Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет27/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83
Байланысты:
ЕЭУ бағалау

 

 

6.3-бап 

 

Оңайлату 

 

1.  Әрбір  Тарап  анағұрлым  болжамды,  дәйекті  және  транспарентті 



кедендік  реттеуді  қамтамасыз  ету  мақсатында  осы  Тарауда 

қамтылатын  мәселелерге  қатысты  өздерінің  заңдары  мен  жалпы 

қолданылатын  өзге  де  актілерін  бірізді,  бейтарап  және  ақылға 

қонымды қолданады. 

 

2.  Тараптар  өздерінің  арасындағы  саудада  шығасылар  мен  негізсіз 



кідіртулерді  төмендету  мақсатында,  мүмкін  болған  кездерде, 

халықаралық  стандарттарға,  атап  айтқанда,  Дүниежүзілік  кеден 




30 

 

 



ұйымының  стандарттары  мен  ұсынылатын  практикаларына 

негізделген тиімді кедендік рәсімдерді пайдаланады. 

 

3.  Тараптар  өздерінің  кедендік  операцияларын  Тараптар  арасындағы 



сауданы  оңайлату  мақсатында  оларды  оңайлату  тұрғысынан  қайта 

қарауды кезең-кезең-кезеңмен жүргізуге тырысатын болады. 

 

4.  Тараптар  арасындағы  тауарлар  саудасында  Тараптар  кедендік 



бақылау  шараларын,  формалдылықты  және  талап етілетін  құжаттар 

санын тек қана қажетті және заңдық тұрғыдан маңызды талаптардың 

сақталуын  қамтамасыз  етуге  арналған  құжаттармен  шектеуге 

ұмтылатын  болады,  осылайша  тиісті  рәсімдерді  барынша  мүмкін 

дәрежеде оңайлатады. 

 

5.  Тараптар  өздерінің  арасында  келісілген  шарттардың  негізінде, 



тауарлар  мен  көлік  құралдарының  транзитін  бақылау  мақсатында 

қолданылатын сәйкестендіру құралдарын және Тараптар талап ететін 

құжаттарды өзара тани алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет