларға сілтемелер, файлдардың дұрыс кеңейтілмеуі және
басқалары.
Осындай ескіріп қалған тізілім параметрлерінің анағұрлым саны
уақыт өте келе ОЖ жұмысын бәсеңдетеді, Windows қалыпты жұмыс
жасауына кедергі жасап, істен шығуына және түрлі проблемаларға
әкеледі.
Тізілімді тазалау және ретке келтіру үшін Regedit орнатылған
бағдарламасын қолдана отырып, оның параметрлерін қолмен түзету
қажет, алайда осы нұсқа тәжірибелі пайдаланушыларға ғана келеді,
себебі жүйенің маңызды параметрлерін жою немесе өзгерту қаупі
жоғары.