КЕДЕНДІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ САУДА РӘСІМДЕРІН
ОҢАЙЛАТУ
6.1-бап
Анықтамалар
Осы Тараудың мақсаттары үшін:
(а) “алдын ала шешім” - өтініште көрсетілген тауарды әкелгенге
дейін Тарап өтініш берушіге берген жазбаша шешім, онда тауарды
тарифтік сыныптауға және тауардың шығарылған жеріне қатысты
тауарды әкелу кезінде осындай Тарап тауарға ұсынатын режим
сипатталады.
(b) “кеден заңнамасы” - Кедендiк рәсiмдердi оңайлату мен
үйлестiру туралы халықаралық конвенция (қайта қаралған Киото
Конвенциясы) ұғымындағы кеден заңнамасы.
(c) “кедендік аумақта қайта өңдеу”- кедендік рәсім, оған сәйкес
белгілі бір тауарлар кедендік әкелу баждарын және салықтарды
төлеуден шартты түрде толық немесе ішінара босатыла отырып,
Тараптың кедендік аумағына әкелінуі мүмкін осындай тауарлар
өндіруге, қайта өңдеуге немесе жөндеуге және кейіннен әкетуге
арналғаны негізінде не осындай тауарларға қатысты кедендік
әкелу баждарының төленген сомаларын қайтару жүргізілуі мүмкін
болады.
(d) “көлік құралдары” - Тараптың аумағына келетін немесе одан
кететін және адамдарды және/немесе тауарларды тасымалдауды
жүзеге асыратын теміржол көлігі құралдарын, әуе кемелерін қоса
алғанда, кемелердің әртүрлі типтері, жерүсті көлік құралдары.
Достарыңызбен бөлісу: |