6.4-бап
Кедендік құнды айқындау
Тараптар Кедендік құнды бағалау туралы келісімді қоса алғанда, ДСҰ
келісімінің тиісті ережелеріне сәйкес Тараптар арасында саудасы жүзеге
асырылатын тауарлардың кедендік құнын айқындайды.
6.5-бап
Тауарларды сыныптау
Тараптар арасында жүзеге асырылатын саудадағы тауарларға қатысты
Тараптар 1986 жылғы 24 маусымдағы Тауарларды сипаттау мен оларға
код белгілеуді үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияда
қамтылған Үйлестірілген жүйенің (бұдан әрі «Үйлестірілген жүйе» деп
аталады) соңғы редакциясына негізделген тауар номенклатураларын
қолданады.
|